«Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Дата06.06.2023
өлшемі18.31 Kb.
#474727
АТА АНА ХАТТАМА т3рбие


Хаттама 3
« Кеңес Нұрпейісұлы атындағы мектеп-лицейі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Кеген селосы «Оқу әрекетін ынталандыруды қалыптастырудағы ата-ананың рөл» атты баяндама.
2 «Ә», «А», 5«Ә», «А», 10 «Ә», «А»,сынып оқушыларының ата -аналарымен жиналыс болып өтті. Қатысқаны-50
Қатыспағаны-12


К ү н тәр т і б і н д е:



  1. «Балаға адамгершілік тәрбие беруде отбасының рөлі» пікірталас. ТІЖО Б. Дикамбаева



Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше, оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы әрі парызы» деп көрсетілген. Сондықтан, өнегелі ұрпақ өсуін тілеп, ұрпақ тәрбиесін отбасынан бастап, әрбір ата- ана бала алдындағы парызын дұрыс атқаруы қажет. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады .
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу дегеніміз - оларды жоғарыда айтылған мінез-құлықтың дағдылы ережелеріне үйрету. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - адамның моральдық қасиеттерін белгілі бір мақсатқа бағыттап қалыптастыру. Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз- өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата- ананың іс- әрекеті мен мінез- құлқы өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік- саяси құндылықтар беріледі.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, тәрбиешісі, ұстаздары.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша
Сөйлеушілер:ата –ана Серікбол Ербақ
Мен апайдың айтқанымен келісемін. Жоғарыда айтылып өткендей балаларымыздың т әрбие мен білім алуында өзімізден кетіп отырған қателіктерді мойындаймыз. Жұмыс бастылыққа салынып бала тәрбиесін екінші орынға қойып қойғанымды түсіндім. Алдағы күндері қызымның сабақтарына қатысып, қадағалап сабақ оқытамын.
Сөйлеушілер: Рахимбаева Айгул ия баяндаманың өте әсерлі болды ой саларлық мәлімет алдым. Қазіргі таңда балаларымыз қай бағытта жүрседе білімнің маңызды екендігін түсіну қажет деп ойлаймын..Сондықтан қай жерде болмасынбаламыздың тәртібімен қатар білімді болғаны кімгеде болмасын ойландыратын мәселе. Бүгінгі тақырып маған қатты ұнады. Қазіргі таңда балаларымыз телефонды көп пайдаланып саббаққа деген қызығушылықтары төмендеген. Үй тапсырмасына мән бермейді. Алдағы уақытта баламды күнде қадағалап үй тапсырмасын орындатып, қосымша сабақтарға қалдырмай жіберемін..
Жоғарыдағы мәселелерді тыңдай келе шешім етеді.
Шешім:Сыныптың білім сапасын көтеруде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, үй тапсырмасы мен қосымша сабақтарға қалдырмай жіберу, қадағалау ата- аналарға міндеттелінсін.
2.Осы бұйрықтың орындалуына басшылық жасау сынып жетекшісі Орынбай Аружанға міндеттелінсін.

Жиналыс басқарушы: ТІЖО Б. Дикамбаева
Хатшы: Малимбаева Арайлым

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет