К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары


Қоздырғышының даму биологиясы



Pdf көрінісі
бет88/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Қоздырғышының даму биологиясы. Токсокаралардың дефинитивті 
иелер — ит, ақ түлкі, түлкі және кейбір басқа ет қоректілер, олар клиникалыққа 
гельминттердің жұмыртқаларын шығарады. Нематодалар аскарида типі 
бойынша дамиды. Жануар алиментарлы жолмен зақымдалады. Бұл паразитінің 
биологиясының ерекшеліктері бар, оларда Эпизоотологиялық мәні болады. Ол 
мынада, ит зақымдалғаннан кейін 8 күні токсокара дернәсілдеріның бір бөлімі 
бауырда, өкпеде, бүйректе, бұлшық етте және т.б. органдарда болады, бірақ 
олар онда дамымайды. Және де дернәсілдер ересек иттердің организімінде көп 
өмір сүреді. Анадан плацента және қан арқылы күшікке беріледі. Қалған 
дернәсілдер келесі буаздыққа дейін сақталады. Бұл процесс ішкі секреция 
бездерінің гормондарын реттейді деп санайды. Күшіктерде токсокарлардың 
дернәсілдерін өкпе мен бауырда табады. Трахея арқылы миграция жасағанда 
дернәсілдер 20 – 21 тәуілікте жынысты жетілу сатысына жетеді.Т. canis және Т. 
cati даму биологиясы бірдей.
 
19 сурет. Иттердің аскаридалары 
а - Toxocara canis; б - Toxascaris Іеоnina; 1 – алдыңғы ұштар; 2 – аталықтардың құйрық 
ұштары 
Эпизоотологиялық деректері. Дернәсілдер жануарда өмір қабілеттілігін 
зақымдағаннан кейін 385 тәуілік сақтайды. Іштегі төлдер тек қана буаздықтың 
42 тәуілігінде зақымдалады. 


98 
Патогенезі және клиникалық белгілері. Организмде дернәсілдердің 
көп болуы ішектің кілегей тамырларын, басқа органдарын және де плацентаны 
бұзады. Ішектің, өт жолдарының және қарын асты безінің бітелуі болады. 
Дернәсілдер иенің органдарына микроорганизмдерді енгізіп, содан кейін
гельминттердің метаболизмінің өнімі аллергиялық және токсикалық әсер 
тигізеді. 
Тәбеті төмен, жүдеу және т.б. белгілер байқалады. Дернәсілдер адам 
организмінде ауыр аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін, соның 
салдарынан пневмония, бұлшық ет аурулары, астма, бауырдың ұлғайуы, кейде 
жүйке жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет