Зерттеудің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін интеллектуалды және шығармашылық іс-әрекетке даярлаудың алғышарттарын анықтау болып табылады.
Зерттеудің міндеттері: бастауыш сынып мұғалімдерінің интеллектуалды және шығармашылық іс-әрекетке дайындығының ағымдағы жағдайын зерделеу және талдау;
педагогтерді интеллектуалды және шығармашылық іс-әрекетке даярлау мәселелері бойынша теориялық зерттеулерді зерделеу.
Бастауыш білім беру кезеңіндегі оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру мен дамыту жайындағы еңбектерге теориялық талдау жасау;
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту жайындағы түсініктің мазмұндық құрылымын гуманитарлық пәндердің оқу материалдары жүйесінде анықтау;
Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамытудың мүмкіндіктерін гуманитарлық пәндер негізінде анықтау;.
Мақсатқа жету және қойылған міндеттерді шешу үшін теориялық және эмпирикалық әдістер пайдаланылды. Педагогикалық білім мазмұнының әлеуметтік тапсырыс талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында білім беру жүйесін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне талдау жасалды. Педагог мамандарды даярлау білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы (ҚР) мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген (1 тарау, 3 бап) [6]; ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында негізгі бағыттардың бірі «білім және ғылым жүйесінің кадрлық әлеуетін дамыту» болып анықталған, сондай-ақ бағдарламаны іске асыру бойынша міндеттердің бірі ретінде «5.1.1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту» қойылған; Педагогтің кәсіби стандартында педагогикалық мамандықтың құндылығы көрсетілген. Қарастырылып отырған мәселе бойынша теориялық және ғылыми-практикалық материалдарды зерделеу, оның тың емес екенін, адам дамуының барлық салаларын қамтыған философия жүйесін құрған ежелгі грек философтары Сократ, Аристотель, Платон және т.б. ойшылдардың бұл мәселемен шұғылданғанын көрсетті[4]. Сондай-ақ, Шығыс ойшылдары да адам табиғатының мәнін түсінуге, зерттеуге тырысқан. Олар адамның қоғамдық мәніне ерекше маңыз берген. Таяу және Орта Шығыс ойшылдары әл-Фараби, әл-Бируни, ибн Сина, әл-Ғазали өз еңбектерін тұлғаны үйлесімді дамыту, жетілдіру мәселелеріне арнады . Мысалы, әл-Ғазалидің еңбектері адам қабілеттерін дамытуға арналды. Шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық аспектілерін және тұлғаның шығармашылық дамуын, оның ішінде баланың жеке тұлғасын дамыту мәселелерін Г. Айзенк, Д. Векслер, Дж. Гилфорд, Р. Стернберг, А. Танненбаум, Д.Б. Богоявленская, Л.А.Венгер, Л.С. Выготский, В.И. Дружинин, В.А. Кан-Калик, В.А.Крутецкий, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов, А.З. Рахимов және тағы басқа ғалымдар, сондай-ақ отандық зерттеушілер А. Қоңыратбаев, С. Тлешева, К. Жаманбаева, М. Мұхамедин және тағы басқалар зерттеумен айналысқан. Қазіргі заманғы зерттеулерді талдау және педагогикалық білім беру тәжірибесі бұл мәселеге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі мектеп жағдайында мұғалімді кәсіби-шығармашылық іс-әрекетке даярлаудың кейбір аспектілері Р. А. Алтынбаева, Л. И. Дудина, Т. В. Орлова, С. П. Чернев және т. б. еңбектерінде талданды. Сонымен қатар қазіргі мұғалімдердің кәсіби-шығармашылық іс-әрекеттің ұйымдастырылуына көзқарасын, бағалауын айқындау мақсатында, кәсіби-шығармашылық ісәрекетті іске асыруға дайындының деңгейін анықтауға деректер алуға мүмкіндік беретін сауалнама жүргізіліп, алынған деректерді статистикалық өңдеу жасалды[5].
Достарыңызбен бөлісу: |