Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «20» қараша № 906
бұйрығымен бекітілген
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауга қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым –қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызметтің түрін жалпы жіктеуші (бұдан әрі - ҚР МЖ 03-2007) «45.20 Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу»;
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
автокөлік құралдарын келесі жөндеуге дейінгі ресурсын анықтау;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрілерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженері»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, 5, СБШ бойынша – 4, 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 2145 «Машина жасаушы технологтар, инженер-механиктер»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: автомобильдерді диагностикалау постының инженері, автокөлікті диагностикалау инженері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен келесі жөндеуге дейінгі техникалық жағдайын және қалған ресурсын бағалау үшін автокөлік техникасын диагностикалау бойынша шараларды ұйымдастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
Қызмет түрінің атауы
|
Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы
|
ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша разряды
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау және бағалау
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженері
|
Инженер-механик
|
4-5
|
-
|
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары ( ұйымдар)
|
Жүктер және жолаушыларды тасымалдау бойынша автокөлік ұйымдары
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
-
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
-
|
СБШ
біліктілік деңгейі
|
Кәсіптік білім алу
және оқыту деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
4
(автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы инженер)
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіптік) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
СБШ 3-деңгейінде 3 жыл
|
5
(автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы II санатты инженер )
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіптік) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
СБШ 4-деңгейінде 3 жыл
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
Жұмыс тәжірибесіз
|
5
(автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша I санатты инженер)
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
СБШ 5 деңгейінде 2 жыл
|
«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженері» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифрі
|
Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы
|
Ф1
|
Автокөлік құралдарының ақауын табу бойынша күрделі технологиялық операцияларды орындауға қатысу
|
Ф 2
|
Бақылау-диагностикалық жабдықтарын монтаж бен баптауға қатысу
|
Ф 3
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау технологиясын сақтауын бақылау
|
Ф 4
|
Бақылау-диагностикалық жабдықтарын техникалық жағдайын және жинақтауын бақылау
|
Ф 5
|
Диагностикалау нәтижелері мен қалған жұмыс ресурсы туралы мәліметтерді белгілей отырып және кәсіпорынның техникалық қызмет көрсету басшылығына хабарлай отырып автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау құжаттамаларын жүргізу
|
Ф 6
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау бойынша жоспарлық тапсырмалардың орындалуын бақылау
|
Ф 7
|
Автакөлік құралдарының техникалық күйін бағалауға арналған стационарлы және жылжымалы бақылау-диагностикалық құралдардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету
|
Ф 8
|
Кәсіпорындардың бақылау-диагностикалық құралдарының персоналын біліктілігін жоғарылату үшін білім беруді ұйымдастыру
|
Ф 9
|
Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеудің барлық түрлеріндегі диагностикалық жұмыс тізбесін, автокөлік құралдарының келесі жөндеуге дейін ресурсын анықтау
|
Ф10
|
Диагностикалаудың алдыңғы қатарлы технологияларын және бақылау-диагностикалық жабдықтарын неғұрлым орынды пайдалану әдістерін енгізу
|
Ф 11
|
Диагностикалау посттарын жобалауға және автокөлік құралдарының, агрегаттар мен тораптардың техникалық күйін диагностикалаудың технологиялық процестерін әзірлеуге қатысу
|
Ф 12
|
Автокөлік құралдарының диагностикаланған саны және оның анықталған қалған ресурсы туралы есебін кәсіпорындағы техникалық қызмет басшылығына ұсыну
|
Ескертпе: Ф – функция.
«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
«Автокөлік құралдарының техникалық күйінің диагностикасы бойынша инженері»
еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі
|
Еңбек заттары
|
Еңбек құралдары
|
Міндеттер
|
Шеберлігі және дағдылары
|
Білім
|
Ф 1
|
Автокөлік құралдары, автокөлік құралдарының жабдықтары, тораптары және агрегаттары
|
Бақылау-диагностикалық жабдықтар
|
М 1-1 Бақылау- диагностикалық жабдықтарды іріктеу
|
Диагностикалаудың қажетті техникалық құралдарын таңдау дағдылары
|
Бар бақылау-диагностикалық аспаптардың арналуын және олардың жұмыс принциптерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу
|
М 1-2 Автокөлік құралдарының ақауларын табу бойынша күрделі техникалық операцияларды орындау
|
Автокөлік құралдарының ақаулығын табу бойынша қажетті технологиялық операцияларды таңдау дағдылары
|
Автокөлік құралдарының ақаулығын табу бойынша күрделі операциялардың орындалу тәсілдерін білу
|
Ф 2
|
Бақылау-диагностикалық жабдықтар
|
Бақылау-диагностикалық жабдықтардың баптау аспаптары мен құралдары
|
М 2-1 Бақылау- диагностикалық жабдықтарды монтаж бен баптауды орындау
|
Автокөлік құралдарының диагностикалау құралдарын монтаждау, пайдалану және қызмет көрсету дағдылары
|
Автокөлік құралдарының техникалық диагностикасын жүргізу технологияларын, лау-диагностикалық жабдықтың пайдаланылуы және жөнделуі бойынша нұсқауларын білу
|
М 2-2 Бақылау- диагностикалық жабдықтары жұмыстары дұрыстығын калибрлеу және тексеру
|
Ф 3
|
Автокөлік құралдарының диагностикалау процесі
|
Диагностикалауды өткізу технологиясын регламенттейтін нормативтік-техникалық құжаттар
|
М 3-1 Автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау жұмысын жүргізуді бақылау
|
Автокөлік құралдарының диагностикалау
құралын техникалық пайдалану дағдылары
|
Диагностикалауды жүргізілуін регламентейтін нормативтік техникалық құжаттаманы білу
|
М 3-2 Техникалық стандарттарға сәйкестігін тексеру
|
Техникалық стандарттарды және регламенттерді білу
|
Ф 4
|
Бақылау- диагностикалық жабдықтар
|
Бақылау- диагностикалық жабдықтардың күйін техникалық тексеру құралдары
|
М 4-1 Бақылау- диагостикалық жабдықтардың дұрыстығын және техникалық күйін бақылау
|
Автокөлік құралдарының диагностикалау
құралдарын
пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу бойынша дағдылары
|
Бар бақылау-диагностикалық жабдықтың техникалық сипаттамаларын және нормативтік көрсеткіштерін білу
|
М 4-2 Бақылау- диагностикалық жабдықтардың жинақталуын тексеру
|
Аспаптарды, техникалық құралдар мен жабдықтарды түгендеу бойынша дағдылары
|
Бар бақылау-диагностикалық жабдықты жеткізіп тұрудың жинақталуын және диагностикалау жүргізу кезінде материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығыс нормаларын білу
|
Ф 5
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау бойынша құжаттама
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 5-1 Диагностикалау қорытындылары туралы, автокөлік құралдарының техникалық күйі туралы, жөндеуге дейінгі қалған жұмыс ресурсы туралы деректерді тіркеу
|
Статистикалық деректермен жұмыс жасау және есептеуіш техника құралдарының көмегімен деректерді өңдеу дағдылары
|
Диагностикалау деректерінің негізінде автокөлік құралдарының қалған жұмыс ресурсын анықтау тәсілдерін, еңбекті қорғау нормаларын қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу
|
М 5-2 Автокөлік кәсіпорындарының техникалық қызметіне есеп беру түрінде алынған деректерге қол қою және тапсыру
|
Кәсіпорын қызметінің стратегиясына әсер ететін деректері бар техникалық құжаттаманы дайындау дағдылары
|
Ф 6
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процесі
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйін диагностикалау бойынша жоспарлық тапсырмалар, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 6-1 Кәсіпорынның автокөлік құралдарын диагностикалаудың жоспарлық тапсырмаларын құру және беру
|
Автокөлік құралдарын диагностикалауда іс-шараларды жоспарлау дағдылары
|
Өндірісті жоспарлау мен басқару әдістерін және еңбекті нормалау принциптерін, еңбекті нормалау саласындағы нормативтік техникалық құжаттаманы білу
|
М 6-2 Жоспарлық тапсырмалардың орындалу жағдайын тексеру
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процесін басқару дағдылары
|
Автокөлік құралдарының диагностикалау процесін ұйымдастыру, бақылау және жедел басқару әдістерін білу
|
Ф 7
|
Автокөлік құралдарының диагностикалаудағы стационарлы және жылжымалы бақылау- диагностикалық құралдары
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары,автокөлік құралдарын диагностикалаудан өткізген нәтижелерін қамтитын құжаттама
|
М 7-1 Стационарлы және жылжымалы бақылау- диагностикалық құралдар жұмысын талдау
|
Автокөлік құралдарын диагностикалауының өндірістік көрсеткіштерін талдау дағдылары
|
Бақылау-диагностикалық құралдарын тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету әдістерін білу
|
М 7-2 Кәсіпорынның стационарлы және жылжымалы бақылау-диагностикалық құралдарын қолдану тиімділігін арттыру туралы ұсыныстарды әзірлеу
|
Автокөлік құралдарын диагностикалаудың технологиялық процесінің рационализация мен жаңарту дағдылары
|
Бақылау -диагностикалық құралдардың тиімділігін арттыру мақсатында оларды жаңарту тәсілдерін білу
|
Ф 8
|
Кәсіпорындардың бақылау-диагностикалық құралдары персоналының біліктілік деңгейі
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 8-1 Персоналдың біліктілігін жоғарылату іс-шараларын өткізу
|
Кәсіпорын
қызметкерлерін техникалық оқытуын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдылары
|
Персоналдың үздіксіз білім алу әдістерін және техникалық оқыту принциптерін, еңбекті қорғау ережелерін және нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс ережелерін білу
|
М 8-2 Өткізілген іс-шаралардың нәтижелерін тексеру
|
Персоналды бағалау бойынша іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдылары
|
Персоналды бағалау әдістері және біліктілігін арттыру амалдарын білу
|
Ф 9
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процесі
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары автокөлік құралдарының өткізілген диагностика нәтижелерін қамтитын құжаттама
|
М 9-1 Автокөлік құралдарының өткізілген диагностика нәтижелерін талдау
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау нәтижелерін өңдеу процессін ұйымдастыру және басқару бойынша дағдылары
|
Диагностикалау деректері негізінде автокөлік құралдарының қалған жұмыс ресурсын анықтау процесін басқару әдістерін жетік білу
|
М 9-2 Талдау негізінде автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезіндегі диагностикалық жұмыстар тізбесін әзірлеу және автокөлік құралдарының қалған жұмыс ресурсын анықтау
|
Кәсіпорындағы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде диагностикалық жұмыстарын іріктеу дағдылары
|
Кәсіпорындағы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу процесстерін және осы процесстің шеңберінде қажетті диагностикалық жұмысты жетік білу
|
М 9-3 Нәтижелерді кәсіпорынның ішкі басшылық құжаттары түрінде ресімдеу және оларға қол қою
|
Кәсіпорындағы ішкі басқарушы құжаттары түрінде нәтижелерді рәсімдеу дағдылары
|
Ф 10
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процесі
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 10-1 Ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау, автокөлік құралдарының диагностикалау құралдарын дамыту үрдісін зерттеу
|
Ғылыми-техникалық ақпараттарды талдау, автокөлік құралдарының диагностикалау құралдарын дамыту үрдісін анықтау бойынша дағдылары
|
Ғылыми-техникалық ақпараттарды қазіргі заманғы талдау әдістерін білу
|
М 10-2 Кәсіпорынның диагностикалау жабдықтарын автокөлік құралдарын диагностикалау құралдарының қазіргі заманғы дамыту деңгейіне және бәсекелестікке қабілеттілік деңгейіне сәйкестікті талдау
|
Кәсіпорынның диагностикалау жабдықтарын автокөлік құралдарын диагностикалау құралдарының қазіргі заманғы дамыту деңгейіне және бәсекелестікке қабілеттілік деңгейіне сәйкестігін анықтау дағдылары
|
Қазіргі заманғы тенденцияның есебімен автокөлік құралдарын диагностикалау құралын жаңғырту және жаңарту принциптерін білу
|
Ф 11
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процессі
|
Есептеу техникасының, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 11-1 Кәсіпорынның автокөлік құралдарын диагностикалау посттарын жобалау
|
Кәсіпорынның автокөлік құралдарын диагностикалау посттарын жобалау бойынша дағдылары
|
Автокөлік құралдарының диагностикалауын өткізуге жауапты кәсіпорынның инфрақұрылымдық объектілерін жобалау әдістерін білу
|
М 11-2 Автокөлік құралдарының, агрегаттар мен тораптардың техникалық күйін диагностикалаудың технологиялық процестерін әзірлеу
|
Автокөлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалаудың технологиялық процесстерін әзірлеу бойынша дағдылары
|
Автокөлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалаудың технологиялық процесстерін әзірлеу әдістерін білу
|
Ф 12
|
Автокөлік құралдарын диагностикалау процесі
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, автокөлік құралдарының өткізілген диагностикалау нәтижелерін қамтитын құжаттама
|
М 12-1 Диагностикадан өткен автокөлік құралдардың санының және олардың қордағы қалдықтарын табу есебін құру
|
Кәсіпорын қызмет стратегиясына әсер ететін деректерді қамтитын техникалық құжаттамаларды жасауды басқару мен қадағалау бойынша дағдылары
|
Диагностикаланған автокөлік құралдарының есебін ұйымдастыру әдістерін және автокөлік құралдарының қалған жұмыс ресурсын білу
|
М 12-2 Автокөлік құралдарының диагностикаланған саны және оның анықталған қалған ресурсы туралы есебіне қол қою
|
Ескертпе: М – міндет.
«Автомобильдің техникалық
жағдайын диагностикалау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне №__________________________тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________
Достарыңызбен бөлісу: |