«КӘсіптік білім және өнер» факультеті «Бейнелеу Өнері жӘне дизайн» кафедрасы


- лекция. Тақырыбы: Ою-өрнектердің мазмұны



бет8/16
Дата14.06.2016
өлшемі1.51 Mb.
#134272
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

22- лекция. Тақырыбы: Ою-өрнектердің мазмұны.


Жоспар

1.Қола дәуір ою-өрнек.

2.Ертедегі металл дәуірі.
Лекция мақсаты: Студенттерге ертедегі көшпелілер дәуірінен келе жатқан ою-өрнек түрлерінің, әрбір дәуірдегі даму жолымен таныстыру.
Лекция мәтіні (қысқаша) 1.Қола дәуір ою-өрнек. Ою-өрнектің шығып тарауы қолөнер, тұрмыс заттарының өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне халықтың әлеуметтік сана-сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, түрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.

Сонымен қатар ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен үясы, туған жердің қасиетті топырағы мен тоғай-тауларының қүлпырған реңк-түрлері, шикізат байлықтары да көп ықпал етті. Әр халыққа, үлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару-жа-раққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. Олай болса, ою-өрнек бүгінгі өмірімізге бірден дайын күйінде келмеген. Ою-өрнек — адам баласының ақыл-ойының толып-толқуынан, жүрегінің лүпілінен, өзін айнала қоршаған ортаны танып-тамаша-лауынан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, образ-дар арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мөнер-мен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бүл — халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.

Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан қилы өрнектің үлгі-түрлерін жасап көрермендерді қуантқан зергер, үста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күвде, оларға талдау жасап тарйхқа жазып, сызып кеткен, қазақ қолөнерінің,оюының не екенін басқа елдерге жеткізген көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымда-рын айтуға болады. Олардың ішінде В. В. Стасов, Г. Н. Потанин, П. С. Паласе, И. Георги, А. К. Гейнес, С. М. Дудин, В. Н. Чепелевті және т. б. айтуға болады.

Қазақ елінің жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары баға-лап, талдау жасап, оның ішіңде ою-ернекті топтастырып бір жүйе-ге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы өз ғалым-дарымыз да бар. Олар Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, X. Арғынбаев, С Қасиманов, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Т. К. Бәсенов жене т. б.



Қазақ халқының қолөнерін дамытып, оны әлемдік дәрежеге шығарған, еліміздің мақтанышына айналған, арттарына ешпес мұра қалдырған көптеген шеберлерге тоқталуға болады. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар берді. Қазақ халқы өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезенде түрлі карым-қатынаста болғандығы мәлім, ғасырлар бойы өзбек, ұйғыр, қырғыз, ноғай, қалмақ халықтарымен, араб, парсы елдерімен, сондай-ақ бүгінге дейін орыс халқымен ұдайы мәдени байланыста. Соңдықтан қазақ халқының негізін құрайтын ою-өрнектерді көршілес елдердің қолөнерінен де кездестіруге болады. Жалпы қазақ пен қырғыз халықтарының оюларының ұқсастықпен қатар айырмашылықтары да бар. Қазақ ою-өрнегін зерттеген Еуропа, орыс ғалымдары қате пікірлер айтып, осы өнердің дамуына, мәліметтердің қағазға түсіруіне кедергі туғызды. Қазақ қолөнерін зерттей келе ою-өрнек өнерін жоғары деңгейде дамып қана қоймай көршілес елдердің қолөнерінде үлкен әсер еткізгеніне көз жеткіздік. Қазақ ғалымдары ою-өрнекті орыс, еуропа ғалымдары сияқты терең зерттеген жоқ, яғни бұл тақырып бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болмай отыр. Ғасырлар бойы қазақ қолөнерінде ою-өрнек тек қосалқы рөл атқарып қана қоймай, олардың ежелден төтемдік және символдық мәні болғанын қазақ ою-өрнегін алғаш зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов қазақ мәдениетінің мәдени шежіресі болып табылатын ою-өрнекті түбегейлі зерттеп көптеген құнды пікірлер қалдырды. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы - ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Кеңес дәуіріне дейін қазақ қолөнер туындыларын қырғыз ою-өрнектері деп атап келген. Қазақ ғалымдары тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселенің шыңдық негізін айта алмады. Төлеубай Бейсенов негізінен ел арасынан жиналған қолөнер туындыларын альбом етіп шығарып, әсімдік тектес ою-өрнектердің даму тарихын және оншақгы ою нұсқасын қалдырды. Қазіргі кезде ел арасында қол өнерінің ең негізі болып табылатын ою атаулары мен үлгісі ұмыт бола бастаған. Бүгінгі әшекейлеудің басты құралы ретіңде, біз қолданып жүрген ою-өрнектер руға біріккен адамдар тобының белгісі, рәміздері ретінде саяси-әлеуметтік қызмет атқарғаны белгілі. Туымыздан орын алған ою-өрнек те осының айғағы. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны — көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықгың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті. Кеңес үкіметі кезінде ертеден жеткен қолөнер туыңдылары мұражайларда ғана сақталды. Көбнесе бұл өнер туындыларына ескінің сарқыншағы ретінде қарады. Қазір егемен елдің қолөнер туындылары басқа қырынан жаңаша көрініс тапты, ол жаңа түрге, жаңа мазмұнға ие болды.

2.Ертедегі металл дәуірі. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады.

Ежелден келе жатқан кәсіп қол өнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент-әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сөзі казақ тіліңде ою-өрнек болып алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Ою-өрнектің бір түрі — ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қол-өнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырады, бірінші топ ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне катысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен бірге жасасып келе жатқаны белгілі.

2.1 Қазақ кілеміндегі ою-өрнектер. Шеберлер кілемдердегі ою-өрнектерді естерінде қалғандары бойынша немесе үлгілері бойынша орындаған, сирек жағдайларда өздеріне ұнаған элементтерді көшіріп алған кез-келген кілемде еркін ойлап шығару үлесі бар.

Кілемдердің ою-өрнектік элементтері-бұл өрнектердің бөлінбейтін бөлігі, мотив ірі және аяқталған композиция. Гүлдер деп аяқталған және бекітілген мотивтер аталады. Әдетте, элементтер мен мотивтер өрнектің өзі сияқты мынадай түрлерге бөлінеді:

-өсімдік тектес: гүл,ағаш,жапырақ және т.б;

-жануарлар тектес: құстардың ізі,ботакөз,мүйіз және т.б;

-заттық:тұмарша,балдақ,сырға,тарақ және т.б;

-космогониялық: ирек, кереге бас;

-декоративтік немесе көмекші: геометриялық денелер, мысалы, төрт бөлікке бөлінген шаршы.

Өсімдік ою-өрнектері табиғаттан алатын жапырақ, гүл, бұта ағаш, орман, жер-суды және т.б. мазмұнын біріктіреді. Гүл шешегі және жапырақ ою-өрнектері көптеген бұйымдардың бетін айшықтауға пайдалынады.

Қазақ халқы нанымдарда тәңірлік хайуанаттар- ат, бұғы қасқыр, қошқар, аққуды құт деп есептейді. Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйге қосты. Олардың біраздары шығармаларға бейнелі қол өнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін (қошқар мүйіз) – өрнегі қалайды. Мүйіз – нақыштарымен безендендірілмеген заттар жоқ деп айтсақ болмайды.
Бақылау сұрақтары:

1.Ою-өрнек түрлеріне анықтама бер?

2. Космогониялық ою-өрнек түрлерін ата?

3. Геометриялық ою-өрнек түрлерін атап бер?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет