Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі география пәні мұғалімі Отеулиева Онайгул Жолдиевна Ашық тәрбие сағаты



бет1/4
Дата19.04.2024
өлшемі29.18 Kb.
#499329
  1   2   3   4
Әке - шаңырақтың тірегі тақырыбында ащық тәрбие сағаты



Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы,
«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп»
мемлекеттік мекемесі
география пәні мұғалімі
Отеулиева Онайгул Жолдиевна
Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әке – шаңырақтың тірегі»


Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.
Құрметті ата-аналар,мұғалімдер, оқушылар!
Үлы жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында 7 в сыныбының ұйымдастырып отырған«Әке – шаңырақтың тірегі» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

Армысыздар, ардақты азаматтар,


Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.Үлы жеңістің 70 жылдық мерекесімен құтты болсын


Адай Күйі орындайтын Берекет
Барысы:
I. Кіріспе бөлім
«Әке – шаңырақтың тірегі»
(әке туралы сөз, әкенің ролі қандай?)
II. Видио көрсету
III. Қызықты сұрақтар.
IV. Сергіту сәті.
V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
VI. Өлеңді жалғастыру
VII. Қорытынды.

I. Кіріспе бөлім


«Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі. Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі – «әке – үйдің асыраушысы». Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын – әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарқанымыз мол болсын» деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз – әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. «Әкелік асыл сөзіңнен, жолымды тауып келемін» деп «Әке туралы» әнде айтылатындай, әр бала өзінің жолын табады. Әр отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшесінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.Әке әрқашан қиындықта қасыңнан табылып, қол ұшын беретін жан. «Әке-асқар тау», «Әке-бәйтерек» деген мақалдар әкенің беделін көрсетеді. «Әке балаға сыншы» дейді халқымыз.Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,дос.Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі екесімен ақылдасады.Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше.
«Әке-отбасының пірі»,Әке-үй ішінің тірегі,баласының жүрегі. «Әкесіз бала- панасыз балапан» дейді халқымыз.Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, парыздар:балалық міндеттерді орындауды дәстүрге айналдырып, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашаг да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.
Көп әкенің түзде еңбек етіп пұл тапқаны болмаса үйдегі тіршілікпен, отбасындағы бала тәрбиесімен онша шаруасы болмайды. Соның салдарынан барып, үйдегі бала тәрбиесі деген сан-салалы, қыры да, сыры да мол ұшан теңіз жұмыс онсыз да үй тіршілігінің ұсақ күйбеңінен босамайтын ананың еншісіне қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет