Кәсіптік практикасын ұйымдастыру



бет1/8
Дата04.04.2024
өлшемі95 Kb.
#497665
  1   2   3   4   5   6   7   8
Договор трехсторонний Әбибуллаев Арман бірінші бетті түзету


«әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ білім алушыларының
кәсіптік практикасын ұйымдастыру
және өткізу туралы
КЕЛІСІМ-ШАРТ № _______________



Алматы қ. «____»«____» 20___ ж.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) атынан 05.04.2023 ж. № 16 Сенімхаты негізінде әрекет етуші академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Еркинбаева Лаззат Калымбековна бір тараптан және «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі» коммуналдық мекемесі (бұдан әрі – Кәсіпорын) атынан басшысы Әшірова Гүлнара Исақызы Жарғы негізінде әрекет ететін екінші тараптан және 2022 жылы «мемлекеттік 6B06104 - Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түскен азаматша Әбибуллаев Арман Мухамеджанұлы (бұдан әрі – Білім алушы) үшінші тараптан, әрі қарай «Тараптар» ретінде танылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес төмендегiдей шарт жасасты:


1. Шарттың мәні
1.1. Университет білім алушыны кәсіптік практикадан өтуге және алған теориялық білімдерін қолдануға жібереді, ал Кәсіпорын оларды практикаға қабылдайды.
1.2. Білім алушы өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.


2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2.1. Университет міндетті:
2.1.1. академиялық күнтізбеге сәйкес
«03» маусым 2024 ж. бастап
«29» маусым 2024 ж. дейін
аралығындағы кезеңде білім алушыны Кәсіпорынға кәсіптік практикадан өтуге жіберуге;
2.1.2. білім алушыны кәсіптік практика бағдарламасымен және оны өту тәртібімен, сонымен қатар осы Шартта белгіленген оның міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыруға;
2.1.3. білім алушыны медициналық тексеруден және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өткізуге (Кәсіпорынмен шарт жасасу кезінде келісім бойынша);
2.1.4. кәсіптік практика бағдарламасын мен күнтізбелік кестелерін Кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісуге;
2.1.5. Кәсіпорынға кәсіптік практика басталуынан екі апта бұрын кәсіптік практика бағдарламасын, күнтізбелік кестелерді бекітуді ұсынуға;
2.1.6. тиісті білім беру бағдарламасы бойынша Университет оқытушылары арасынан практика жетекшілерін тағайындауға;
2.1.7. білім алушылардың Кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге;
2.1.8. білім беру бағдарламасына және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру және мерзімдік бақылауды жүзеге асыруға;
2.1.9. Кәсіпорын қызметкерлеріне кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік көмек көрсетуге;
2.1.10. қажеттілік туындаған кезде білім алушының оқу жетістіктері туралы ақпарат беруге;
2.1.11. практикадан өту кезеңінде білім алушының қатысуымен болған істерді тергеуге қатысуға;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет