Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет19/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
treatise63052

Өнімнің 
сапасы 
дегеніміз 
қажеттілікті 
оның 
тағайындауына 
сәйкес 
қанағаттандыру жарамдығын анықтайтын өнімнің қасиеттерінің жиынтығы. 
Қазіргі 
бәсекеге 
қабілеттігінің 
теориясы 
(Майкл 
Портер) 
бәсекелік 
артықшылықтардың үш түрін ажыратады: шығындар бойынша артықшылық, саралау 
(дифференциация) және шоғырландыру (фокусирование).
Шығындар бойынша артықшылық дегеніміз фирманың бәсекелестерге 
қарағанда аз шығындармен тауарды әзірлеу, өндіру және өткізу қабілеті.
Саралау (дифференциация) сапаның артықшылығын білдіреді, әсіресе өнімнің 
уникалды болуын, тұтынушыларға сервистік қызмет көрсетуді білдіреді, мұның 
нәтижесінде тауар жылдам өтеді, ал фирма бәсекелестерге қарағанда жоғары бағаны 
алады. 
Шоғырландыру (фокусирование) дегеніміз белгілі тұтынушылар тобына немесе 
айрықша географиялық нарыққа фирманың күштерін бағыттау (фокус). 
Бәсекеге қабілеттігінің стратегиясын таңдау мынадай маңызды факторларға 
байланысты – ол кәсіпорынның экономикалық потенциалы, оның тауар нарығында 
қаржылық қалпы, тұтынушы нарығында оның имиджі және фирмалық марканың 
әйгілілігі. 
Сонымен, өнімнің бәсекеге қабілеттігі дегеніміз өнімнің бәсекелес-өнімдердің 
ұқсас қасиеттерінен өндіруші мен тұтынушыға бірдей артық өндіріс, сату-сатып алу мен 
тұтынудың көрсеткіштерімен ажырататын, техникалық, функционалдық және 
экономикалық қасиеттерінің жиынтығы. 
Өнімнің тұтынушылық қасиеттері сапа көрсеткіштерімен көрсетіледі, олар келесі 
түрлерге бөлінеді: бірліктік, кешендік және интегралдық
Бірліктік көрсеткіштер өнімнің жеке пайдалы қасиеттерін сипаттайды, бірігіп олар 
өнім сапасының технико-экономикалық деңгейін анықтайды. Кешендік көрсеткіштер 
өнімнің қасиеттер тобын анықтайды, ал интегралдық көрсеткіштер өнімнің пайдалы 
қасиеттері мен оларды қамтуға жұмсалған жиынтық шығындарды салыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет