- Николай Иванович, сіз мені қуанттыңыз... (М.Иманжанов.«Менің махаббатым»).
- Құдай-ау, енді не істедім, Алтыбай-ау, айтсайшы.(К Жүністегі. «Құба белдер»).
Стильаралықтар сөйлемнің құрылымы бойынша көркем диалогтің мәтінінде үнсіздік кідірістермен жиі бөлінеді, оған және де ауызша сөздердің әсері де болады. Кідірістер сөйлем құрылымын бұзады, бірақ оны өзгертпейді. Кідірістердің функциялары әр алуан болуы мүмкін. Бұл әсіресе кейіпкердің ерекше ішкі жағдайының, оның қобалжуының дабылы болып табылады. Кідірістер ауызекі сөйлеуде адамның көтеріңкі көңіл-күйі, қобалжуы, эмоциялық жай-күйі кезінде жиі кездеседі.
Рас айтам... Әйелі бір түрлі...
Енді түсінесіз ғой...Солай емес пе?.. (С Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).
Кідіріс ойлаудың, сөздің қажетті айналымын, я болмаса қажет сөзді іздестірудің белгілерін көрсетеді.
Ой,ой...бү қайсың, - деп Тәжібай құлап түсті.
Абыржыма, біз...біз...(К Жүністегі. «Құба белдер»).
Кідірістің орын алуы ерекше жағдайларға байланысты. Кідіріс ой-пікірді білдірудің екі мағынасы түрінде де жиі қолданылады.
- ...он тоғыз жыл! Қолыңызда тұр ғой, Әз-аға! Бәрі өзіңіздің ғұзырыңызда. Күмәнім жоқ. Тек...сәл-пәл қобылжып тұрмын.Әлгі,ұлы халықтан таңдап тапқан жирен қатыны қорқам деп үйге алмай, содан, моргта, электр қуаты өшіп қалып...көрмейсіз бе қырсықты, айналасы екі күнде ішек қарны шіріп, бір аяғы тізеден төмен бұзыла бастаған...
(С Балғабаев. « Ең әдемі келіншек»).
Тек қана күрделі сөйлемге қатысты ерекше жаңалықтар кідірістің стилизаторлық функциясы болып табылады, егер күрделі сөйлем хатта көп нүктемен мүшеленетін болса, ол сөйлеудің иммитациясын тудырады.
«...Жоқтаймыз, сағынамыз... Тым ерте кеттің арамыздан... Совет өкіметінің бар қызығын көріп едің, егемен елдің бар шыжығын көре алмай, аттанып барасың. Уа, сұм ажал...» (С Балғабаев. «Ең әдемі келіншек»).
Бір сөз мәнмәтінде қолданылуына қарай әр қилы көңіл күйін білдіреді, мысалы, «кереметсің ғой» деген сөз бір мәнмәтінде кіжіну мағынасында жұмсалады. Ал, «Пах, шіркін, кереметсің ғой, өзің» - дегенде, сүйсіну, риза болу мағынасын беріп тұр.
Бұл эмоциялық реңктің мәнмәтін арқылы берілуі болса, эмоциялық реңк интонация арқылы да беріледі. Профессор В.А.Артемов: «сақ болыңыз» деген сөйлемді әр түрлі мазмұнда айтқанда, оның бірнеше түрлі интонацияға құбылғанын жазса, профессор А.Н.Гвоздев «интонация, жазғанда, кейде қалам маңайлай алмайтын, әсіресе, эмоциялық және экспрессивтілік сипаттағы реңктерді бере алады», - дейді [34, 20].
Стильаралық синтаксистік бірліктер ой-пікір білдірудің ерекше интонациясының әсерінен қосымша мағынаға ие бола отырып, трансформациялана алады. Қосымша интонацияның сипаты қоршаған мәнмәтіннен, я болмаса пьесаның барлық жағдайынан, белгісімен рәсімделмейтін жағдайда да кездеседі.
Ол сәл кідіріп, күрсініп қойды.
Өткен жолы өзім дәрігерге бардым, егер емделуге бармаса, оның сау бүйрегіне зақым келуі мүмкін.
Айғат, егер әкеңе осы жағдайды түсіндіріп айтсаң, ақшаны бермеуі мүмкін емес қой! (М.Айымбетов. «Нәзік жаңғырық»).
Ауызша сөйлеудің әсер ету бейнесі ретінде мағынасы жағынан оқушы мен көрермендерге түсінікті экспрессивті құрылым қолданылады.
- Құдай-ай, жақсылыққа жамандық, бұл не пәле, құдай-ай. Атасының зары құлағында ызың - ызың еткен бала жігіт Дүйсекеш тап мына қорлықтан өліп кетердей, қос бармағын шайнап, шашын жұлғылап, басын қабырғаға соққылады. Месқұл сол кеткеннен мол кетті. Ләмбекті сот төрт жылға кесті. (М.Айымбетов. «Нәзік жаңғырық»).
Соңғы репликаның мағынасы экспрессивті, ол лексикалық толықтауыш пен синтаксистік рәсімделуде тең мағынаға ие болмайды және де фразеологияландырылған белгілі бір мағынаға ие болуы мүмкін.
- Біздің үй аш отыр. Біраз ұн бермесеңіз бола қоймас.
Достарыңызбен бөлісу: |