Кипчаки евразии: история, язык и



Pdf көрінісі
бет137/187
Дата18.05.2022
өлшемі4.03 Mb.
#456910
түріСборник
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   187
Еуразия қыпшақтары. Тарих, тіл, жазба ескерт. Конф. матер. 2013

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


XVI-XVII ғғ. АРМЯН ӘЛІПБИІМЕН ЖАЗЫЛҒАН ҚЫПШАҚ 
ТІЛІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
Құдасов С.Ж., 
 М. Әуезов атынд. ОҚМУ
Н. Келімбетов ат. «Түркітану» ҒЗО,
Шымкент, Қазақстан 
 
Моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңде Шығысында Ертістен бастап, 
Батысында Дунайға дейінгі аралықта қыпшақ тілі халықаралық тіл болғанын 
сол кездегі жиһангерлер жазып кеткен. Бұл жағдай моңғолдардың 
шапқыншылығынан кейін де таралу аймағын кеңейтпесе, бұрынғы қалпын 
бұзбағаны белгілі. Моңғолдар қыпшақтардың саяси үстемдігін жойып, 
біртұтас болып қалыптасып келе жатқан қыпшақ мемлекетін ыдыратып 
жібергенімен қыпшақ тілінің үстемдігін жоя алмады. Қыпшақ даласын 
мекендеген қыпшақ тілдес түркі халықтарының арасына өздері де сіңісіп 
кетті. 
Моңғол жаулап алушылығына және соның негізінде пайда болған 
мемлекеттік құрылымдарға байланысты қыпшақ тілінің қолданылу аясы 
ұлғайып, Мысыр, Шам, Үнді елдеріне таралады. Алтын Орда хандарының 
жарлықтары мен Мысыр сұлтандарының жазбалары, Үнді сұлтанатының 
жәдігерліктері, Хорезмдегі әдеби шығармалар мен армян-қыпшақтардың 
түрлі жанрдағы жазба мұралары қыпшақ тілінде хатқа түскен.
ХІІІ ғасырда қыпшақтар Европа елдері мен моңғолдардың ордасы тұрған 
Қарақорым арасын жалғастырып жатқан “алтын көпір” болғаны аян. Алтын 
Орда жерін аттап басқан өзге ұлт өкілдеріне қыпшақ тілін білу қажеттігі 
туындап, олар өздеріне тілмаштар жалдаған. Тіл үйрену үшін сөздіктер мен 
тілашарлар жасауға мәжбүр болған. Қыпшақ тілдес әлеуметтік ортаға түскен 
өзге ұлт өкілдері тілдерін ұмытып, қыпшақ тілінде сөйлеуге көшкен. Бұл, 
әсіресе, Ұлы Жібек жолы бойымен сауда-саттық жасаушы саудагерлерге тән 
болды. Діндерін ұмытпаулары үшін христиан дінінің канондары мен 
уағыздарын қыпшақ тіліне аударып, пайдаланып отырды. Іс қағаздары 
қыпшақ тілінде жүргізілді. Қыпшақ тілі отбасылық қолданыстан бастап, 
мемлекеттік тіл деңгейінде қызмет атқарды.
ХІ-ХVІІ ғасырлар аралығында Қырым, Подолия, Польша, Венгрия, 
Египет аумағында руна, латын, араб, армян, славян жазуларымен хатқа түсіп, 
бүгінгі күнге жеткен печенег, қыпшақ (половец, куман) тілдеріндегі 
жәдігерліктердің қазіргі түркі тілдері арасында алатын орны жайында айта 
келіп, белгілі ғалым-түрколог Э.Р. Тенишев бұл ескерткіштердің қазіргі 
қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріне өте жақын екендігін, қыпшақ 
ескерткіштері қазақ тілі тарихының ерте дәуірін зерттеуде аса маңызды 
қайнар көз болатындығына, аталған кезеңдегі жазба мұраларды жан-жақты 
зерттеу қажеттілігіне ғалымдар назарын аударған еді [
1
].
Осындай маңызды мұралар қатарына, қолда бар деректер бойынша, ХІV 
ғасырда қазіргі Украина, Молдова, Румыния жерлеріне қоныс теуіп, қауым 
(община) болып өмір сүрген, христиан дінінің армян-григориан бұтағын 


тұтынып, қыпшақ тілінде сөйлеген этникалық топтың армян әліпбиімен 
қыпшақ тілінде жазып қалдырған, сипаты жағынан әртүрлі, көлемі мол 
мұралары – армян-қыпшақ жазба ескерткіштері жатады.
Қыпшақ тілінің XVI-XVII ғасырлардағы сипатынан мол мағлұмат 
беретін, әзірге белгілі, жазба деректер, негізінен, қазіргі Украинаның 
Каменец-Подольск, Львов қалаларында армян әліпбиімен қыпшақ тілінде 
хатқа түсірілген, сипаты жағынан әртүрлі, көлемі мол жазбалар түркітану 
ғылымында “армян-қыпшақ” ескерткіштері деген шартты атаумен белгілі. 
Біздің дәуірімізге жеткен жазба ескерткіштер ХVІ ғасырдың 20 жылдары 
мен ХVІІ ғасырдың аяғын қамтиды. Одан бұрынғы кезеңде жазылғандары 
жоғалған, әзірше тағдырлары белгісіз. Дегенмен, кейінгі кездерде табылып 
жатқан қолжазба кітаптарға қарағанда [2] бұл мол мұраның ерте дәуірінен 
хабар беретін жазбалардың бір жерлерде сақталып, табылып қалуы да 
мүмкін. Олай деуіміздің себебі, 2012 жылы Украинаға барған іссапарымызда, 
Каменец-Подольск Армян войттығы сотының 1572-1663 жылдарды 
қамтитын қыпшақ тіліндегі 28 акт кітабы мен Андрей Торосовичтің 
«Философия тасының құпиясы» (1631) атты шығармасы сақталған Киевтегі 
Украина мемлекеттік тарихи мұрағатының директоры И. Кисиль мырзадан 
Беларуссиядан тағы бір акт кітабының табылғанын, бірақ оның XIX ғасырда 
украин тілінде жазылған еңбек екенін білдік.
Армян-қыпшақтардың жазба мұралары олардың экономикалық, саяси-
әлуметтік, мәдени өмірінен мол мағлұмат беретін, жанры мен стилі жағынан 
әр түрлі, көлемі үлкен жадығаттар. Осы саладағы кейінгі зерттеулерде бұл 
жазба мұралар алты топқа бөлініп қарастырылып жүр: 1) тарихи жазбалар; 2) 
құқық кодекстері мен акт құжаттары; 3) филологиялық еңбектер; 4) діни 
әдебиеттер; 5) көркем шығармалар; 6) жаратылыстану-ғылыми әдебиеттер [ 
3, 2002, 12 б.]. 
Армян-қыпшақ ескерткіштері Украинаның Киев, Львов қалаларындағы
мұрағаттарында, Арменияның Ереван қаласындағы көне қолжазбалар 
кітапханасы 
Матенадаран 
қорында, 
Мәскеу, 
Санкт-Петербург 
кітапханаларында, сондай-ақ Польша, Франция, Румыния, Нидерланды, 
Италия, Австрия елдеріндегі мұражайлар мен мұрағаттарда, жеке 
адамдардың қолдарында сақталған. 
Бұл мұралар Арменияда емес, негізінен, қазіргі Украинаның Каменец-
Подольск, Львов қалаларында жазылған. Матенадаранда сақтаулы “Қыпшақ 
тілінің грамматикасы”, армянша-қыпшақша сөздіктер, жыл қайыру, діни 
еңбектер Украина жерінде жазылып, Арменияға кейіннен әкелінген 
дүниелер. Қыпшақ тілінде сөйлеп, христиан дінінің армян-григориан бұтағын 
тұтынған, қауым (колония) болып өмір сүрген бұл этникалық топтың қай
халықтың – армяндар әлде қыпшақтар - өкілдері екендігі ғылымда басы 
ашық қалып келеді. Осы мәселеге байланысты пікір-таластарда: “Егер олар 
қыпшақтар болса, онда христиан дінін қабылдаған күннің өзінде ұлттық, 
рулық менталитеттерін жоғалтуға не себеп болды? Армяндардың әлемнің 
жартысын билеген қыпшақтарға діни, саяси әсері ондай дәрежеде бола 
алмаған, сондықтан олар қыпшақтар емес, Қырымда ассимиляцияланған 
армяндар” [4; 5; 6] деген пікірлермен қатар, лингвистикалық, яғни тілдік 


тұрғыдан зерттеушілер тарапынан: “бір халықтың тілін екінші бір халықтың 
армян-қыпшақтар сияқты терең меңгеруі мүмкін емес, сондықтан олар – 
қыпшақтар болуы керек” деген пікірлер бар. Бұндай пікір қайшылықтары 
түйіні қиын бұл мәселені әлі де түбегейлі түрде, жан-жақты - 
этнолингвистикалық, 
экстралингвистикалық, 
тарихи-этнографиялық 
тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. 
Осы орайда Кавказ өңірінде, әсіресе Грузия, Армения жерін мекендеген, 
аталған елдердің саяси өміріне үлкен ықпал еткен қыпшақтар жайындағы 
деректердің негізінде кейбір ойларымызды ортаға салмақпыз.
ХІ ғасырдың 60-шы жылдарында қыпшақтың Шары тайпасының (орыс 
жылнамаларында – шары) Дон өзені мен Азау теңізін жайлағаны, кейінірек 
Қырым, Солтүстік Кавказды уысында ұстағаны белгілі. 
Сол кездегі соғыс тәсілін жете меңгерген жауынгер қыпшақтармен одақ 
құруға Европа мемлекеттері, әсіресе орыс князьдары мүдделі болды. Осыдан 
келіп, саяси-әскери одақтастық, құда-андалық қатынастар көбейіп, ол өз 
кезегінде қыпшақтар тарапынан шапқыншылыққа ұшырамаудың кепілдігі 
ретінде бағаланған және реті келген ұрымтал сәтте қыпшақ әскери күшіне 
арқа сүйей отырып, өздерінің ішкі саяси жағдайларын реттеуге де мүмкіндік 
беріп отырған. Мұндай жағдай Кавказ елдерінің басында да болғаны мәлім. 
Қыпшақтардың грузиндерді шапқандары жайындағы деректер араб 
тарихшысы Ибн әл-Асир еңбегінде айтылады. 
Грузия патшасы Давид ІV билікке келіп, 16 жасында тақты иеленген 
(1089 ж.) кезеңде көшпелілер тарапынан үнемі шапқыншылыққа ұшырап 
отырған Шығыс Грузияның жағдайы өте қиын, Картли (тарихи атауы 
Қарталы - Карталиния. - С.Қ.) мен Кахетияның көптеген жері қаңырап бос 
қалған болатын. “Мемлекет селжүк сұлтанына салық төлеп тұратын. Ел 
ішіндегі биліктегі феодалдар – дидебулдар бір орталыққа бағынған билікті – 
монархияны мойындамай, әрқайсысы өз қарауындағы елге биліктерін 
жүргізуді мақсат етіп, ауызбіршіліктен айрылған еді”, - деп жазады Грузия 
тарихында [ 7, 193 б.]. 
Бұл жағдайды ауыздықтау Давид ІV билік құрған 1089-1125 жылдары 
ғана, белгілі дәрежеде, мүмкін болады. Билікке таласып өзара қырқысқан 
феодалдар елді жаулап алған селжүктерге қарсы күресуге дәрменсіз еді. Бір 
орталыққа бағынған біртұтас Грузия мемлекеттігін құру үшін патшаға 
сенімді, күшті әскери құрылым қажет болды. Мұндай күш сол кезде 
Солтүстік Кавказ бен Дон, Қобан, Азау бойын мекендеген қабырғалы қалың 
қыпшақ елінің қайтпас қайсар жауынгерлері еді. Оның үстіне Давид ІV 
қыпшақтың атақты ханы Шаруқанның ұлы Атырақтың (орыс жылнамалары 
бойынша) қызы Гурандухт (тарихи әдебиеттердегі Турандохт – туран қызы) 
ханшайыммен отандасқан, қыпшақ жұртына күйеу болатын. Қыпшақтар 
бұдан бұрын да грузин әскерінің құрамында әлденеше мәрте қызмет еткен [7, 
194] 
Давид патша 1118 жылы, қасына кеңесшілері мен нөкерлерін ертіп, 
Солтүстік Кавказды жайлаған қыпшақтардан келіп көмек сұрайды. Сол 
жылы Шаруқанның ұлы Атырақ (Артық болуы мүмкін, ол жайында кейінірек 
баяндаймыз) бастаған 45 мың (кейбір деректерде 40 мың) үйлі қыпшақ 


Грузия жеріне өтіп, орналасады. Грузия тарихында екі жылдан кейін ол 
қыпшақтардың 40 мың атты әскер шығарғаны, сондай-ақ патша мен оның 
отбасын қорғайтын, монаспа деп аталатын, 5 мың адамдық ерекше гвардия 
құрылғаны айтылады [7, 194 б.]. 
Грузин-тарихшы-жылнамашысы жазғандай “сатқын”, “екі жүзді”, 
“басбұзар” дидебул-феодалдарға қарсы осындай күшке сүйенген Давид 
патша енді түрік-селжүктермен батыл шайқасқа шығады. Ширван 
патшалығы мен Арменияны селжүктерден азат етуде қыпшақ қосындары 
алмас қылыштай жарқылдап, біртұтас Грузия мемлекетін құруда ерекше рөл 
атқарады. Осы қызметтері үшін Давид патша оларды ел басқарудағы 
маңызды орындарға тағайындайды. Қыпшақтар Грузия мемлекетінде үлкен 
саяси күшке айналады. Давид ІV патша өлгеннен кейін (1125ж.) таққа 
отырған оның баласы Деметре І (1125-1156ж.), немересі – Георгий ІІІ кезінде 
қыпшақтар грузин патшаларына үлкен сүйеніш болады. 
Георгий ІІІ патшалық құрған (1156-1184ж.) кезеңнің 1177 жылы 
әмірсыпасалар Иванэ Орбели өзінің сыбайластарымен бірігіп, патшаға қарсы 
көтеріліске шығады. Бұлғақты қыпшақ әскерінің күшімен басқан патша 
Орбелидің орнына қыпшақ Құбасарды тағайындайды. Осындай үлкен 
қызметтер Апридон, Құтлы Арсылан, Чиабер сияқты сенімді адамдарына да 
беріледі [7, 211 б.].
Георгий ІІІ өлгеннен кейін, 1184 жылы патша сарайындағы күрес оты 
қайта тұтанады. Георгий ІІІ патша көзі тірісінде, ұлы болмағандықтан қызы 
Тамараны тақ мұрагері деп жариялаған болатын. Тамара үлкен дау-дамаймен, 
қыпшақтардың арқасында таққа отырады. Бірақ грузин дидебулдары 
Құбасар, Апридон сияқты, Тамараға сүйеу болған тұлғаларды мемлекеттік 
биліктен кетіруді талап етеді. Жас патшайым олардың тілегін орындауға 
мәжбүр болады. 
Осы кезеңде қаржы министрі Құтлы Арсылан патшаға бағыныштылығы 
болмайтын қаржы мекемесін құру талабын қояды. Мұның өзі қазақтың 
“Айрылысар дос ердің артқы қасын сұрайдының” кері болатын. Бұған қарсы 
шыққан дидебулдардың талабы бойынша Тамара патшайым Құтлы 
Арсыланды тұтқынға алады. Құтлы Арсыланның жақтастары (қыпшақтар) 
оның аман-есен босатылуын, болмаған жағдайда күш қолданатындықтарын 
айтып, патшайымға шарт қояды. Тіресерге сенімді серіктерінен айырылған 
Тамара “ханталапайға” түсіп кетемін бе? деп сескенгендіктен, Шығыс 
халықтарының дәстүрін есіне алып, абыройлы, беделді екі әйелді елшілікке 
жібереді [7, 213-214 б.]. Нәтижесінде екі жақ та келісімге келеді. 
Қыпшақ әскелерінің араласуымен Давид ІV патша, оның ұрпақтары 
Грузияға ұзақ жылдар билік жүргізеді, жау қолында кеткен жерлерін 
қайтарады. Қыпшақтар мемлекеттің ішкі-сыртқы билігіне араласады, билік 
жүргізеді.
Армян тарихшыларының жазбаларында хундардан бастап, барлық түркі 
халықтарын кейде һон деген жалпы атаумен, кейде өздерінің атауларымен 
беріп отырған. “Солтүстіктегі халықтар” деп те атаған. 
ХІІІ ғасырда өмір сүрген Киракос Гандзакецидің “Армения тарихы” 
еңбегінің 12-тарауында [8, 139 б.] қыпшақтардың Грузия патшасы Лаша 


Георгиден (1213-1222 жылдары патшалық құрған, Тамара патшайымның 
ұлы) қоныс сұрағаны, тілектері орындалмаған соң, олардың Гандзак 
қаласының маңына орын тепкендері, армяндардың оларды өздерін 
грузиндерден қорғайтын күш ретінде бағалап, оларға азық-түлікпен 
көмектескені туралы айтылады. 
Грузин патшасы бұған наразы болып, қыпшақтарға қарсы Иванэ 
бастаған қалың қол аттандырады. Қыпшақтардан ойсырай жеңілген грузин 
әскерлерінің қырылғаны қырылып, қалғаны қолға түседі. Қолға түскендерін 
қыпшақтар құлдыққа сататыны бар. 
Бұл қыпшақтар, жоғарыда айтылған, Тамараның кезінде наразылық 
білдірген қыпшақтар болуы әбден мүмкін. Және осы кезде Солтүстік 
Кавказға енген монғол әскерлерінің басты жаулары да қыпшақтар болатын. 
[Қыпшақтардың сағын сындырмай жеңіске ие болу мүмкін емес екенін 
моңғол әскербасылары терең ұғынып, қыпшақтарды жою саясатын 
ұстанғанымен, уақыт өте келе олардың өздерінің қыпшақтанып кеткені 
тарихтан белгілі шындық]. Қыпшақтардың ығысуының басты себебі де осы 
болуы ықтимал. Қалай дегенде де қыпшақтар енді армяндармен қоян-қолтық 
араласа бастайды.
Армян тарихшыларының еңбектерінде қыпшақтар мен армяндар 
арасындағы соғыстар жайында деректер кездеспеуіне қарағанда, олар өзара 
тату тірлік кешкен деп ойлауға болады. 
Тамара патшайымның әскери қолбасшысы ағайынды әмірсыпасалар 
Закария мен атабек Иванэ Арменияны селжүктерден азат етуде үлкен еңбек 
сіңірген. Жаудан босатылған өңірлерден жер сатып алып, онда қоныстар мен 
шіркеулер салдырғаны жайында армян тарихшыларының еңбектері [8, 139 
б.] мен эпиграфиялық ескерткіштерде нақты деректемелер келтірілген. 
Солардың ішінде атауын сақтағаны Ғыпчах (1946 жылдан Һарич) ауылы мен 
1206 жылы салынған Ғыпчакаванк – (ғыпчақ+аванг (монастырь) шіркеуі.
Армения Республикасының Түркиямен шектесетін Ширақ облысының 
Артик (Артық) деген аудан бар. Аудан орталығы Артик (қазіргі атауы) 
қаласының күншығысында 2-2,5 шақырымдай жерде, таудың баурайына 
қоныс тепкен Қыпшақ деген шағын ауыл бар. Ауылдың атын 1946 жылы 
Һарич деп ресми түрде өзгерткенімен, жергілікті тұрғындар күні бүгінге 
дейін бұрынғыша Ғыпчағ деп атайтындарын көрдік. Бұл осы жерге қоныс 
тепкен қыпшақтар жайындағы нақты мысалдың көрінісі. Туф тасынан 
қаланған монастырдың қабырғасында әр кезеңде қашалып жазылған 
жазулардың арасынан қыпшақтар жайында деректер кездесіп отырады. Ең 
соңғы дерек 1696 жылы жазылған екен. Соның бірінде Хупасарандардан 
жүзім сатып алынғаны айтылған. Яғни Артық ханның қосынымен Грузияға 
келген қыпшақтардың Арменияға да қоныстанғанын көреміз. Бұл ойымызды 
соңғы жылдары Арменияның Қазақстандағы елшісі болып қызмет атқарған, 
қазақ-армян халықтарының тарихи-мәдени байланыстары жайында еңбектер 
жариялап жүрген Э. Хуршудянның “Хупсаренц” – “Хупсардан шыққандар”, 
яғни әмірсыпасалар болған Қубасардың ұрпақтары деген пікірі дәлелдей 
түседі [9, 42 б.].


Грузияда билік басында болған Қубасардың ұрпақтары аталарының 
атымен аталуын заңды құбылыс, қазаққа тән дүние деп қарасақ, онда 
ауданның Артық атауын да, кезінде Артық ханмен Дешті Қыпшақтан 
Грузияға өтіп, бір ғасырдан кейін (әлде ертерек?) Арменияға қоныс тепкен, 
қолбасшысының атымен аталып жүрген Артық ханның қосынымен 
байланысты қарауға негіз бар. Арменияны мекен еткен қыпшақтардың уақыт 
өте келе Түркияға қоныс аударып, кейіннен Украина жеріндегі армян-
қыпшақ қауымдастығының құрамына енулері де әбден мүмкін. Сөзіміз жалаң 
болмауы үшін XVII ғасырдағы Львовтағы армян интеллигенциясының өкілі, 
тарихшы Симеон дпир Лехацидің пікірін келтіргенді жөн көрдік. Оның 
айтуынша: «Львовские рамяне не знают армянского языка, но говорят по-
польски и по-кыпчакски, то есть на татарском языке. Говорили, что местные 
армяне переселились [сюда] из Ани; согласно историкам, они (анийцы) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   187




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет