Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет2/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
treatise63052

Өндірістік учаске дегеніміз технологиясы бір қалыпты операциялар немесе 
өнімнің 1–2 түрін шығару бойынша әр түрлі операциялар орындалатын жұмыс 
орындарының жиынтығы. Учаскелер екі принцип бойынша құрылады: 
– 
Технологиялық принцип. Учаскеде бір қалыпты жабдықтау орналасқан, 
жұмысшылар бір қалыпты операциялар орындайды – мұндай учаскелер 
ұсақ сериялық және даналық өндіріске сәйкес келеді. 
– 
Заттық–бекітулі принцип. Мұндай учаскеде әр түрлі жабдықтау 
қолданылады, жұмысшылар өнімнің белгілі түрлерін өндіруде 
мамандандырылады. Мысалы, тасқынды линиялар, олар көп сериялық 
және жаппай өндіріске сәйкес келеді. 
Цех бірнеше учаскелерді біріктіреді – ол өнімнің немесе оның бөлігін өндіруге, 
немесе өндіріс процесінің белгілі сатысын орындауға мамандандырылған кәсіпорынның 
әкімшілік–оқшауландырылған бөлігі. 
Цехтің түрлері екі белгі бойынша ажыратылады
1. Бағытталуы бойынша: 
– 
негізгі цехтар – негізгі профильдік өнімді немесе өндіріс процесінің 
аяқталған бөлігін өндіретін. Өндіріс процесінің сатылары бойынша 
негізгі цехтар дайындау, өндеу және шығару түрлеріне бөлінеді; 
– 
қамтамасыз етуші цехтар – негізгі цехтар үшін қосалқы өнімді өндіретін 
(энергетикалық шаруашылық, құрылыс цехі); 


– 
қызмет көрсетуші цехтар – негізгі және қамтамасыз етуші цехтар үшін 
өндірістік қызметтер көрсететін (жөндеу цехі, көлік және қойма 
шаруашылығы); 
– 
тәжірибелік–эксперименттік цехтар – жаңа өнім түрлерінің макеттері мен 
тәжірибелік үлгілерін жасап сынайтын; 
– 
қосалқы цехтар – қосалқы материалдарды өндіріп өндейтін, сонымен 
бірге өндіріс қалдықтарынан өнім шығаратын цехтар
– 
көмек етуші цехтар – зауыт территориясын жинайтын, ауыл 
шаруашылықтық өнім шығаратын цехтар. 
2. Мамандандырылуы бойынша: 
– 
Технологиялық – мұнда өндіріс процесінің белгілі бөлігі орындалады. 
Мұның негізгі кемшілігі өнімнің жоғары еңбек сиымдылығы және 
қолданылатын ресурстардың тиімділігі аз, нәтижеде өндірістің 
шығындары жоғары, өндірістік циклдің ұзақ болуы мен өндірістің 
пайдалылығы төмен.
– 
Заттық (бөлшектік–тораптық) құрылым кезінде әрбір цех бір немесе 
бірнеше конструкциясы ұқсас өнімдерді шығаруда мамандандырылады, 
және номенклатурасы тұрақты өнімнің жаппай өндірісіне сәйкес келеді. 
Мұның артықшылығы прогрессивтік жоғары өндіргіш айрықша 
жабдықтауды енгізу мүмкіншілігі (автоматтандырылған тасқынды 
линиялар, икемді өндірістік жүйелер). Бірақ таза түрде заттық құрылым 
сирек кездеседі, сондықтан аралас құрылым түрі кең тараған. 
– 
Аралас (заттық–технологиялық) – мұнда дайындау цехтардың 
технологиялық құрылымы, өндеу цехтарының – бөлшектік–тораптық, ал 
шығару цехтарының – заттық құрылымы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет