«Кемел келешек кілті - білімде" атты олимпиада оқушыларын марапаттау
І – жүргізуші:
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Кемел келешек кілті - білімде»
атты мектебіміздің олимпиада жеңімаздарын марапаттау шарасына қош келдіңіздер!
Бұл күн-білімділердің жұлдызы жоғары тұрған күн!
Бұл күн-өнерлілер мен білімділердің тоғысқан күн!
Бұл күн-әр оқушының жұлдызы жарқыраған күн!
Иә,бүгінгі күн –мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектебіміздің мақтаныштары олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының жеңімаздары дәріптелетін күн!
Ендеше мектебіміздің мақтаныштарын жетекші мұғалімдерімен қарсы алайық.
(Аталған оқушылар жетекшілерімен сахна төріне шығады.)
Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті қабілетті оқушыларды дер кезінде байқап, олардың қабілеттерін шыңдап, дайындаған ұстаздарға алғыс білдіреміз.
Ән:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Дарындыға арналсын тілегіңіз!
Олимпиада,ғылыми жоба жеңімпаздарын марапаттау үшін сөз кезегі мектеп директоры Алтын Ғинятқызына сөз беріледі.
Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген үшін ата-аналарына үшін алғысымызды айтамыз.
Жақсы шәкірт Азамат атанады.
Халқынан , ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырамыз ата- ананы.
Құттықтау сөз: ата-аналарға беріледі.
Бүгінгі күні біз мектеп сахнасында қаншама жұлдыздың жарқырап, биіктен көрінгеніне куә болдық. Болашақта жұлдыздарымыздың саны көбейіп, мектеп даңқын шарықтата түсетініне сеніміміз мол.
Егемен еліміздің білімге, өнерге ұмтылған арманшыл ұрпағының келешегі жарқын болсын.
Қолымыздан қайрат,
Санамыздан ақыл кетпесін!-дей отырып, біз бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |