К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


Мұнай жəне газ өндіру операторының қауіпсіз жұмысын



Pdf көрінісі
бет7/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77
шоғыр

1.3. Мұнай жəне газ өндіру операторының қауіпсіз жұмысын 
ұйымдастыру шаралары 
Мұнай жəне газ өндіру операторының жұмыс жағдайы түрлі өндірістік 
шу, ауыр еңбек сияқты өндірістік факторлармен сипатталады. Операторлар 
көбіне қауіптіліктің 2-4 класына жататын көмірсутектер, дигидросульфид, 
басқалай түрлі реагенттердің əсеріне ұшырайды. Өндірістік жабдықтар ашық 
жерлерде орналасқандықтан, жыл мезгілдеріне тəуелді жоғары жəне төмен 
температуралар əсерінде жұмыс істейді. Негізгі технологиялық операциялар 
механикаландырылғанына қарамастан, түрлі қосымша жұмыстар қолмен 
істеуде дене күшін талап етеді. Оператор жұмысы түнгі аусымды қосып 
есептегенде вахталық болып саналады. Мұнай жəне газ өндіру операторы 
арнайы киіммен, аяқ киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз 
етіледі[3]. 
Оператор жұмысына 18 жастан кем емес, сəйкес білімі бар, біліктілік 
емтиханын жоғары деңгейде тапсырған құжаттары барлар ғана жіберіледі. 
Оператор міндеттері: 
- игерілген кен орындардың техникалық сипаттамаларын жəне 
скважинаның жер асты, жер үсті жабдықтарының құрылысын, скважинаны 
ағымды жəне күрделі жөндеу түрлерін, скважинаны меңгерудің техникасы 
мен технологияларын, мұнай мен газды өндірудің қарқынды тəсілдерін, 
автоматика жүйесінің құрылысы мен қолдану ережелерін, ақпарттық 
бағдарлама құрылысын, қоршаған ортаны қорғау негіздерін білу керек; 
- мұнай мен газды өндірудің тəсілдерін технологиялық үрдістерде 
қолданып жүргізу; 
- скважинаның 
жұмысын 
үздіксіз 
істеуге, 
топтық 
өлшеу 
құрылғылырына, скважина өнімдерін дайындау мен жинау жүйелерінің 
элементтеріне бақылау жасау; 
- фонтанды 
жəне 
газлифті 
скважиналардың 
режимдерін 
қорытындылау; 
- түрлі сораптармен жабдықталған көп еселі іске қосумен, басқару 
бекеті көмегімен айырумен, скважина үшін пайдаланған технологиялық 
режимнің орнатылуына сай скважина өнімін алуға дейінгі сорып алынатын 
сұйықтардың параметрлеріне бақылау жүргізілгендегі скважина режимдерін 
қорытындылау; 
- қабат қысымын ұстау əдісін қолдану кезінде қабатқа жоғары 
қысыммен сұйық агенттер айдайтын сораптарға күтім көрсету; 



- қабат аймағында скважинаны химиялық өңдеу жұмыстарына есептеу 
жүргізу мен жетекшілік ету; 
- өте күрделі технологиялық жабдықтарға, батырылмалы сорапты 
қондырғыларға, жоғары қысымды құрылғыларда жұмыс жасайтын жəне 
автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларына жинақтау мен бұзу 
жұмыстарын жүргізуге қатысу жəне жетекшілік ету; 
- ағымды жəне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге нысандарды 
дайындау жұмыстарына қатысу; 
- нысандарды жөндеуден кейін қабылдау; 
- біліктілігі төмен операторларға жетекшілік қызметін атқару. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет