Катонқарағай Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркіндегі дәрілік өсімдіктері. /Балқарағай



Дата20.01.2020
өлшемі396.73 Kb.
#447839
Катонқарағай

Катонқарағай  Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркіндегі дәрілік өсімдіктері. /Балқарағай/.

Мың теңге тұратын дәрі дәл

шарбағыңның түбінде өсіп тұр

Халық даналығы.
Катонқарағай  Мемлекеттік  Ұлттық табиғи паркіндегі дәрілік өсімдіктер, оның ішінде балқарағай сипатталады, өсімдіктің емдік қасиеттері туралы мағлұмат беріледі. Туған өлкеміздегі балқарағай өсімдігінің қандай ауруларға емдік және балқарағай жаңғағының тағамдық, шипалық қасиеттері туралы баяндалады. 

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы  Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен  көмкерілген көп жоталы таулы  өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы  аймағының шегінде орналасқан. 2001 жылдың шілдесінде парк құрылып қызметін бастады. Өсімдіктер әлемінен дәрілік  қасиеті мол  емдік шөптер мен хош иісті  гүлдердің 1000-нан астам түрі бар. Бұлардың 30-дан астам түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктер. Парк аймағы республикамыздағы ағашы мол орманды алқапты қамтыған. Орманды құрайтын негізгі ағаш - қарағай, самырсын мен балқарағай. Бұта-қарағанның 50-ден астам түрі: мойыл, долана, итмұрын, қарақат пен көк бүлдірген  т.б. өседі.  Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер, соның ішінде, Катонқарағай өңірінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден өз қажетіне жаратып келеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған. 


Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.Ұлттық парк аумағы жануарлар мен құстар әлеміне, ну орманға өте бай өңір. Балқарағай, қызылқарағай, самырсын, көксамырсын осы жерде өседі. Ғалымдардың айтуына қарағанда балқарағай, қызылқарағай ағаштары 500-800 жыл өмір сүреді екен. Ормандарымыздың ен байлығы осы балқарағай мен қызылқарағай десек, бұл сапалы ағаш түрлері Қазақстан бойынша тек Катонқарағайда өсіріледі. Осы сапалы ағаш түрлері сонау шетелде, Италия мен Венециядағы теңіз жағалауларындағы бірнеше ғасырлар бұрын салынған тамаша виллалардың астына қойылған. Судан шірімейді екен. 100 жылдан асқан Катонқарағай өңіріндегі ағаш үйлер де дәл осы қызылқарағайдан салынған. Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі  шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу  жерлерде астық дақылды аралас шөпті  шалғын алмасқан қылқанжапырақты орман  белдеуі басталады. Өлке аумағының 40%  алып жатқан орман белдеуін қылқан жапырақтардың негізгі бес түрі құрайды: шырша, самырсын, қарағай, балқарағай, майқарағай. Қарағай ормандарында жердің беті шайырлы хош иіс тарататын қылқан жапырақтармен көмкерілген.

Қылқан жапырақтардың сүрегінен құрылыс материалдары жасалады, қағаз жасайтын үгінді, канифоль, скипидар. ылқан жапырақты – ағаш, бұта жапырақтарының бір түрі, қылтанақты, таспа пішінді 3-4 қырлы қабыршақты келеді. Қылқан  жапырақ өсімдік сабағында  шоқтанып, қарама-қарсы не сабақты айнала  орналасады. Қылқанжапырақтың ұзындығы 1мм-30см (балқарағай). Қарағай 3-15 жыл, май қарағай жапырағы3-13 жылда  түсіп  жаңарып отырады. Бұл  өсімдіктің өсу барысында құрамына, ауа райына байланысты болады. Қылқан жапырақтың өзегінен құрылыс материалы, кеме, мебель, ұста бұйымдары, қағаз жасалады. Қабығынан илік заттар, кейнфол, сгипидар, майлар алынады, кей түрінің тұқымдары тамаққа қолданылады. Қылқан жапырақтылардан, дәрі жасалынады, кейде құм тоқтатуға, топырақ эрозиясына қарсы, әсемдік үшін егіледі. Қарағайдың ағашы  мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста  кеңінен  қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп  мөлшерде болады.Одан скипидар мен  канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қарамайын тері ауруларына жақпамай ретінде пайдаланады. Жас көшетін  ашық күн көзіне, құнарлы топыраққа  отырғызу керек. Қарағай ағашы 300 – 500 жыл жасайды.

Орманды өңірлерді  мекендейтін халықтар арасында  балқарағай ағашы күні бүгінге  дейін “ қасиетті” есептеледі.

Жаңбыр ала жаздай жаусада түбіне тамшы тамбайтын балқарағай панасызға баспана болады, ашыққанда жаңғағын ұсынады,ауырғанда емдеді.Бұл ағаштың қасиетіне табынған сібір халықтарының кейбірі оған “сиқырлы ағаш” деп ат қойды.Енді бірі “қасиетті алып” десті.Үшінші бір халық “орманның падишасы” “сауын ағаш” деп атады. Оған ағаштардың анасы деп те айдар тағып құдірет тұтқан халықтар болды.Ол туралы қилы- қилы аңыздар ертегілер  ел арасында кезіп жүрді.Үлкендер  жас жеткіншіктерге балқарағайды  қастерлеуге,аялап қорғауға үйретті.Қазақстандық  Алтайдағы ауылдарда күні бүгінге  дейін “Балқарағайдай мәуелі  бол,шырағым” деп ақсақалдар  бата берісіп жатады.Бұл дәстүр –ұрпағын көп болсын үбірлі-шүбірлі  бол деген тілекті аңғартады.Біздің республика  территориясында  балқарағай Алтай тауларында ғана кездеседі.Бұл  өңірде балқарағайлы  орманның  мол қоры бар.

Балқарағай- қарындаш жасайтын Отандық жалғыз ағаш. Қарындаш жасау  технологиясы аса күрделі әрі  өзіндік ерекшеліктері бар, айрықша  сапалы ағашты қажет етеді. Балқарағайдың шірімейтіндігі беріктігі шынында да адам  қайран қаларлықтай. Күн сәулесі түбіне әзер түсетін  қалың орман арасында құлаған ағаштардың өн бойын  жылдап жатқанда мүк басып кетеді. Мүкті  ашып жіберсеңіз, ар жағында  ағаштың  сүрегі қызарып көрінсе – ол балқарағай болғаны. Орман арасында  бірнеше  жыл жатсада, балқарағайдың тек  қабығы ғана шіриді.Ал қалған бөлігі қызыл  ағашқа ұқсап қызарып ұзақ жылдар бойы сақтала береді. Тіпті өртке  душар болып- ақ сөңке боп қурап  қалған балқарағай  ағашы да ұзақ уақыт сапасын жоғалтпайды.Өзге ағаштарда мұндай қасиет жоқ. Қазіргі кезде балқарағайдан 10 мыңға тарта түрлі бұйымдар мен тағамдық заттар алынады.Әсіресе  жоғарыда айтқан сірке қышқылын метил  спиртін, ацетонды,формалинді,ағаш қантын т.б.алу ісі жақсы өндірістік жолға  қойылып отыр.

Сондай-ақ балқарағайдың  қабығы мен бұтақтарында өнеркәсіп  қажетіне жарайды.Оның қабығынан жылуды жақсы сақтайтын плиталар, қоңыр  бояу, түрлі бояғыш заттар жасалады.Бұтағынан  смола, үй құрылыстық престелген тақтайлар  жасайды.Балқарағай- ең алдымен өзінің жаңғағымен бағалы. Балқарағай жаңғағының тағамдық және шипалық қасиеттері ел арасында ежелден белгілі. Еліміздегі балқарағай жаңғағы қорының мүмкіндіктерін мына салыстырудан-ақ байқауға болады. Егерде жаңғақтың бір жылдық барлық өнімін жинап  өңдейтін болсақ, май өндіруге әлемдік қажетін толығымен қамтамасыз ете алар едік. Әрі осынау жаңғақ майы каллориясы, дәмділік сапасы мен  жұғымдылығы  жөнінен, басқа барлық май түрінен әлдеқайда артып түсер  еді.



   Ғасырлар  бойы  балқарағай  жаңғағы жергілікті  халықтардың негізгі тағамның бірі болып саналады. Тіл үйірер майлы жаңғақ Алтай елінің дәмі саналады. Бұл ауылдардан қыстық ұзақ пештерде кеш қасында жаңғақ шағып ұзақ-сонар әңгімеге кіріскен адамдар жиі көреміз. Балқарағай жаңғағының осындай тамаша қасиеттері адамдардың оған деген құлшынысын арттыра түсті. Соның нәтижесінде, ғасырлар бойы жаңғақ дайындау науқанының өзіндік дәстүрі қалыптасты. Қазірде Қазақстандық Алтайдың тұрғындары күз туа «балқарағай соғуға» атанысып жатады.Жергілікті жұрт үшін бұл кәдімгідей мейрам саналады. Балқарағай ормандарының бытыраңқы әр жерде бір шоқ-шоқ  орналасуы – балқарағай жинау  ісін күні бүгінге дейін қиындаты келеді. Сондықтан жергіліктіхалық  алысқа тайганың қалың ортасына бірнеше күнге кетуге мәжбүр болады. Жаңғақ жинаудың әр ауылда өзіндік дәстүрі  болған. Үлкендерден бастап, бала-шағаға дейін ауыл іргесіндегі балқарағайды балауса кезінде жинаған адам көрсеқызар, қызғаншақ саналып, ауыл арасында беделден айырылған. Кей жақтар, ондай адамды табиғаттың қас жауы деп танып, ауылдарынан ит қосып  қуып жіберетін болған.Бір қызығы - ауылда жарлы-жақыбай  боп бөлінген халық балқарағай жинауға  барғанда тең үлеске ие болған. Алтайдағы кейбір қазақтар ауылдарының халқы жаңғақ піскен кезде қанжығаларына қапшық байлап қоржын артып атқа мінгесіп топ- тобымен  тауға тартады. Содан әркім әржерге қос тігіп балқарағайсоғады. Тау басында айлап жатып, жаңғақты ақтап, атқа теңдеп, мол олжамен  ауылға қайтады. Алтайға іргелес  сібірдің бір ауылы белгіленген  бір күні тайлы-тұяғымен қоса орманға  қарай үдере көшеді екен. Арбасы бары арбамен жоғы жаяу жалпылы көшпен бірге кете барады.Балқарағайлы орманға  жеткен соң,  адамдар  ол аймақты  бірнеше үлескілерге бөледі. Сосын ауылда неше жанұя  болса, сонша жеребе ортаға тасталады. Жеребені суыру арқылы, әркім өзіне  тиесілі үлескені беттейді. Сосын-ақ, орман іші әсем әнге, көңіл күлкіге,  ағаштың діңінен ұрғылаған тоқпақтың  тоқылына толыса кетеді.Бұл мейрам бірнеше күнге созылады. Біреулер ағаш басынан жаңғақ түсіріп жатса,  келесі біреулері ол жаңғақты алып қабығынан дәнді ажыратады, енді біреулер дәнді қалбырға салып, қызылдап жатады. Мұндай қызу еңбек кезінде  сырттан бөтен адам келіп  бұлардың үлесіне ортақтаспас үшін, бір  адамды күзетші сайлайды. Балқарағай бір ғана жаңғағымен  әйгілі емес. Оның сүрегі де аса құнды материал ретінде бағаланады. Балқарағай ағашы  жұмсақ өңдеуге қолайлы жеңіл. Сәнді  бозғылт қызыл түсі бар өн бойынан  қышқылтым шайыр иісі аңқып тұрады. Балқарағай жихаз жасау өнеркәсібінде  кең қолданыс табуда. Одан аккумулятор  шпоны жасалады, тағамдық түрлі ыдыстар  дайындалады. Балқарағайдан  жасалған құты ішінде сүт тағамдары ұзақ уақыт  бойы  бұзылмай сақталатыны дәлелденген. Ал май салатын балқарағай жәшіктің қасиеті сонау замандардан дүние  жүзіне мәлім болған. Бал арасы балқарғайдан жасалған ұяларды мекен етуге әуес. Балқарағайдан жасалған шкафқа зиянкес жәндіктер, әсіресе қаракүйе әсте жоламайды.Балқарағайдан жасалғансызу құны қызыл ағаштан  кем түспейді.  

Қазақ жұрты  балқарағай ағашынан домбыра қобыз жасайды. Жеңілдігі, әрі дыбыс шығарғыш қасиеті  өзге де музыкалық аспаптар жасау  үшін пайдаланылуда.Сібір мен Алтай  жеріндегі көптеген үйлер балқарағай бөренелерінен салынған. Жай қарағайдан үй қиғандардың өзі оның шатырын  үйдің жақтауларын балқарағай тақтайлармен жапқан. Мұндай тақтайлар көлемін  қалыпты сақтайды, шірімейді, ұзақ жылдарға шыдайды. Жергілікті халық  үйдің  еденін, терезе жақтауларын, есікті балқарағайдан салған кезде, оның әсемдігін  ғана емес, түрлі  қоздырғыш  жоятын дизенфекциялық қасиетінде ескерген.



Сондай-ақ, түрлі материалдық заттар, крахмал, декстрин цен-тозан тәрізді өзгеде заттар бары ақталды. Дән құрамындағы азоттық заттардың 90%-ы белок болып есептеледі.Бұл белоктар құрамында амин қышқылының көптігімен ерекшеленді, оның 20%-ы аргинин деп аталатын организмнің жетілуі үшін аса қажет зат екен.Балқарағай жаңғақтары түрлі дәрумендерге де аса бай. Әсіресе токоферолдар мен таптырмайтын майлы қышқылдар дәрумендері құнды саналады. Токоферол- грек тілінен аударғанда “ұрпақ әкелемін”деген мағынаны білдіреді. Е дәрумені жетіспеген кезде организмнің майды сіңіру қабілеті бұзылады, балалы аналардан сүт бөліну тоқтап қалды, атеросклероз ауруының пайда болуына жағдайлар жасала бастайды.Дән құрамында В және Д дәрумендерінің комплексі де кездеседі.Бұл витаминдер нерв жүйелері жұмысын ретке келтіріп, адам ағзаның жетілуіне әсер етеді,қаның құрамын жақсартып тері тканьдерінің жұмысна дұрыс ықпал жасайды. Мамандар, әсіресе дәндегі В6 дәруменің аса құнды екендігін дәлелдеп отыр..Олардың  зертеуінше құрамындағы фосфотидті фосфордың молдығы жөнінен ол әлемдегі барлық барлық жаңғақ түрінен  сондай-ақ барлық майлы дақылдардың  тұқымдары мен дәндерінен асып түседі екен. Бұл жерде балқарағай жаңғағын өсімдіктер ішіндегі лецитиннің көзі саналатын соямен теңестіруге болады. Балқарағай жаңғағы дәнінің 100 грамы адамның бір тәулік ішіндегі аминоқышқылға деген марганец, цинк, мыс, кобальт, тәрізді аса қажетті  микроэлементтерге деген сұранысын  қанағатандыра алатыны анықталды.Сондайақ, иод бөлетін тағам ретінде детабиғатта иод  мөлшері аз кездесетін суық жақтың халықтары үшін аса қажет саналады.Балқарағай жаңғағын жергілікті халық «өсімдік кілегейін» және «майсыз сүт» те дайындаған. Балқарағайдың кілегейі сиыр сүтінен алынатын кілегеймен салыстырғанда 2 есе майлы келеді. Майлылығы мен каллориялылығы жөнінен еттен 2-3 есе, жұмыртқадан 1,2 есе асып түседі .Жергілікті жұрт бұл кілегейді ғасырлар бойы дәрі ретінде пайдаланған. Бұл ғажайып кілегей кеуде сырқаттарына көкжөтелге таптырмас шипа екеніне көзім жетті деп жазады ол кісі. Халық медицинасында балқарағай кілегейі бұдан өзге де біраз ауруларды емдеуге қолданылады. Мәселен, нерв жүйесі бұзылған кезде, бүйрек ауруларына, атеросклерозға, асқазанда қышқыл көбейгенде асқазан жарасына көп ретте осы кілегейді пайдаланған.Кілегейді тез жетілсін деп бесіктегі балаға, сүті көбейсін деп жас анағада беретін болған. Балқарағай жаңғағының тазалап  ақталған 1 тоннасын алған кезде  одан 2 тоннаға жуық қалдық қабық  қалады. Осы қабықты өңдеу арқылы фурфурол, смола, танид және бояғыш заттар алынады.Ал жаңғағы ақталған дәннің қатты қабығы-қоңыр бояу алу үшін құнды шикізат.Дәннің қабығын құрғақ әдіспен өңдесе – метил спиртін  сірке қышқылын т.б заттар алуға боладыекен. Осы қабықтың қайнатқан  тұнбасы халық медицинасында  геморройды емдеу үшін де пайдаланылған. Жаңғақтың  майы жоқ ішкі өзегі бір кездер аттың қылы мен жүннің орнына матрацтарды, дивандарды, түрлі мебельдерді толтыру  үшін пайдаланылған.Ол әрі арзанға  түскен. Балқарағай түрі – химия  өнеркәсібінің таптырмас шикізатының  бірі.Оның адам үшін шипалық қасиетіде  баяғыдан белгілі. Балқарағай бүрі өңдірістік жағдайда өңделгенде одан витаминді ұн  мен  каротинді паста мал азықтық  витаминді жем шөп түрлері  мен медициналық дәрі-дәрмектер  алынады.Одан эфир майы мен хлорофил түрлі витаминдік концентраттар  алуға болады. Ал балқарағай бүрін  өңдеу технологиясы тіптен қарапайым  дүние. Мәселен витаминді ұн алу  үшін ағаш бүрі ұсақтағыш арнайы қондырғыда уатылады.Сосын кептіріледі.Өзге жем  шөптік конценттраттарға қарағанда  балқарағай ұны құрамындағы фитоциттермен  мыс марганец кобальт темір және фосфор тәрізді микроэлементтердің көптігімен ерекшеленеді.Латвия ғалымдары  осындай 1 килограмм ұн құрамында 70 килограмм каротин 35 милиграмм Е  витамині аз мөлшерде Д,К және В витаминдері  болатынын анықтады. Балқарағай шайыры да жақсы  бағаланады.Балқарағай діңінде шайыр  аса көп мөлшерде кездеседі. Мәселен  бір гектар балқарағайлы орманнан  жыл сайын 70-80 килограмм жоғары сапалы шайыр жинауға болады. Балқарағай ормандары  санитарлық-гигиеналық тұрғыданда ерекшеленеді.Бір  гектар жердегі балқарағай орманы тәулігіне 30 килограмға дейін бактерия жойғыш органикалық зат бөліп шығарады екен. Антисептидтердің мұншалық мөлшері  үлкен қаладағы ауру таратқыш барлық микроорганизмдерді құртып жіберуге жететін  тәрізді.Фитоцидтік активтілігі (микроб жойғыш зат бөлу) жағынан  балқарағаймен теңесер ағаш жоқтың қасы.Өзге ормандарға қарағанда балқарағай ормандарының ауасы кереметтей таза, кеңсірік жарардай шыңылтыр,мөлдір келеді.Балқарағай ормандарын аралау адамның нерв жүйелерін  қалпына келтіріп жүректің жұмысын  жақсартады, сондай-ақ қан қысымына, өкпе ауруларына да пайдасы бары анықталып  отыр.Балқарағайлы ормандардың  арасындағы шөпте айырықша құнарлы  болып келеді.Бұл ормандар алуан  түрлі аңдар мен құстардың  да сүйікті мекені саналады.Терісі алтынмен бағаланатын бұлғын тек  осы балқарағайлы ормандарды ғана мекен  етеді.Балқарағай  жаңғағы – орман  қожайыны қоңыр аюдың да негізгі  тағамның бірі. Ал кішкентай тиінге жаз бойы  жинаған 6-8 килограмм  жаңғақ ала қыстай азық болып шығады.Балқарағайлы ормандардың негізгі тұрғындары қатарына борша тышқан жатады. Сілеусін, құну, күзен, құдыр, алтай бұғысы, бұлан  сияқты ірі аңдар да қыстың қақаған  аязды күндерінде балқарағайлы аудандарында паналайды.Шауқарға балқарағайдың  тұқымын таратуда ерекше роль атқарады. Осы бір кішкентай ғана құс  алыстағы ұясына жаңғақ тасимын деп  балқарағай ормандары көлемінің  ұлғая түсуіне негізгі себепкер болады.Балқарағайдың кейде қайыңды  ормандарда теректің ішінде бой көтеруіне  де осы құс «кінәлі».Шау қарғаның жаңғақ дайындау қабілетіне қайран қаламыз.Шар  шар етіп ұшып қонып жүрген кішкентай  құстың шамасы бірер күн ішінде бүкіл  орманның қара сүйек жаңғағын жиып алуға әбден жетеді. Балқарағай орманы — таза балқарағай немесе қарағай тектес тұқымдасына  жататын қылқан жапырақты ағаштармен аралас өскен орман. Табиғатта 80 метрлік алып балқарағайларды  да кездестіруге болады. Тамыры тереңге  бойлап жайылады. Елімізде көбінесе сібірлік балқарағайлар  өсіріледі. Олар көктемгі үсікке, қысқы  суыққа өте төзімді. Ағашы шірімейтін мықты  болғандықтан құрылыста, химиялық өндірістерде кеңінен қолданылады. Кәрі балқарағайдың  діңінен шайырды көруге болады. Оны  кір жуғанда сабын ретінде  қолданған. Шайыр-сағызы ауыз қуысын, тісті тазартып, қызыл иекті нығайтады. Ағаштың  қабығы да бағалы шикізат. Одан тері илегіш, эфир майын және тоқыма бояуларын  алған.Балқарағай – жарықты сүйетін  ағаш. Отырғызылатын жері көлемді, әрі  кең болуы қажет. Жаз кезінде  мол суғаруды қажет етеді.Тұқымын  себу және қалемшелеу арқылы көбейтеді.Самырсын майы, яғни, «Кедровое  масло» деп аталатын май осы балқарағайдан  Ақсу ауылындағы Оңтүстік Кореямен бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған «Ақсу-Дэен» кәсіп­орнының дәрілік өсімдіктердің өңделуінен жасалады.Жалпы Алтай  балқарағайының құнарлылығы басқамен салыстырғанда  өте жоғары. Қытайда ғана емес, Азия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде  кедр дәнінен жасалған дәрілерге  сұраныс көп. XVIII ғасырдағы  жазбаларында Швецияның дәріханаларында  омырау бездерінің ауруларына балқарағайдан  жасалған дәрілер сатылатынын жазыпты. Ертеректе орыс емшілері  балқарағай жаңғағының майын гипертония, атеросклероз, асқазан  жарасы ауруларына қарсы пайдаланып, сонымен бірге терінің күйген жерлерін сылап сыйпауға, бұлауға  пайдаланған. Адамның иммундық жүйесін  күйшейтетін қасиеті бар балқарағай майында түрлі микро және макро  элементтер бар. Оның құрамында ақуыз, көмірсу, А, В1 (тиамин), В2, (рибофлабин), В3 (РР ниацин) дәрумендері сонымен  қатар фосфор, маргнец, кобальт, иод  кездеседі. Балқарағай майының баланың  өсуіне және адамның көз жанарына тигізер пайдасы да бар екен. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға сәйкес, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі аумағында дәрілік шөптерді, ағаштарды өндірістік мақсатта даярлауға рұқсат жок. Тек жеке қажеттілікке орай белгілі телімнен тегін жинап алуға болады. Бұл саланы дамытудың тағы бір кедергісі іспетті. Алайда, мемлекеттің қызғыштай қоруынан аталған заңнама арқылы табиғи парк аумағында «Қызыл Кітапқа» енген 35-тен астам дәрілік шөпті сақтауға жағдай жасалған. Адамзатқа табиғаттың жаратқан шипалы дәрілік өсімдіктердің саны азаймау үшін оларды күтіп- баптап, химикаты көп дәрілердң орнына, емдік қасиетке толы шөптер тұнбасын қолданса, туған өлкеде өсетін өсімдіктердің пайдасын, маңызын біле отырып, болашақ ұрпақ табиғаттың байлығын қадірлей білуі абзал.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Редкие и исчезающие виды растений Казахстанской части Алтай-Саянского экорегиона» Информационный проект. Усть-Каменогорск. 2008

  2. Катон-Карагайский государственный национальный природный парк. Сборник. Усть-Каменогорск. 2008.

  3. «Жасыл әлем сырлары» Қ. Сыбанбеков. Алматы: Рауан, 1990

  4. «Жас алаш» газет басылымдары. 2003-2010 жж.

  5. «Биология және салауаттылық негізі» ғылыми-педагогикалық журналдарының басылымдары 2011-2012 жж.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы,

Үлкен Нарын ауылы

«Үлкен Нарын ауылдық лицейі»



КММ-нің химия-биология пәнінің мұғалімі

Амангулова Кульнази Нургумаровна


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет