«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен практикалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет2/4
Дата09.06.2016
өлшемі251.5 Kb.
#125135
1   2   3   4

6-шы практикалық жұмыс

Диалог – технологиялық жұмыс режимі жайлы
Диалог - өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады:

1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.

2. Қарым-қатынастың қалыптастырушы функциясы адамның тұлға ретінде даму және қалыптасу процесінде танылады. Үлкендермен қарым-қатынас жасамастан ешкім қазіргідей бола алмас еді.

Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.

3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.

4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.

5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Дегенмен кей мамандықтарда қарым-қатынастың бұл түрі өте тиімді қолданылады. Бұған: барлық әскери уставпен анықталған, әскердегі қатынас; талқылауға уақыт жоқ, ал кез келген кідіру орны толмайтын шығындарға алып келетін төтенше жағдайлардағы барлық жұмыс түрлері. Бірақ императивтің қолданылуы орынсыз болатындай салаларды көрсетуге де болады. Ол достар, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала – ата-ана, сондай-ақ педогогтік қатынастардың бүкіл жүйесі.



Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі.

Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.



В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді.

Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған

білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.

7-ші практикалық жұмыс

Мамандық туралы жалпы мәлімет
Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фаза- сы, тірек беті.

Тоқыманың айқасу түрлері әртүрлі болуымен бірге олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, жылтыр бетінің негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылы- ғына, апшуына, ылғал, жылумен өңдегенде тартылуына, қасиеттеріне әсер етеді. Күрделілігіне байланысты тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: қарапайым (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негізнің жібі көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негіз және арқау) қиылысы болады және жапқыш деп аталынады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса - арқау жапқыш деп аталынады.

Тор көз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды.

Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін негіз жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт - айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу сұлбасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш немесе квадрат жасайтын сызықтарының төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.

Торлы қабаттың тіліктерін, колагенді шоқтардың бірімен-бірінің күшті өрленуімен шаш тамырларының болмауынан, эпителиалды құрылымның және көп жағдайда қан тасығыш түтіктердің болмауынан оңай тануға болады. Тері астындағы клеткалардың тіліктерінен колагенді талшықтар едәуір жіңішке, оның керілуі, өрілуі онша анық емес, қан тасығыш түтікшелер өте үлкен. Торлы қабаттың тіліктері кератиннің қалдықтары және талшық қалтасы арқылы оңай танылады. Талдау кезінде мынадай жағдайлар да болуы мүмкін: негізгі колагенді масса ерігенмен, бірен-саран, көп уақытта ертіндіге айналатын талшықтар алады. Бұл ретикулді құрамындағы талшықтар, олар фермент әсеріне берік келеді, сондықтан оларға еру ұзақтығын белгілеу кезінде назар аудармау керек. Егер ерімеген талшықтар колаген талшықтары емес пе екен деген күмән болса, онда былай жасайды.

Негізгі колагендік тілік массасының еру уақытын белгілеп, қалған талшықтарға одан ары ыстықпен әсер етеді. Егер 10 мин аралығында осы көрініс өзгермесе, онда еру ұзақтығына негізгі массасының еру уақытын қабылдайды. Егер талшықтар ерісе, онда еру ұзақтығы массасы мен талшықтардың еру уақытының қосындысынан құралады.

Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым.

Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.

Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.

Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.

Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген.

Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.

Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі.

Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) са- лынады.

8-ші практикалық жұмыс

Тері топографиясы. Тері түрлері

Тері – жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, қыртыс (эпидермис), өзең (дерма) мен теріасты жасушаларынан (шел қабаты) тұрады.

Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.

Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге өңдейді.

Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беткі қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол колаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Колаген талшығы - ақуыз колагеннен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - колаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин ақуызынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.

Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді: емізікше және торлы.

Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Бұнда колаген талшықтары жұқалау. Олар түк қалташығына қарсы бағытталған.

Торлы қабат - өзеңнің төменгі қабаты. Ол былғары мен теріден өнделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі колаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Біз осы қабаттың иілгіш, жұқа болуын қадағалаймыз. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына, малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.

Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.

Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.

Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.

Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.

Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.

Терінің топографиялық құрлысының негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ІҚМ терілерімен байланысты. Олардың топогграфиясы біршама өзгеше.

ІҚМ терісі келесі бөліктерде талданады:

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ІҚМ терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол былпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.

Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Терінің ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімінің жоғарғы жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.





ІҚМ терісінің топографиясы

А – жонарқа; Б – жаға терісі; В – қол терісі; Г – құйымшақ тұсы терісі; Д – шап терісі; Е – табан терісі; Ж – бас бөлігі.






Жылқы терісінің топографиясы

А – алдыңғы терісі; Б – хаз;

В – шпигель.





Мехтік теріден өнделген тері тіні төмендегідей негізгі талаптарға сай келуі керек:



  1. Қалыңдығы. Біз өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігін қараймыз.

  2. Беріктігі. Бұнда бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі қаралады.

  3. Иілгіштігі. Бұл кезде бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы қарастырылады.

  4. Жұмсақтығы.

Енді тері тінімен жан -жақты танысқаннан соң, терінің басқа бөлігі мехқа, яғни жүнді жабынға келеміз. Мехтік өндірісте ол бүкіл терінің сапасын анықтайды. Малдарда жүнді жабын біркелкі емес. Ол қылшықтардың әртүрлі категориясынан құралған.

Бағыттаушы қылшық айтарлықтай қалың және серпімді, онда ұзын өзек болады. Оның ұштары бетке шығып тұрады.

Өстік қылшық - бағыттаушыдан қарағанда қысқа, бірақ одан қалыңырақ. Кейде, сәндікке қарап мех өндеу үрдісінде кейбір малдардың (мысалы кәмшат) бағыттаушы қылшығын қысқартып және мүлдем алып тастайды.

Мамықтық қылшық - басқалардың барлығынан қысқа. Олар өте жұқа, нәзік және төменде болатын біршама қалың түкті жабын. Биязы жүнді қойлардың түкті жабыны осы қабаттан тұрады. Аң терісінің 94-98 пайызы мамық қылдар құрайды.

Сезімтал қылшық - бұл мойынның, еріннің жоғары және төменгі терілерінде кез келген түрдегі қылшық қалташық пен өзектен тұрады.

Қалташық - бұл тері жабындағы қыл бөлігі. Қылдың түбірі - қалташықтың жуандатылған бөлігі. Қылдың әртүрлі категориядағы тамыры біркелкі емес. Әрі қарай қылдың өстік қылшығы мен тамыры кесіліп қалады да, теріден жеңіл бөлінеді.

Өзек қылшығының ұзындығы жүнді жабын биіктігімен анықталады. Орналасу жиілігі оның қалыңдығына байланысты.

Теріден өңделген жүнді жабын сапасын келесі сипаттамалар анықтайды: биліктік - бұнымен терінің жылуды қорғау қасиеті байланысты, қалыңдығы мен сыртқы түрі, қылшықтың беріктігі және оның тері тіндеріне байланысты. Бұдан терінің сапасын жарыққа келмей тұрғаннан-ақ байқауға болатындығын анықтаймыз.



9-шы практикалық жұмыс

Терілерді консервілеу

Байланысқан илегіштер. Минералдармен иленген былғарыдағы және тері өзеңдегі байланысқан илегіштердің мөлшерін олардың құрамындағы хромның, алюминийдің, цирконийдің немесе басқа қосылыстардың оксидтеріне есептегендегі мөлшерімен анықтайды.

Таннидтермен және синтетикалық заттармен иленген былғарыдағы байланысқан илегіштер мөлшерін жанама әдіспен анықтайды, ол 100%-дан майлы заттар + күл + ақуызды заттар + органикалық шайылатын заттардың мөлшерін алып тастайды. Былғарыдағы байланысқан илегіштермен (Би) ақуызды заттар (Аз) мөлшеріне қарап илегіштік санын (Ки) анықтайды. Ол былай өрнектеледі:

Ки = 100·Би/Аз

Илегіштік саны былғарының эксплуатациялық қасиеттерімен тығыз байланысты, оның мөлшері 40-65% аралығында болады. Белгілі бір деңгейге дейін оның жоғарылауы, былғарынын жиырылу температурасын көтереді, беріктігін арттырады.



Минералды илегіш заттар. Илеу түріне байланысты, минералды илегіш заттардың мөлшерін олардың оксидтеріне есептейді. Былғарыдағы немесе тері өзеңіндегі хром мөлшері, хроммен илеу әдісінің интенсивтілігін сипаттайды. Хром мөлшері былғарының серпімділік, икемділік қасиеттерін оның химиялық заттар әсері мен микроорганизмдерге тұрақтылығын анықтайды. Былғары мен мех құрамындағы хромның мөлшері оларды пайдалану мақсатына байланысты әртүрлі болады. Мысалы, минералды илегіш заттардың мөлшері мехтің тері өзеңінде 0,5% болса, хроммен иленген былғарыда 7%-ға дейін жетеді. Мех пен тон терілеріне хром тек илеуде ғана емес, сонымен бірге бояу үрдісімен бояуға дайындауда да беріледі.

Хроммен иленген былғарының қасиеті (жиырылу температурасы, қайнатудағы кішіреюі, көлемінің қалыптасуы) тек хромның мөлшеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге хром комплекстерінің сипаты мен олардың ақуызбен байланысу түріне де қатысты.

Минералмен иленген былғарының құрамына талдау жүргізгенде, оның құрамдас бөлігінің саны 100-ден кем болатыны анықталған 92-96%. Себебі, минералды заттар былғарыда оксидтер түрінде емес комплексті қосылыстар күйінде болады, сондықтан оның мөлшері талдау көрсеткен хром оксидінің мөлшерінен 2,29 есе көп болады.

Қышқылдылық. Былғары мен мех және тондық қой терісінде бос қышқыл мен ақуыздың функциональды топтарымен байланысқан күйде, сонымен бірге белоктағы тұздардың және басқа да қосылыстардын құрамында болады.

Байланыспаған қышқыл гидролиздің нәтижесінде жинала беруі мүмкін, бұл өнімнің сапасына кері әсер етіп, оны сақтау кезінде бүлдіреді. Гидролиз үрдісінің нәтижесінде байланысқан қышкылдың бөлініп, бос күйінде шығуы мүмкін. Қышкылдылықты хлорлы қалийдің рН көрсеткіші мөлшерімен анықтайды, оны зерттелетін сынақ мөлшерін 0,1 н. КС ерітіндісінде тұндыру (ұстау) арқылы табады.

Таннидпен иленген былғарының рН көрсеткіші 3,8-5,5 өңделген қоян терісі мен қой терісінде рН көрсеткіші 3,5-4 аралығында болады.

Талшықтағы негізділік. Хроммен иленген былғарыны немесе тері өзеңінің талшықтағы негізділігін анықтағанда, ол жанама түрде былғарының қышқылдылығын сипаттайды.

Былғары талшығындағы негізділік, ондағы хром қосылыстарының негізділігін көрсетеді. Талшықтағы негізділік шартты түрде болғанымен, былғары қасиетіне әсер етеді. Мысалы, талшықтағы негізділік төмендеген сайын былғары мен мехтің жиырылу температурасы азайып, ауданының қайнаған суда кішіреюі артады. Талшықтағы негізділік 80%-дан асатын болса, былғарының беті тартылуы (садка) мүмкін.


10-шы практикалық жұмыс

Мехті өңдеу технологиясы
Mexтi өңдеудегі басты мақсат - мал терісінен алынған шикізаттан әртүрлі қажетті өнім алу. Барлық түрдегі шикізаттар мехтік өңдеуге жарамды болып табылады. Бipaқ әрқайсысының өзіне тән қасиеті бар. Сондықтан оны тұтас мехтік-мамық шикізат жіктемесі (классификациясы) дейді. Ол екі негізгі классификациядан тұрады: мамықты сою кезіндегі және оның өлшемі бойынша. Біз соңғы классификацияны пайдаланамыз. Ceбeбi, тepiні өңдеудің практикалық маңызы өте зор.

Mеxтiк шикізат ipi, орташа және ұсақ болып бөлінеді.

Ipi шикізатқа - қой, бұзау, теңіз мысығы, итбалық, түлен, қасқыр, ит және тағы басқалары жатады.

Орташа шикізатқа - қаракөл, елтірі, лақ, мерлушка, қоян, құндыз, түлкі, қара сусар және т.б. жатады.

Ұсақ шикізатқа - ала тышқан, көр тышқан, бұлғын және т.б. жатады.

Бipiншi топтағы терілердің ерекшелiгi – олардың ipi өлшемділігінде. Ipi терінің ең жақсы бөлігі - жота, құйымшақ тұсы және мойын. Негізгіде бүйір мен бауыр тepiciндегi жүн сиректеу. Бip терінің өзінде-ақ жүнді жабынның бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Бұны пішкен кезде ескерген жөн. Енді кeйбip тері түрлерімен толығырақ танысамыз.

Мехтік қой тepici - қой және қошқар тepiлepi. Олар қырқылған және қырқылмаған болуы мүмкін. Өнім жасаған кезде табиғи түpдегі және қара, қоңыр, сұр, сарғыш және т.б. түске боялған қой тepiлерiн қолданады. Қой терісінен әйелдер мен балалар пальтоларын, жағалар, бас киімдер жасайды.

Сүт еметін бұзау тepici - әлі шөп жей алмайтын жас бұзау терілері. Қасқырдың терісін қыста аулап алады. Жүнді жабыны қалың, биік, әртүрлі жұмсақтықта және жібектей болады. Мехтің түci қара және ақшыл көктен қара жиренге дейін болуы керек. Одан бас киім, әйел және балалар пальтосын жасайды.

Орташа топтағы теpiлерді пішілуіне байланысты бірнеше топшаларға бөледі:

а) Қаракөл терісі - eлтipi, қаракөл, мерлушка, қаракөл-қаракөлше және басқалары.

б) Бағалы мамық мехтік тepi - қара күзен, бұлғын, сусар, күзен, түлкі, құндыз, кәмшат және басқалары.

в) Мысық, қоян, аңдардың тepiлepi.

Бұл тoптағы терілердің өлшемі әркелкі. Бip өнімге орташа есеппен 15-тен 40-қа дейін тepi кeтyi мүмкін. Бұйраланған топқа қозы, қойдың бағалы қаракөл тұқымы мен ірі қылшықты қойдың (бағалы) қозысының тepici жатады. Ең бағалы терілерге: қаракөл, қаракөл-қаракөлше, елтірі жатады. Осы топтағы терінің ерекшелігі жүнді жабыны құйымшақ тұсынан мойынына қарай бағытталған, бұйралығы да осыған сай келген. Бұйрасының тығыздығы, түpi, пішінi тepі сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Тері бұйрасының түріне байланысты үш топқа бөлінеді: бағалы - валек, боб, гривка; арзаны - моншақ бұйра, ұсақ және ipi сақиналар, деформацияланған - берік бұйралар.

Валек - ең бағалысы. Олар қылшықтардан тұрады. Валектің қылшығы екі топқа бөлінеді: жабатын - ол бұйраның сыртқы бөлігінен тұрады және оның пішінін анықтайды, eкіншіci шығып тұратын - бұйраның iшкi бөлігi. Вальканың күштілігін жабатын қылшық бұйралық дәрежесін көрсетеді. Ол сақина пішініне қанша жақын келсе, сонша мықтырақ келеді. Егер қылшық доға тәріздес және бұйралығы аз болса, онда валек борпылдақ болады. Терінің әдемілігі мен бағалылығын валектің биіктігі, ұзындығы және ені арқылы анықтайды. Ені бойынша: енді (8 мм жоғары), орташа ( 4-8 мм) және қысқа (4 мм-ге дейін); ұзындығы бойынша: қысқа (12-20 мм), орташа (12-53 мм), ұзын (33 мм-ден жоғары); биіктігі бойынша: биік (енінін биік), жартылай дөңгеленген (биіктігі енімен бірдей), тегіс (енінен кіші). Орташа және ұсақ өлшемдегі жартылай дөңгеленген валька бұйра тepici - ең бағалысы болып болып саналады.

Боб - өте қатты қысқартылған валекті елестететін бұйра.

Гривка - орталығы сызықтан, eкi жағы да тіс бұрышпен таралатын бұйра қылшық. Олар симметриялы және ассиметриялы болуы мүмкін. Гривка ені бойынша: тарлау (4 мм -ге дейін), орташа (4-8 мм), енді (20-30 мм) және ұзын (30 мм жоғары) болады. Тар және ұзын гривкалы валек терісін кирпук дейді. Олар әдемі суреттегідей болады және жоғары бағаланады. Енділеу гривка терісі, бағалы болып саналады.

Домалақ тәрізді бұйра нeгiзгi бүгіліңкірек келген, ал жоғары жағында бұғақша пайда болады. Ұсақ сақиналы бұйра. Heгiзгi ақырындап берілген, жоғарғы жағы ұсақ сақина болып бітіп, тeгic тepiгe қарсы жатады. Ал ipi сақинада негізіндегі бұйрасы берілмеген. Олар ipi сақина түзеді және теріге қарсы орналасқан. Жартылай сақиналығының бұйрасы доға тәріздес болады.

Моншақ тәріздес бұйра спираль тәрізді бұйраланған. Олар қылшығы өсіп кеткен төменгі сорттағы қаракөлмен сәйкестеу. Ұлу тәріздес бұйралы терілер арзан бағалығы жатады. Киіз тәріздес орайы мен бұйрасы тepi тініне қысылған. Орайдағы бұйраның қылшықтары әр жаққа бағытталған. Бұндай терілердің бұйралары ұйпа-тұйпа болады. Қысылған бұйраларды «жабысқан қылшық» деп атайды. Бұйраның сапасын тығыздығы көрсетеді. Егер қылшықты алақанмен ұстаған кезде бұйраның биіктігін байқасаңыз, ол оның тығыздығы деп түсініңіз, ал беріктігі айтарлықтай болмаса, орташа тығыздықты, беріктігін мүлдем сезбесеңіз, онда тығыздығы нашар деп саналады. Енді біз осы топтағы терілерді жеке қарастырамыз.



Қаракөлше - бұл тұсақ пен бұғының төлінің терісі, олар жергілікті және таза тұқымды қаракөл қойларынан алынады. Бұл осы топтағы бағалы шикізат.

Қаракөл - бұл қаракөл тұқымды қойдың 1-ден 3 жасқа дейінгі қозысының терісі. Таза тұқымды қаракөлдің жүнді жабыны жұмсақ, жібектей жылтыраған болады. Жергілікті қаракөл арзандау бағалы шикізат, оның жүнді жабыны ірі, жібектігі аз және шыны түсті. Қаракөлден әйел пальтосын, пелерин, жаркет, палантин, ер адамның бас киімін және жағалар жасайды.

Мерлушка - бұл бірінші жүнді жабынды қозы терісі. Тұқымына байланысты орыс және қазақы болып бөлінеді. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының пішіні боб, сақина-моншақ тәрізді болады. Бірақ таралған бұйрасыз мерлушкалар да кездеседі. Орыс мерлушкасының жүнді жабынының сапасы қазақы мерлушкадан жақсы. Мерлушканы қара, қоңыр, сарғыш түске бояйды. Негізінен ер адам пиджагін, бас киімдер жасайды.

Лақ - жүнді жабыны қара және қоңыр түске боялған және табиғи көкшіл-сұр түстегі ешкі төлінің терісі. Лақ терісін жүнді жабынының ерекшелігіне байланысты келесі топтарға бөледі:

Жағалық - ол талшықты жүнді жабынымен сипатталады, тегістелген лақтың терісі шыны түсті, ақшыл түсті жүнді жабынның биіктігі 4 см ден жоғары; жалаңаш жері де сирек, төмен, әлсіз байланатын жүнді жабыны болады. Лақтың терісінен әйел мен балалар пальтосын жасайды.

Лямка - ірі қылшықты тұқымды қойдың қозысының терісі, жүнді жабыны ұзын және қысқа, мөлдір түсті, биіктігі мен пішіні ұсақ және орташа көлемде болуы мүмкін. Лямканың жүнді жабынының әркелкілігінен қандай да бір өнім жасағанда бірдей тері алу өте қиын. Сондыктан лямкадан кішілеу өнімдер жасайды. Мысалы: бас киімдер мен балалар пальтолары.

Енді біз қымбат мамықтық терілерді қарастырамыз.

Жабайы және тордағы қара күзен терісі - жүнді жабынының түсі бойынша айтарлықтай өзгеше. Жабайы қара күзеннің екі түрі бар: европалық және америкалық.

Европалық қара күзен Европа елдерінде мекендейді. Америкалық қара күзен торда ұстау жағдайында өсіріледі. Қара күзеннің түсі қоңыр және ақшыл-қоңыр болып келеді, тіпті әртүрлі ашық-қарадан қара қоңыр түске дейін болуы мүмкін. Олар сұр, көкшіл-сұр, сарғыш, қара, қара дақты түсте болады. Жонарқа, құймышақ тұсы терілерінің жүнді жабыны - жылтыр. Бауыр терісінің жүнді жабыны сирек және қысқа. Қара күзенді көлемі бойынша: ұсақ тері (3-4,5 кв.дм.), орташа ( 44,5-6 кв.дм), ірі ( 6-8 кв.дм), ерекше ірі (8-9,5 кв.дм) және одан да ерекше (9,5 кв.дм - ден жоғары) деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет