Кекилова ляззат муратбековна



Дата17.06.2016
өлшемі337.31 Kb.
#142935
түріДиссертация


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

ӘОЖ 339.9:351.711 (574+519.5) Қолжазба құқығында




КЕКИЛОВА ЛЯЗЗАТ МУРАТБЕКОВНА

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқаруды

жетілдіру бағыттары

(Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы мысалы негізінде)

6M051000-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы

бойынша экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты

Қызылорда, 2012



Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды




Ғылыми жетекші:




экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент Рысмаханова Г.Ж





















Ресми оппонент:




экономика ғылымдарының кандидаты

Темирова А.Б.










Диссертация 2012 жылы маусымның «25» күні сағат 10.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. Мекен-жайы 120014, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А, 408 к.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғам пайда болған сәттен бастап әлем елдерінде мемлекет түсінігі пайда болды. Мемлекет осы қоғамның дамуына қарай жетілдіріп, дамып отырды. Мемлекеттер арасында сауда пайда болған сәттен бастап мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеу мәселесі де алға қойылды. Сыртқы экономикалық қатынастар мәселесі дүниежүзілік саясаткерлер мен экономистердің, халықаралық ұйымдардың, жалпы азаматтық қоғам арасында тек зерттеу объектісі ғана емес, елдің экономикасын басқарудың тәжірибелік әдістерінің негізгі меселелерінің бірі ретінде қарастырылып келді. Сыртқы экономика – елдің әл-ауқатының ең негізгі көрсеткіші.

Ерте заманнан келе жатқан мемелекеттің сыртқы экономикалық жағдайы әлем мемлекеттерінің экономикасын реттеуде басты мәселеге айналды. Шет елдермен тұрақты экономикалық қарым-қатынасты орнатуға тырысқан Қазақстан Республикасы сыртқы инвестицияны тартуды көздеп, елдің тауарларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігінің кемшіліктеріне тап болып, экспорттық тауарларды шығаруда біраз кедергілер кездестірді. Осы таңдау елімізде жұмыс істеп жатқан әр түрлі шетелдік компаниялардың елге тигізер пайдасы мен тиімділігін алу мүмкіндіктеріне негізделеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, экспорттық және импорттық тауарлар мен шет елдік инвестициялар ағымы болып табылады.

Еліміздің экономиксының өркедеуі мен дамуының маңызын ескере отырып, Н.Ә.Назарбаев өз халқына экономикалық-әлеументтік аспектілерге қатысты жолдауында «Қазақстан 2030» стратегиясын орындауға алғы шарттар жасау. Бұл 2030 — дағы стратегиялық жоспарда мемлекетімізді нарықтық экономикаға көшіру мен еліміздің әл — ауқатын дамыту, тұрғындардың әлеументтік жағдайын жақсарту көзделген. Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекетіміз көп шаралар қолдануда. Соның бірі сыртқы экономикалық қызметті дамыту. Бұл жерде оның тек ұлттық валютада ғана емес, сондай — ақ шетелдік валютада  да ресурстарды қалыптастыру көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің 2010 жылғы халыққа жолдауында «Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс. Менің халықаралық сапарларым барысындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвестициялау мәселесі болды. Көптеген мемлекеттер біздің экономикаға ресурстар салудың мәні бар деп біледі.

Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, сондай-ақ француз, итальян, ресейлік компаниялардан 20 миллиард доллар көлемінде инвести­циялар тарту туралы мәселелер шешілді, және
бұл қаражатты шикізаттық емес секторға жұмсалып, индустриялық бағдарламаның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді.
“Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автома­гистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүс­тігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешілді.» - деп дағдарыс уақытында халықты ел игілігі үшін еңбек етуге шақырды

Қазіргі жағдайда шетелдік компаниялармен бірлесе жұмыс істеу мақсатында кооперативтер елеулі рөл ойнайды. Соңғы кезде елімізде корпоративті басқару мәселелеріне реттеуші мемлекет тарапынан да, нарыққа қатысушылардың өздерінің тарапынан да ерекше назар аударыла бастады, нормативтік негіз жасала бастады, шет елдік басшылармен конференциялар өткізілуде, мәселелер талқыланып, өз шешімін іздестіруде.

Қазіргі таңда Қытай, АҚШ, Албания, Корея сияқты Қазақстанның ең ірі инвесторлары көптеген капитал салып, қаражат бөліп жатыр. Осы елдердің ішінде Оңтүстік Корея саясаты Қазақстан Республикасы үшін көптеген инвестициялық көмек көрсетуде. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қарым-қатынасты реттеу мен жақсарту, жалпы Қазақстанның сыртқы экономикасын жетілдіру мен инвестиция тарту - мәселенің өзектілігі осы жұмыстың тақырыбын, сонымен бірге зерттеу объектісін таңдауымның негізі болды.

Мәселенің ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Әлемдік экономикада мемлекеттік басқару мен жалпы реттеу бағыттарының негізгі қағидаларын қазіргі заманғы және бұрынғы экономист ғалымдардың еңбектерінде анық көрсетілген: А.Смит, Дис Сакс, Дж. Тобин, П. Самуэльсон мен В. Столпер, Хекшер-Олин, А.В. Торкунов, В. И.Кушлин, С. Ронен, Т.А. Фролова, Пол Р.Кругман, М.Обсфилд, Мишкин, Питер П.Джефферсон, Алексей Байер, Дэвид Рикардо, Фридрих Хайек, М. Фридман, Д. Стиглиц және басқалары табылады.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында мемлекетті халықаралық экономика тәжірибесіне сүйеніп, басқаруға М.Брамович, Д.Наркотт, Г.Самуэльсон, М.Тодарадо, М.Брейде, С.Койберле, В.Леонтьев, М.Миллер, Ф.Модильяни, Г.Маркович, У.Шарп, Ж.Дербе, Г.Саймон, Дж.Хикс Бочаров В.В, М.В Ивошин, Хан Анбаунд, Ким Ки Хван, , Пузакова Е. П., Хес О. және тағы басқалары өз еңбектерінде қарастырған.

Отандық экономист – ғалымдардың келесідей еңбектерінде Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов, Нурланова. Н.К., Киреев А., Н.К.Мамыров, Ержанов А.Б., Сатубалдин С.Е.Аймагамбетова, А.Алимбаева, У.Баймуратова, Н.Мамырова, А.Сатыбалдина, Б.Сыздыкова, О.Сабдена, К.Жуйрикова, К.Ильясова, Ш.Купешева, К.Мельникова, А.Джуманова, Н.Нурлановой, Б.Мырзалиева, С.Тажибаева, Р.Каренова, А.Утарова, У.Шалболовой, Б.Исабеков және басқалар нарықтық реформаға ғылыми негізде көлемді үлес қосты.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметін реттеудегі Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның арасындағы осы заманғы экономикалық байланыстарын басқару жүйесін талдай отырып, бәсекеге қабілетті болудың негізгі факторы ретінде қарастырып, экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешу қажет:



  • қазіргі заманғы ақпараттық-инновациялық экономика жағдайында мемлекеттің сыртқы экономиканы басқарудың мәнін ашу;

  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея байланысын зерттеу мен басқаруды қарастыру;

  • сыртқы экономикалық қызметті реттеу барысында Оңтүстік Корея инвестицияларын тартудың тиімді жолдарын қарастыру;

  • Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экспортты-импортты тауар айналымына талдау жүргізу;

  • Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінің Оңтүстік Кореямен бірлесе жұмыс істеуінің ақпараттарына сүйене отырып ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеу нысаны – Қазақстан Республикасының мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық қатынастар.

Зерттеудің пәні – Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы экономикалық байланыстарды жетілдіру мен дамытуда қалыптасқан экономикалық мәселелер жиынтығы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы келесі ұйғарымдардан тұрады:


  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің түрлі тәсілдері ұсынылды;

  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің жалпы ережелерін қарастырылды;

  • Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде тиімді жағдайлар ұсынылды;

  • Қазақстан Республикасы мен шетелдік, оның ішінде, Оңтүстік Корея компанияларымен бірлескен кооперацияларының тиімсіз жақтарын анықтау мен ұсыныс берілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің деңгейін бағалаудың кеңейтілген көрсеткіштер жүйесі;

  • Сыртқы экономикалық көрсеткіштерінің Қазақстан экономикасына әсерін анықтаудың экономикалық үлгісі;

  • Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін жетілдірудің басым бағыттары және оларды жүзеге асыру жолдары.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Президенттің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Отандық және шетелдік басылымдардағы ғалым-экономистердің еңбектері, ҚР статистика Агенттігінің, Корейлік «Косис», «КOTRA», «KOICA» статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика бойынша Ұлттық агенттігінің ресми мәліметтері мәліметтері алынды.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыста алынған ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін басқарудың негізгі бағыттарын анықтайтын нормативтік және әдістемелік құжаттарды өңдеу кезінде, республикадағы сыртқы қызметті реттеуде тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және сыртқы істер мемлекеттік органдары мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін. Орындалған зерттеуде ұсынылған сыртқы экономикалық қызметті реттеудің деңгейін бағалау әдістемесі осы мәселе бойынша қолданыста бар ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді кеңейтеді және толықтырады, белгілі болған сыртқы экономикалық қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басым бағыттар аймақ деңгейінде жасалатын сыртқы экономиканы реттеу мен инвестицияларды тарту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға негіз болады.

Зерттеу жұмысы нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Диссертациялық жұмыс нәтижелерінің негізгі тұжырымдамалары мен қорытындылары Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде, жоғары оқу орындарында өткізілген халықаралық, облыстық ғылыми конференцияларда баяндалып, талқыланды.

Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары келесі халықаралық және республикалық конференцияларда баяндалған: «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы» жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012); «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы орнатылған қарым-қатынастар» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012); Халықаралық конференция «Современные научные достижения» мақала - «Влияние таможенных пошлин на внешнеэкономическую деятельность Республики Казахстан» 42 бет, , 25.01.2012ж., Чехия, Прага; Халықаралық конференция «Европейская наука XXI века» мақала - «Торгово-экономическое сотрудничество между Казахстаном и Южной Кореей» 58 бет, , 05.05.2012ж. Польша.

Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 0,68 шартты баспа табақ 4 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс 86 бет көлемінде баяндалған және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан және 4 кестеден, 14 суреттен құралады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.

Сыртқы экономикалық қызметтің әдіснамалық негіздері. Әлемнің бардық елдері халықаралық қатынастардың экономикалық басымдылық сипатын анықтайтын ортақ экономикалық заңдар бойынша дамиды. Сыртқы экономикалық саясат – бүл сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері. Сыртқы экономикалық саясатты мемлекет сыртқы экономикалық қызметін реттейді.

ΧΥΙΙ-ΧΥΙΙΙ ғасырларда доктрина-меркантилизм – елдегі сауданың дамуы мемлекеттің араласуын қажет етті.

Бірақ мемлекеттің араласуы кейбір кедергілер келтірді. А.Смиттың «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» атты еңбегінде жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы күші ретінде көрінеді. Адам Смит пікірінше, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деді.

Осы тұжырымға қарама-қайшы Дж.М.Кейнстің пікірінше, нарық экономикасында мемлекеттің рөлі айрықша деді. Мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңестіретін негізгі құрал екенін дәлелдеді.

ΧΧ ғасырдың соңына қарай әлемдік тәжірибеде мемлекеттің белсенді реттеуші рөлінсіз тиімді нарықтық экономика жоқ және болуы мүмкін емес деген даусыз қорытынды жасады. Әлемге белгілі экономист Л.Малкерн: «Менің ойымша, кез-келген ел үшін мемлекеттің экономикадығы рөлін қате айқындаудан жаман ешнәрсе болуы мүмкін емес» деген. Мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеуді толығырақ ашып көрсету үшін бес түрлі үлгі арқылы қарастырылды:



  • Меркантилизм. Бұл үлгіде мемлекеттің экономикаға белсенді араласуын жариялады;

  • физиократтар басты идеялар белгіледі. Физиократтардың негізгі өкілі Франсуа Кенэ жорамалдарының бірі: «байлық көзі мен – сыртқы сауда емес, жер және еңбек»деді;

  • Кейнсияндық теория - сыртқы экономикада тауарларды артық өндіру сұранысты арттырады деп тұжырымдады;

  • Неоклассикалық теорияда инфляцияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға және кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін беруді ұсынды;

  • Марксистік үлгі - мемлекеттің экономикалық қызметі, біріншіден, өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастыруы мен экономикалық секторда билеуші орган ретінде қаралды.

Қазіргі заманда қолданылатын мемлекеттің нарықтық үлгілерінің бірнешесін атап өтуге болады.

  • Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады;

  • Жапониялық үлгі. Жапония барлык мүмкіндіктерін «бейбіт мақсатқа», яғни, өнеркәсіптің экономикалық «потенциалын» өсіруге жұмылдырған еді;

  • Неміс үлгісі. Экономикаға мемлекеттің зор әсер ету;

  • Шведтік үлгі. Бұл үлгінін, айырмашылықтары:

  • әлеуметтік бағытталу,

  • мүліктік теңсіздіктің төмендегі,

  • жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендерге қамқорлық жасау.

  • Француздық үлгі. Бұл үлгіге мемлекеттік кәсіпкерліктің жоғарғы дәрежесі тән. Капиталдың қорлануына мемлекет белсенді қатысады.

  • Оңтүстік Кореялық үлгі. Бұл үлгінің ерекшелігі — мемлекет экономиканың дамуына өте зор әсер етеді.

  • Қытайлық үлгі. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, келесі бөлігін — салықты өтеу үшін тапсырады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» (еркін сауда) немесе «протекционизмді» (өз тауар өңдірушілерін қолдау)талдап алудағы ымырасыздық өткен заманғы уақыттардың еншісінде  қалды

Сыртқы экономиканы қызметті реттеуде мемлекет үлкен рөл ойнайды. Мемлекеттің сыртқы экономика қызметін реттеу әр түрлі формалар мен тәсілдерден тұрады. Реттеудің бастапқы формасы келесідей болып келеді:



  1. Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

  2. Салық салу:

  3. Инвестициялау;

  4. Сыртқы қарыз алу;

  5. Сыртқы берешек;

  6. Экспортты субсидиялау немесе қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді. Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады, яғни сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополиялау қойылуы мүмкін (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға). Лицензия – тауарды, валютаны, ақпаратты сыртқа шығару мен сырттан алып келуге берілген рұқсат түрі. Квота – сыртқы экономикалық қызметке арналған жалпы өндіріс көлемінің бір бөлігі. Жанама немесе экономикалық реттеy тәсілі басқа тәсілдерге қарағанда әсерлі және әлдеқайда дамыған сыртқы экономикалық байланыс болып келеді. Оған жататындар: салық, сонымен қатар, кедендік салық, валюта бағамы, әлемдік бағалар, сыртқы қарыз кредиттері, облигация бағамы, және басқа да бағалы қағаздар мен төлем құралдары.

Шет елдік ақша бағасымен көрсетілген валюталық бағам немесе ұлттық ақша бірлігінің бағасы, отандық бағаларды шет елдік бағамен тығыз байланыстырады. Валюталық бағамның ауытқуы отандық тұтынушылар үшін сырттан келген тауарлардың бағасын өзгертіп отырады, керісінше, шет елдік тұтынушылар пайдаланатын отандық тауарлар бағасын өзгертеді.

Сыртқы экономикалық байланыстардың ең басты құралы болып салықтар саналады; мұндағы салықтар – әдеттегі салықтар мен арнайы салықтар – біріккен кәсіпорындар табысына (пайда) салынатын салықтар, кедендік баж салығы(экспорт пен импортқа салынатын салық).

Мемлекетттік органдар, мемлекеттік аппарат, мемлекетаралық ұйымдар сыртқы экономикалық қызметті реттеу барысында аса маңызды көңіл бөледі.

Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметті жылдам және қарқынды реттеуде Президент жарлығы аса маңызды орынды алады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеуде Үкімет негізгі рөлді атқарып, нормативті актілерді жүзеге асыру негізінде және сыртқы экономикалық қызмет сферасында министрліктер қызметін айқындап қана қоймай, еларалық келісім-шарт жасауда да аса маңызды рөл атқарады.

Сауда министрлігі сыртқы экономикалық қызметті реттеуші органдардың бірі болып саналады. Келесідей қызметтер жүктеледі: сыртқы экономикалық саясат стратегиясын қалыптастырып оларды орындауда сыртқы экономикалық қызметті реттеуде жұмыс атқаратын субъектілердің осы стратегия мен келісім-шарттың орындалуын қадағалап отыруына ықпал жасау; бірегей валюталық, кредиттік, бағалық саясатты орнату; сыртқы экономикалық қызметті реттеудегі барлық заңдар мен талаптардың дұрыс орындалуын қамтамасыз етуін қадағалау; сыртқы экономикалық қызметті реттеу мен дамыту мақсатындағы әр түрлі еларалық комиссиялармен ынтымақтастық құру; әртүрлі елдермен сыртқы сауда келісімдерін жасау мен қорытындылау; экономика министрлігі, қаржы Министрлігі және басқа да министрліктер мен ведоствалармен сыртқы экономикалық қызметті координациялау мен келісу; сыртқы экономикалық қызметінде бейтарифтік реттеу орнату. Тағы бір сыртқы экономиканы реттеуші орган Орталық банктің негізгі қызметтері болып: валюталық операциялардың барлық түрлерін көрсету, шет елдік валюта мен бағалы қағаздарды айналымы қадағалап, нормативтік актілерді қадағалау, валюталық операцияларды орындау үшін басқа банктерге лицензия беру саналады.

Сыртқы экономиканы реттеуде инвестициялау да айтарлықтай орын алады.Табиғи ресурстарының бай болуы Қазақстанда кездеседі, және басқа да шетелдіктер пікірінше, Қазақстан Республикасының инвестициялық климатының болашағы ашық болғанмен, тұрақты емес. Инвестиция саласына тигізетін кейбір теріс жақтары төмендегі кестеде көрсетілген. (Сурет 1)

Осының ішіндегі екі фактор таза экономикалық болмағанмен, республикаға инвестиция түсіміне әсер етеді.

Шетелдік инвесторлар үшін салықтың жеңілдігі маңызды емес, оның мемлекет пен инвестор үшін экономикалық тиімділігі мен күтімді тұрақтылығы маңыздырақ.

Мемлекеттің экономиканы реттеудегі саясатының бірі – бағаны реттеу. Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен жүргізіледі:


  1. Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру;

  2. Бағаға жанама әсер ету;

  3. Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу;

  4. Бағадағы жетекшілік;

  5. Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету.












Ескерту 1 – әдебиет негізінде автордың құрастыруы
Сурет 3 – Қазақстан саясатының инвестиция саласына тигізетін кейбір теріс жақтары
Сыртқы экономикалық қызметті басқарудың маңызды мүшелері болып Президент – мемлекет басшысы саналады. Президент - Қазақстанды сыртқы нарықта көрсетіп, сыртқы саясаттың негізгі бағытын анықтайтын тұлға.

Қазақстан Республикасының Парламенті заңдық функцияларды орындайтын ең жоғарғы өкілетті орган болып саналады.

Үкімет – жүйелік пен инвестициялық саясатты басқарады; халықаралық келісімдерді өткізу мен келісімге отыру туралы шешімдерді қабылдайды.

Сыртқы экономиканы арнайы басқаруды қызметін реттеу органы болып Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі саналады; Энергетика, Индустрия және сауда министрігі; Сыртқы істер мииистрлігі; Қазақстан Республиасының Қаржы Министрігінің сыртқы қарыздар Комитеті; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; Қазақстан Республикасының сауда-кәсіп палатасы;Қазақстанның халықаралық кәсіпорындармен серіктестігін реттейтін экспорт жөніндегі Кеңесі. Қазақстан Республикасының Қаржылық Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып сыртқы қарыздар Комитеті саналады. Сонымен қатар, Кедендік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жүйесінің органы болып саналады.

Сыртқы экономикалық комплекске қатысушыларға белсенді себептесуге көмекші кәсіпорындар қатысады. Оның ішіндегі Сауда–өнеркәсіп палатасы. Сауда–өнеркәсіп палатасы және оның филиалдары өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар мен өндірістік кооперацияларға көмек көрсетіп, әлемдік нарықтағы сыртқы сауда оперцияларын жасауда кеңес беріп, маркетинг пен инженерлік қызметтерге ақпарат береді.

Республиканың сыртқы экономикалық қызметті мен Қазақстанның басқа шетелдік және халықаралық мекемелермен байланысын реттеудің арнайы органы Сарапшылар кеңесі орталық және өкілдік органдардың шетелдік кәсіпорындармен серіктестігін реттеуші болып, кеңестер мен ұсыныстарды, халықаралық конвецияларға, келісімдерге, пактілерге қосылуын реттейді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін қысқа мерзім ішінде кең масштабты серіктестікті жан-жақты дамытуда қазақ-американдық байланыс үлкен орын алды. 14 ақпан 1994 жылы Вашингтонда Президенттер Б.Клинтон мен Назарбаев қол қойған “Демократиялық серіктестік туралы Хартия”көрініс тапты.

Соңғы жылдары Қазақстан-Корей арасындағы байланыста үлкен прогресс байқалды. Әуе, темір жол, авторассада көлік қызметі түзетілді; екі жақты байланысты дамыту мақсатында қажет база құрылды.Екі ел де өнімді ынтымақтастықты өндіріс, инвестиция, сауда, табиғи өнімдерді өңдеу, ғылым, технология, ауылшаруашылығы мен транспорт сфераларында дамытуға келісті.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы Оңтүстік Азия елдері - Үндістан мен Пакистанмен, Орталық Шығыс – Түркия мен Иран елдерімен, Алмания, Франция, Австрия, Қытай, АҚШ елдерімен қарым-қатынас құрды.

Қазақстан Республикасының Президенті қолдаған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын шетелдік ұйымдар қаржыландыруда. Оның ішінде – Ислам банкі, Еуропаның реконструкция және даму банкі, Бүкіләдемдік банкі сияқты банктер өз инвестиция үлесін салуда. Бұл жоба негізінен 2010-2013 жылдарға арналған. Мысалы Халықаралық реконструкция мен даму банкінің инвестиция көлемі 2 125 000 000 АҚШ долларын құрайды. Және Қазақстан сыйақымен негізгі қарызды әр жылдың мамыр мен қараша айларында төлеуі қажет.

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас байланыстары басталғалы инвестиция көрсеткіштері едәуір өзгерген. Көріп отырғанымыздай, 1993 жылы ешқандай инвестициялау болмады. Бірақ 1994 жылы 0,543 млн. АҚШ.долл. құрады. Келесі жылы, 1995жылғы көрсеткіш бойынша инвестициялау көлемі күрт өскен, 270,47 млн. АҚШ.долл. құрады. Бұны екі ел арасындағы 15 мамыр 1995 жылғы серіктестік туралы Декларацияға қол қоюымен инвестиция көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда, күрт өскен. 1996 жылы 442,59 млн. АҚШ.долл., 1997 жылы 720 млн. АҚШ.долл. құрап, 1996 жылмен салыстырғанда 38,5 %-ға өскен. 1998 жылы 31,9 млн. АҚШ.долл. құрап, 1997 жылмен салыстырғанда 95 %-ға төмендеген. 1999 жылы 28,7 млн. АҚШ.долл. құрап, 1998 жылмен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендеген. 2000 жылы 56,8 млн. АҚШ.долл. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 49 %-ға жоғарылаған. 2001 жылы 67,9 млн. АҚШ.долл. құрап, 16 %-ға өскен. 2002 жылы 45,6 млн. АҚШ.долл. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 32 %-ға төмендеген. 2003 жылы 86,3 млн. АҚШ.долл. құрап, 2002 жылмен салыстырғанда 47 %-ға өскен. 2004 жылы 72,5 млн. АҚШ.долл. құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 15 %-ға төмендеген. 2005 жылы инвестиция көлемі 57,6 млн. АҚШ.долл. құрап, 20%-ға төмендеді. 2006 жылы 248,8 млн. АҚШ.долл. құрап, инвестиция көлемі шамамен 78%-ға едәуір өсті. 2007 жылы 232,3 млн. АҚШ.долл.-мен 6%-ға азайған. 2008 жылы 891,1 млн. АҚШ.долл. көрсетіп, 2007 жылмен салыстырғанда 74%-ға өсті. 2009 жылы 184,8 млн. АҚШ.долл. құрап, 79%-ға өте қатты төмендеп кетті. 2010 жылы 299,9 млн. АҚШ.долл.-мен 38%-ға көбейген. Ал өткен жылы 338,9 млн. АҚШ.долл. құрап, айтарлықтай 11%-ға жоғарылады. (Сурет 2)

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы қарым-қатынас бұрынан келе жатыр.


Ескерту 2 - Invest Korea мәліметтері бойынша автордың құруы
Сурет 2 - Оңтүстік Кореяның Қазақстан Республикасына инвестициялау көрсеткіштері
Қазіргі таңда Қазақстанда Оңтүстік Кореялықтардың қатысуымен құрылған 300-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың арасынан әлемге танымал «Самсунг», «Эл-Джи электроникс», «Эл-Джи интернешнл», «Эс-Кей корпорейшн», «Хюндай», «Эн Ти Си» секілді компанияларды атап өтуге болады. Өзара қатынастарды дамытуға сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия да үлкен септігін тигізуде. Қазақстандық ХДП «Нүр Отан» мен Кореяның «Ханнаратан» партиялары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Сеулде 2010 жылы және Астанада 2011 жылы «Қазақстан мен Корея» атты партияаралық Форум болып өтті. Келешекте де Корей Республикасымен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалу үшін Біріккен Демократиялық Партиямен байланысты жақсарту қажет, себебі бұл партия осы жылы басқарушы партияға айналуы мүмкін.

Қазақстан мен басқа елдер арасында, Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, келесідей ұсыныстар мен нәтижелерді атап өтуге болады:



  • Біріншіден, стратегиялық және сыртқы экономикалық артықшылығын зерттеу қажет. Ол үшін сәйкесінше үкіметтік құжаттарды қайта өңдеп, шара қолдану қажет;

  • Екіншіден, стратегиялық серіктестермен қарым-қатынастарда құруда инвентаризациялау жүргізу қажет. Қазақстан мен стратегиялық серіктес деп аталатын елдермен қазіргі мен болашақ қарым-қатынас жағдайына анализ жасау қажет.

  • Үшіншіден, стратегиялық ынтымақтастықты нығайту қажет. Бұл үшін келесідей конструктивті қадамдар бар:

    • Стратегиялық серіктестермен экономикалық және саяси диалогты жоғары деңгейде тереңдету қажет. Бұл елдер арасында сенімнің артуы, келіспеушілікті болдырмауға, екі жақты кризисті жағдайды алдын-алуға, жылдам шешімдерді орындауға себеп болады;

    • Стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық қарым-қатынасты орнатуда тапсырмалар көлемі мен артықшылығын реттеп, статус, құрылым, мемлекеттік ұйымдардың санын реттеу қажет. Егер осы немесе басқа да мемлекеттермен қарым-қатынас жағдайы мемлекет басшысының шешімдеріне байланысты болса, елдің ұйымдастырушылық және кадрлық ресурстарына ерекше көңіл бөлу қажет;

    • Мемлекеттік-экономикалық және саяси, кәсіпкерлік, ғылыми және мәдени элитасымен ынтымақтастық каналдарын құрастыру қажет;

    • Стратегиялық дамытуды ақпаратпен қамытуды күшейту. Стратегиялық серіктес образын құрастыру мен «төртінші үкімет» деп саналатын бұқаралық ақпарат құралдарымен стратегиялық басқаруды ұйымдастыру;

    • Профильді Министрлікте қазақ-корей комиссиясын құрып, осы комиссия қызметтік жиналыстарды өткізіп, екі жақтық байланысты реттеп отыруын қамтамасыз ету;

    • Қазақстандағы корейлер Ассоциациясын – мәдениет, білім мен ғылым, гуманитарлық алмасуларды барша корей диаспорасын қолдана білу қажет;

    • Соңғы жиырма жыл ішінде жүргізілмеген «Қазақстан-Корея» достастығының қызметін орнату қажет;

Инвестициялар кез–келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналумен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, халықты жұмыспен толығымен қамту, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің жақсаруына үлкен жол.

Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Біріншіден, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындарға берік валюта әкеледі. Екіншіден, шетел инвестициясымен қызмет жасайтындардың ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту.

Қазіргі таңда Қазақстанда 300-ден астам корей компаниялары бар. Кореяның «Korail» Ұлттық Компаниясы өкілдерімен, «Hyundai», «General Motors» , "Hanwa Securities», «Shinhan Financial Group» әлемдік корпорацияларымен, сонымен қатар  «PantosLogistics» (LG компаниясы өнімінің негізгі жеткізушісі) ,«SinotransKorea», «HanjanGroup», "Hanjin Shipping Group" және «UnicomLogistics» сияқты ең ірі логистикалық компанияларымен кездесу өткізіліп, көптеген мәселе шешілді.

Баршамызға белгілі LG Electronics атты корей компаниясы жыл сайын Қазақстанның технология саласына инвестиция салып отырады. Қазақстан нарығында қызмет көрсеткеніне міне 15 жыл болды. Қазақстан нарығында тұрмыс техникалар саны – 60%-ды құрады.

«Hyundai Center Kazakhstan» компаниясы «Астана моторс» құрамына кіреді және 2003 жылы Қазақстанда негізі қаланды. Бұл компания негізінен автомобиль сатуы мен өндірумен айналысып, гарантийялық сервистік қызметпен де айналысады. 2004 жылы Қазақстан нарығында «Үш S» принципімен жұмыс істей бастады. «Үш S» деп отырғанымыз:


  • Сату(Sales)

  • Қызмет көрсету(Service)

  • Қосымша бөлшектер(Spare parts)

Кесте 1-ге қарасақ, Invest Korea мәліметтері бойынша, өткен және осы жылы Қазақстанға салған Кореяның инвестиция көлемі, 13,551 млн.АҚШ долларын құрап, 40,4%-ға өсті. Ал 2012 жылдың қаңтар айын қарасақ, 2012, қаңтар млн.АҚШ долларын құрап, 17.3%-ға өсті. (Кесте 1)

Жалпы Қазақстанда қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан корей компаниялар саны өте көп болып кеткен. Жалпы Қазақстанның ірі инвесторларының ондығына кіретін Оңтүстік Корей компаниялары 1993 жылдан бері Қазақстанға шамамен $4 млрд. болды. Соңғы жылдары Қазақстан территориясында корей инвестициялары Каспийде кеме жасайтын орындар, Шығыс Қазақстандағы туризмді дамытуға жұмсалған. Сонымен қатар, IT-технологиялар сферасында бірігу туралы да әзірше белсенді түрде талқылануда. POSCO атты компания қазіргі таңда Өскемен қаласында титанды-магнийлік комбинатты кеңейтіп келеді. Бұл жоғары сапалы титан өндіруші компанияға айналуы тиіс. Ал қаржы жағына тоқталатын болсақ, Центр Кредит Банкі мен корейлік Kookmin Bank банкі бірлесе жұмыс жасауда. Банктің капиталының 41%-н құрайтын Корей банкінің акциялары бар. Ал "Шинхан Банк Қазақстан"(Shinhan Bank Kazakhstan) АҚ қазіргі таңда екінші деңгейлі банк болып саналады, Қазақстанда өз қызметін 2008 жылдың қараша айларынан басталды. "Шинхан Банк Қазақстан"(Shinhan Bank Kazakhstan) АҚ-ы Сеулдегі Shinhan Bank-тің филиалы болып келеді. Банктің активтері 1 қараша 2011 жылы 5 512 481 мың теңгені құраған. Актив бойынша Қазақстанда 37-ші орында болса, капиталы бойынша 32-шы орында тұр.


Кесте 1 - Шетелдердің Қазақстанға инвестиция көлемі

 

млн.АҚШ долл.

%

 

млн.АҚШ долл.

%

2011

2012, қаңтар

Мемлекет атауы

сомасы

өсу қарқыны

Мемлекет атауы

сомасы

өсу қарқыны

Кесте 1 - жалғасы

Қытай

134,205

14.9.

Қытай

31,339

0.7

АҚШ

56,203

12.8.

АҚШ

15,671

24.4.

Жапония

39,713

40.9.

Жапония

10,141

14

Корея

13,551

40.4%

Корея

8,290

17.3%

Сингапур

20,855

36.8.

Сингапур

5,518

20.8.

Тайвань

18,198

22.7.

Тайвань

3,831

-21.4

Индонезия

13,563

52.4.

Индонезия

3,570

24.7.

Қазақстан

13,551

40.4.

Қазақстан

3,570

17.3.

Үндістан

12,686

10.9.

Үндістан

3,030

-9.6

Бразилия

11,824

52.5.

Бразилия

2,817

-3.8

Үздік ондық

351,773

 

Үздік ондық

87,777

 

БАРЛЫҒЫ

556,514

52.5.

БАРЛЫҒЫ

134,934

3

Ескерту 3 - Invest Korea мәліметтері бойынша алынған материалдар

Корейлік Plant Service & Engineering Co компаниясы Қазақстанның уран зауытының 15%-алуды көздеп отыр. Korea Electric Power Corp. (KEPCO) атты Кореяда эненргетикалық өндірістік өнеркәсібі ретінде танымал.

Енді осы KPS-тың инвестициясының экономикалық тиімділігін бағалап көрейік. Егер, «КOTRA» статистикалық агенттігінің көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, Корейлік Plant Service & Engineering Co компаниясы Қазақстанға 2010 жылы $70,1 млн.-дай инвестиция салған.

Сонымен қатар, қазіргі Woolim Construction Астана мен Алматы қалаларында жоғары сапалы үйлер мен құрылыстар кешенін Алма таун атты Apple city құрылысын салып жатыр.


Кесте 3 - Woolim construction компаниясының Қазақстан Республикасындағы ішіндегі рейтингі
Млн.теңгемен

жылдар

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

2011ж.

құрылыс

158-шы орын

126-шы орын

88-шы орын

36-шы орын

35-шы орын

табыс

936

1,22

1,537

1,936

2,553

Ескерту 4 - Қазақстанда жұмыс жасап жатқан «Woolim Construction» құрылыс кешені

Кестеде көрсетілгендей бес жыл ішіңде Урим Констракшнз құрылысы бес жылда табыс көлемі 936 млн.АҚШ долларынан 2,553 млн. АҚШ долларына дейін өсті. Яғни, бұл дегеніміз, Корей құрылыс компаниясы Қазақстан экономикасының табыс көлемінің бір бөлігі екенін көруге болады. (Кесте 3)

Жалпы осындай жобада қазақ компанияларының жетекші шетел компанияларымен біріге жұмыс істеуі – Қазақстан еңбек сұранысының дамуы мен талаптарына, сонымен қатар экономикалық ахуалына болашақта жақсы әсер етеді. Себебі, бұл үлкен тәжірибе, ал тәжірибенің орнын, баршамызға белгілі, ешнәрсе баса алмайды.

Екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынасты жақсартуда менің ұсыныстарым:



  1. Кореямен қарым-қатынас жасаған кезде еліміздің мемлекеттік егемеділігін сақтап қалуымыз қажет;

  2. Қазіргі кезде инвестицияны тарту корей мақсатында инвесторлары нарықта экономикалық емін-еркін сауда жасау мен капитал салуды жеңілдететін арзан тарифтер қою, арнайы заңдар арқылы оларға мүмкіндік берудің негізін қалау;

  3. Қазақстан енді тек шикізат ретінде ғана емес, әлемге технологияны экспорттаушы ел ретінде таныстыру үшін Корей жұмысшыларының Қазақстанда өмір сүруіне жағдайлар жасау;

  4. Екі жақты келісімдерді бекіту, бұрын болмаған ірі инвестициялар мен жобаларға көңіл бөліп, осындай қауіп тудырса да, Корей мемлекетіне Қазақстанның Ұлттық мемлекет, әлемдік нарықта экономикасы тұрақты дамыған мемелекетке айналған мемелекет ретінде таныстыру;

  5. Қазақстанда қазіргі кезде зауыттар біртіндеп жылда көбейіп келеді, осы зауыттарда жұмыс жасайтын корейлердің өмір сүруін жақсарту мақсатында корейлердің пікірін сұрап, статистика жасап, олардың өмірін жеңілдету.

  6. Ең басты мәселе болып – Қазақстан Республикасының Бүкіләлемдік Банкімен жұмыс жасауы. Бүкіләлемдік Банкі Қазақстан экономикасын қаржыландырып отырғандықтан тек Корей компанияларының инвестициялауымен шектелмей, Корей компания қызметкерлерін Қазақстанға алып келіп, қазақ компанияларымен бірігіп жұмыс жасауын үшін арнайы жоба дайындап, осы Бүкіләлемдік Банкіне қажыландыру жөнінде ұсыныс жасау қажет.

Тағы бір ұсыныс – инвестициялық агенттіктер жекешеленген мемлекеттік ұйымдарды корей инвесторларына қымбат бағамен сату. Яғни, бұл ұсыныстың мәні – егер инвестагент осы мемлекет кәсіпорнын сата алса, сыйақы мөлшерін бағаланған сыйақы мөлшерінен жоғары ала алады. Сонда бұл сыртқы инвестицияны тартуда үлкен ықпал жасайды. Кей кездерде, инвестбанктер активтерді қымбат бағамен сата алса, соған сәйкес жоғарғы сыйақы алады.

Қоса айтатын ұсыныс – сатқан мемлекеттік кәсіпорынның басшысы болып корей азаматы болу керек. Яғни, алдымен келісім–шарт бойынша корей азаматына басқару құқыған беріп, келісім бойынша уақыт өткеннен кейін қайтадан мемлекет басшылығына тапсыру.

Ірі қазақ-корей корпорациялары көлемді капиталымен корей компаниясының үлесі әлі де болсы мол болғандықтан, «Қазақстанда жасалған» атпен өнімді өте сирек шығаратыны рас. «Қазақстанда жасалған» деген лейблмен шығатын тауарлар мен өнімдер санын көбейту қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары (Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея қарым-қатынасы мысалы негізінде)» тақырыбында жүргізілген ғылыми-зерттеулер бойынша төмендегідей қорытынды жасалды:

1. Сыртқы экономикалық дамудың заманауи көрінісі мемлекеттің халықаралық нарықта ерекше орынға шығарады, яғни, халықаралық қатынас құруда сыртқы экономикалық қызметті реттеу бірден-бір маңызды сала болып саналады. Сыртқы экономикалық байланыстар - бұл дамудың басты себепшісі. «Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы– ел тұрмыс-тіршілігінің барлық құбылыстарында экономиканың жан-жақты мүмкіндігімен қамтамасыз ету үдерісі. Оның ішінде – ұзақ мерзімді байланыс орнату мен сыртқы экономикалық саясатты жетілдіруге қол жеткізу мүмкіндігі» - деген бағытпен автор көзқарасы анықталды.

2. Сыртқы экономиканы жетілдіру шараларын қолдаған кезде, елге келтіру мүмкін зардаптар кей кезде ескерілмей кетеді. Сондықтан, сыртқы экономиканы реттеуде мемлекеттің тарифтік және бейтарифтік реттеу тәсілін қолдану кезінде сапалы экспорт пен импорт ағымын реттеу біршама көмек береді.

3. Сыртқы экономиканы тиімді етіп реттеу инвестицияға байланысты, шетелдердің отанымызға салған инвестицияларын, инвесторлардың қажетті саланы инвестициялауды таңдауды қамтиды. Біздің көзқарасымыз бойынша, жалпы капитал инвестициялары - бұл ел әл-ауқатын, экономикалық жағдайын арттыратын әрекет. Инвестициялар елдің тұрмыс-тіршілігі мен инновациялық-технологиялық жағдайды жақсартады, жетiлдiредi, инвестициялау – ел дамуының аса маңызды мәселесі.

4. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикасын дамуында келесідей мәселелер айқындалды:


  • Маркетингтік және консалтинг­тік қызметтердің дамымағандығы, ры­нок туралы ақпараттардың аздығы немесе мүлем жоқтығы;

  • Заемдық қаржылардың қымбат­тылығы;

  • Кедендік процедураларды жүзеге асырудағы қиыншылықтардың, кедендік-тарифтік реттеудің шектеулілігі;

  • Білікті жұмысшы кадрлар тап­шы­лығы;

  • Өнімдерді тасымалдау пробле­малары;

  • Сыртқы рыноктарға шығар кез­де қазақстандық компанияларға саяси-дипломатиялық қолдаудың болмауы;

  • Ұйымдар арасында экспортқа қатысты ақпараттарды жүйелі алмасып отырудың жоқтығы, отандық тауар өн­дірушілерге қолдау көрсетудің мемле­кеттік бағдарламалары мен құралдары туралы ақпараттардың болмауы, қа­зақстандық өнімдерді экспорттаудағы сыртқы қиыншылықтар;

  • Кедендік статистикаларға қол­же­тімділіктің шектеулілігіне байланыс­ты қазақстандық өңделген өнімдердің нақты экспортын бағалаудағы қиын­дықтардың болуы.


ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ


  1. «Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика» факультетінің 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы – экономикалық өрлеу» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы» жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012);

  2. «Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы орнатылған қарым-қатынастар» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 75 жылдығына арналған жас ғалымдардың еңбектерінің жинақтары (Қызылорда, 2012);

  3. Халықаралық конференция «Современные научные достижения» мақала - «Влияние таможенных пошлин на внешнеэкономическую деятельность Республики Казахстан» , 25.01.2012ж., Чехия, Прага;

  4. Халықаралық конференция «Европейская наука XXI века» мақала - «Торгово-экономическое сотрудничество между Казахстаном и Южной Кореей» , 05.05.2012ж. Польша.


резюме
КЕКИЛОВА ЛЯЗЗАТ МУРАТБЕКОВНА
Совершенствование направления государственного управления внешнеэкономической деятельности

(на примере отношений Республики Казахстан и Южной Кореи)
реферат диссертации на соискание академической степени магистр

«экономики и бизнеса» по специальности

6М051000-«Государственное и местное управление»

Актуальность темы исследования. С появлением общества появилось и понятие государcтво. С развитием общества развивалось и государсто. Как только появилась торговля между странами, появились так же и проблемы внешнеэкономического регулирования. Внешнеэкономические связи являлись основной проблемой для мировых политиков и экономистов, так же и в обычном обществе являлось проблемой регулирования экономики страны. Внешняя экономика – один из основных показателей благосостояния страны.

Объектом исследования является развитие и совершенствование внешнеэкономической деятельности страны, в особенности, экономические отношения Казахстана и Южной Кореи – определяющая внешнеэкономическую значимость, экспортно-импортный товарооборот, и иностранные инвестиции.

Предмет исследования - экономические отношения, формирующиеся в организации государственного управления

Цель диссертационной работы – анализ нынешней внешнеэкономической деятельности Казахстана, рассмотривая основной фактор конкурентноспособности страны, так же найти решение этих проблем, путем теоретических и практических предложений.

Полученные в ходе диссертационного исследования результаты и их научная новизна заключаются в следующем:



  • дана сравнительная характеристика различных методов регулирования внешнеэкономической деятельности;

  • Выяснены общие правила и закономерности внешнеэкономической деятельности;

  • Предложены выгодные условия для развития внешнеэкономической деятельности страны;

  • Предложены пути решения проблем в кооперационной работе Казахстанских организаций с другими странами, в том числе и Южной Кореей.


SUMMARY
Kekilova Lyazzat Muratbekovna
Development of State regulation direction of external economy

(on the example of relations between the Republic of Kazakhstan and South Korea)
on the referat of the dissertation on getting of the academic degree of the master of economy and business in the specialty

6M051000- State and Local managment


The general characteristic of work. With the appearance of the society also appeared concept government. Government has developed with the development of society. Once trade appeared between countries, there were also problems of foreign trade and the regulation of foreign economic, relations were the main problem for the world's politicians and economists, as in an ordinary society was a problem of economic regulation of the country. External economy is one the main indicator of well-being of the country.

The subject of research is the Economic relations between Kazakhstan and South Korea - which determines the importance of external economy, export-import trade and foreign investment.

The object of research is the development of external economy of the country.

The purpose of dissertational research. The basic purpose of this work is the analysis of the current external economy of Kazakhstan, analyze the main factor of the competitiveness of the country, to find a theoretical and practical suggestions of solution to these problems.

Methodology and methods of research are:

- Introduced characteristic of different methods of regulation of foreign economic activity;

- Clarification of general rules and laws of external economy.

- Analyzing and suggestion of solution to problems in the development of external economy;



- Suggestion of the solving problems of Kazakhstan and foreign countries business cooperation companies, especially Kazakhstan and South Korea business cooperation.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет