К. Маркс пен Ф. Энгельс



Дата03.01.2022
өлшемі15.13 Kb.
#450667
жтм бож 1


1.1.Тілдің пайда болу теориясының ғылыми негізін қалыптастырған ғалымдарды атап көрсетіңіз.

Адамзат тілінің пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады.



1.2. Тілдің шығуы туралы бір ғалымның айтқанынан дәйексөз келтіріңіз. К.Маркс пен Ф.Энгельс «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде былай деп жазды:

«Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл дәл айтқанда, басқалар үшін , осының арқасында өзім үшін де өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп,тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туады».



1.3. Қосымша ақпараттарға сүйене отырып тілдің шығуы туралы бес теорияны атаңыз.

  1. Дыбысқа еліктеу теориясы (аноматопоэтикалық теория) – XVIII-XIXғ. латын жазушысы Августин, неміс философы Г.Лейбниц жақтады.

  2. Тілдің шығуының эмоционалды теориясы – XVIII-XX Ж.Руссо

  3. Одағай теориясы – XIX-XXғ. Д.Н.Кудрявский

  4. Қоғамдық шарттасу теориясы

  5. Еңбек айқайы теориясы XIXғ. Людвиг Нуаре, Карл Бюхер

1.4.  Тілдің шығуы туралы бес теорияның  ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз

Дыбысқа еліктеу теориясы (аноматопоэтикалық теория). Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардың, мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын,құстың сайрауын т.б. естіп, соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарады. Бұл теория бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған. Бұл теорияның қате екендігі мынада: Тіл дыбысқа еліктеуден шықты деуге болмайды. Табиғатта дыбыс шығармайтын заттар көп екені мәлім. Әрбір тілдің лексикасында еліктеуіш сөздер болғанмен, қандай тілдің болмасын лексикасының негізін олар айқындай алмайды.

Дыбысқа еліктеу теориясымен бірге тілдін шығуының эмоционалды теориясы кең таралды. Ж.Руссо "алғашқы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды" деп жазды. Бұлай деп тұжырымдау тілдің дамуын қате түсінуден болған.



Одағай теориясы

Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар - одағайлармен білдірілген. Еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған.

Бұл теорияның қате екендігі мынада:

Одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді ді, оның негізгі қызметі - коммуникативті қызметін ескермейді. Бұл теория тілдің қоғамдық табиғатына мән бермейді. Тіл-тілдегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды.



Қоғамдық шарттасу теориясы

Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өздері өз ара келісіп таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасаған. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің шығуында адамдардың саналы қызметі айрықша қызмет атқарады деп ойлап саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді.



Еңбек айқайы теориясы

Тілдің шығуы туралы еңбек теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен қатар шығарған айқайынан, ең алдымен етістік сөздер жасалған деп байымдайды. Бұл теорияның қателігі сол оның авторлары тілді қатынас құралы ретінде емес, тек қана еңбекті қостаушы екінші қатардағы көмекші құрал ретінде қарап, тілдің шығуын осы соңғы позиция тұрғысынан түсіндіреді. Олардың тілдегі алғашқы сөздер етістіктер еді деген қөзқарасының да ешбір ғылыми негізі жоқ. Еңбек процесінде шыққан рефлексті айқайлардың тілге тән ешбір белгілері мен қызметтері жоқ. Олар ешбір ұғымды білдіре алмайды, және қатынас жасауға қажетті қызмет те атқара алмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет