Кей жағдайда



бет2/6
Дата25.11.2022
өлшемі37.41 Kb.
#465759
1   2   3   4   5   6
ПППП

Ежелгі дамуы
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.
Ерте жаңа заман
1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет