Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары Жалпы ережелер



Дата17.06.2016
өлшемі89.11 Kb.
#142578


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының

2016 жылғы «___» ___________

№ ____ бұйрығымен бекітілген


Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі –Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәбілдік кәрізді пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер мен қысқартулар қолданылады:

1) кәбілдік кәріз - байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

2) кәбілдік кәріз арнасындағы орын – кәбілдік кәріз арнасында байланыс кәбілі орналастырылатын орын (аудан);

3) кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы – пайдалануға қолжетімді және кәбілдік кәріздің жалға берушісі жуырдағы он екі ай ішінде пайдалануды көздемеген, резервке/броньға қойылмаған кәбілдік кәріз арнасының/арналарының көлденең қимасының бос ауданы;

4) кәбілдік кәрізді жалға алушы (бұдан әрі – Жалға алушы) – кәбілдік кәрізді жалға берушіден кәбілдік кәрізді пайдалануға шарт талаптарына сәйкес алатын жеке немесе заңды тұлға;

5) кәбілдік кәрізді жалға беруші (бұдан әрі – Жалға беруші) – шарт талаптары бойынша жалға алушыларға кәбілдік кәріздегі арнада байланыс кәбілдерін жүргізу үшін орын беретін, кәбілдік кәріздің иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

6) кәбілдік кәріз құбыржолының арнасы (бұдан әрі – арна) – байланыс кәбілдерін жүргізуге арналған кәбілдік кәріз құбыржолының ішкі қуысы;

7) кәбілдік кәрізде кәбілді төсеуге арналған техникалық талаптар (бұдан әрі – ТТ) – кәбілдік кәрізді пайдалануға алу үшін техникалық талаптар;

8) рұқсат-наряд – жалға алушының пайдалануына берілген, кәбілдік кәрізде салынған, байланыс кәбілінің жөндеу-қалпына келтіру және жоспарлы- алдын алу жұмыстарын жүргізуге жалға берушінің жазбаша келісімі.

3. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №175 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10705 болып бекітілген) табиғи монополиялар саласындағы реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларына сәйкес кәбілдік кәрізді жалға алушылардың барлық санаттарына тең жағдайда көрсетіледі.

2. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру тәртібі
4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мынадай:

1) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді алуға еркін нысанда өтініш берушінің жалға берушіге өтінім жіберуі;

2) жалға берушінің ТТ әзірлеуі және оны өтініш берушіге беруі;

3) өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізден жалға берушінің орынды брондауы;

4) жалға берушінің кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізудің жұмыс жобасын келісуі;

5) кәбілдік кәрізді пайдалануға беруге шарт жасауы;

6) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге және кәбілдік кәрізді пайдалануға жалға берушінің техникалық қадағалауы кіретін, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.

5. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді алу үшін өтініште (бұдан әрі - өтініш) мыналар:

1) өтініш берудің күні мен уақыты (сағат, минут);


  1. өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері (заңды мекенжайы), банктік реквизиттері, жеке сәйкестік нөмірі/бизнес-сәйкестік нөмірі;

  2. кәбілдік кәрізде байланыс кәбілдерін жүргізу (кәбілдің түрін, маркасын және сыртқы диаметрін көрсете отырып) жоспарланып отырған, өтініш беруші объектілерінің мекен-жайлары;

  3. жоспарланып отырған кәбілді жүргізудің және оны одан әрі пайдаланудың мақсаты көрсетіледі.

6. Өтініш екі данада жалға берушіге беріледі, оның біреуі келіп түскен кіріс тіркеу номерімен жалға беруші өтініш берушіге қайтарады.

7. Өтініштерді жалға беруші түсу реті бойынша қарастырады.

8. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған жағдайда жалға беруші өтініш алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге, оған қажетті бағыт бойынша шарттық негізде қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді жүргізуді ұсынады.

9. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған және өтініш беруші кәбілдік кәрізді кеңейтуден бас тартқан жағдайда жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беруден бас тартуы туралы жауап береді.

10. Кәбілдік кәрізде бос сыйымдылық бар болған жағдайда, жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге ТТ береді, оның негізінде өтініш беруші байланыс кәбілін жүргізуге жұмыс жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге тапсырыс береді.

ТТ беру кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен салынған байланыс кәбілдерін және кәбілдік кәріздің объектілерін жалға берушінің меншігіне беру талабы белгіленбейді.

11. Жалға берушінің ТТ әзірлеуі мен беруі мыналарды:

1) кәбілдік кәрізде бос орынның бар болуын анықтау және кәбілдік кәріздің қайта құруын жүргізетін учаскелерді айқындау бойынша іздестіру жұмыстарын;

2) кәбілдік кәрізде бос орынды резервке қою (броньға қою) туралы деректерді техникалық есепке алу жүйесіне енгізуді;

3) жалға берушінің коммуникациялары бойынша кәбілді жүргізудің оңтайлы трассасын анықтауды;

4) байланыс кәбілін жүргізу сұлбасын (трассасын) әзірлеуді;

5) тиісті шарттардың жобаларын дайындауды қамтиды.

12. ТТ берілген күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болып саналады.

13. ТТ берілген кезде, жалға беруші бір уақытта кәбілдік кәріздің арнасында орындарды броньға қояды.

Жалға берушінің өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізде орындарды броньға қоюы берілген ТТ сәйкес әрі қарай пайдалану үшін кәбілдік кәріздің арнасында орындарды өтініш берушіге бекітуді қамтиды.

14. Өтініш беруші ТТ алғаннан және кәбілдік кәрізде орындарды броньға қойғаннан кейін өтініш беруші кәбілдік кәрізде кәбілді төсеу үшін жұмыс жобасын дайындайды, ол жалға берушімен келісіледі. жалға берушінің кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін төсеудің жұмыс жобасын келісуіне мыналар:

1) кәбілді төсеу жолын тексеру;

2) кәбілдің төсеу картограммасын байланыс кәбілі төселетін арнаны алудың дұрыстығына тексеру;

3) жобаланған байланыс кәбілінің төсеу шартын анықтау кіреді.

15. Жұмыс жобасына қойылатын талаптар өтініш берушіге жобалауды бастағанға дейін беріледі немесе жалға берушінің интернет-ресурсында жарияланады.

16. Жалға беруші жұмыс жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыс жобасын келіседі немесе өтініш берушіні келісуден бас тарту туралы еркін нысанда жазбаша хабарлайды.

17. Жұмыс жобасын келіскеннен кейін жалға беруші мен өтініш беруші кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шарт жасайды.

18. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шартта (бұдан әрі – Шарт) мынадай:

1) кәбілдік кәріздің жай-күйіне жалға берушінің техникалық қадағалауы туралы;

2) кәбілдік кәрізді пайдалану туралы;

3) кәбілдік кәрізде орнатылған техникалық құралдарды, инженерлік және өндірістік құрылғыларды пайдалану және күтім жасау туралы;

4) жалға берушінің кәбілдік кәрізге пайдаланушылық күтім жасауды және жөндеуді келісуі және жүргізуі туралы;

5) кәбілдік кәрізді пайдалануға беруге өзара есеп айырысу туралы;

6) кәбілдік кәріздегі ресурстарды босату (кәрізді бөлшектеу) туралы;

7) кәбілдік кәрізге қол жеткізуді ұйымдастыру туралы талаптар қамтылады.

19. Кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге және кәбілдік кәрізді пайдалануға жалға берушінің техникалық қадағалауына мыналар:

1) берілген ТТ сәйкес және келісілген жобаға сәйкес жалға берушінің кәбілді жүргізуге рұқсат-наряд беруі;

2) жұмыс жүргізілетін жерге жалға беруші мамандарының баруы;

3) кәбілдік кәріз арнасында кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдарды жалға берушінің техникалық қадағалауы;

4) кәбілдік кәріз арнасында жүргізілген байланыс кәбіліне күтім жасау бойынша кәбілдік кәрізде жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды орындайтын ұйымдарды жалға берушінің техникалық қадағалауы;

5) жүргізілген байланыс кәбілдерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін, қайта құруды орындайтын ұйымдарды жалға берушінің техникалық қадағалауы кіреді.

20. Кәбілдік кәрізді жалға беруші жалға алушыға Шартта белгіленген талаптарға сәйкес кәбілдік кәрізге қолжетімдік береді.

21. Жұмыс жобасына сәйкес кәбілдік кәрізде құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін жалға алушы жалға берушіге жазбаша түрде өтініш жасайды. Өтініште жұмыс жобасына сәйкес жұмыстар орындау жоспарланып отырған кәбілдік кәріздің учаскесі (учаскелері) және осы жұмыстарды жүргізу мерзімдері анықталады.

Өтінішке мыналар:

1) кәбілдік кәріздің учаскесінде жұмыстар жүргізетін тұлғалар тізбесі;

2) құрылыс жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйым тарту туралы жалға алушының кепілдеме хаты (жұмысқа тартылған жағдайда);

3) келісілген жұмыс жобасының көшірмесі;

4) Шарттың деректемелері;

5) архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың көшірмелері немесе осындай лицензиясы бар мердігер ұйыммен жасалған шарттың көшірмелері қоса беріледі.

22. Жалға беруші өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, жұмыстардың жүргізу мерзімдері мен тәртібін келіседі, кәбілдік кәріздің техникалық жай-күйін тексереді және жұмыстар орындау жоспарланып отырған учаскедегі (учаскелердегі) кәбілдік кәрізді жалға алушыға (мердігерге) осы учаскелерде кәбілдік кәріздің нақты жай-күйі анықталатын тиісті актіні ресімдей отырып, тапсыруды ұйымдастырады. Кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау мүмкін болмаған жағдайда, актімен ақауларды жою тәртібі мен мерзімдері айқындалады.

Ақаулар жойылғаннан кейін Кәбілдік кәріздің учаскесін беру туралы тиісті акті жасалады.

23. Жалға алушы (мердігер) жұмыс жобасына сәйкес кәбілдерді құрастыруды жүргізеді.

Жалға алушының байланыс кәбілі ТУ сәйкес кәбілдік кәріздің жалға алынған бөлігінде орнатылады.

Кәбілдік кәріздегі жалға алушы және/немесе мердігер жүргізетін барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторымен келісіледі және соның қадағалауымен орындалады.

Байланыс кәбілін жүргізу бойынша орындалған жұмыстардың жұмыс жобасына, қолданыстағы нормаларға және ТТ-ға сәйкестігін орнату мақсатында, сондай-ақ жұмыстарды жүргізу сапасын анықтау үшін соңғылары қабылдауға жатады.

24. Кәбілдік кәріздегі жоспарлы пайдалану жұмыстары жалға алушымен немесе тек жұмыстарға өтінімді келіскеннен кейін оның атынан әрекет ететін мердігермен және жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторының бақылауымен орындалады.

Жалға алушының жоспарлы пайдалану жұмыстары басталғанға дейінгі 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданатын хабарламасында жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы көлемі және жобаланған мерзім көрсетіледі.

25. Жоспардан тыс пайдалану жұмыстары туралы жалға алушы жалға берушіге телефон арқылы, содан кейін келесі жұмыс күнінің аяғына дейін жазбаша растау жібере отырып хабардар етеді. Хабарламада жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын жүргізуді бастау уақыты көрсетіледі.

Хабарлама негізінде жалға беруші жалға алушы көрсеткен жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын жүргізуді бастау уақытынан бастап жалға алушыға кәбілдік кәрізге қолжетімділік береді және тиісті жұмыстар жүргізу барысында олар толықтай аяқталғанға дейін техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді. Жалға алушы жоспардан тыс пайдалану жұмыстарын аяқтағаннан кейін тараптар тиісті актімен жұмыстардың орындалуын растайды.

26. Бір арнада жүргізілетін барлық түрдегі байланыс кәбілдерінің саны жүргізілетін кәбілдер диаметрлерінің сомасы кәбілдік арнаның 0,75 диаметрінен аспауы тиіс деген талаптармен анықталады.

27. Жалға беруші кәбілдік кәрізді пайдалануға беру кезінде бос және қолжетімді орындардың бар болуы туралы деректердің электронды базасын, сондай-ақ инженерлік коммуникацияның сұлбаларын жүргізуді және үнемі жаңартып тұруды қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет