165
қораларында толық жоюға мүмкіндік береді. Ол үшін
құсты уақытша
лагерлерге көшіріп, құс қорасын және оның маңындағы ағаштарды,
қуыстарды мұқият зерттеу қажет. Құс қорасындағы аралық қабырғаларды
және т.б. тетіктерді клиникалыққа шығарып ыстық сумен жуып кептіру
керек. Қабырғадағы саңылаулардың сылағын түсіріп, жарыққа ыстық соляр
майын немесе бояу жағады.
Қора ішін дәрілеу үшін 1,5 %
хлорофос, 1 % неоцидол, дикрезил немесе
карбофос,
1 % циодрин, 4-5 % натрий фенолят эмульсиясы әр 1 м
2
көлемге
100-200 мл. мөлшерде шашады. Бұл дәрілерді бүрку үшін ДУК, ВДМ, ЛСД
қондырғылары және гидропульттер қолданылады. Құс қораларын 3-5 күннен
кейін қайта екінші рет және керек жағдайда үшінші рет дәрілейді. ТАН
аэрозоль қондырғысы көмегімен бағытталған аэрозоль тұманын жасау үшін 3
%
карбофос ерітіндісі және 0,5 % ДДВФ қолданылады.
Құсқа жабысқан балаң кенелерді жою үшін оларға акарацидтерді
клиникалықта шашады. Негізінен құстарды 11-12 күн
қорадан тыс жерде
ұстау балаң кенелерден құтылудың ең тиімді әдісі. Құсты бұл қораларға
күрделі жөндеуден өткізіп, қорытынды дәрілеуден кейін 5-10 күннен соң ғана
орналастыруға болады.
Құс қоралары мен құс фабрикаларын елді мекеңдерден алыс
орналастырады. Оларды бақ немесе ағаш ішіне салмайды, себебі жаз
уақытында парсы кенелері ағаш қабығы астына және ондағы құс ұяларына
тығылып жатады.
Кене мекеңдеген ескі құс қораларынан
құрал-сайман және құрылыс
заттарын алып, пайдалануға тыйым салынады.
Alveonasus lahorensіs- қора кенелері. Қой денесіне бұл кенелер көптеп
жабысып, мал басын жаппай арықтатады, кейде салдандырады. Тәжірибе
жүзінде қой қора кенелері Anaplasma ovіs және Thelerіa ovіs
қарапайымдыларын тасымалдайтыны анықталды.
A.lahorensіs кенелері Кавказда, Қазақстанның Оңтүстігінде
және Орта
Азия республикаларында кездеседі. Бұл кенелер көбінесе ескі қой қораларын,
басқа да мал қораларын мекеңдейді. Олар қора қабырғасының саңылаулары
мен жарылған жерлерінде тығылып жатады. Бұл кенелер кеміргіштердің
інінде, тастар қуысында, қурай арасында да болуы мүмкін.
A.lahorensіs кенелері қойға, түйеге және басқа малдарға сирек жағдайда
жабысуы мүмкін, кейде олар адамға да жабысады. Кене имаго сатысында
арасына үзіліс беріп бірнеше рет қоректенеді. Кененің ұрғашылары қанға
тойынғаннан соң жұмыртқалайды, олардан 14-15 күннен кейін балаң
кенелер шығады. Бұл балаң кенелер 11 айдай аштыққа шыдайды.
Балаң
кенелер малға қыркүйек, желтоқсан айларында жабысады. Күзгі-қысқы
маусымда жануарлар денесінде қоректенген балаң кенелер бірінші нимфа, ал
кейінірек екінші және үшінші нимфаға айналады. Бұл кезең 3 аптадан бір
жарым айға дейін созылады. Жерге түскең нимфалар бірнеше айдан соң
имаго немесе ересек сатысына түлейді. Қора кенелері имаго сатысында 7-10
жыл аштыққа шыдайды.
Қора кенелерін жою үшін 1 %
дилор суспензиясы,
анаметрин Н
166
дәрісінің 0,25 % эмульсиясы,
неоцидолдың (диазинонның) 0,05 % эмульсиясы
қолданылады. Бұл дәрілерді 200-400 мл м
2
мөлшерде қораға шашады. Күзде
қойды қораға қамарда оларды қайталап дәрілеу шарт.
Малға жабысқан кенелерді жою үшін әсері ұзартылған фосфорор-
ганикалық дәрілер қолданылады. Ол үшін 0,025 г/кг мөлшерде қолданылған
сульфидофос-20 және 0,040 г/кг мөлшердегі
диоксофос жақсы
нәтиже
береді. Салмағы 40 кг қойға омыртқа жотасы тұсынан өлшегіш аспаппен 5
мл. сульфидофос немесе 10 мл диоксофос тамызады. Бұлардан басқа
ивомек,
бутокс, протеид, неоцидол, байтикол және т.б. дәрілерді де қолдануға
болады.
Сульфидофос-20-мен дәріленген малды 40 күннен, ал
диоксофостан
кейін 2 аптадан соң ғана союға болады. Қой қора кенелерімен түбегейлі
күрес жүргізу үшін ескі қоралардан арылып, жаңа стандартты қой қораларын
салу шарт. Кенесі бар қорадан кенелер басқа қораларға таралып кетпес үшін,
ондағы жануарларды акарицидтермен дәрілегеннен кейін ғана көшіруге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: