Көтеріліс - XIX ғасырдың 20–30 жылдарында отаршыл үкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
- Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. .
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті
Кеңесарының Жаппас руына тізе батыруы - "Кенесарының Жаппас руына тізе батыруына мынадай оқиға себеп болды: 1844 жылы осы Жаппас руынан зекет жинауға Наурызбайды 100 жасауылымен жіберген болатын. Бұл кезде Жаппас руының билеушілері Алтыбай мен Жанғабыл бастаған кейбір тармақтары патшалы Ресеймен тығыз байланыста болып, ішінара Қоқан хандығымен де сыбайласа араласаты.
- Жаппас руының билеушілері Алтыбай мен Жанғабыл бастаған ауыл тұрғындары Наурызбай мен оның жасауылдарын иіліп қарсы алып, өздеріне жүктелген зекетті жинап беруге уәде етіп, кешке қонақасы беріп, ауыл-ауылға бөліп қондырады. Түн ортасы ауып, жасауылдар ұйқыға кеткенде, зауряд хорунжий Жанғабыл өзінің қол астындағы жасақтарын жинап, Наурызбай мен оның жасауылдарын өлтіруге уәделеседі. Жанғабыл Төлегенов-зауряд хорунжий, би, 46-дистанцияның бастығы, Жаппас руының Қарасұр тармағын басқарады. Ол Торғай мен Тобыл аралығында көшіп жүрді, қыстауы Сырдария өзенінің бойында болады.
Достарыңызбен бөлісу: |