Бір дауыс
Сөздің киесі сүйегінен өтіп, жаныңа жеткендікиен бе, жоқ, өміріңнің шығымды кезеңі артында қалып қойғандай көрінгендіктен бе, әйтеуір ақ қағазды алдыңа алған шақта өзіңнің өткен ғұмырыңа есеп беріп тұрғандай қатты қиналатын сәттер кейінгі күндерде жиілеп барады. Соның бірі осы мақала болды. Неге? Көкейіңе ой түсті ме? Мүмкін. Қалайда әр сөзіңнің астарында шынайы ықылас пен адал пейіл жатса, жан сырыңды айтып отырғаныңа ешкім күмән келтірмесе екен дейсің және тек өзің сондай алғаусыз сенген адамдар туралы ғана жазғың келеді. Бірақ …
Тіршіліктің аты – тіршілік. Сол тіршілікте пендешілікке бой алдырмайтын адам сирек. Соның ішінде қандай талқыға түссем де: сол адамның жанына да, арына да, бағына да қылаудай қиянат түсірмеспін ау деп өзің іштей құрметтеп, аялап жүретін жандар болады. Ол адамның бейнесі не үшін жүргенін де ұялап қалғанын толық айту үшін өткен өміріңнің қиын да қызықты да құпия да шешуші кезеңдерін еске алуыңа тура келеді. Ал ондай толық есепті ешкімде толық жүргізбейді, жүргізгісі де келмейтіндер бар, мүмкін қажеті де жоқ шығар.
Кімді не үшін жақсы көрдің, қай қасиеті үшін күйінді болдың, саған қандай жақсылығы өтті – дейтіндер де табылады. Дегендер де болған. Әлі де дейтін болар.
Бірақ өзіңді өзің сыйласаң – сондай есепке кірмей қалуға тиісті шындықты айтуға мәжбүр ететін түйінді мойындау болады. Сол арқылы жүрегіңнің түбіне үңілі, өз жаныңа түсіріп алған дақтан тазартып, ертеңіне таза күйінде барғың келеді. Осы жолы соның да бір реті келген сияқты. Оның үстіне әңгіме – “Жұлдыздың” тапсырмасы бойынша жазылған “Жұлдыздың” бір жұлдызы туралы болмақ.
Өмірде қаншама бәйгеге қатысса да бір айқай – бір дауыс жетпей тұратын шыңқобыз жампоздар бар. Қазақ поэзиясымен көркем сыни ойының кейінгі отыз жыл ішінде дүбірлі додасынан ішінде жүрген сондай дүлдүлді тағдырдың иесінің бірі – Жарасқан. Себебі: оған да үнемі бір дауыс жетпей жүрді. Жетпеген дауыстар үшін отыз жыл \Иә, екеуміздің де танысқанымызға да биыл тура отыз жыл өтіпті – ау\ бойы өкініп, ренжіп және іштей құрмет тұтып жүрген Жарасқанға тағы да бір дауыс жетпейді және ол менің дауысым болады. \!\ деп кім ойлаған. Ал қаншама дауыстар қасақана берілмей қалды десеңші!
Сол жолы додаға түсер алдында Жарасқанның маған алдын – ала өтініш айтуна да, кейіннен өкпелеуіне де толақ қақы бар болатын. Өйткені ол азамат ретінде де, ақын ретінде де, кәсіби ұстат иә, ретінде де менің шығармашылық өмірімнің шешуші кезеңдерінде нысаналы Қособаның түбінде тұрған жандардың бірі болды. Дәл сол тұстарда мені қалай бағыттаймын, мәселемді қалай жарылқаймын десе де Жарасқанның еркінде еді. Оның тізгінді ол сол кеді екі қолына бірдей ұстап тұрған болатын.
Екіншіден, бұлай деп айтуға екеуіміздің бір бөлмеде он жыл бойы қатар өткізген “Жұлдыздағы” жұлдызды дәуреніміз толық мүмкіндік беретін еді. Ал сын бөлімінің столы мен орындығы – жанартаудың үстіне қойылған сынақ безбені болатын. Жақсылық пен тілекті де, достық пен аярлықты да, сүйкімді не сүйкімсіз көрінудің қандай екенін де сол он жылдың ішінде қатар көрдік. Жақында – алыстатқан да, алысты – жақындатқан да сол орын болатын. Ол үшін “Жұлдыз” – Ғафекең (Ғафу Қайырбеков), біздің “Жұлдызымызға” еш өкпеміз жоқ. Ал бұл орынды Жарасқанның өзі таңдап алды және оны қателесті деп те айта алмайсың.
Себебі:
“Кіріспе” демей
“Кірісу” қойдым жыр атын,
Кірісуменің -
міндетім,
хақым,
мұратым.
өмірде мынау бәріне,
бәрі,
бәріне,
кірісу керек,
кірісу керек шын ақын!, -
деп Жарасқанның өзі айтқандай, ол әдебиеттің бар саласына араласты және соның әрқайсысына жаны сала рухани қуатымен кірісті.
Жарасқан жүрген жерден қашанда буырқанған ой – пікірдің буы бұрқырап, қайнап жататын. Тыныштықты сүймейтін, өзінің ақыл – ойын, талант – қабілетін үнемі қайрап жүретін. Жарасқанның жауы – немқұрайлылық болатын. Ол өірде де, ой өнерінде де ауыздығымен алысып жүрді. Өзінің толқыны – “соғыстан соң туғандардың” арасында ол қашанда ақжалданып алда кетіп бара жатты. Иығынан тістетпесе – Кеңшілік қана тістетпеген шығар. Бірақ ол да Жарасқанды мойындыйтын. Өзге - өзге, өзінің тектес замандастарының даңққа сусындап жүрген шағындағы өр кеуделерді иендендірудің өзі де оңай дүние емес. Жастық – сонысымен де аңғал, сонымен де қадірлі. Бір дүбірдің ішінде жүргендіктен бе, сол бір шақтың етқызуы бойымыздан әрі де басылмаған сияқты. Әлі де елеңдесіп, желігіп желпініп қаламыз. Сол доданың шаңы қазір басылыңқырап, толқынның буырқанған қуаты тереңге қарай кеткеніменде, кей – кейде ақжалданып жағаға шыға келетіні бар. Өйткені…
Бұл толқынның қалыптасуымен қалпына түсуі өте шағымды кезеңге тура келеді. Ол тұста елунші жылдардың аяғында, алпысыншы жылдардың басында әдебиетке араласқан, қазір қазақ руханиятының классиктеріне айналған таланттардың даңқы өрлеп, алдыңғы толқынның апшысын қуырып бара жатты. Келе – келе олардың ішінен тобырға ілескендері алқынып, тума тектілері даралана аңыздай шықты. Қадір, Тұманбай, Сағи, Жұмекең, Олжас, Әбіш, Мұхтар, Қабдеш, Қалихан, Сайындарға ақыннан – М. Шаханов пен жазушыдан – О.Бөкеев қана ілесіп үлгерді. Мұндай аламан бәйгенің ішіне араласуға соғыстан соң туғандардың ешқандай да мүмкіндігі жоқ еді. Ал дәл солардай ьолуды әрқайсысы аңсады. Онсыз өмірдің де, өнердің де қызығы бола ма? Кімнің қандай қарымы барлығына отыз жыл өткен соң, дәл қазір баға беруге болар, бірақ ол кезде әлдеқалай атақ даңтан бәрі де дәмелі еді. Соның ішінде үміттісі мүмкін соған жақыны Жарасқан болатын. Ол өзі айтқандай кіріспесіз – ақ кірісіп кетті. Бұл толқын – үнемі қарама – қарсы қозғалыста жүретін, бір – бірімен оңайшылықпен мәмлеге келе бермейтін, тынышсыздыу толқын болды. Тіпті танысу мен табысудың өзі де өзге буынға ұқсамайтын. Қазір де сол мінездері байқалып қалды. Алды елудің ішінде іліксе де бұл толқынның ресми тізімге енуге, Сәкен ағамыз айтқандай әлі де кезегі келген жоқ. Иранбек талпынудай талпынды, бірақ, оған да сол құрған дауыс жетпей – ақ қойды. Алайда марапатталған ағаларының барлығының шоқтығы биік емес – тін. Міне, сол Жарасқан мен Кеңшіліктердің толқыны жағаға алғаш рет соғылып қайтқан кезде Несіпбек пен қатар, Ұлықпектен бұрын мені де өздерімен ілестіріп әкетті. Сол екпіннің ішіне демімен таратқандардың арасында Жарасқан да бар еді. Ол Жарасқаннаң
Ақ бұлақтар.
Алқынған ақ бұлақтар,
Қазір көктем.
Алтын жаз.
Шапқылап қал.
Тұнығыңды асыға тұр күтіп бақ,
Көкірегіңді бір сезім – гүл қытықтап.
Қылығыңды сағынып ақын біткен,
Саған деген бір табан жақындықпен,
Күміс сыңғыр күлкіңді жырға қосып,
Жүр сонау бір құлпырған қырда тосып…
Көкжиектен күн аунап барды әні,
Қызарғаны – қоштасып қарағаны.
Осылайша өтеді қайран уақыт,
Сені мәңгі қоймайды сайраңдатып.
Күз де келер, кем – кемнен тартыларсың,
Қыс та келер, бір жола сарқыласың.
Ақ бұлақтар.
Алқынған ақ бұлақтар.
Қазір көктем.
Алдың жаз.
Шапқылап қал, -
Деп өзінің өмірлік нысанасын ашық жариялаған “Ақ бұлақтың” тұсы болатын.
Мен үшін Жарасқанның ақындық бейнесі осы өлеңнен бастап қалыптасты. Қиял жетегіне берілген ауылдың ұзақ түндері мен бұлан күндерінде, қадір мен Жұмекеңнен, Тұманбай мен Сағидан, Олжастан кейін өлеңге жаңалық әкелу мүмкін еместей көрініп, жұрттың бәрі жабыла тұлпар мен қыран туалы толғап жатқан сәтте “Сол ақ бұлақтардың бірі мен емес пе” деген бір сәулесі жылт ете түсті. “Лениншіл жас” сол қиындысын үміт ұзақ сақтадым. Кейде суретіне қарап қойып, өзің сияқты бүлдіршіндей бозбаланың ойының ерте есейгеніне таңданатынмын. Әсіресе, “Марикке” аонаған өлеңі қатты тебірентіп еді. Балаң сезім алдамапты. Бұл өлеңдер дәл қазір де сондай күйге бөлейтіндей ақындық қуатпен жазылыпты.
Араға алыты ай салып сол жігітпен танысатынымды кім біліпті. Ұлттық университетке оқуға түсуге Алматыға келдік. Шет тілінен емтихан тапсырмасаң құжаттарыңды журналистика факультетіне қабылдамайды екен. Ректор да, оқу министрлігі де түк істей алмады. “лениншіл жасқа” бардым. Жап – жас бозбала ұзын шашы жалбырап дәлізде арлы – берлі жүр екен. Мен оның Жарасқан екенін бірдаен таныдым. Бұйымтайым айтылды. “Мақала жазу қажет. Бұл әділетсіздік. Шет тілінен емтихан алу үшін шет тілі барлық мектептерде оқытылуы керек” – деді. КейінЖарасқанның мақаласы шықты. Бірақ ол кезде тағдырымыз шешіліп қойып еді. Дегенмен де келесі жылы ондай талап қойылмайды. Оған Жарасқанның әлгі оқу министрлігіне қарата жазған ашық хаты себебші болды. Олар қателіктің кеткенін мойындап газетке жауап берді. Біз оқуға түстік. Сонда шағын ғана пікір білдіру арқылы Жарасқан менен басқа қаншама адамның өмір жолын ашты. Сол жолы мен жатқа айтқан “Ақ бұлақтарды” күліп қойып, қысыла тыңдаған Жарасқан бұл бір жылдың ішінде кезеңге шығып, алдыңғы толқынменен емін – еркін араласып:
Ақын кетіп барады көшеменен,
Екпінінен бірдауыл еседі ерен.
Жанарында найзағай семсер сілтеп,
Кеудесінде қара бұлт көшеді өлең.
Жөн жосықсыз достары даттады ма,
Жөн – жосықсыз дұшпаны мақтады ма.
Әлде жардың қылығы жақпады ма,
Бас сауғалап барар жер таппады ма…
Біреулердің бетке айтып сараңдығын,
Біреулердің беике айтып арамдығын,
Қызуына көңілдің зарықты ма,
Қызығынан өмірдің эалықты ма,
Ақын кетіп барады көшеменен,-
деп келесі кезеңге шығып кеткен екен.
Мүмкін бұл көріністер Жарасқанның жадынан өшіп те қалған шығар. Алайда сол алғашқы әсер, алыс пейілі жүрегімде өмір бойы жып жылы жымиыс боп ұйып қалды. Бұдае кейін іні де, балдыз да, дос та болып сөйлесудің сәті түсті Кәдімгі тіршіліктің қарым – қатынасы басталды. Несіпбек Айт екеуіміз қаланың шетіндегі Жарасқанның жалдамалы пәтеріне бардық. Көмірін сарайға тасыдық. Солндда екі нәрсе назарымды аударды. Біріншісі, қолтоқпақтай ғана қанден ит – ақынның кейіпкері Мариктің сүйкімді қылығы. Екіншісі аспаздығы, Аспаз болғанда да тек қана балықтан жасалатын тағамдарждың “маманы” болып шығуы. Шынын айтсақ, Несіпбек екеуіміз сондай жәндіктің қонақкәдесі жарайтынынан хабарымыз да жоқ еді. Жарасқан: “Балдыздар… “ – деп қойып балықтың қадір қасиетін түсіндіріп ақ бақса да, оған Несіпбек екеуімізді сендіре алмады. Кейін білдік, балық та – сыйлы дәм нкен. Алайда Жарасқандай балық сорпасын дайындайтын аспазшы кезікпейаққойды. Несіпбек бір рет тырысып көрді… Дегенмен, мұрыны тершіп, барлық мейірімін төгіп, өлең жазған кезінен бетер шабыттанып, қазанға өзінен басқа ешкімді жібермей, бар жауапкершілікті өз мойнына ала отырып дайындаған Жарасқанның сорпаснындай қайдан болсын. Жайшылықта әр нәрсеге ойлы қарайтын Жарасқаннан сол кезде елпілдеп кететінін айтсаңызшы. Жалпы, оның осал тұсы да – балық. Отыз жыл бойы байқаған жарасқанның өзгеге ұқсамайты бір пендешілігі осы. Арада екі үш жыл өткен соң сондай дәмді де ыстық сорпаны ішіп, көңілденіп отырғанда жазған болуым керек, “найзағайлы жаз” кітабына: “Тұрсын! Тұрсынға тұнып тұрған жырсың – десе ұйқасады екекн. Лайым да тұнып тұрған жыр бол. Осындай тілекпен – Жарасқан. 22. 11. 71” – деп қолтаңба беріпті. Тұнып тұрған жыр бола алмадық. Ақұындықтан алыстап кеттік. Ал ол кезде – ғой біреі – міреу бұған күдіктене қараса – оның да, менің де жағдайым жетісе қоймас еді. Дегенмен де, санаңа сіңіріп айтса ұғтын түйсік табылатын.
Әлі есімде, Жарасқан онда “Жалын” альманағында істейтін. Өлеңмен де, сынмен де белсене көрініп кәдімгі “мен!” дейтін ақындардың өзі Жарасқанның алдындына жасқана баратын кезі. Өлең апардым… Сол күні келімді –кетімді кісі аз болмасы бар ма. Бес сағат бойы өлең мен ақындық туралы әңгімелестік. Өлеңімнің бір – екі шумағын оқиды да талдайды. Қыза – қыза Мағжаннан бір – ақ шықты.Мен өзімді де қабілетсіз, не сауатсыз деп ойлаймын. Алайда Жарасқанның сол күнгі, соның ертесіндегі екінші екі күнге созылған әңгісмесі санама сіңіп қалды. Бұл оның асперантураға түсіп, шамырқанып жүрген шағы болатын. Содан бастап мен өзіме - өзім сын көзіммен қарадым. Жарасқанның сол сөзін үнемі жадымда тұттым. Кейін біздің алдымызға кісі келетін болған кездері Жарасчқанның сол ақылын еске ала отырып жауап беруге машықтандым. Міне, Бұл оның маған берген өмірліку екінші дәрәсі.Сондықтан да ешқандай қысылып – қымтырылмастан Жарасқанды ұстаз тұттым. Оған өкінбеймін. Өйткені өзінің пікірін ұйып тыңдатып, сендіре беретін мұндай қасиет әркімге біте бермейді. Буы бұрқыраған кеудесіне біткен қызыл шоқтың табына шыдай алмай жүрген жастық шақта мінезіңді парасатқа жеңдіру кез келген таланттың қолынан келмейді.Жарасқан да сондай мінездің қайдан жұққанын беріректе арғы атасының атақты би болғанын естіді де бір – ақ аңғардым. Атасы ғана емес Жарасқанның өзі де тектіліктің қандай екендігін әр тұста танытып жүрді. Оған мысал: бірде “жұлдыздың” сын бөліміне поэзия туралы мақала келіп түсті. Бәрімзге таныс, ортақ қолдау ақынның өлеңін қатты сынапты. Бөлім меңгерушісі Жарасқанға дайындап берді. Ол әлгі ақын жөнінде айтылған жөнінде айтылған сынды сызып тастады. “Өткір сын жоқ – деп Бекжан ағамыздың талантын қартайтқан кезі – тін. Таң қалдым. Аралас - өқұраласы жоқ екенін білемін. Қалпына келтіріп ем. Жарасқан қайтадан сызды да маған: “Сын – көркем ойдың ғана емес, азаматтықтың да таразысы ал бұл жігіт – азамат. Ел үшін игілікті ис атқанрған адамның еңсесін түсіріп, сағын сындаруға болмайды. Ол дәл қазір қазаққа керек мәселені көтеріп жүр” – деді. Өзімнің адам таңдауға шикілігімді сонда білдім. Екінші бір жолы тәп – тәуір сыйлыққа ұсынылып жатқан шығарма туралы сыни пікірді тағы да сызып тастадым да Жарасқанға көрсеттім. Ол темекісін ұзақ тартып отырды да: “Дұрыс бәйгеге түскен адамның бағына қиянат жасау – азаматтыққа жатпайды. Бірақ дәл мына шығарма – оның өзіне де, әдебиетке де абырай әпермейді. Көресің, ертең – ақ шын таланттардың сорына қалады. Жберейік. Сын - әділеттіктің жанашыры. Абай атаң айтқандай: “Қолыңда бар мен көзге ұрып, өзгеден артылам – деп жүрген жігіт жаны таза емес”- деді. Бұл пікірі де кейін расқа шықты. Отыз жылдың ішінде Жарасқанның бойынан тапқан және оған күдіксіз сенімен қарауға болатын бір қасиеті – кісі танығыштығы мен саралы пікірі. Оның осы мінезін өзіме үлгі тұттым, бірақ, тұрақты түрде ұсандым деп те айта алмаймын. Қысталаң кезде қабылдаған қандай шешімнің дұрыс, бұрыс екендігіне табан астында баға беру қиын. Ол уақыт өте келе екшеледі. Ал мұндай шешідерді сын бөлімінде істеп жүрген тұстарда жиі қабылдауға тура келді. Сәтсіздігі мен табысы аумалы – төкпелі боп тұратын әдеби өмірде мұның өзі кәдімгідей күрделі мәселеге айналып кететін тұсы жиі ұшырасады. Әсіресе адамдардың арасындағы қарым – қатынасқа тигізер кесірі мен кедергісі көп. Жарасқан соның бәрін көтерді. Өйткені ол әдебиеттің төл адамы болатын. Қазір тұлғасына айналды. Жаныңды жаралайтын сөздерді де, жаланы да, арызды да Жарасқан басынан аз кешірген жоқ. Соның бәріне іштей қатты қынжылып:
Қатігезбін, қайырымсызбын недеген!
Кеше ғана қолтығыңнан демеген,
Абзал – абзал адамдарды ұмыттың,
Адамдарды жүрегі- ән, жаны - өлең!
Қатігезбін, қайырымсызбын недеген!…,-
деп жан сырына үңілді. Сырттай сыры көрінгенмен оның жан дүниесі өте нәзік күйде қалды. әр сәтсіздікті өте ауыр қабылдады. Алайда жасық жыры, жасанды ақынды көргенде әлгі азаттың бәрін ұмытып кететін. Сонда зәңгірлерді сатуға дел дал болғаннан кейін өлең жазуды мүлдем доғарып кеткен ұлы ақын Артур Рембогы еске алып:
Кейбіреуі дел – дал болып \мамандық қой қашанғы\,
өзін сатып, сөзін сатып сезім сатып жасанды,
аласа да, арбаса да көп адамды, көп елді,
тастар емес ақындақты, қояр емес өлеңді.
…Кейбіреуі әр кітабы, әр жолы өшін сый алып,
орден алып, медаль алып жүрсе дағыұялып,
қысылмастан қисса жазып, дастан жазып көлемді,
тастар емес ақындақты, қояр емес өлеңді…
Айтар болса ақындыққа айтады – ау тек Ар өлім,
Қайран Ремо, сен не деген сәби едің, бала едің?!, -
деп күйзелді. Жарасқанның өмірі - өлеңнің тазалығы үшін жанталасқан күреспен өтті. Қазір де сабырлы қалыпқа түскенедей көрінгенмен ол мазасыздық ақыннаң өз жүрегінің ішінде толассыз жүріп жатыр. Ал бұл оның тұлғалы ойдың иесі болғандығын танытады. Егер де жетпісінші – тоқсаныншы жылдың арасындағы қазақ поэзиясы мен сыни көркем ойының даму жолына зерделі көзбен қарасақ, онда қай тұрғыдан алғанда да осынау күрделі кезеңді Жарасқансыз елестету мүмкін емес. Қандай да белесті шығарма дүниеге келмесін асылық айттық демеңіздер, соған деген Жарасқанның көзқарасына біраз нәрсе байланысты болды. Ол әдеби сынның өзіне көркем шығарма ретінде қарады. Түрді жанрлық жаңалықтарды әкелді. Ұйықтаған ойға қозғау салды. Бірақ ешкімнің тұнығын лайламады. Алғашқы арындары қайтып қалған алдыңғы толқындар да Жарасқанның пікірі мен санасты. Демек, Жарсқанның сын жанрындағы көркем ізденістері арнайы зертеудің арқауы болуға толық татиды және сол арқылы кейінгі отыз жылдағы процес туралы белгілі бір дәрежеде көзқарас қалыптстыруға болады. Ал мұндай тұтқалы пікірге жетелейтін жазушылық қайраткерлік кез – келгендігімізден табыла бермейді. Оның “ Әзілің жарасса” … атты эпиграмма кітабы да тура осындай міндетті көтерген дүние. Мұнда жазушы тұлғасы туралы көркем сыни пікір бар. Кезінде осы эпиграммалар Жарасқанның шашын біраз ағартты. Қызыметтен де шығарылды. Сонда да ол алған бетінен қайтқан жоқ. Өйткені, бұл эпиграммалардағы пікірді әдебиетке, жазкшыға, өмірге деген көзқарасым деп түсінді және солай болып шықты да. Айтылған пікірдің ащысы да тұщысы да, артығы да, кемі де, ең бастысы – көзқарас бар. Бұл – оңайшылықпен өлең жолына түсіре қоятын тақырып емес.
Жарасқан поэзияға “Найзағайлы жазбен” 1974 келді де өзінің өмірі мен өлеңнін де найзағайлы жаз сияқты жарқылдатып өткізді. Ол найзағай елуге келгенде де басылған жоқ. Кітаптың қолжазбасы баспаға теруге кеткен кезде бір оңаша әңгімеде: “Өмір – табиғат. Сол үндестікті сақтай отырып, төрт белесімде – күзгі найзағай, қысқы найзағай, көктемгі найзағай сияқты төрт жинақ шығарамын. Бөлімі де, тарауы да ойымда” – деп өтті. Кітаптарының аты өзгеріп шыққанмен, Жарасқан табиғатқа тартқан найзағайлы жинақтарды өмірге әкелді. Оның бірде бір жинағы әдеби ортада “найзағай ойнатпай” өткен емес. Соның ішінде, “Дала, сенің ұлыңмен” атты кітабы үшін сол кезде ешкімгің “маңдайына бұйыра қоймаған” – “ұлтшылдықты қоздырған ақын”, “халық жауы – Мағжанның құйыршығы” деген атқа ие болды. Жазушылар одағындағы талқылаудың арты қайырымен бітті. Егерде Жарасқан сол жолғы найзағайдан аман өтсе, өзі тұрмыс толқынының да басына найзағай ойнайтын қаулы шығары сөзсіз еді. Ал оның қандай рухани зардап әкелетінін аңғару қиын емес.
Иә, Жарасқанның бүкіл шығармалары ұлттық рухта жазылды. Айтар ойын жасырмай, жарқылдатып тұрып, барынша ашық дауыспен жеткізді. “Қазақ тілі, мәңгүрт” деген сөз сексенінші жылдарды жартысында тілімзге оралды. Ал Жарасқан сонау 1970 жылы:
Шабыт – тума ашылмай астанасыз,
Тарықты ма күн кешіп баспанасыз?
Ұлыларша ұмытып өз ошағын,
Ойлағанда халқының боашағын –
қазақ тілін білмейтін қазақтарды,
Көріп бәлкім ол іштей азаптанды!?
Ал, мәңгүрттер деп осы ойың қалай,
Мықтылығың қойды ма мойындамай.
Ақын кетіп барады көшемнен,
екпінінен бет дауыл еседі ерен…
Жанарында найзағай семсер сілтеп,
Кеудесінде қара бұлт – көшеді өлең!
Аға түгіл тыңдамай балада ақыл,
орнағандай басына заман ақыр…
Қайран ақын безініп бүгінен,
Болашаққа адымдап бара жатып, - деп, немесе
Кір шалады демешін Махамбеттер бейнесін!?
Өжет қазақ, өр қазақ өз тілінде сөйлейсің – деп, сондай – ақ
Арызымыз бар, Табиғат айтар менің,
нар ұлдарын еліме қайтар менің.
Қайтар менің еліме нар ұлдарын –
қайтар қайталанбайтын дарындарын
деп бұл мәселелерді ақындық рухпен жырлады.
Мұны жазған кезде Жарасқан жиырма екі жаста. Одан бері 28 жыл өтті. Әр сөздің астарына назар салыңызшы. Ақын өз ұлтының тілін білмейтін мәгүрт қоғамның мәңгүрттерінен түңіліп, “социолистік жасампаз қоғамнан безініп”, ертеңгі яғни, бүгінгі тәуелсіз елге қарай адымдап бара жатыр ғой. Ал, аты атаусыз қалған алаш арыстарын еліме қайтарып бер деп дәл сол жетпісінші жылы қай ақын жазды? Әлихандарды, Ақандарды, Жақаңдарды, Мағжандарды қайтар деген үніміз сексенінші жылдардың аяғында ғана естіле бастады ғой.
Әрине, Жарасқанның да рухани ұстаздары болды. Соларға иек артты. Дегенменде, “мағжаншыл ақын” атанған осы Жарасқан ғана. Ұлттық және рухани тәуелсіздік Жарасқанның поэзиясының астары арнасының біріне айналды. Қандай тәсілге жүгінбесін, жазушының міндеті – ойындағысын ұлтына жеткізу, рухын, сезімін ояту. Р.Тогорды, П.Элюарды, М.Брисуды неге аударды? Солардың өлеңдеріндегі Бостандық, Азаттық, Тәуелсіздік деген сөз үшін! Және сол сөздерді айта отырып:
Батты сансыз күндерім, атты сансыз таңдарым,
Сенің – дағы, о мырзам, әділ емес заңдарың, - деу үшін;
Отандасым! Өр қалпыңды сақта сан!
Намысыңды саудагерге сатпа сен!
Арбайды олар, арбайды олар көзбенен,
Алдайды олар, алдайды олар сөзбенен,
Сондықтан да алды – артыңды пайымда,
Бағытыңнан - өз жолыңнан тайынба!..
Жылдар бойы армандаған, аңсаған,
Бостандықтан қымбат емес ол саған.
Тек сол ғана бір сен үшін қайғы – мұң,
Ал әйтпесе, кедейлігің – байлығың!,- деу үшін;
Сертіміз бұл, сертіміз бұл шешімді,
Жат жерліктен тазалаймыз төсіңді.
Тазалаймыз, таза ауаңды жұтамыз,
Сол ерлікті мәңгі мақтан тұтамыз!, -
деу үшін аударды. Тагордың бұл өлеңдерін аударған кезде Жарасқан жиырма жаста! Осы рух - бостандықтың нысанасы оның өз поэзиясының да, Жарасқанның өзінің де рухани нысанасы болып қалды. Және Жарасқан бұл ретте жалғыз емес еді. Мағжан үшін жетпісінші жылдардың басында Тфилиси қаласындағы жас ақындардың кеңесінде сөз сөйлеп, үндеместердің қуғынына түскен де Кеңшілік екеуі болатын. Жарасқан өзінің осынау қасиетті нысанасын балаларға арнап жазған шығармаларын да рухани ту ғып ұстады.
“Соғыстан соң туғандардың” толқыны, міне, осындай рухани мазасыздықпен қалыптасты. Исырайыл, Серік,Кеңшілік, Темірқан, Күләш, Шөмішбай, Иранбек, Жәркен, Жұматай, Жарасқан, Несіпбек, Жүрсін, Асқар, Зейнолла, Ұлықбек сияқты ақындар сол иірімнен іріктеліп шықты. Қазір олар бүгінгі әдеби өмірдің тұтқаларына айналды. Алдыңғы қутты толқынның жүгін өз мойындарына көтеріп, сол толқынның ілгерісі - Нұрлан мен кенжесі – Есенғали сияқты азаматтар әдеби тізгінді қолдарына ала бастады. Мұнда да бір табиғи заңдылық бар. Қалыптасуы мен қалпына келуі өте қиынға соққан бұл толқынның арасныда тұлғалық деңгейге көтерілген Жарасқанның орны ерекше. Өмірінің ең жалынды да найзағайлы он жылын “Жұлдызға” арнаған ақынға бұл теңеу ешқандай артықшылық етпейді. Өйткені, Жарасқанның барынша ашылуына мүмкіндік жасаған және өзі де аянып қалмаған, “Жұлдыздың” жұлдызын жоғары ету үшін сан қилы құқай мен дау – жамайды басынан кешірген Жарасқанға елуге толған күні бұл тілектің айтылуы – барынша орынды. Егер, “Жұлдыз” журналы бүгінгі таңда алаштың рухани тұтқасының бірі болып отырса, соған қосқан Жарасқаннаң да өзіндік үлесі бар. Ол “Жұлдыз” үшін сан рет ұстараның жүзінен өтті. Соған куәнің бірі – мен едім. 1985 – 1986 жылдрдағы байбалам тұсында да Жарасқан рухани мықтылық танытты. Сол “Жұлдыздағы” жұлдызды күндер мен қилы пікір таластарының жақсылығы мен көлеңкесін Жарасқан бірдей көрді. Бірақ ешкімді де сатқан жоқ. Ал ондай мүмкіндіктердің болғаны рас. Қандай шешім қабылдаса да санасында саралап барып қабылдайтын және сол пікірінен қайтпайтын. Өмірде жұмсақ, нәзік, жомарт Жарасқан ондайда бар еркін бойына жиып алатын. Ол тек ақын, сыншы ғана емес шебер журналист те. Елу жасқа үш томдық еңбекпен келген Жарасқанның қажыр – қайраты бойында. Әрине, жастық шақтағыдай топ алдында жарқылдап жүрмес, бірақ ендігі найзағай оның санасында, жүрегінің түбінде ойнап жатқаны анық. Ал тереңнен шыққан ойдың қашанда тамырлы болатыны белгілі. Өзінің сонау бозбала кезінде қиялдаған табиғаттың төрт белесіне орай төрт кітап дайындаймын деген арманына жетті және тұлға ретінде жетті. Өткен жылы ұзақ, ағымыздан жарыла сырласудың сәті түскенде оған анық көзім жетті. Сонда отыз жыл бойы арамызға сызат түспей өткен күндер үшін іштей тәубе етіп ем. Оным күпіршілік екен. Жанына қылау түсірмеспін – ау деген тілек – тілек күйінде қалды. Соншама қызық та қиын дәуренді басымыздан бірге кешкен Жарасқанға тағы да бір дауыс жетпей қалды. Ол – менің даусым. Сонда да жұлдызды бас жүлдесін (бірінші рет!) алды. Бірақ, менің көңілімде өзім істеген қиянаттың көлеңкесі қалды. Бұл – күнәңнан арылу емес. Адамның ішкі жан тазалығын сақтап қалуға деген жандүние талқысы. Әйтпесе, сонау он сегіз жасының өзінде пәтер иесінің иті “Марикке”:
…Кейде адалдық жолымен жүрмегесін,
Сенен басқа қалмайды мен сенер түк.
Базыналап бөлмеге бірге енесің,
Қайдағы бір қыздарды келсем ертіп.
Сүйгеніме соғатын әр аптада,
Есік ашсам, шаттықтан шығып есім.
Мағынасыз еркелей қарап маған,
Оның - дағы алдынан жүгіресің.
Оқты көзбен әуелі бір атамын,
Түсінікті одан соң: “Кет!” – дегенім.
Мен өзіңдей Иттерді ұнатамын,
Мен өзіңдей достарды жек көремін!,-
деп өлең арнаған Жарасқан менің даусымның неге жетпегенін түсінді. Өйткені, менің Марикке ұқсағым келмеді. Ал Жарасқанның бойындағы басты қасиеті – достарын сатпайтын. Сатқан адамды кешпейтін. Ондайды түсінбейтін және түсінуге тырыспайтын. Менің солай істеу керек екенімді білді. Білді де, өтініш те айтпады, өкпелемеді де. Міне сондықтан да Дос үшін өзін қиянатқа қия білетінімен де Жарасқан маған қымбат! Бұл сөздердің астарын қазбаламай – ақ қоюға болар еді. Алайда, аумалы – төкпелі заманға қарай құбылған айнымалы көңіліміздің ауанын жұртқа жеткізу арқылы біріміздің бағамызды біріміз біліп жүрсек деген ойды әдейі әңгімеге арқау етіп алдым. Соның өзінен- ақ Жарасқанның бүкіл тұлғасы ашылар деп ойладым. Әрқайсымызға бір дауыс қашанда жетпей тұрады. Бірақ та сол жетпеген дауыстардың астарында аярлық болмаса екен деп тілеймін . Ал Жарасқанға келсек, енді оған сол дауыстың керегі де жоқ. Себебі ол - әдебиеттің бір тұлғасы ретінде толық қалыптасты. Жұрт та оны мойындайды. Тек саулық берсін!
Достарыңызбен бөлісу: |