Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған



Дата25.11.2019
өлшемі21.8 Kb.
#447553
Ә. Кекілбаев

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде, 1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы. 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/biography/2240-abish.html
© www.ZHARAR.com

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) - ақын және драматург, филология  ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық  жазушысы.   Ол 1909 жылы Қызылорда (Ақмешіт) қаласында дүниеге келді.  Қызылордадағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепті оқып бітірген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетті (қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университет), Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.  Еңбек жолын 1926-1928 жж. «Еңбекші қазақ» газетінде пошта-газет тасушысы болып бастаған, кейін корректор болып жұмыс атқарды.


1932-1934жж. Қарсақбайдағы «Қызыл кеші », «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-39жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, 1939-1943жж. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, 1945-1948жж Қазақ ССР ҒА Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1958-1960жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, 1960-1984жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақ ССР ҒА әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Әбділда Тәжібаев 1927 жылдан бастап жаза бастады. Ең алғаш өлеңдері 1927 жылы «Жұмысшы» газетінде, кейін 1933ж. «Жаңа ырғақ» атты жинақ болып шықты. «Оркестр», «Құтқару», «Екі жиған», «Абыл», «Шын жүректен», «Сүйген жүрек», «Таныс дауыстар» атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді.
«Аралдар», «Жаңа өрімдер», «Кешеден бүгінге», «Кәне қоңырау», «Жастық жылдар», «Құрдастар», «Толағай» және т.б. жыр жинақтары философиялық бағытта белгіленген.
Ә.Тәжібаев «Жүректілер» пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттық кілемі», «Жыр күмбез» атты драмалық дастандарының, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш – орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен жігіт», «Монологтар» пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» және т.б.комедияларының авторы. Қоғам мен адамның ара-қатынасын, адамның қоғамдағы орны мен еңбегі жайындағы тебіреністерін философиялық сырға толы туындылары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Ә.Тәжібаев «Өмір және поэзия» монографиясында, «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты зерттеуінде қазақ драматургиясының күрделі мәселелерін жан-жақты қарастырды. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нүрпейіс, Нартай, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов т.б. Әдебиет пен өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» деген сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтған.
Көптеген жылдар бойы Әбділда Тәжібаев поэзия, драматургия, әдебиеттану саласында жемісті еңбек етті. Қазақ әдебиетінің дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосты. Ол Жұмағали Саин, Қажым Жұмалиев,Таир Жароков секілді әдебиет қайраткерлерімен құрдас еді.
Ә.Тәжібаевтың шығармашылығы қазақ әдебиетін биікке көтерді. Жас ақынның алғашқы өлеңдерін оқыған М. Әуезов көркемдік ерекшеліктерін байқаған. Расында да, сол кездердің өзінде ақын шын көңілден өлең жырларын жаза отырып , қазақтың қалыптасқан дәстүрлі лирикалық өлең жолдарын қолдана білді.
Ә. Тәжібаевтің шығармашылығында Сырдария өзенінің бейнесі үлкен орын алады, кейіннен ол Рейн өзенін жырлаған Гейне, Днепрді жырлаған Шевченко сияқты ол өзенді символға айналдырады. қаһарлы соғыс жылдарында ақынның лирикасы жанрлық ерекшеліктерін тереңдете, молыға түседі. Соның бірі «Аралдар» атты жыр жинағы.
Ә.Тажібаев дастандарының тақырыптары сан алуан – революция, жаңа өмір құрылысы, халықтың өткен өмірі, көптеген адамдардың тағдыры , жаңа дәуір желісі. Заман талабына сай ағын бүгінгі таңдағы басты мәселелерден де алшақтақан жоқ.
Қай елді, қай жерді жырласа да, оның өткені мен бүгінгісі жайында, ақын реалистік қалыптан танбауымен бірге, нағыз қазақ ақынның қалпынан айнымай отырады.
Әбділда дәуірдің әрбір кезеңінен кесек-кесек көріністерін елестетіп, ірі ойлы топшылауларға құрылған философиялық сипаты бар поэма жасауға ұмтылуды. Оның «Портреттері» соның айғағы. Бұл шығармада ағын заман талабына сай адамдардың қиын тағдырлары, уақыт алдындағы жауапкершіліктері туралы мәлімдеген. Ә.Тәжібаевтің өлең-жырларының қайнар көзі – туған жер.
Драматургия Ә.Тәжібаев творчествосының екінші бір кең арналы, биік өрелі саласы болып отыр. Ә. Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н:Ф.Погодинмен бірге) «Жамбыл» атты көркем фильм түсірілген. Ақынның көптеген шығармалары шет мемлекеттер және де басқа халықтар тіліне аударылған. Орыс жазушылары А.С.Пушкиннің, Т.Г.Шевченконың, А.Н.Островскийдің, Г.Гейненің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
«Ленин» орденімен, Октябрь революциясы орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісімен» және медальдармен наградталған. 1985 жылы Ә.Тәжібаевқа «Қазақ ССР-нің халық  жазушысы » атағы берілген.
Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, К.Мұхамеджановтарға ескерткіш қойылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 1999 жылы Ә.Тәжібаев есімі берілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет