Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы



Дата29.02.2016
өлшемі49.56 Kb.
#31837
Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 03 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 ақпанда № 6789 тіркелді.


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 67-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрі                 Көлік және коммуникация
      ________ Ә. Р. Жақсыбеков         министрінің міндетін атқарушы
                                        ______________ Д. Көтербеков
      М.О.                              М.О.
Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация    
министрінің міндетін атқарушының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы  
№ 578 және           
Қазақстан Республикасы     
Қорғаныс министрінің      
2011 жылғы 03 ақпандағы    
№ 55 бірлескен бұйрығымен   
бекітілген          
Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидасы
1. Жалпы ережеле 
      1. Осы Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 67-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу тәртібін белгілейді.
      2. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын пайдаланушыға жүктеледі.
      3. Есепке алу объектілері әуе кемелерінің ұшып көтерілуін, қонуын, рульдеуін, аялдауын, және қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген, сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар, қону алаңдары болып табылады.
2. Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу тәртібі
      4. Пайдаланушылар сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алуды мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырады:
      1) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарына құқығын белгілейтін құжаттар;
      2) жер учаскесінің сәйкестенетін құжаттар.
      5. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарының есебі жеке есепке алу журналында жүргізіледі (бұдан әрі – Журнал), оның нысаны осы Қағиданың қосымшасында берілген.
      6. Журналға сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдары бойынша келесі мәліметтер енгізіледі:
      1) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарының атауы;
      2) географиялық координаттар және орналасу орны;
      3) пайдаланушы туралы мәліметтер;
      4) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарының бағыты (коммерциялық азаматтық авиация мақсатында немесе жалпы бағыттағы авиация мақсатында немесе авиацияның басқа түрлері);
      5) техникалық сипаттамалар;
      6) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын қону және жарық-техникалық жүйелерімен жабдықтау (болған жағдайда);
      7) қабылданатын әуе кемелерінің үлгілері.
      7. Журнал тігіледі және нөмірленеді, ол туралы журналдың келесі бетінде тиісті жазу жазылады және пайдаланушының мөрі қойылады.
      8. Пайдаланушы азаматтық авиация немесе мемелекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға жыл сайын есепті жылдың 30 қаңтарына дейін келесі мәліметтер ұсынады:
      1) сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын пайдаланушының атауы;
      2) сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтарға, қону алаңдарына құқық белгілейтін құжаттар көшірмесі;
      3) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының орналасқан жері және географиялық координаттары;
      4) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының меншік иесі (иесі) туралы мәлімет;
      5) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтар, қону алаңдары қандай мақсаттарда қолданылды;
      6) сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының техникалық сипаттамасы және жабдықтау тізбесі;
      7) қабылданатын әуе кемелерінің үлгілері. 
Пайдаланушылардың сыныпталмайтын  
және уақытша әуеайлақтарды,   
қону алаңдарын есепке алу қағидасына
Қосымша              
нысаны
 
Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу
ЖУРНАЛЫ
 Пайдаланушы ________________________________________________ 
 



р/с


Мәліметтер

Деректер

1.

Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының атауы



2.

Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының орналасқан жері және географиялық координаттары



3.

Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының меншік иесі (иесі)



4.

Сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының мақсаты



5.

Техникалық сипаттамалары:
    - ұшу-қону жолағының мөлшері;
    - ұшу-қону жолағының жабын түрі;
    - сыныпталмайтын, уақытша әуеайлақтардың, қону алаңдарының техникалық дайындығы тексерілген соңғы күн



6.

Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын қону және жарық-техникалық жүйелерімен жабдықтау (болған жағдайда);



7.

Қабылданатын әуе кемелерінің үлгілері




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет