Кіріспе қазақстан республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың Қажеттілігі



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#178185
  1   2   3   4



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ......................................................................................3-7
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ .....................................................................7-28

    1. Инвестицияның теориялық мәні . Инвестициялық

климаттың рөлі...................................................................................7-17

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын қызметі............................................17-28

2 МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК

ИНВЕСТИЦИЯНЫ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ

САЛАЛЫҚ ТАРТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ...............................28-53

2.1 “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiне аймақтық баға беру................................................................................................28-42



2.2 Микроэкономикалық көрсеткiштермен өзара байланысты “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ инвестиция тартуды басқару................42-53

3 ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..53-60

Қорытынды................................................................................................60-63

Қолданылған әдебиеттер.......................................................... 63


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының актуалдығы: Өнеркәсiп өндiрiсiнiң дағдарыс жағдайында инвестициялық тартушылықты жақсарту мәселесi экономиканың нақты секторын басқарудың тиiмдi экономикалық құралдарының қатарында аса актуалды болып табылады, яғни бұл “Қазақстан – 2030” стратегиясымен анықталған ұзақ мерзiмдi басымдылықтармен жауап бередi /1/.

Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәекелдiгiне ғана емес, ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар банктер немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Сонымен бiрге инвестициялық iс-әрекеттiң дамуы экономиканың нақты секторындағы дағдарыстың алдын алу үшiн қажеттi шаралар жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, өйткенi экономиканың, жеке кәсiпорынның бiртұтас дамуы экономикалық потенциалдың өсуiнсiз, сондай-ақ қазiргi технологияларды пайдалану және қызметтi ұлғайту мүмкiн емес, яғни бұларды жүзеге асыру инвестициялық процестi бейнелейдi. Инвестициялық ресурстар, сондай-ақ қаржылық және өндiрiстiк ресурстарды тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туып отыр, сонымен бiрге осы инвестицияларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау да байланысты. Бұл бағытта шетел инвестициясын тарту сферасындағы әлемдiк тәжiрибенi танып бiлу және пайдалану маңызды. Шетелдiк тәжiрибенi танып бiлу және оны қолдану экономиканың нақты секторын көтеруге айтарлықтай себебiн тигiзедi, және инвестиция сферасының дамуындағы кедергiлердi оңай жеңуге көмектеседi.

Экономиканың нақты секторының даму процесiндегi одан әрi технологиялық артта қалуды жеңу сұрақтары орын алуда, бұның бiрден бiр себебi болып терең қаржылық дағдарыс, яғни бюджеттiң тез қысқаруы әсiресе өндiрiстi техникалық дамыту бойынша шығынды (жұмсалған қаржыны) қаржыландыру және айналыс сферасына инвестиция үлесiнiң көп бөлiгiнiң бағытталуы. Бұл сферада инвестициялық iс-әрекеттi мемлкеттiк реттеудiң қазiргi механизмi жағдайын түпкiлiктi түрде өзгертуге жағдайы жоқ. Бұған себепшi елiмiздiң инвестициялық климатын жақсартуда кедергi жасап тұрған заңдылық базаның реттелмегендiгi. Экономикадағы нақты құрылымдық өзгерiстердi одан әрi реформалау және жүзеге асыру тек қана рыноктық қатынас механизмiнде түпкiлiктi өзгертулердi талап етпейдi, сонымен қатар инвестициялық белсендiлiктi күшейту үшiн жаңа стимулдарды қалыптастыру, отандық және шетелдiк тiкелей инвестициялардың келуiнен бұрын экономиканың нақты секторының дамуының жоғарғы тиiмдi жобасы және оның техникалық қайта жабдықталуы.

Инвестиция нарығында пайда болған жаңа жағдайлар жалпы экономиканың нақты секторында инвестициялық климатты жақсарту сапалы жаңа механизмдердi тәжiрибеге тез енгiзудi талап етедi. Әсiресе қаржылық-несиелiк реттеу ерекшелiгiн есепке ала отырып инвестициялық жобаларды бағалау механизмiн түпкiлiктi реформалауда қажеттiлiк байқалып отыр. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тиiмдi механизмдерiн таңдап алу үшiн экономиканың нақты секторындағы инвестициялық рыноктарды зерттеуде әлемдiк және отандық тәжiрибенi пайдалану қажет болды.

Инвестициялық сферадағы жағдайдың динамикалық дамуы ең алдымен инвестициялаудың өзгерушi қаржылық жағдайының сапалық және сандық баға берудi, инвесторлардың жеке жинақ көзiн қолдануға өзгеруiн көрсетедi.

Бұл, өз кезегiнде ғылыми өңдеудi және оны қаржылық қамтамасыз етудiң нақты көздерiн инвестициялық сұранысты қысқа мерзiмдi болжаудың жаңа әдiстемелiк құралдарының кешенiн тәжiрибеге енгiзудi талап еттi

Экономиканың нақты секторы жағынан жобалық инвестициялық қаржыландыруға тез арада талап етудi қысқарту инвестицияны қаржыландырудың экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау және өндiрiске капиталды бағыттаудың оптималды стратегиясымен таңдауды анықтау тапсырмаларын шешудiң актуалдылығы мен қажеттiлiгi негiздi. Бұндай стратегия мынаған негiзделуi қажет, яғни өндiрiске капитал салу үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында рынокта табысты инвестициялаудың альтернативтiк мүмкiндiктерiн есепке ала отырып негiзделедi. Сонымен, экономиканың нақты секторын инвестициялық сферасын зерттеудiң актуалдығы көбiнесе жаңа объективтi нақтылыққа сәйкес келмейтiн ескi кәсiпорындарды қайта құру жаңа жұмыс орнын ашу және өндiрушiлердiң қаржылық жағдайын тұрақтандыру жолымен жалпы экономикалық дағдарысты жоюдағы оның рөлiнiң өсуiне байланысты.

Экономиканың нақты секторындағы жалпы құрылымдық-инвестициялық саясатты қалыптастыру үшiн ұдайы өндiрiс циклының әртүрлi фазасындағы инвестициялық процестiң даму перспективасын ғылыми алдын ала көру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету маңызды, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттiк қолдаудың адекваттық шараларын жасау мақсатында экономикадағы инвестициялық белсендiлiктi жоғарлату қажет.

Инвестиция мәселесi, оның экономиканың нақты секторындағы экономикалық тиiмдiлiгiн жоғарлату туралы төмендегi ғалым-экономистердiң еңбектерiнде қарастырылған: К.Маркстiң, Дж.М.Кейнстiң, Р.Холттың, П.Хавроненоның, Ван Хорн Дж, Э.Хелферт, А.Маршалдың, Дж.Соросаның, П.Самуэльсонның, Р.Гильфердинганың, Лу Цзиньюнаның, Л.Абалкиннiң, М.Агарковтың, Б.Алехиннiң, А.Астахова, С.Жуковтың, Я.Квашидiң, В.Красовскидiң, А.Мартыновтың, Д.Палтеровичтiң, Ю.Плышовскидiң, В.Т.Хачатуровтың, Ю.Яковтың және т.б. Инвестициялық стратегияны анықтау және инвестициялық процестегi басымдылықтарды таңдау сұрақтары, сондай-ақ жалпы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiг, сонымен қатар экономиканың нақты секторындағы инвестицияны пайдаланудың тиiмдiлiг туралы сұрақтар қазақстандық ғалым-экономистердiң зерттеулерiнде көрiнiс тапқан. Олар: А.Ашимбаев, Т.Ашимбаев, У.Баймұратов, А.Есентугелов, М.Кенжегузин, А.Қошанов, К.Қажмұратов, Р.Қамшыбаев, Н.Мамыров, Н.Нұрланова, А.Нұрсеитов, К.Окаев, М.Оспанов, Н.Сағадиев, О.Сабденов, С.Сатубалдин, П.Посаченко және т.б. Сонымен қатар мынандай жағдайды айта кеткен жөн, экономикадағы инвестицияның табиғатын әсiресе нақты сектордың қазiргi түсiнуге қатысты бiрқатар теориялық және тәжiрибелiк мәселелер, өндiрiстiк-техникалық дамуына инвестиция тарту, осы сфераға шетел инвестицияларын тарту, нақты инвестициялық жобаларды бағалаудың әдiстемелiк негiзiн жетiлдiру және оларды таңдау, бағалы қағаздар арқылы инвестициялық процестi жанамалау, жобаның несиелеудi ұйымдастыру және пайдалану әлi де қажеттi көрiнiске ие болған жоқ.

Бұл байланыстың ерекше маңыздысы ең алдымен шаруашылық субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгiн қаржыландырудың iшкi көздерiн iздестiру және оның өндiрiстi дамытуға қаражаттарды салудың рефлексивтi ынталандыруға өтуi. Бұл өз кезегiнде экономиканың нақты секторына инвестицияны күшейтудiң қажеттiлiгiн ұқыпты зерттеу мен ғылыми тұжырымдауды талап еттi. Өйткенi экономиканың нақты секторы экономиканың тұрақты өсуiнiң негiзi болып табылады, сонымен қатар өндiрiстiң техникалық дамуының ерекшелiгi мен тенденциясын зерттеу, тiкелей шетел инвестициясын тарту үшiн қолайлы климат жасау мәселесiн қарастыру қажет, сондай-ақ копоративтi бағалы қағаздар рыногын дамыту жобаны несиелеудiң дамуы және оны қолдану механизмiн жетiлдiру қажет. Экономиканың нақты секторына инвесторлардың қаражат салуының тұрақты рефлексивтiлiгiн қамтамасыз етуге концептуалды әдiстерi қазiргi уақытқа дейiн жасалмаған.

Зерттеу жұмысының маңыздылығы: оның маңыздылығы шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тарту мен ғылыми пайымдауда, сондықтан негiзгi жағдайларды Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастарды жетiлдiру бағдарламаларын айқындау мен оны тәжiрибе жүзiнде пайдалану мүмкiндiгiнде.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: шетелдiк инвестицияны экономиканың нақты секторына тартудың теориялық және практикалық мәселелерiн зерттеу, сонымен қатар алынған теориялық нұсқауларды iс жүзiнде жүзеге асыру болып табылады.

Зерттеу мiндеттерi:


  1. экономиканың нақты секторына шетелдiк инвестицияны тартудағы артықшылығын айқындау;

  2. Қазақстан экономикасындағы инвестициялық ахуалды реттеу;

  3. Шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;

  4. Қазақстан экономикасына шетел инвесторларын ынталандыру мен реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң бағытын айқындау;

  5. Мұнай өндiру арқылы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы көзқарасы жағынан экономикадағы жағдайды талдау.

Зерттеу нәтижесiнде алынған қорытындылар мен ұсыныстар нақты мәселенi одан әрi теориялық қарастыруға, сонымен қатар Қазақстан экономикасы алдында тұрған өзектi мiндеттердi шешуге бағытталған қолданбалы сипаттамалы еңбектерде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: жұмыс 3 бөлімнен, 4 бөлімшеден, 18 кестеден, 4 суреттен,7 формуладан, қорытынды бөлімнен және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімде шетелдік инвестициялардың ұғымы мен мәні, олардың атқаратың қызметі, яғни Қазақстан Республикасында пайдаланудың қажеттілігі мен ерекшелігі көрсетілген.

Екінші бөлімде мұнай өндіруші кәсіпорындағы шетелдік инвестицияны тарту тиімділігі мен инвестицияларды басқару ерекшелігі көрсетілген.

Үшінші бөлімде экономиканың нақты секторына шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары көрсетілген.


1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Инвестицияның теориялық мәні . Инвестициялық климаттың рөлі.

Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңды болмаған өзгеріетер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдай да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптасқан экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді кажет етеді, ал оны жүзеге асыру, күрделі де ауыр процесс екені белгілі.

КСРО құрамында Қазақстан негізінен аграрлы-шикізаттык, жтйеге мамандандырылғанда жаңа технология жағынан артта қалған, экологиясы қолайсыз өз алдына қажетті өндіріс салалары қалыптасқан,басқа республикадағы ең алды Ресей федерациясына тәуелді ел болды.

Қазіргі уақытта бізге белгілі болғанындай, Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген, болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүниежүзілік капитал қозғаяысына қосылуы өте қажет.

Әлемдік тіәжірибе негізінде дәлелденгеніндей, капиталдың халыкаралық миграциясы, шаруашылық өмірі(интернационализацияға) барлық ұлттардың қарым-қатынасының тендігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдардың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарға жақсы білінеді.

Капиталдың табиғаты ол бір елде қозғалмай жата алмайды, өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алды. Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі транснаииоиалды компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандану мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне, жеделдеуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан трансұлттық компания капитал қозғалысы негізінде елдердің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор болады.

Егср дүниежүзілік бірлестікке көңіл бөліп қарасақ, 80-ші жылдардың екінші жарты жылдығына өнеркәсібі дамыған елдердің инвестициясының өсуінің тез ұлғайғаның көрсетеді. Тек 1986-1990 жылдарда ғана төрт ірі инвестор елдердегі (Жапония, АҚШ, ГФР және Ұлыбритания) күрделі қаржының өсуі, орташа алғанда жылына -20,8% болды, бұл керсеткіш 1982-1986 жылдары 10% ғана болған еді. 1990-1991 жылдары шетке капитал шығарудың жалпы көлемі 419 млрд доллар, соның ішінде Жапонпя - 78,8 млрд, АҚШ - 58,8 млрд, Германия - 44,4 млрд. Ұлыбритания -- 35,3 млрд болды. 1990 жылы төрт ірі инвестор елдердің шетелдік инвестицияның жалпы мөлшері 1101 млрд доллардан артты.

Бұл мәліметтерден қазіргі кезеңде әлемде капитал қозғалысының ауқымды көлемін және шетке шығарылатын капитал бірінші кезекте өнеркәсібі дамыған елдерге бағытталғандығы байқалады. Әлемдік тікелей инвестицияда жылына жұмсалатын 200 млрд доллардың 70%-ы Еуропаның достас елдері: Жапония, АҚШ экономикасына, ал қалғандары дамушы елдер экономикасына жұмсалады.

Дамушы елдердің ішінде шетелдік инвестиция 90-жылдары Азия елдеріне көп бөлінді (60% астам), соның ішінде жаңа индустриалды елдер АСЕАН және КХР бар.

1993 жылдың аяғында Орталық және Шығыс Еуропадағы бұрынғы социалистік елдерге нгетелдік тікелей инвестиция мөлшері 18,3 млрд доллар болса, соның 5,5 млрд Венгрияға, 2,5 млрд Чех және Словак Республикаларына үлесіне тиді. 1992 жылы Шығыс Еуропа елдері тікелей инвестицияның әлемдік көлемінің тек 2,4% ғана алған еді, ал Азия елдеріне 20,9% бөлінген.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының шетелдік капиталдың көптеп келуіне бірнеше факторлар қолайсыз әсер етуде. Олардың ішінде: кәсіпорындарға салық салудың дұние жүзіндегі ең үлкен дәрежесі; -бес жыл бойы жүріп жатқан жалпы экономикалық дағдарыс, оның негізгі белгілері (өндірістің қысқарылуы, жүмыссыздықтың өсуі, инфляцияның деңгейінің жоғарылығы және т.б.).

Рынок инфрақүрылымы толық қалыптаспады. Инфляцияның көтеріңкілігі және айырбастау курсының тұрақсыздығы.

Дегенмен де бұл жалпы себептерден бөлек ҚР-на шетелдік капитал құйылуына бір жақты субъективті себептерде кедергі жасауда:


  1. шетелдік инвестордың инвестиция жасауға қажетті мағлұматтармен қамтамасыз етілмейді;

  2. шетелдік инвестиция құжатын дайындау, орындау тәртібінің жетілмегендігі;

  3. Қазақстан ұлтымызға меншік құқығы туралы түсініктің жеткіліксіздігі (жер туралы, жекешелендірілетін объектілерге, жергілікті серікке қатысты қорлар туралы);

  4. жергілікті кредит пен қор қызметтеріне кірудегі (байланысуға) қиындынтар;

  5. инвестициялық жеңілдіктердің жеткіліксіздігі;

  6. саяси және экономикалық тәуелділіктен қорғаудың жеткіліксіздігі;

  7. инттелектуалды меншікті қорғаудың төменгі дәрежесі.

Сондықтан шетелдік кәсіпкерлік капиталды тарту мен реттеудің әлемдіктәжірибесін меңгеру өте қажет.

Рынок экономикасы дамыған елдерде қалыптасқан шетелдік инвесторлар үіпін ұлтгық ереже принциптерімен санасу кажет.Бұл халықаралық сауда палатасының "Халықаралык инвестиция үшін жетекші бағыт беретін принциптер" (1972) құжатында жэне "Халықаралық күрделі қаржы және көп ұлтты кәсіпорындар туралы мәлімдеме" (1976) құжаттары.

Атап айтқанда, мәлімдеме ОЭСР мүше елдерге кеңес беріп, ұсыныс жасайды. "Өз территориясында қызмет атқарып жатқан, басқа елдердің азаматтарына тікелей немесе қосалкы бақылауындағы немесе иелігіндегі мүше елдерге осындай жағдайда жергілікті кәсіпорындардан кем түспейтін ыңғайлы жағдай жасауды, халықаралық құқықты, әкімдік іс-әрекеттерді және қаулылар мен заңдарды ескерген ереже ұсынылады". Сонымен қатар мәлімдемс ОЭСР-ге мүше елдерге ұлттық ережені сол елдерге таратуға және күрделі қаржыны үшінші елден алуды ұсынады.

Батыс елдерінде шетелдік инвесторлар қызметі, негізінен барлық жергілікті ұлттық заңдармен, қаулылармен, әкімшілік істі орындау тәртібімен реттеледі. Ұлттық заң шығару жүйесі, шаруашылық қызметінің көптеген бөліктерінде ұлттық және шетелдік компаниялар арасын (қызметтерін) бөліп қарамайды. Олар үшін өздерінің тек дәрежедегі азаматтық және сауда құқығы, нақты айтқанда акционерлік заң ретінде қолданылады.

Сондықтан батыс елдердің көбісіне шетелдік инвестиция туралы арнаулы кодекстер мен заңдар жоқ, оның орнына бірсыпыра әкімшілік қаулылар мен оған қатысты бірсыпыра заңдардың баптары ғана бар, арнаулы заңдар мен кодекстер тек бірер жерорта теңізі елдерінде және бұрынғы Британия отарында болған елдерде бар.

Ұлттық ереже шетелдік инвесторга көптеген ыңғайлы жағдай жасайды: шетелдік кәсіпкерлер өздерінің компаниясының нсгізін құруда және шаруашылық жүргізуде жергілікті ұлттыкқ товар өндірушілермен тек жағдайда қызмет атқарады және олармен бәсекеге түседі. Олар шаруашылық қызметін жүргізудің сол елдегі кез-келген ұйымдастырушылық құқықтық түрін жүргізуге болады, жергілікті жеңілдіктердің көпшілігін пайдаланады; жергілікті қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, табиғат ресурстарын және т.б. пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктері бар.

Рыноктық экономикадағы әртүрлі елдерде шетелдік инвесторлардың құқықығы мен мүддесін мемлекеттік қауіпсіздендіру үш деңгейде дайындалған:а) осы елдің Конститутциясы негізінде; б) екі жақты мемлекеттік шетелдік инвестицияны екі жақты мемлекетгік өзара корғау мен сыйлық беруге келісімдер жасау; в) мемлекет пен шетелдік азаматтар арасындағы инвестиция туралы келіспеушілікті реттеу конвенциясына (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) қатысу.

Батыс елдерінің Конститутциясында меншікке, дербес құқығына кепілдік беріледі және меншікті еріксіз тартып алу тек қоғамдык, мүдде мақсатында ғана болуы мүмкін және тез арада әділдікпен өтеп беру міндетінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар меншік иесі тартып алу факторлары мен көлемін өтеп беру мерзімімен келіспеушілігін шешу әдістері қарастырылған. Бұл құкық ережеде, шетелдік меншік иелеріне де қолдануына болады. Ал заңдары мен кодексі бар елдерде, көрсетілген кұқықтар сол заң мен кодексте көрсетілген.

Батыс елдерінде шетелдік елдермен, көбінесе дамушы, социализм бағытындағы елдермен инвестицияны өзара қорғау және дәріптеп сыйлау келісімдері бар. КСРО-да бұндай келісімлерге қатынасуға дайындық 27 қарашада 1987 жылы КСРО Министрлік Кеңесінің № 1353 қаулысын қабылдағаннан кейін басталлы. Сонда келісім шарттық үлгі жобасы негізге алынған. КСРО бұндай шартты бірінші 1989 жылы Финляндия, Канада, Нидерландия, Бельгия, Люксембург, ФРГ, Франция, Италия, Ұлыбританиямен араларында қол қойды, ал 1990 жылы Австрия, Испания, ІПвейцария, Қытай, Оңтүстік Корея жәнс Түрік елдерімен келісім-шарт жасалынды /2/.

Бұл келісім шарттардың негізгі жағдайы өзара ұқсас және халықаралық практикаға сәйкес келетін еді. Жалпы бұған мынадай негізгі міндеттемелер кіреді: әрбір келісімге келген жақтар басқа жағының қаржылық мүдделеріне ынғайлы жағдай жасауға міндеттенеді, сонымен қатар соған байланысты қызметтерге; шетелдік меншікті қорғауды қамтамасыз ету; күрделі қаржыдан түскен табысты ешқандай кедергісіз аударуға мүмкіндік жасау; өзара күрделі қаржы мәселелеріндегі келіспеушілікті халықаралық сотта карау.

Казақстан Республикасының 1991 жылғы "Шетелдік инвестиция туралы заңына сәикес, шетелдік инвесторлар товар өндіруге және басқа қызметтерге әкелген мүліктердің барлық түрлері мен валюталық қаржылары жатады . Арнаулы қаржы мекемелерінің (мысалға МВФ, МБРР) берген несиесі бұл занда қаралмаған және капиталмен келісімге келу категориясына жатады. Бұл заңды тұсіндіре отырып, шетелдік сарапшылардың айтуынша, шетелдік инвестиция реинвестиция (инвестиция бойынша табыс түрінде алынған қаржыны инвестициялау) және шетелдік кредиттерді, шетелдік серіктестіктердің өндіріске жұмсалғандығын білдіреді.

Бұл категорияны өте кең талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлері жатады:



  1. материалды заттай яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер;

  2. қаржылық-бұған несие, қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс та жатады;

  3. ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау "ноу-хау" және бұған бүкіл шетелден әкелінген капитал жатады.

Шет елдердегі әр түрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бүл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға экономистердің айтуынша "инвестиция" сөзі барлық уақъггта экономикалық пікірдегідей мағына бере бермейді. Біздің ойымызша "таза иинвестициялау" немесе капиталдың калыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдың, ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше "инвестициялау" ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансферттік (валютаны немесе алтынды бір елден екінші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды баска біреу реинвестициялайды. (инвестиция бойынпіа табыс түрінде алынған қаржыны инвестициялау). База инвестициялау тек нақты капитал жасалғанда ғана орын алады.

Дж. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, процент және ақша туралы жалпы теория" еңбегінде инвестицияны "бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі" деп анықтама береді.

Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің "Рыноктың микроэкономикалық үлгісін кітабында инвестинияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдың, яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі" деп анықтама береді.

В.Фельзембаумның айтуынша, "инвестиция" түсінігі мықты инвестиция аталатын мәні бойынша "күрделі каржы салу", "қаржылықты" (портфельді инвестиция), яғни акцияға, облигацияға және баска бағалы қағаздардың меншіктің, тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне каржы бөлуді қамтиды.

В.В. Бочаровтың пікірінпіе "Инвестицияны белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесін тек тіркеп есептеу ғана емес оның, өсіп дамуы ретінде түсінген дүрыс дейді/ 5 /. Демек, пайдалануға болмайтын бөлігі" -дейді. Инвестицияның анықтамасын ғылыми әдебиеттерде сан-алуан. "Жекешелендіру және инвестициялау еңбектерінің жиынтығы" жұмысының авторлары инвестипияны әр түрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге- бухгалтерлік баланстың сол жағына қаржы ресурстарын салу ретінде қарайды. "Инвестициялық-қаржылық жинағы" кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын ,яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.

Р.Кареновтың терминдік сөздігінде инвестиция деп мүлік-заттардың барлық түрлері, кәсіпкерлік объектілері және басқа қызметтерге жұмсалған нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар. Құндылыққа автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты, (ноу-хау) өнеге-тәлім және өндірістік тәжірибе түрғысында әзірленген техникалық және технологиялық, сауда, коммерциялық т.б. бөлімдер жиынтығы және басқа ой-көзқарастар құндылықтары және құқық .

Бұл категорияны белгілі "Экономикс" кітабының авторлары Кэмбелл Р, Макконелл және Стенли Р. Брю анықтамасы бойынша "Инвестиция дегеніміз - өндіріске жұмсалған шығын, өндіріске қор жинау және материалдық қорды ұлғайту" , яғни шын мәнінде өндірістің барлық шығыны мен қор бөлігі.

Шетелдік инвестиция түсінігі туралы бірегей пікірдің болмағандығын ескере отырып инвестициялық қарым-қатынаста әр түрлі жақтар өзара келісімдерге қол қойып бекіту кезінде әуелі инвестицияға не жататыны туралы анықтап алады.

Іс-жүзінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде материалдық-инвестициялық және басқа да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда, кәсіпкерлік және басқа құралдар мен қызмет түрлері жатады.

Біздің ойымызша инвестицияны анықтауда тек оның мәнінің сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оның бағытының мақсатын да қарастыру керек.

Сонымен, мыналар иинвестицияға жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа бағалы қағаздар, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер (технологиялар, машиналар, соның ішінде тауар белгілері, пайдалануға, табиғат байлықтарына, бағалы ой еңбегіне, авторлық құқыққа және т.б.).

Бөлінген инвестициялар және оның іс-жүзіндегі оны игерудегі қызметтер жиынтығы инвестициялық қызметті білдіреді. Инвестициялық қызметтің субъектілері болып белгілі қабілеті бар адам мен заңдьг тұлғалар соның ішінде шетелдік азаматтар да, мемлекет және халықаралық ұйымдар саналады. Инвестициялық қызметке қатысушылар болып, инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмыс пайдаланушылар, инвестициялық қызмет объектілерін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, банктік сақтандыру және делдалдық мекемелер, инвестициялық биржалар және инвестициялық процеске басқа қатысушылар жатады.

Инвестициялық қызметтерде маңызды орынды иивестор алады. Инвестор бұл өзінің ақша қаржысын немесе мүліктік және ой еңбегіндегі құндылықтарды инвестициялық жобаға және оны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлга. Инвестор болып:


  1. мемлекеттік және белгілі аумақтық мүліктерге немесе мүліктік құққықа ие мекемелер;

  2. азаматтар ,соның ішінде шетелдік тұлғалар;

  3. кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік заңды тұлға, мемлекет және халықаралық ұйымдар.

Инвестициялық процестің екінші қатысушысы болып тапсырыс беруші есептеледі. Тапсырыс беруші болып инвесторлар және инвестициялық жобаны жүзеге асыруға инвесторлармен куәландырылған рұқсат берген кез келген заңды және қабілетті тұлға бола алады.Бұл жағдайда тапсырыс беруші егер басқадай мәселелер олар арасында шартты қаралмаса, инвестшщялық жобаның басқа кәсіпкерлік және басқа қатысушылар ісіне араласуына болмайды.

Егер тапсырыс беруші инвестор болмаса инвестиция мен мүліктерді иемдену, пайдалану, басқару үлесі құқығын шартта көрсетілген кезең күші бар заң көлемінде бөлісіп қолданады.

Инвестициялық процеске үшінші қатысушылар - бұлар инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар. Олар инвестиция қызмет объектілерін пайдаланушы инвесторлармен қатар басқа да жеке заңды тұлғ-алар, мемлекеттік және жергілікгі мекемелер, піетелдік мемлскет, халықаралык, үйымдар болады /3/.

Инвеситициялық кызметтің субъектілері (адамдар немесе әлеуметтік топ) инвестициялық қызметке қатысушылардың екі немесе одан да көп қызметтерін үйлестіріп атқаруға құқы бар». Инвестициялық кызметтің объектілері мыналар:

Барлық салалар мен халық шаруашылығы көлеміндегі жаңадан және жетілдірілген негізгі қорлар мен айналмалы қаржылар, бағалы қағаздар, максатты ақша салыныстары, ғылыми-техникалық өнімдер, меншіктің басқа объектілері; сонымен қатар мүліктік құқық пен интеллектуалды меншік құқығы, яғни заңмен тыйым салымбаған (рұқсат берілген) қызметтің барлық түрі есептелінеді.

Біздің оиымызша, иниестициялық қызмет мынадай негізгі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы кажет.Өмірде колданылып жатқан заңға қайшы қелмейтін инвестициялық қызметке заңды тұлғалар мен азаматтар, қоғамдық ұйымдардың басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі жасап араласпауы қажет;



  1. инвестициялаудың өз еркімен болуы;

  2. меншік және кызмет түрлеріне қарамастан;

  3. инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;

  4. инвестицияның қорғалуы;

  5. инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін тандауға;

  6. инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы азаматтар мүддесі мен құқығын бұзбай сақтау.

Инвестициялық қызмет ашық бағытта каржылық сипат алуы мүмкін. Бұндай жағдайда қаржылық инвестиция акцияға, облигацияға және баска қүнды кағаздармен қатар банктік депозиттерге (сақтауға салынған ақша қоры) салынған түрінде жүзеге асырылады.

Инвестициялық қызмег инвесторлар арқылы жүзеге асады. Инвестор объектілерін, бағыттарын, инвестицияның көлемі (мөлшері) мен тиімділігін өз еркімен анықтайды. Сонымен қатар инвеспщияны жүзеге асыруда өзіне қажетті, қабілетті, заңды тұлғаларды шартты немесе кебінесе конкурсты (жарыстырып таңдау) әдіспен қызметке алуға құқығы бар. Инвестор өзінің инвестицияға өкілдігі мен оның нәтижесін шарт арқылы жеке заңды тұлғаға және де мемлекеттік және жергілікті мекемелерге заңда белгіленген тәртіп бойынша бере алады.

Инвестор инвестиция объектілерін және нәтижесін иемденуге, пайдалануға және баскаруға құқығы бар. Сонымен қатар сауда қызметтерін жүргізуге, әртүрлі кәсіпорындарға қайта және қосымша капитал салуға, бағалы қағаздар және капитал қосудың басқа түрлеріне, яғни Қазакстан Республикасы территориясында алынған табысқа құқығы бар.

Егер инвестор инвестициялық объектілерін пайдаланушы болмаса, ол оның мақсатты пайдалануына және пайдаланушыға қолданылып жүрген заң мен келісілген шартта көрсетілгендей бақылау жасауына құқығы бар.

Инвестициялық қызмет субъектілері арасындағы қатынас олардың өздері арасындағы жасалған шарт бойынша анықталады. Шарт инвестициялық қызметтегі субъектілер арасындағы өндірістік-шаруашылық және басқа қызметтерді реттейтін ең басты құжат болып саналады.Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің араласуына жол берілмейді.

ІІІарт өзінің қызметін иннестициялық қызметтің бүкіл мерзімінде сақтайды (күшін жоймайды). Егер шартты жасасып болғаннан кейін серіктестер жағдайын нашарлататын заң тәртібінде өзгерістер пайда болған жағдайда шартты өзгертуге болады.

Инвестициялык климат дегеніміз - инвестордың тиімді қапитал салуға жұмсау саясаты, экономиканы, мәдениетті барлық жағдай мен шараларды есепке алу. Басқаша айтқанда инвестициялық климаттың анықтамасы - инвестицияны бөлуге жайлы жағдай жасайтын, капиталды сыртқа шығаратын, елдердің экономикалық, саяси, табиғи ресурстың және арнаулы іс-әрекеттерінің жиынтығын білдіреді. Біраз біздің пікірімізше бұндай анықтама әлі толық емес.

Көптеген шетелдік және жергілікті экономистер инвестициялық климат және сырткы факторлар (халықаралық қоршаған ортаның қозғаушы күші) түсінігіне, геосаяси орналасу орынын, басқа ұлттық рыноктарға жақындығын да қосады.

Еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келтіреді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесс елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады.Бұл көрсеткіштер инвесторлардың тәуекел мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартудағы тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын, күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климат жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материаддық келбетін (көлемін) білдіреді.

Инвестициялық тәуекелді өлшеудің әр түрлі жолдары (әдістері) бар. Себебі әр түрлі инвесторлар инвестициялау жағдайына, оның маңыздылығын бағалауға әр түрлі бағыттарды қолданады /14/. Шетелдік экономикалық әдебиеттерде ең басты себептерді және шетелдік инвестициялау жағдайын анықтауға бірсыпыра талпыныстар жасалды.Бұл мақсатпен социологиялық зерттеулер дс көптеп жүргізілді.

Инвестиция климатын бағалау мегамаркетингпен байланысты. Оны ұлттық рыноктар ұлғайған сайын салыстырмалы түрде тартымдылығын бағалау қажет.

Тауарды өткізу мен шетке шығаруды, яғни капиталды сыртқа шығарудан гөрі жиі алдын алатынын ескеріп, халықаралық маркетингтік талдауды ипвестициялық климатты талдаудың құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Күрделі қаржыны салудың табиғатында, сауда қызметтеріне карағанда иннестициялық климат ұзақ мерзімдік симатта болады. Инвестордың күрделі қаржыны салып, одан әрі міндеттемеден бас тартып, тез арада кысқа мерзімдік іс-әрекетгерге күшуіне мүмкіндік жоқ. Сондықтан инвестициялық климатты талдау өте тыңғылықты жән мұқият қарауды қажет етеді.

Инветициялық климатты жан-жақты және соған сәйкес микро және макролық кіші және ауқымды дәрежеде қарастыру керек.

Инвестициялық климат кіші дәрежеде нақты шетелдік инвестор мен рыноктық шаруашылықтық тұлғаның, соның ішінде мемлекеттік мекеменің екі жақты қатынасы арқылы көрінеді (бағаланады) елдегі нақты экономикалық және әлеумеітік-саяси жағдайды бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Макродәреже мен микродәреже арасында су айрылысы сияқты қатты бөлініс жоқ. Олардың жиынтығында капитал салып жұмсауда жақсы ыңғайлы жағдай жасау үшін, оның басқару мекемелерінің елдегі біріккен саясаты ретінде үғынуға болады.

Инвестициялық климаттық экономикалық ортадағы алатын орынына біріншіден экономиканың жалпы жағдайы (көтерілуі, құлдырауы, тоқырауы) қаржы жүйесі, валюта-несиелік реттеу, қолданылып жаткан кедендік және салықтық жүйелер әсер етеді.

Қаржы механизмінің жағдайы несиелік-рейтингтің (бағалау, топқа, дәрежеге немесе категорияға жатқызу) және оның банктерінің көрсеткіштерін білдіреді. Рейтинг қаржы рыногының даму дәрежесіжәне тереңдігін көрсетеді, тәуелділік жағдайды білдіреді және соған сәйкес халықаралык, капитал рьшогынан қаржылар тартуға әсерін тигізеді. Елдің рейтингісі неғұрлым жоғары болган сайын жалпы инізестициилық тәуекелдік төмен (жайлы, ыңғайлы) болады. Бұндай рейтинг үш А-бұдан тұратын (Стандарт энд Цур жіктеуі бойынша) бұрынғы КСРО-ның ұлттық банкісінде болды.

Атап-айтпай өтпеске болмайды, бүгінде шетелдік компания (ТНК) өзінің салалық өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелде кызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайы ғана емес, экономикадағы құрылымдық езгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.

Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себептер -ол ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады.

Қазақстанда дамыған рыноктық инфрақұрылымы әлі қалыптасқан жоқ, соның әсерінен күрделі қаржыны кәсіпкерлікке тарту кең таралмағандықтан және жаңа технологияны игеруде баяу жүріп жатыр.

Иифрақұрылым "физикалық" (заттай) объектілер ғана смсс, сонымен катар инвестицияны қайтару дәрежесін арттыруға қажетті "материалдық емес" бөліктерден де тұрады. Оған: жаңа технология, рынок және бәсекенің даму бағыты туралы хабарламалардың қозғалыс жүйесі; техникалық қолдау және түсініктеме беру жүйесі; жұмыс күшін дайындау бағдарламалары. Олар рыноктық инфрақұрылым "материалдық емес" бөлігі капиталды (күрделі қаржыны) реттеудің басқару-ұйымдастырушылық жүйесін жетілдіруге өте маңызды орын алады /12/.

Бизнес-климаты бағалауға өндіріс шығыны көлеміне (мөлшеріне, құнына) және жұмыс күші сапасына әсер ететін әлеуметтік жағдай тәртібі, себептері маңызды әсер етеді.

Жұмыс күшінің құны жоғарғы дәрежедегі мамандығына қарамастан төмен болуы капиталдың органикалық құрылымын төмендетеді, сөйтіп пайда нормасын көтереді.

Инвестициялық климаттық әлеуметтік жағы қоғамның идеологиялық бірлігі дәрежесіне, жалпы алғанда жиі көрінетін қоғамдық сана қатынасының жеке меншіктік сипатын береді.

Мемлекеттік саясаттың шетелдік капитал салуына, халықаралық келісімдердің дәстүрін сақтауға, елдің қауіпсіздігін сақтауға жетекші рөль атқаруға тиіс.

Инвестициялық климат бүкіл күрделі қаржыны қабылдау жүйесін жетілдірудің методологиялық кілті. Ол институттық құрылыммен бекітілген және комплексті (жинақталған) шара жүйесі деп анықтама беруге болады. Күрделі қаржыны қабылдау жүйесі және инвеспщиялық климат өзара өте тығыз байланысты. Күрделі қаржыны қабылдау жүйесі инвестициялық климаттың құрамдас бөлігі болып есептеледі. Сонымен қатар оның жеке өз бетінше атқаратын (әсер ететін) орыны бар, себебі инвестициялық климатгың қайта қалыптасуына кері әсер етсді.

Барлық елдерде күрделі қаржыны қабылдау жүйесінің тиімді жолын іздестіруде ҚР-да соңғы кезге дейін ішкі жағдайдың әсерінен қалыптасқан, шетелдік инвесторлармен жұмысты және қабылдаудың үлгілі жүйесін жасауда айтарлықтай алға жылжу бар.

Қазақстандық күрделі қаржыны қабылдау жүйесі- шетелдік капиталды, инвесторларды әртүрлі жолмен қауіпсіздендіруді қамтамасыз етумен тездетіп көбірек тартуға тырысты да, оның мөлшері экономикалық тиімділік жағы ескерілмеді. Сайып келгенде күрделі қаржыны қабылдау жүйесі мекемелерінің іс-әрекеттері қолайсыз жағдайларға соқтырды. Одан басқа өкімет өзінің мемлекеттік мүлікті сыртқа баскаруға беру келісімін басқада шешімдерін бірнеше рет өзгертуіне мәжбүр болды.

ҚР шетелдік инвестицияны баскару институтынын қалыптасуы әлемдік рынокта капиталды сыртқа шығарушы елдер арасында кездесетін бәсекенің әсерінен жүріп жатыр. Соған қарамастан әлемде шетелдік инвестицияны тартудың басты аспаптарын(құралдарын) өзара үлестіреді.

Күрделі қаржыны қабылдау жүйесі үлгілі құрылымының негізі төмендегідей бөліктерден құралады: шетелдік күрделі қаржы салуды сенімді құқықтық қамсыздандыру; валюта-несиелік және қаржылық тетігі бар, рыноктық реттеу әдісі; кауіпсіздендіру және сақтандыру жүйесі; елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі; шетелдік алғашқы иниестицияларды жалпы ұлттық, алғаш ойлап табылған ынғайлы жүйемен камтамасыз ету.

Инвестициялық климат- бұл рыноктық реформаның жетілген белгісі, дүние жүзілік бірлестіктің меншік құқығының орнықтылығына сенімі, бұл елдегі жалпы жағдайда сенімі деуге болады. Сонымен қатар ұлттық экономиканың дамуына шетелдік инвестицияны пайдалану бұл ел экономикасының дүние жүзілік шаруашылық жүйесін тез қалыптасуын қамтамасыз етеді /4/.

Республикада саятшылар мен экономистердің пікіріншс шетелдік күрделі қаржыны қатыстыру мен төмендегі проблемаларды шешуге мүмкіндік туады:


  1. сыртқа шығару мүмкіндігінің тиімділігін арттыру, оны шикізаттық сипатынан арылту;

  2. елдің сыртқа шығару қызметтерін күшейту және сыртқы рыноктағы өз орнын табу;

  3. сырттан әкелетін өнімдерді ауыстыратын өндірісті дамыту;

  4. өндірістің ғылыми-техникалық деңгейі, жаңа техника мен технология, басқару әдісін,өнім өткізу арқылы көтеру;

  5. дайын өнімді шығарудың технологиялық бөлігінің қалыптасуын бітіру, аяқтау;

  6. артта қалған және тоқырап ыдыраған аудандардың дамуына көмектесу;

  7. ұлттық экономикада жаңа жұмыс орынын жасау;

  8. қазіргі заманғы өндірістік және басқару тәжірибелерін, кадр мамандарды оқыту, дайындау;

  9. -қазақстанның экономикалық өз дербестігін қамтамасыз ету.

Осы айтылған мақсатты белгілерді барлық дамыған және дамушы елдер пайдаланады. Кейбір жағдайда каржы министрлігі немесе басқа мекемелер өзінің қалауы бойынша шетелдік үлес қосушыларға жоба жағдайына өзгеріс енгізу, оны бастауды кейінге қалдыру, кейбір жағдайда келісімді талдауды талап ете алады.

Экономистердің пікірінше, бизнеске тұрақты заң керек. Батыс кәсіпкерлерін салық жүйесі корқытпайды. Бірсыпыра батыс елдерінде салық өте жоғары, бірақ бизнесмендер соған қарамастан жұмьіс істеп жатыр. Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін, олардың күрделі қаржыларын әзірге сенімді қауіпсіздендіру мен сақтандыру жеткіліксіз. Қазақстан экономикасына күрделі қаржы сала отырып шетелдік инвесторлар тәуекелге бел байлайды.

Мемлекеттік баскару құрылымындағы кемістіктерден біріккен кәсіпорын құруда киындықтар кездесуде. Бұл жағдайда кез-келген өкімет аралық объект жобасы қайта-қайта әртүрлі министрліктерде келісім, тексеру шараларын өткізуге тура келеді.

Біріккен кәсіпорындардың ішінде, басқарудың төменгі деңгейіне байланысты әр түрлі бюрократтық кедергілер де бар.

Біріккен кәсіпорын қызметтері талдау көрсетіп отырғандай, сыртқа шығаратын өнімдердің көбісінің квонтированиялануы (салық көлеміндегі төлетіп алатын бөлігі) мен лицензиялау (кәсіпорынға куәлік) аркылы өнер табысын, техникалық жетістікті т.б пайдалануға (рұқсат беру) әзірге сыртқа шығаруға мүмкіндігі жоқ. Олардың ішкі мүмкіндіктері бар және оған өздерінің мақсаттары да бар. Бұған кедендік реттеуде де бірсыпыра қиындықтар бар. Сыртқа шығарудағы баж салығының жоғарғы денгейін қолданылуы да өнімді сыртқа шығаруға кедергі жасап тұр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мамандарының орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі жақында өз экономикасына шетелдік капитал енуіне есік ашқан трансұлттық корпорация ролін зерттеудегі пікірлеріне шетелдік капиталды қолданудағы негізгі кедергі нақты және тегіс қамти алатын ұлттық саясаттың болмауы немесе тура шетелдік инвестиция орналастыруға қатысы бар стратегияның (мақсатқа жету үшін басшылық ету өнерінің) болмауы.

Қазақстан Республика Президентінің “Қор жасау стратегиясы және рынокқа өту”еңбегінде “үкіметке алдымызда шетелдік инвестицияны тарту және пайдалануда, сырттан әкелінетін технологияны әкелгенде жәнс игеруде таңдаған стратегия мен ең алғаш ойлап табыландарды ескере отырып бағдарлама жасау керек. Мемлекеттік несие алуда бұндай бағдарлама шетелдік инвестицияны валютаның орынын толтыру жобасымен жан-жақты өлшенген және экономикалық жағынан тексеріліп анықталғанына мүмкіндік жасайды. Сыртқы қарызды қауіпті арттыруға жол бермеу керек, сонымен қатар мемлекеттің алтын және валюталық қорларын белгілі мақсат бағытында қалыптастыру керек" -деп көрсеткен. Әзірге бұндай жан-жақты бағдарлама енді іске асырылып жатыр / 5 /.

Шетелдік инвестицияның қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасау ұлттық және шетелдік инвестор кызметтерін біртіндеп үндестіріп үйлестіруге әсерін тигізуде. Республика әлемдік практикада "Ұлттық тәртіп" ретінде анықталған жағдайды жасауға тырысуда.Бұл түсінік шетелдік инвесторға, салық салу деңгейінде, несие берудегі жеңілдіктерге немесе валюта рыногында жәрдем беруді жеделдетуде. Алалап бөліп қарауға жол берілмейді.Бұл жағдай отандық кәсіпкерлерден кем болуы мүмкін емес.

Дегенмен де "ұлттық тәртіп" шетелдік және қазақстандық инвесторлардың қызмет жағдайларына толық тепе-тендік берді деп түсінуге болмайды. Қазіргі кезенде шетелдік инвесторлар өте тиімді ынғайлы жағдайда тұр. Тек экономикалық және саяси тұрақты елдерде ғана таза ұлттық тәртіп болады және шетелдік инвестицияға тиімді болады. Қазақстанда белгілі кезеңде шетелдік инвесторлар сеніммен пайдаланатын,тыңғылықты (ұласымды) экономикалық саясат қажет. Сол мерзім бітуіне сәйкес инвестициялаудың ішкі тәртібін нақты "ұлттық тәртіптің" негізі ретінде ұсынуға болады. Бүгінде Қазакстанда Россиядағы секілді екі міндет тұр. Отандық иннесторларға жеткілікті дәрежеде ыңғайлы тіртіп жасау және сыртқы инвесторлармен орын алған аралап қарап жою /19/.

Инвестиция достастықтың жан-жақты және кең қолданудың негізі болып отырған қайта қалыптастырумен қатар Казакстанның бай табиғи ресурстары болып саналады. ЮНЕСКО мамандарының пікірінше Қазақстан жері өте жүйелі түрде ақылмен пайдаланса 1 млрд адамды асырап бағуға мүмкіндік бар деп есептейді. Инвестициялық климатты ыңғайлы қалыптастыру барысында тек ішкі себептермен сыртқы себептерді де жағдайдың ұзақ мерзімдік өзгеріске жатады.

Қазақстан және экономикалық реформаның жолына түскен басқа мемлекеттер, көптеген дамушы елдер үшін бұндай болашақ құрылымдық қайта қалыптасу процесін қиындатып, сыртқы қарыздардан құтылудың аумағында жаңа қиындықтарды ұзартып, олардың шетелдік капиталды тарту мүмкіндігін шектейді. Бұның барлығы қорыта айтқанда жалпы экономикалық реформа процесін қиындатуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет