Капенова А.А.
п.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент)
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қаласы, Қазақстан
Ажибаева Н.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» БББ-ның 2 курс магистранты,Талдықорған қаласы, Қазақстан
«БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘУЛЕТІН ДАМЫТУҒА ДАЙЫНДАУ»
Аңдатпа: Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Сонымен қатар мұғалімдердің білімдерін, дағдыларын кеңейтуге деген қызығушылығы және кәсіби және шығармашылық құзыреттілік дағдыларын дамытуға деген ұмтылысы сипатталған. Бұл ретте, бұдан әрі пысықтауды талап ететін: білім беру процесіне қатысушылардың тиімді кәсіби-шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру шарттары, оқушылармен жаңа технологиялар құралдары арқылы оңтайлы кері байланыс орнату, қазіргі білім беру ортасында жұмыс істеу кезінде мұғалімдердің іс-әрекеттерін түзету, мінез-құлықты сыни бағалау, оқу тапсырмаларын әзірлеуде мұғалімдердің дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, кәсіби шеберлік пен шығармашылық құзыреттілікті тиімді қолдану, топтық жұмыс пен жобалық қызметті ұйымдастыруға оқушыларды тарту және коммуникация сияқты көптеген проблемалар бар екені көрсетіліп, оларды зерттеу және әзірлеу перспективалары сипатталған[1].
Түйінді сөздер: Бастауыш сынып, интеллектуалды,педагог қызметкер, дербес шешім, мұғалім даярлау,шығармашылық.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген .Қоғамдық және экономикалық өмірде болып жатқан өзгерістер білімді, жаңа жағдайларға тез бейімделуге, маңызды әлеуметтік үдерістерге оң әсер етуге, дербес ерекше ойлауға, мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешуге қабілетті жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу міндеттерін қойып отыр. Мұндай жағдайлар көптеген салаларда мамандардың қызметіне жаңа талаптар қояды. Олардың негізгілерінің бірі – мамандардың өз жұмыстарын шығармашылық көзқараспен орындау білігі мен дағдылары болуы. Сондықтан қазіргі уақытта шығармашылық тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланыст деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
Бүгінгі таңда шығармашылық және адамның шығармашылық іс-әрекетін дамыту педагогика мен психологияның маңызды теориялық және практикалық мәселесі болып табылады. Көптеген зерттеушілер (Ибрагимқызы Ш. [1], Левченко Т.А., Агранович Е., Айтымова А.Н. , Қалтаева Г.К., Бекмaғaмбетов A.Ж. [4], Нуриев М.А , т.б.) осы мәселенің әртүрлі аспектілерін қарастыра отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін сәтті дамыту үшін мұғалімнің өз жұмысына шығармашылық көзқарастың қажеттілігіне назар аударады және оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру әдістемесі бойынша ұсыныстар береді. Дегенмен, мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық және әдістемелік жағдайларына қатысты мәселе әлі де өзекті болып отыр. Өзектілік қарастырылып отырған мәселені жаңа жағдайда әрі қарай зерттеумен, осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибені зерделеумен және жалпылаумен, мұғалімдерді дамыту бойынша ұсынылған құралдарды, әдістер мен жұмыс формаларын тексеру қажеттілігімен, сондайақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі мен мұғалімдердің оларды тәжірибеде қолдануға толық дайын еместігі арасындағы қайшылықтардың болуымен байланысты. Дегенмен, мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық және әдістемелік жағдайларына қатысты мәселе әлі де өзекті болып отыр. Өзектілік қарастырылып отырған мәселені жаңа жағдайда әрі қарай зерттеумен, осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибені зерделеумен және жалпылаумен, мұғалімдерді дамыту бойынша ұсынылған құралдарды, әдістер мен жұмыс формаларын тексеру қажеттілігімен, сондайақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі мен мұғалімдердің оларды тәжірибеде қолдануға толық дайын еместігі арасындағы қайшылықтардың болуымен байланысты[2].
Дегенмен, мұғалімдердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ұйымдастырушылық және әдістемелік жағдайларына қатысты мәселе әлі де өзекті болып отыр. Өзектілік қарастырылып отырған мәселені жаңа жағдайда әрі қарай зерттеумен, осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибені зерделеумен және жалпылаумен, мұғалімдерді дамыту бойынша ұсынылған құралдарды, әдістер мен жұмыс формаларын тексеру қажеттілігімен, сондайақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді әдістерін қолдану қажеттілігі мен мұғалімдердің оларды тәжірибеде қолдануға толық дайын еместігі арасындағы қайшылықтардың болуымен байланысты. Сондықтан зерттеудің мақсаты болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсібишығармашылық іс-әрекетке даярлаудың алғышарттарын анықтау болып табылады[3].
Достарыңызбен бөлісу: |