Кіріспе І. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тәрбиесіндегі халық педагогикасының озық дәстүрлерін дәріптеудің теориялық негіздері



бет2/2
Дата30.06.2016
өлшемі294 Kb.
#168227
түріДиплом
1   2


Тәрбиелеу факторлары

Халық педагогикасының негізгі қағидалары



  • тәрбиенің халықтық сипаты;

  • табиғилығы;

  • еркін тәрбиелеу;

  • еңбекпен байланыстығы;

  • еңбек арқылы тәрбиелеу;

  • тәрбие ісін баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру;

  • ата-ананың, ұстаздың жеке басының үлгісін ескеру, өскен ортаның ықпалын, өнегесін пайдалана білу;

  • өмірмен байланыстыру;

  • қатаң талап қою, жеке басты құрметтеу;

  • баланың қажеттіліктерін дер кезінде байқап, дұрыс жолға салу.

Болашақ ұстаздарды сабақ оқыту барысында оқушылар арасында халықтық тәлім-тәрбие негіздерін насихаттауға және тәрбие сағаттарын ұйымдастыруға үйрету мақсатын көздейді.

Болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуде, - дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев, - оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда ғана біз рухы дамыған,Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.

Халықтың падагогиканы насихаттауда бастауыш мектептерде барлық мүмкіндік жасаған. Әрбір кабинеттің төрінен халқымыздың небір ғұламалары мен ел билеген хандары мен билерінің, батырлары мен шешендерінің, ақыл-жазушыларының суреті мен нақыл сөздерін тамашалай аламыз.

Ұлтымыздың тәлім тәрбиесін ұрпаққа жеткізу-әрбір ұстаздың алдына қояр негізгі талабы.

Шәкірттерге ұлттық негізде сапалы тәрбие мен білім беруге сіздердің, болашақ ұстаздар мүмкіндіктеріңіз бар. Тек ұстаған сара бағытымыздан ауытқымай, оны жаңарта, дамыта түскеніміз ләзім. Бүгінгі уақыт талабы ұстақ қауымынан осындай тың ізденіс пен башыл іскерлікті талап етеді.

Ұлттық сананың оянып, рухани дамудың жамдануы соңғы кездері жанжақты сипат алып келеді. Тілін ұмытып, діннен безген жас ұрпақты оң жолға бағыттаудың, оларға тәлім-тәрбие берудің қажеттілігін өмір өзі көрсетіп отыр.Ұлттың болашағын ойлаған қазақ зиялылары мен ұстаздар қауымы бастауыш сынып оқушыларына халқымыздың ежелден келе жатқан үлгі-өнегесі бойынша тәрбиелеу қажеттілігіне қатты назар аударуда.

Халық педагогикасы негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақ бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру. Салт әрбір ұлттың ұрпақ тәрбиесінен, мәдени жұмысы мен тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүние келуімен бірге өрбеп, дамып отырады, ал дәстүр сол салттың өмірде әлденеше рет қайталанып, жаңғырып, тіршіліктен ұзақ уақыт тұрақты орын алған түрі болып табылады. Ол ұлттың бүкіл болмысынан ойын сауығынан, әдет-ғұрпынан көрініс береді.

Салт-дәстүр, көбінесе, халықтың наным-сеніміне, дүниетанымына байланысты туып, қалыптасып , дамып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажетті түрлері жаңа мазмұнға ие болады.

Қазақтың халық педагогикасындағы тәрбиенің басты ұстанымы адамгершілік, имандылық, қайрымдылық болып саналған. Адамдарды бір-біріне қол ұшын беруі, үлкенді кішіің, әкені бланың, ағалы інінің сыйлауы, ата-ананы қадір тұту жақсы дамыған.

Сөз құдіретін қадір тұту, аталы сөзге тоқтау, өнерді жалғастыру дәстүрі де ежелгі қағида. Ол жөнінде халық ”Сөз тапқанға қолқа жоқ” дейді.

Бастауыш мектеп оқушыларын халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін оқып үйрену жолдары.

Халықтық педагогика дегеніміз бастауыш мектептің, ата-ананың, жұртшылықты, қоғамдық ұйымдардың басым біріктіретін ынтымақтастық педагогикасы екенін де мән бергеніміз жөн. Халықтық педагогиканы жүргізу үшін оны жете меңгеру, оқып үйренуіміз қажет.

Іс түйінің маман шешеді. Ал бүгінгі ата-ана да, тәрбиешілер халықтық педагогикаға жатсына қарайды, оның тәрбие тәсілік білмейді, білсе де қарая бастаған. Ендіше бастауыш сынып жетекшілерінің семинарларында, мұғалімдердің педагогикалық кеңестерінде ай сайын тәрбиешілерге, ұстаздарға, ата-аналарға халықтық педагогика тақырыбында мыналарды үйретуге болады.

Тәрбие жоспарының түзілуі мен құрылымын түрлендірін, халық педагогикасы барынша тереңдете ендіру, жаңа салалармен байыту; тәрбие сағаттарын өткізуде баспасөз материалын тиімді пайдалану.

Мектепте қыздар жиналысын ”Ана мектебін”, ұлдар жиналысын ”Әке мектебін” сынып және жас ерекшеліктеріне сай жетілдіру.

Кез келген пәнді оқытуда халық даналығын пайдалану, әсіресе қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында тереңдете оқыту.

Ана тілі сабақтарына салт-дәстүр сабақтарын ендіру. Дене тәрбиесі пәніне ұлттық ойын түрлерін батыл ендіру. Үйірме, факультативтік оқулар ұйымдастыру.

”Шешендік өнер”, ”Сөйлеу мәдениеті” пәнін сабақ кестесіне ендіру арқылы бұл істі ұлттық деңгейге көтеруге болады.

Осындай тәрбие түрлерін алға қоя отырып, сабақта, сабақтан тыс мынандай әдістер арқылы ұрпақты тәрбиелеуге болады.

А) Тәрбиелік маңызы зар сөздері бар мәтіндерді оқу.

Ә) Суретті қолдана отырып әңгімелеу.

Б) Тыйым сөздермен сабақтасқан мақал-мәтелдерді, тақпақтарды қолдану.

В) Ойын әдісі т.б.

Шығарманың түйіні мақал-мәтелдер болғандықтан, ата дәстүр сипатына ие болған тыйым сөздерді баланың жадында сақтауы үшін қолайлы тақпақ түрінде ұсынуға болады.

Мысалы, М.Әлімбаевтың бірнеше өлеңін келтірейік

1.Ұнамасын, ұнасын,

Бұзба құстың ұясын.
2. Құр беталды ермекке

Бос бесікті тербетпе.


Ана тілі сабағында мәтінді, өлеңді дауыстап оқығанда, негізінен, оның мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа білім берумен қатар балалардың эмоциялық сезімдерін, қызығуын тудыру керек. Шығарманың мазмұнын баяндау үстінде суреттерді қолдануға болады. Бұдан кейін жарыс түрінде ойындар өткізуге, әңгімелесу немесе пікір алысу әдістерін де қолдануға болады.

Ендігі біздің мақсатымыз – сн ғасырлар бойы жас ұрпағын тәрбиелеуге қалдырған ата-бабамыздың ұлағатты сөздері мен салтын, дәстүрлерін, тілін болашақ ұрпақтарға бұлжытпай жеткізу.



2.2. Қазақ халық педагогикасының элементтерін ана-тілі сабақтарында пайдалану және қалыттастыру

Қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік нңбектер жазуда өз ұлтының салт-санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде пайладану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

А.Байтұрсынов өзінің оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлерін ”Тіл туралы”, ”Әдебиет танытқыш”, ”Баяшы”, ”Тіл ашар , ”Әліпби”, ”Сауат ашқыш”, ”Оқу құрал” т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей іске асырып отырды. Ол осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің түрлері: ұлттық жазу жүйесі бойынша білім беру; ұлттық негізгі бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар; ұлттық мектепте керек заттар; мектеп ісін жандандыратын ұлтжанды мұғалімдер мен тәрбиешілер дайындау.

А.Байтұрсынов осы жүйенің барлық түрлерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

А.Баййтұрсынов өзінің ”Бастауыш мектеп” деген мақаласында қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылуы қажет деген мәселеге арнайы тоқтап, ол пәнді ”оқу, жазу, дін, ұлт тілі” ұлт тарихы, есеп, шаруа-пәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыстану болу керек” екендігін жақтылап көрсетеді. Ал, ”Қазақша оқу жайында” атты мақаласында бастауыш мектепте оқыту тілі туралы: ”Қазақ балаларын ана тілін де, төте жолмен, қолайлы құралдармен оқыту керек” деп кесіп айтты. Сол мақаласында ол туған халқының ғылым-білімге ұмтылуын, ә3 қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады. ”Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де сондай керек”, деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің сол кездегі хал-күйі жөнінде ”Әуелі ауыл мектебінен бастайық . Осы күнгі ауыл мектептерінде оқуға керекті құрал жоқ, оқыта білетін адамдар аз”, -екенін ерекше атап өтті.

М.Жұмабаевтың оқушыларға ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның ”Педагогика”, ”Бастауыш мектептегі ана тілі”, ”Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні”, ”Сауатты бол” атты еңбектерінде және поэтикалық шығармаларында баяндалған.

Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектерінде сол ой-пікірлері жалғасын табады. Мысалы, оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі жайлы. Жазылашақ оқу құралдары һәм мектебіміз атты мақаласында оқу құралдарының ұлттық ерекшеліктерін ескеріп, қазақ тілінде жазылуы, онда қазақ әдебиеті, таприхы, мәдениеті туралы мәселері болуы шарт деп ұсыныс жасайды. Ал, ”Сауатты бол” атты еңбегінде ересек адамдарды ұлттық сипатта сауаттандыру жолдары қарастырылады.

Мағжан Жұмабаевтың ”Педагогика” атты еңбегі – қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Ол мектеп мұғалімдері мен педагоггтік оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даярлау мақсатында жазылған дүние. Оқулықты ол ”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімділі”, деп, соған арналған. Сөз басына ”Тәрбие деген е?”, - дейді де, оған жауап бере келе, оны дене тәрбиесі ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп төртке бөлінеді. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны”,-дейді. ”Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындауын”- деп жазып, оларды ұлттық тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды.

Мағжан өзінің оқулығында тіл туралы ерекше тоқтап, оның тәрбиелік және саяси мәндерін былай көрсеткен: ”Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт-тілі болуы. Ұлттыың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Қазақ тілінде қазақтың сары домасы, біресе желсіз түнде шымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары домада үдере көшкен тұрмысы, асықпаймын, саспайтын сабырлы мінез бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн тұрып балаларының тіілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадірлі орын алмақшы. Келешектің осылай болуына иманымыз берік” – деп жазды ол.

Бастауыш сыныптарда ана тілін жаңа негізінде оқытудың басты жолы бүгінгі заман табабына сай оқулық құрастыру болып табылады. Бұрынғы оқулықтарда саясатқа баса көңіл бөлініп, ұлттық ерекшелігіміз, дәстүрлеріміз назардан тыс қалды. Ал бүгін жаңа бағдарлама бойынша жаңа әдіспен оқыту жолы көзделуде. Ол үшін оқулықтың мазмұнды да көркем, тартымды, бала ұғымына жеңіл, тәрбиелік мәні жоғары болуына баса көңіл аударуы қажет.

Бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне қарай оқулыққа жеңіл мәтіндерді енгізе отырып, тарихымыздан, дәстүріміз бен ұлттық мәдениетімізден хабар беретін материалдарды пайдаландық. Бұрынғы оқулықтағы деректер бүгінгі күннің талабына сәйкеспей, бала психологиясына кері әсер етері де анық. Сондықтан қазіргі оқулық мазмұны мүлдем жаңаша сипатта толықтыруға күш салды.

Оқулыққа халық ауыз әдебиетінен шешендік сөздерден, эпос, салт-дәстүрлері мен айтыстардан үзінділер берілді. Ана тілі оқулығы бүгінгі күн талабына сай әдебиетімізбен мәдениетіміздің бай мұралары жаңа оқулықтан көптеп орын алады.

Бастауыш сыныптарда оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударылды. Көркем шығармада сан алуан құбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз арқылы бейнеленеді.

”Өнер алды-қызыл тіл” дейтін халқымыз өз ұрпағын дүниеге шыр етіп келген күннен бастап құнарлы сөздің құндағына бөлеп, әсем әннің әуенімен әлдилеп өсіруді дәстүрге айналдырғаны белгілі. Талай ғасырлар бойы жасалған халықтың осындай асыл мұраларымен таныстырып, оның мөлдір бұлағынан сусындату мақсатымен оқулық алық ауыз әдебиеті үлгілерімен берілген шығармаларымен ашылып отыр. Ана тілі сабағында балаларды ”Сөз өнері” деген ғажайып әлемге саясаттары көркем сөздің шынайы үлгісі шешендік сөздерден басталады. Сондай-ақ оқулықта ана тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген. А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтың т.б. көркем ақын-жазушылардың туындылары жинақталған.

Жалпы алғанда, ”Ана-тіілін” оқу барысында балалар өздеріндей кішкентай балалардың және үлкен адамдардың ерлік істерімен, еңбек, еңбек жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне адал еңбек етуге, адамгершілікке, шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға тәрбиелейді. Туған еліміздің көркем де сұлу табиғаты жайлы, елін, жерін құрметтеп өсуге тәрбиелейді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қаратығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді.

”Ана тілі - ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді” деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи кезеңдердің көркем шығармаларындағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз”.

Қазақ халқының сан ғасырлардан бері тәрбие жөніндегі өнегелістері ми сөздері, тұрмысы, мәдениеті, өнері, өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына сіңірді. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

Халық педагогикасының құрамды бөліктері қазақтың ұлттық ойындары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауызша есебі т.б. ерте заманнан бастап, жас өскірімдердің ой-өрісін, зеректігін дамыту және тапқырлығы мен шешендігін анықтау үшін тәрбие құралы түрінде қолданып келеді.

Ұлттық ойындар: Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жас өспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды.

Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениетпен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың ”Қазақтың ұлттық ойындары” деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары, мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері жақсы баяндалған. Оларды оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.

Кітапта ұлт ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөлінген: ойын сауық, тұрмыс-салт ойындары, дене шынықтыру, спорт ойындары, оймен келетін ойындар.



  1. Ойын-сауық тұрмыс-салт ойындарының қырықтан астам түрлері бар. Олар: мысалы: ”Қалтырауық қамыр кемпір”, ”Ақ борам”, ”Күзем алу”, ”Жар-жар”, ”Қыз пәде”, ”Беташар”, ”Бастаңғы”, ”Сыйқырлы таяқ”, ”Белбеу тастау”, ”Мырыш-мырыш”, ”Есімде”, ”Балпаш тап”, ”Алтыбақан”, ”Тұзақ құру”, ”Айтыс ойыны”, ”сақина тастау ”т.б.

Ұлт ойындарының бұл тобына халқымыздың өмірінде, тұрмысында қалыптасқан өнер мен білім, еңбектің түрлері, жастьар арасындағы ойын-сауықтар, халықтың мақал-мәтелдері, ұрпақтың негізгі жайттар жан-жақты түсінуіне көмектеседі.

2. Дене шынықтыру спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алады. Олардың саны жүзден астам. Сондықтан, ол ойынардың халық жиі қолданып келген бірнеше түрлерін атап кетуге болады: ”Ақ серек, көк серек”, ”Айгөлек”, ”Соқыр теке”, ”Жаяу жарыс”, ”Әуе таяқ” , ”Қап киіп жарысу”, ”Таспа доп”, ”Қарғымақ”, ”доп тебу”, ”Көген тартыс”, ”Бүркіт”, ”қазан доп”, ”Ақ сүйек”, ”Жаяу көкпар”, ”Орда”, ”Тартыс”, ”Қазша күрес” ”Арқан тартыс”, ”Аударыспақ”, ”Жорға жарыс”, ”Қыз қуу”, ”Теңге алу”, ”Жігіт қуу”, ”Ат үстіндегі тартыс, ”Кім жылдам”, ”Жасырынбақ” т.б.

Бұл топтағы ұлттық ойындардың дене шынықтыру тәрбие саласында маңызы өте зор. Ұлт ойындарының түрлі жастарды батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, қайраттылыққа еңбектенуге ұжымдық іс-әрекетіне шығармашылық ынтымақтастыққа бағдарлай білуге тәрбиелейді, олардың қабілетті жетілдіреді. Мысалы: ”Ақ сүйек” ойыны жастарды қараңғыда (түнде) бағдарлап білуге, шамамен қашықтықта айыра білуге, жылдам жүгіруге, тез табынуға үйретеді. Ал, ”Қазан доп” ойыны ұрпақты ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа баулиды, денсаулықтарын жақсартады, табиғи қозғалыстың әр түрлі қимыл әрекетіне жаттықтырады.

Спорттық және таза ауада дене шынықтыру ойындарын тиімді етіп өткізу ұйымдастырушылардың, яғни, мұғалімдердің, тәрбиешілердің білімі деңгейіне, қабілетіне, шеберлігіне байланысты.



  1. Оймен келетін ойындар жастардың қисындық және математикалық ойындарының дамуына көмектеседі. Олардың ішінде өте күрделі ойындарға тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы жатады. Сонымен бірге, оймен келетін ойындардың басқа да көптеген түрлері бар. Мысалы: ”Неше емшек, неше өркеш? , ”Ойлағаныңды табамын”,”Қай қолымда”, ”Үш аманат”, ”Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді” және жұмбақтар арқылы орындалатын ойындар т.б.

Бұл ойындардың бәрінде ақыл-ой жетекшісі десек артық болмайды. Мұндай ойындардың жауабын үшін ойынға қатысушылар терең ойға салып, қисындылық, бірізділік принципіне сүйене отырып, шешуге болады.

Ана тілі сбағында халықтың ұлттық ойындарын қолданудың түрлі жолдары бар. Ойында сабақтың басында қолдану жаңа сабаққа немесе суроматын үй тапсырмасына оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді.

Егер ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл күйлерін сергіту, шаршағанын ұмыттырып ерік-жігерін дамыту.

Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Бастауыш сыныптарда ойынды оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында қолданып келеді.

Халықтық педагогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастары мен мінез-құлқының қырағылығы мен шапқырлығының қалыптасу құрамы деп те ерекше бағаланған. Ана тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата-мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құрамы болып табылады.

Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол самданған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтегін, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы.

Қазақ халқы өмірге дені сау шыныққан, әділетті, өнерлі елін, жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Халқымыздың ойындарға тек балаларды алаңдату, ойнату әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарының, мінез-құлқының, қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп те ерекше бағаланады.

Ұлттық ойындарды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады. Ана тілі сабағында ұлттық салт-дәстүр мазмұнды есеп ойындарды пайдалану оқушылардың тапқырлығын, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойғы салт-дәстүрін ата-мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады.


2.3. Сабақ жоспарының үлгілері

Қазақ халық әдебеті үлгілеріндегі бесік жыры, тұсау кесу жыры, төрт түлік жырлары, арнау-тілек өлеңдері, ойын өлеңдері, өтірік өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер мен ертегілер, аңыздар, батырлық ертегілер, батырлар жырынан үзінділер оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.



Бесік жыры

Адам баласы ең алғаш дүниеге келгенде, бесік жырымен тербеледі. Ата-анасы әу бастан баласының болашақта қандай азамат болғанын қалайтынын, сол үшін қаншалықты жауапкершілік артатынын, бар қалауы мен тілегін жалпы халықтың мақсат-мүддесі, арман-тілегімен ұштастырып жырға қосады. Бесік жырында балаға деген жылылық, мейірімділік қамқорлық сезімдері тұнып, жұмсақ жүрек, аялы алақан, тәтті сөздерімен уату, мәпелеу сезіледі.

Бесік жырын” оқытудың үлгі - сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: ”Бесік жыры”.

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімдік мақсаты: қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – бесік жырымен таныстыру. Бесік жырының мән-мағынасын түсіндіру. Тіл байлығын арттыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: бесік және оның жабдықтары туралы мағлұмат беру. Нәрестені бесікке бөлеу рәсімімен таныстыру.

  3. Тәрбиелік мақсаты: балаларда мейірімділік, қамқорлық, анаға деген құрмет сезімін ұялату, халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: қуыршақ, бесік оның жабдықтары (ойын түрінде), суретті альбом.

Сабақтың барысы: мұғалім қушылардан сәбиді үлкендер (әжесі, апасы) қалай жұбатқандарын көрген-естігендері, бесіктегі сәбиді тербеткен кезде не айтылатыны жайында сұрайды. Балалардың жауаптарын таңдағаннан кейін бесік жыры туралы түсінік береді: ”Бесік жыры” қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі анасы бесікте жатқан жас сәбиін тербете отырып, баласына жақсы тілектер айтады, әлемдегі ең асыл дүниелерге теңейді, үлкейгенде өнерлі, халқының қамын ойлайтын азамат болып өсуіне тілек білдіреді.

Бесікке бөлек рәсімін мұғалім өзі таныстыруына немесе қонаққа арнайы әжейді шақыруына болады.

Мұғалім: балалар, бүгін біз жас нәрестенің ұйықтайтын, демалатын оры бесікпен және оның жабдықтарымен танысамыз.

Ортаға бесік, оның жабдықтары, қуыршақ әкелінеді. әжей (немесе мұғалім) бесікке бөлеу рәсімін көрсете бастайды.



  • Айналайын балаларым, сендер де осындай нәресте болсансыңдар, сендерді де аналарың осы бесікке бөлеп, бесік жырын айтқан.

  • Енді сәбиді бесікке қалай бөлейтінін мұқият көріп, сезімді көңіл қойып тыңдаңдар. Жас нәрестені бесікке бөлеу – ата –Бабамыздың ежелден келе жатқан қасиетті дәстүрінің бірі. Шебер кісілердің жаңа туған сәбиге арнайы әсемдеп жасаған бесікті саудаласпастан алатын болған. Бесік тоғыз түрлі нәрсемен жабдықталған:

1. Қауыздау ұзын көрпешелі тарының кебегінен, не мақтаудан жасалған.

2. бас жастық

3. аяқ жастық

4. жамбас жастық (жан жастыќ екі дана)

5. тартпа екі дана (бірі көкірек, екіншісі тізе үстінен тұратындай етіп, бауын ала жіппен есіп жасаѓан)

6. бесікке үкі, тоғыз көз моншақ, күлге көмілген күлшетай апарған, үйінен пышақ алып нәрестенің жастығының астына қойған.

7. қызға шаңқобыздай үнді де өнерлі болсын деп шаңқобыз; ұлға мерген әрі ойыншыл, малды болсын деген ниетпен асық апарған

Нәрестені бесікке бөлемей тұрып та, бөлеген соң да адыраспан (әулие шөп) түтетіп, аластаған. Бесікті адыраспанмен аластағанда былай дейді.

Алас, алас баладан алас,

Иесі келді пәлесі көш!

Алас, алас бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас.


Сөздік жұмысын жүргізу.

Тоқты- қойдың алты айдын асқан төлі;

Қуырдақ- майға пісірілген ет;

Ұста- темірден неше түрлі бұйым жасайтын қол өнері бар адам;

Шешен- сөзге ағып тұрған шебер, тілге жүйрік адам.

«Бесік жырыныњ» әр шумағын (парта, қатары бойына) оқыту. Төмендегі сұрақтарды қоя отырып, мәтіннен тауып оқыту.



  • Бесік жырында анасы сәбиін қандай сөздер айтып жұбатады? (1-2 шумақта айтылған)

  • Сәбиім қандай бала болса екен дейді? (3 шумақ)

  • Бөпесін қандай жақсы нәрселерге теңейді? (4 шумақ)

  • Қане, енді өздерің сәбиге қандай тілек айтар едіңдер? (балаларға өз ойларын айтқызу)

  • Сендерді үлкендер еркелеткенде қандай сөздер айтушы еді?

Сергіту жаттығу ретінде мына өлеңді қимылмен келтіріп, хормен айтќызуға болады:

Әлди, әлди бөпешім

Әлпештейін көкешім,

Тербетейін жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой.
2-сабақ. Төрт түлік жырлары.
Ауыз әдебиетінде төрт түлікке маңызды орын берілген.

Төрт түлік туралы тақырыптарды әр түлікке арнап (жылқы, түйе, қой, сиыр, ешкі туралы) жеке-жеке сабақтарға бөліп оқытуға болады. Төрт түлік туралы жалпы мағлұмат беру мақсатында тақырыптық сабақтар өткізудің де пайдасы мол.



Сабаќтың тақырыбы: «Төрт түлік»

Сабаќтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім-бағымын түсіндіру. Ата кәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып, қазақ халқының табиғатқа, жан-жануарға деген қарым-қатынасының тәрбиелік жағына назар аудару.

Дамытушылық мақсаты: «төрт түлік» туралы өлең, жыр, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, ертегілер оқыту, танымын кеңейту, тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: еңбекқорлыққа, іскерлікке, шеберлілікке баулу.

Сабақтың көрнекілілігі: төрт түлік туралы жеке, сюжетті суреттер, қима қағаздар, ойыншықтар.

Сабақтың өту әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме әдісі.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:


- Ауыз әдебиеті төрт түлік туралы жұмбақтарға бай болып келеді. Балалар, төрт түлік туралы білетіндеріңді естеріңе түсіріп, жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Жұмбақтар.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Екі айнасы бар, екі найзасы бар. (Сиыр)

Қамыс құлақ.

Тостаған таяқ,

Мінсең қанат,

Сүті дәрі,

Еті тамақ (Жылқы)

Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Екі құлағы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)



  1. Мал төлдері туралы түсінік беру.

Оқушыларға мал төлдері бейнеленген суреттер немесе ойыншықтар таратылып берілді. Балалар мал төлдерінің атын атап, әр төлді суреттегі енесінің қасына апарып қояды. Өлеңді оқиды.

Мал төлдерінің аттары

Түйе төлі- бота,

Жылќы төлі- құлын,

Сиыр төлі- бұзау,

Қой төлі- қозы,

Ешкі төлі- лақ,- деп аталады.


  1. Малдың төлдеуі.

Мұғалім:

  • Әр түліктің төлдеуіне байланысты айтылған сөздер болады, оған байланысты сөздерді дұрыс айтуымыз керек.

Малдың төлдеуі

Түйе боталайды

Жылқы құлындайды,

Сиыр бұзаулайды,

Қой қоздайды,

Ешкі лақтайды,-деп айтамыз.

Мұғалім:

-Балалар малдардың төлдеуін немен байланыстырып айттық?

Оқушылар:


  • Мал төлдерінің аттарымен байланысты айтамыз.

3. Малдың дыбыс шығаруы.

  • Әр малдың дыбыс шығаруын нақтылы сөзбен айтылады.

Малдың дыбыс шығаруы.

Түйе боздайды,

Жылқы кісінейді,

Сиыр мөңірейді,

Қой маңырайды,

Ешкі бақырады.

Мұғалім:


  • Балалар малды шақырудың да өзіндік ерекшелігі бар. Егер дұрыс шақырмасақ, мал келмей қалады. Қане, балалар, малды шақырып, жем-шөп, су берейік!

Мал шақыру.

Түйені- «күс-күс»,

Жылқыны- «қырау-қырау»,

Сиырды- «аухау-аухау»,

Қойды- «пұшайт-пұшайт»,

Ешкіні- «шөре-шөре»,- деп шақырады.

5. Мал атасы.

Мұғалім:


-Халық ұғымында әр түліктің өзінің пірі, иесі болған, олар мал басын қорғап, сақтап, көбеюіне септігін тигізді деп ұққан, мал атасын жаттап алыңдар.

Мал атасы

Жылқы иесі- Қамбар ата,

Түйе иесі- Ойсыл қара,

Сиыр иесі- Зеңгі баба,

Қой иесі- Шопан ата,

Ешкі иесі- Сексек ата, деп атаған.

6. Түлік сыры

Топпен жұмыс. Оқушыларға қима қағаздарға жазылған сөйлемдер тобы таратылып беріледі. Топтағы оқушылар сөйлемдерде талдап, оның қай түлікке тән айтылғанын табады. Сөйтіп тақырыптық мәтін қарастырады.

Түйе.


Төрт түлік төресі-түйе. Оның еті-тамақ, шұбаты- сусын, жүні-киім. Түйе- таптырмас көлік. Ол шөлге өте төзімді келеді.

Жылқы.


Жылқы-ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз жануар. Жылқыда өт жоқ. Сондықтан ол күйіс қайтармайды. Жылқының жүйрігі, жорғасы болады.

Сиыр.


Сиыр-ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, кілегей, құрт, май, ірімшік жасалады.

Қой.


Қой-уақ малға жатады. Ол төрт түліктің ішіндегі момыны. Қойдың сүйікті шөптері изен, жусан, ажырық. Қойдың сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басылады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.

Ешкі


Ешкі уақ малға жатады. Оның мінезі жеңіл ұшқалақ.

Тастан тасқа секіріп тыным таппайды. Оның сүті, түбіті пайдалы. Ол ағаш қабығына өш.

7. Ауыз әдебиетінде 4 түлік туралы мақал-мәтелдер көп.

Мақал-мәтелдер

Түйе атасы-нар

Ат- адамның қанаты

Мал бақсаң,- сиыр бақ.

Сүт кетпейді шарадан.

Мал өсірсең-қой өсір

өнімі оның көл- көсір

Ешкілі қой өреген.

8. Тыйым сөздер

Қазақ халқы малды күтіп-бағу, сақтап псіру, жағына да көп көңіл бөлген. Малға байланысты тиым сөздер айтып, әдептілікке, мейірімділікке, аяушылыққа, сезімдеріне тәрбиелеген.

Мысалы: тыйым сөздер

Малды бастан ұрма

Малға теріс мінбе

Малды теппе,

Ақты төкпе,- деп ескерткен.

9. Қорытынды

Мұғалім:


-Ал балалар, төрт түлік туралы не біліп, не үйрендіңдер? Сендерге төрт түлік турасында не ұнады? Тағы да не білгілерің келеді?

Қорытынды

Бастауыш мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүгінгі баланың бітімінен мінез-құлқына, қасиет сапасына бастау алуы мүмкін. Бала болашақтың адамы. Жаңадан қалыптасып келе жатқан ел азаматы.

Ал, бүгінгі бала дүниетанымымен өсіп жетілуі, дене бітімі мен көзқарасы, тіршілігімен, түсінігімен жылдан- жылға өзгеше, сонымен бірге олардың әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын өзіндік дара ерекшеліктері, мінез-құлықтары бар. Сондықтар тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар барлық жылы жүрек мейірбандылық пен балаларды қаз қалпында сүюге тиіспіз. Олардың ішінде ақылдысы да, жалқауы да, еркесі де, тілазары да болуы заңдылық.

Балалардың осы ерекшелігін түсіну арқылы баланы жан-тәнімен жақсы көре отырып, танып білуге олармен санасу, қамқарекетін, ісін, көңіл-күйін білу басты шарт.

Бала қоғамның барлық информация құралдарынан хабардар, оның ақыл-ойының даму дәрежесі, түсінуі адамдар өміріне, еңбегінен, техникадан қарым-қатынас ережелері мен мағлұматы бар. Әсіресе мектепке келгенге дейін-ақ балалардың көбі оқу, жазу, дұрыс сөйлеу, өзін-өзі ұстау ережелерін біліп келеді.

Бірақ, әлі де болса бүгінгі күнде балалар ата-баба дәстүрін, ұлттық әдет ғұрыпты, халқының тарихи мен рухани байлығын, ана тілін, дінін жете білмей отыр.

Сондықтан қазіргі қоғамның жаңарту жағдайы болашақ ұрпақты тәрбиелеуде тұтас педагогикалық процессінің барлық саласында халықтық педагогиканың озық идеялары мен тәжірибесін қолдануды талап етеді.

Бүгінгі мектеп оқушылары жоғары мәдениетті ой-өрісі кең, мамандығын еркін таңдай алатын білімді болумен қатар өз халқының, өз ұлтының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ата-баба мұрасын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрып, тарихы мен әдебиетін, өнерін, адамгершілік имандылықты дәріптейтін қарым-қатынас, мінез-құлық қасиеттерді бойына қалыптастырады.

Міне осындай шын мєніндегі асыл ќаситеттер болашаќ жас адамныњ бойында ќалыптастыру оќу-тєрбие ж±мысыныњ µзара дєйектілікпен ±штасып жататын алуан т‰рлі саласына тєуелді.

Соњѓы жылдары тєжірибеде айќындала бастаѓан ѓылыми-зерттеу ж±мыстары мен жалпы білім беретін тектептерде жєне жоѓары оќу орындарында дєст‰рлі ж±мыстар мен ќатар дєст‰рле емес ж±мыстар ж‰ргізіліп, жастар мен оќушылардыњ бос уаќыттарын мазм±нды , салалы, іздемпаздыќ пен жњалыќќа, іскерлікке, шыѓармашылыќќа баѓытталѓан іс-єрекеттерге халыќтыќ педагогиканыњ идеяларын пайдалану кµрініс таба бастады.

Батыр аѓамыз Бауыржан Момыш±лы айтќандай: «Єрбір ‰йде отбасы реликвиясыныњ борышы болѓан жµн. Б±рындары жасаѓан ерліктерді сыйламай, ќадірлемей т±рып, жања ерлікке шаќыру бекершілік». Сондыќтан жас ±рпаќта ата-баба дєст‰рі рухында тєрбиелей отырып, оларды адамгершілікке, инабаттылыќќа балыѓан абзал. Ол ‰шін єрбір отбасында ќалыптасќан т±рмыс-салт, дєст‰рі ж‰йелді тєртіптіњ болуы тиіс.

Отбасы тєрбиесі ж‰йесінде ауќымды мєселеніњ бірі балалрдыњ µзін µзі жеке т±лѓа ретінде танып- білуіне жєне µздерін µздері дамытуына басты назар аудару керек.

Тєжірибеде кµрсетілгендей психологиялыќ ќолайлы жаѓдай болѓан отбасында, балалардыњ д±рыс дами алатындыѓы белгілі. Ата-аналардыњ ењбек с‰йгіштігі, рухани адамгершілік мєдениеті, ата-аналыќ жауапкершілігі баланыњ жєне т±лѓа болып, ќалыптасуына оњ ыќпал жасайды.

Ата-аналардыњ ќазіргі кезењде ерекше кµњіл бµлетін рухани интеллектуалды ќызыѓушылыќтары оњ арнаѓа сала білуге ±мтылу.

Сонымен ±сынып отырѓан «бала тєрбиесіндегі халыќтыќ педагогика» атты єдістемелік ќ±алды ќазіргі баа тєрбиесініњ ењ к‰рделі проблемасы адамгершілік тєрбиесініњ педагогикалыќ-психологиялыќ негізі халыќтыќ м±рамен байланысты ќарастырѓан.

Мектеп тєжірибесі кезінде м±ѓалім тєрбиешімен бірігіп отырып жасаѓан «Адамгершілік кодексі» баѓдарламасын бала кезінде м±ѓалімдер, тєрбиешілер, ата-аналар пайдалануларына болады.




Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Айдаров Г. Орхон ескерткішінің тексті. Алматы, «Ғылым», 1990ж.

  2. Алтынсарин Ы. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы 1991ж.

  3. Адамбаев Б. Шешендік өнер 1967ж. Халық даналығы, 1976 Қазақтың шешендік өнері, 1983ж.

  4. Ақ сандық, көк сандық. Жинақ. Алматы. 1988ж.

  5. Инабат. Жинақ. «Рауан».1995

  6. Аймауытов Ж. Психология «Рауан». Алматы. 1995

  7. Ахметов Ш. Қазақ балаларының халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу 1966ж.

  8. Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер «Рауан» 1991

  9. Әбдіразақов Е. Адамгершілік, имандылық тәрбиесі, Шымкент,1994ж.

  10. Богославский В.В. Жалпы психология 1958ж.

  11. Базарбаев Ж. Нұсқабаев Ж., Даулетова Қ., Әбілдаұлы Ұ. Инабат-

  12. Власкин А.Г. Оқушының рухани әлемі, Ленинград 1991ж.

  13. Ѓабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті «Мектеп» 1974ж.

  14. Досмахамбетұлы Х. Аламан «Ана тілі» 1991ж.

  15. Жолдасбеков М. Асыл арналар Алматы «Жазушы» 1986ж.

  16. Жұмабаев М. Педагогика «Ана тілі» 1992ж.

  17. Жарықбаев Қ.Б., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие атауларының түсіндірме сөздігі, Алматы,1993ж

  18. Жалын әдептілік әлемі, 1982ж.

  19. Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тілінің тәрбиесі

  20. Жарықбаев Қ., Табылдиев Ә. Әдеп және жантану, Атамұра, 1994

  21. Игенбаева Б.К., Мен- адаммын.

  22. Құнанбаев А. Шығармалары Екі томдық «Жазушы», 1968ж.

  23. Қоянбаев Ж.Б.,Қоянбаев Р.М., Педагогика

  24. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ ағартушылары. Алматы РБК, 1993ж.

  25. Мұсырманов А. Тәрбие жұмысының модульдік технологиясының моделі, Алматы,2002ж.

  26. Мырзагелді К. Абзалдық әліппесі

  27. Мұханов С. Халық мұралары. Алматы «Қазақстан» 1994ж.

  28. Мусин, Бержанов К., Педагогика тарихы,1981ж.

  29. Попов Л.А., Этика Москва 1998ж.

  30. Психология, Алматы, 1970ж.

  31. Сухомлинский В.А. Балалыќ шақтағы жеке тұлғаның қалыптасуы.

  32. Табылдиев Ә. Тєрбие өрнектері А.,1989ж.

  33. Табылдиев Ә. Халық тағлымы А.,1992ж.

  34. Ушинский К.Д. Дидактика «Педагогика»,1983ж.

  35. Ұзақбаев С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері. Алматы, білім 1990ж.

  36. Шакузада Н., Ж.Ерғалиева, Әдептілік қағидалары, «өнер» 2000ж.

  37. Хасанов Б. Ана тілінің даму тарихының әлеуметтік мәні, Шаңырақ, «Ғылым» 1993ж.

  38. Қазақстан мектебі 2004ж. N6

  39. Қазақстан мектебі 2004ж. N4

  40. Қазақстан мектебі 2004ж. N7

  41. Қазақстан мектебі 1999ж. N3

  42. Қазақстан мектебі 2003ж. N5

  43. Бастауыш мектеп 1985 ж. N12

  44. Бастауыш мектеп 1990 ж. N12

  45. Бастауыш мектеп 1982 ж. N11

  46. Бастауыш мектеп 2004 ж. N1

  47. Бастауыш мектеп 2004 ж. N6

Тәрбие құралы 2004 ж. N3






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет