Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін



Pdf көрінісі
бет20/53
Дата24.12.2023
өлшемі0.53 Mb.
#487816
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
treatise63052

Бірліктік көрсеткіштер 11 топқа бөлінеді: 
1. Тағайындау көрсеткіштері өнімнің тағайындалған басты қасиеттерін 
(жабдықтаудың өнімділігі, электрқозғалтқыштың қуаты, т.б.) сипаттайды 
да, оны қолдану аясын анықтайды. 
2. Сенімділік көрсеткіші 4 жеке көрсеткішпен сипатталады: тоқтаусыз жұмыс 
істейтіндік, сақталатындық, жөндеуге жарамдық, төзімділік. 
3. Технологиялылық көрсеткіші берілген шығарылым көлемінде өнім 
конструкциясының оңтайлы өндірістік, технологиялық шарттарға сәйкестік 
дәрежесін сипаттайды. Ол ресурсты тұтыну және ресурс сиымдылығы 
көрсеткіштерімен көрсетіледі. 
4. Стандарттау және сәйкестендіру көрсеткіштері бөлшектер атауларының 
жалпы санындағы өнімнің стандарттық, сәйкестік және айрықша 
бөлшектерінің атауларын қолдану дәрежесімен анықталады. 


5. Эргономикалық көрсеткіштер адамның бұйымдармен өзара әрекеттесуін, 
оның адам–машина жүйесіне бейімделу дәрежесін көрсетеді. Олар 
жұмысшылардың бұйымды пайдалану барысында көрінетін гигиеналық, 
астрометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерін 
сипаттайды. (пульт управления – минимизирует усилия). 
6. Эстетикалық көрсеткіштер бұйымның сыртқы көрінісінің ақпараттық 
бейнесін, композицияның тұтастығын, дизайнды сипаттайды. 
7. Патенттік-құқықтық көрсеткіштер бұйым конструкциясындағы техникалық 
шешімдердің жаңартылу дәрежесін, оның патенттік қорғанысы мен 
патенттік тазалығын сипаттайды және бәсекеге қабілеттіктің маңызды 
белгісі болып табылады. 
8. Тасымалдауға 
қолайлылық көрсеткіштері бұйымның тасымалдауға 
бейімделу дәрежесін көрсетеді. 
9. Экологиялық көрсеткіштер өнімді пайдалану немесе тұтыну кезінде пайда 
болатын қоршаған ортаға зиянды әсерлердің деңгейін сипаттайды. 
10. Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді пайдалану немесе тұтыну, құрастыру, 
жөндеу, қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау кезінде адамның 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнімнің ерекшеліктерін сипаттайды. 
11. Экономикалық көрсеткіштер арқылы өнімді әзірлеу, дайындау мен 
пайдалануға кеткен еңбек шығындары бекітіледі және өнімді тұтынудан 
(пайдаланудан) алынатын экономикалық нәтиже есептеледі. Оларға баға, 
өзіндік құн, өнімнің пайдалылығы, пайдалану шығындары, жатады. 
Сапаның кешендік көрсеткіштері химиялық, металлуаргиялық және жеңіл 
өнеркәсіпте, радиоэлектроникада кең қолданылатын сапаның бірнеше пайдалы 
қасиеттерін (сорт, марка, класс) сипаттайды.
Сапаның интегралдық көрсеткіші сапа бірлігімен көрсетілетін өнімді тұтынудан 
алынатын жиынтық пайдалы нәтиженің өнімді шығару мен тұтынуға кеткен жиынтық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет