К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет170/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Клиникалық белгілері. Жануардың терісінің астына дернәсіл кірген 
кезде пайда болады: қышу, тері асты клетчаткасының ісінуі, пальпация 
кезінде дернәсілдердің көшіп-қону орнында ауырсыну байқаймыз. 
Клиникалық белгілері бел терісіне дернәсілдердің жақындау кезеңінен және 
бөгелек бұлтықтарының қалыптасунан бастап айқын көрінеді. Ең бірінші 
қырында немесе ортасында кішкене саңылауы бар, 5 мм-ге дейінгі тығыз 
бұдырмақ туындайды. 2-3 апта өткең соң бұдырмақтар визуальді көрінеді, ал 
қаяу саңылаулары 3-5 мм диаметрге жетеді. Қаяулы саңылаудан 
дернәсілдердің өсу дәрежесі бойынша серозды сұйықтықтың бөлінуі 
ұлғаяды, ол маңында жатқан шаштарды жабыстырып тастайды. Қатты 
зақымдалған жануар денесінде 150 немесе оданда көп бұлтықтар болуы 
мүмкін. Бөгелек бұлтықтары белжәне арқа аумақтарында 90% таралады, 
қалғандары сегізкөзде, кеудеде, мойында және сирек құйыршықта, төбе 
сүйекте және қарынның төменгі бөлігінде. 
Паталогиялық-анатомиялық өзгерістері. Тері асты клетчаткасында 
дернәсілдермен зақымдалу кезеңінде өлген жануарларды паталогиялық ашып 
сою кезінде ұзындығы 1-5 мм болатын дернәсілдерді анықтауға болатын 
кішкене көпіршіктерді байқауға болады. Дернәсілдер қоныс аударған сол 
орындарда лас-жасыл сызықтарды табамыз. Өңештің тері асыт бөгелегінің 
дернәсілдерімен зақымдалу кезінде. Өңештің зақымдалған бөліктері 
геморрагиялы және ісінген болады. Жұлын каналындағы дернәсілдер 
жиналған орындарда қан талауды анықтаймыз. 
Теріде, тері асты клечаткасында жақсы байқалатын қаяулы капсулалар 
табамыз, сол орындарда бұлшық еттің серозды және серозды геморрагиялық 
қабынуын көреміз. Олар арқаны кең аумағын қамтиды. 
Балауы. Балауды арқаға және дененің басқада бөліктеріне 2-3 
сатысының дернәсілдерінің жақындау сәтінде жануар теріснің паьпациясы 
және визуальді қарау негізінде қояды. Теріні мұқият қарағанда сол орындарда 
саңылаулы бұдырмақты, ал ары қарай қаяу өзегі бар бұдыр байқауға болады. 


185 
Тері асты бөгелегіне жануарларды вет.сан мамандар клиникалық қарауды 
еліміздің оңтүстік аудандарында желтоқсан айының соңында, орталық және 
солтүстік аймақтарда тері асты бөгелектерін зерттеу ақпанда басталады. 
Гипедерматозды ерте диагностикасын, теріасты бөгелектерімензақымдалған 
ірі қара малдың қан сарысуы бар гиподерм дернәсілдерінен диагностикум 
көмегімен тура емес гемагглютенация реакциясы қолданылып қараша-қазан 
айларынжа жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет