Экстракторлық аппараттар:
Экстракциялауды атқаруға арналған аппараттарды экстракторлар деп атайды. Химия өнеркәсіптерінде келесі негізгі экстракторлардың типтерін қолданады: араластырғышты-тұндырғыштық, бағаналы және центрдентепкіш.
Араластырғышты – тұндырғыштық экстракторларда , экстракциялаудың бір сатысын атқару үшін (яғни фазаларды араластру , сонан соң оларды бөлу) бір аппаратты, сонымен қатар екі аппаратта қолдана отырып процесті үздіксіз атқаруға болады.
Араластыру үшін жиі кең таралғаны , бұл араластырғышы бар, инжекторлық, диафрагмалық, түтікшелі араластырғышты , центрентепкіш сораптарды және кәдімгі вентильді қолданады(1-сурет).
1-сурет.Араластырғыш құрылғылары
а-инжеторлық араластырғыш; б- диафрагмалық араластырғыш;в-түтікшелік араластырғыш.
Бұл аппаратта дисперсиялық фаза жеңіл, сонымен қатар ауыр фаза , сонымен қатар экстракт немесе рафинат болуы мүмкін.
Іс-тәжірибеде араластырғышты –тұндырғыштың секцияларында массаберілу процесі тепе-теңдікке дейін жетпейді. Сондықтанда араластырғышты – тұндырғыштың элементтер сұлбасында алынған санды 5-25% көбейту қажет.
2-сурет. Араластырғышты-тұндырғыш экстрактор.
1,2-алғашқы ерітінді мен еріткішті беру құбырлары; 3-араластыру аймағы; 4-араластырғыш; 5-араластыру құбыры;6-циркуляциялық құбыр; 7- сипфон, 8- қабаттасу аймағы; 9- сақиналы кеңістік;10-құю патрубкасы.
2-суретте фазаларды араластыру мен бөлу бір мезгілде қолданылатын араластырғышты-тұндырғыш экстрактор сұлбасы келтірілген. Аппаратта әрекеттесуші сұйықтарда араластырғыш арқылы рециркуляциялауда қаматамасыз ететін циркуляциялық құбыр қарастырылған. Бағаналық экстракторлар бос (шашыратқышты) , тұтқалық, табақшалық , ағынды екпіндетуші бағаналар және роторлы-дискалыққа бөлінеді. Бұл типтегі экстракторлардың барлығында фазалық әрекеттесу беті бір сұйық фаза тамшысын екінші сұйық фазада дисперсиялауменен дамиды. Дисперсиялық фаза ауыр сұйық L , сонымен қатар жеңіл сұйық G фаза болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |