Кiрiспе I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi


экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуiне көмектесiп, ақша айналысы, несие, банктiк есептеулердi және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және жүзеге асыру



бет4/8
Дата25.02.2016
өлшемі310 Kb.
#20714
1   2   3   4   5   6   7   8

экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуiне көмектесiп, ақша айналысы, несие, банктiк есептеулердi және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттiк саясатты жасау және жүзеге асыру;

  • Ақша-несие және банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге кҚазақстанның экономикасының дамуы және оның дүниежүзiлiк өмектесу;

  • Банктiң және басқа несиелiк мекемелердiң қызметiн реттейтiн ережелердi жасау және орындалуына бақылау жасау негiзiнде банк несие берушiлердiң, салымшылардың мүдделерiн қорғау.

    Ұлттық банктiң жұмыстарының негiзгi бағыттары.

    • елдегi несиелiк ресурстарды және ақша айналысын басқару;

    • өзiне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсiмдi инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

    • халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру;

    • халық шаруашылығындағы несиелiк, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру ережелердi, әдiстемелiк инструкциялық нормативтiк актiлердi шығару (барлық банктерге мiндеттi) есеп жүргiзу және банктердiң есеп беруiн ұйымдастыру;

    • банк iсiн лицензиялау, ақша-несиелiк реттеудiң әдiстерiнiң формаларын талдау;

    • банк iсiн бақылау және қадағалау;

    • елдiң банк жүйесiнiң тәуелсiз балансын жасау;

    • ғылыми зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргiзу;

    • валюталық операцияларды жүргiзу ережелерiн және тәртiбiн жасау, бiркелкi валюталық саясатын жүргiзу және т.б.

    Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентiнiң құқы бар. ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзiмiн, тәртiбiн анықтау құқығы Қазақстан республикасының Президентiне жүктеледi.

    Ұлттық банк ҚР-сының валютасын шетел мемлекеттерiнiң ақша белгiлерiне айрбастау тәртiбiн белгiлейдi.



    II. тарау. Ақша реформаларын талдау.

    2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары

    және оның ерекшелiктерi.

    ҚР-дағы ақша айналымның өзiндiк тарихы бар. Ол бiрнеше стаылардан өтiп, бiрнеше реформаларды бастан кешiрдi. Соның алғашқысы ретiнде 1922-1924 жж. Ақша реформасын қарастырайық. Алдымен осы ақша реформасын жүргiзу қажеттiлiгiне тоқталайық. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. Ақша реформалары нәтижесiнде алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесi енгiзiлдi.



    Айналыста алтын, күмiс, мыс монеталар жүргiзiлдi. Негiзгi ақша белгiлерiне 92% алтынмен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк банктiң несиелiк билеттерi жатты. Ақша массасының басты бөлiгiн алтын монеталарға ауыстырылатын айналыс құралдары құрады, сондықтанда оларға деген халықтың сенiмi болды. 1917 ж. кезде уақытша ұкiмет 20 және 40 рубльдiк ақша белгiлерiн шығарды, олар шынының бетiне жабыстырылған этикеткаларға ұқсас, бұны халық арасында “кренки” деп атады. Несиелiк ақша мен ”кренкилерден” басқа уақытша ұкiмет сурогаттардың әртүрiн енгiздi: мемлекеттiк қазынаның қысқа мерзiмдi мiндеттемесi, заим купондары. Мемлекеттiк шығыстарды жабу мақсатында ұкiмет iрi купюра қағаз ақшаларды шығарды. ұсақ ақшалар ролiн чектер, бондар, маркалар және басқа да ақшалай сурогаттар атқарды. Ресейде ақша жүйесiнiң жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзiндiк ықпалы болды. Қазан революциясынан кейiн ақша айналысының жағдайы, бiршама нашарлай түстi. үш жыл iшiнде (1917-1920) айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге дейiн өсiп кеттi. Ақша 10 мың есеге құнсызданды. 1919 ж. алғаш рет кеңестiк мемлекеттiк билеттер, кейiннен РСФСР-дiң есеп айырысу белгiлерi айналысқа шығарылды. Түркiстанда, Солтүстiк Кавказда, Кавказда, Қиыр Шығыста және басқа жерлерде жергiлiктi ақша белгiлерiн шығаруға рұқсат берiлдi. Ақша массасы сан алуан түрлi болды. Жергiлiктi ақша белгiлерi Жетiсуда, Верный қаласында (Алматы) шығарылды. Жетiсулық несиелiк билеттер Мемлекеттiк банкте апиынмен сақталған және Жетiсу облысының барлық байлығымен қамтамасыз етiлдi. Бұл туралы несиелiк билеттiң бет жағында көрсетiлген жазу куәландырылады. Дұниежұзiлiк тәжiрибеде мұндай жағдайлар болған емес. Жергiлiктi билiк органдарының иелiгiнде мұндай бағалы дәрiлiк шикiзаттың 275 пуды болды, олар елдiң байлығы болып саналды. Бiрақ бұлар қаржылық жағдайды нығайта алмады. ”Верненск рублi” күн сайын құнсыздана бастады. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер, шетелдiк және ақ гвардия “үкiметi” өздерiнiң ақшаларын басып шығарды. Олардың бағамдары әртүрлi болды және олар тезiрек құнсызданды. Ақшаның қатты құнсыздануының нәтижесi: шаруашылық қатынастардың натуралануы мен ақшаның айналыстап шығарылуы болып табылды. 1920 ж. соңынан бастап “еңбек поягын” ақысыз беру басталды. Келесi жылдарда пәтер ақы мен коммуналдық қызметер үшiн төлем алынып тасталды. Оқушыларға тегiн киiм берiлдi. Базалардың өзiнде, азық-түлiктермен алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент (мысалы етiк жұбы 30 фунт крупаға, немесе 1 пуд қара ұнға, немесе 3 фунт махоркаға және т.б.) түрiнде жүзеге асырылды. 1921 ж. наурызда болғанРКП (б)-ның Х съезiнде жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) қабылданды. Шаруалар өнiм салықтарын мемлекетке төгеннен кейiн, артық өнiмдерiн базарға сатуға мүмкiндiк туды. Қала мен ауыл арасында нарықтық қатынас дами бастады. Жеке меншiк капиталдық саудаға және ұсақ өнеркәсiпке араласуына жол берiлдi. Бiртiндеп еңбекақыны ақшамен төлеу қалпына келтiрiлдi. Егер 1921 ж. көктемiнде ақшалай еңбек ақыны төлеу тек 10% құраса, онда 1923 ж. бiрiншi тоқсанында, ол 80%-дан астамын құрады. Бұл ақша реформасының арқасында ғана мүмкiн болды. 1921 ж. қазанда Ресей кеңестiк Федеративтiк Социалистiк Республикасында Мемлекеттiк банк ұйымдастырылып, ол елдiң басты эмиссиялық орталғы ақша реформасын жүргiзуге дайындық жасау болды. Ақша реформасын өткiзудiң экономикалық алғы шарттарына жЭС жүргiзудiң нәтижесiнде шаруашылық жағдайдың бiршама жақсаруы: әртұрлi өнеркәсiп салаларындағы өнiмдер көлемiнiң өсуi, еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, ауыл шаруашылығының басты өнiмдерiнiң өсуi (бидай, мақта) тауар айналымының артуы жатады. Тауар шаруашылығындағы ақша айналысының бiрқалыпты болуының екiншi бiр алғы шарты-бұл ақшаның алтынмен қамтамасыз етiлуi. 1.01.1922 жылдан 1.01.1923 жылдар аралығында Мемлекеттiк банктiң алтын валюта резервi 6,7 млн-нан 31 млн рубльге дейiн өстi. 1922 ж. сәуiрде бағалы металдарда және тастарды еркiн түрде иеленуге рұқсат бердi, оған дейiн халық оларды мемлекетке тапсыруға мiндеттi болатын. Бағалы металдан жасалынған монеталар мен шетел валюталары сатып алу мен сатуда Мемлекеттiк банктiң өзi ғана жүргiзуге монополиялық құқығы болды. Ақша айналысын қалыпқа келтiрудiң басты бiр қадамына 1922 ж. мемлекеттiк ақша белгiлерiн шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұрынғы шығарылған 10 мың рубльге теңестi. Ақашаларды қайта есептеу олардың төрт көлiк сызып тастау (деноминазациялау әдiсi) арқылы жүрiзiлдi. 1922 ж. 1 мамырынан бастап, барлық есептесулер жаңа ақшалармен жұзеге асты. Айналыстағы ескi ақша белгiлерiн 1923 ж. 1 қаңтарына дейiн кассаларда қабылдады. Екiншi рет деноминациялау барысында 1923 жылғы үлкендiгi 1 рубль 1922 жылы 100 рубльге немесе бұрынғы кеңестiк ақша белгiлерiнiң бiр миллионына теңестi. Деноминациялар ақшаны есепке алуды, оңайлатты ақша айналысын бiрқалыпқа келтiру жөнiндегi ұмтылысты куәландырды. Әйтседе рубльдi тұрақтандыру мүмкiн болмады. Мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығы жағдайында жаңа ақшалар үстi-үстiне шығарыла бергендiктен де, олар тезiрек құнсыздануға ұшырады.

    Аталған ақша реформасы екi кезеңде жүргiзiлдi. 1922 ж. 25 шiлде және 11 қазанда Кеңхалком декретiмен Мембанкке 1,2,3,5,10,25, және 50 червонец тұрғысындағы банктiк билеттердi шығару туралы құқық берiлдi. Бұл червонец соғысқа дейiнгi алтын монетадағы (7,74234 алтын 10 рубльге теңестi). Мембанк червонецтердi кәсiпорындарды вексельдiк және тауармен қамтамасыз етiлген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттiлiгiмен байланысты червонецтердi шығаруға мүмкiндiк бердi.

    Червонецтердi эмиссиялардың несиелiк сипаты олардың қарызды өтеу барысында банкке қайтарылуына қызмет еттi. Вексельдер мен тауарлы-материалдық бағалылықтардан басқа да червонецтер эмиссия сомасынан 25% алтынмен және шетел валютасымен қамтамасыз етiлдi. Банктiк билеттер алтынға айырбасталмады, бiрақ банк червонецтердiң алтын рубльдегi бағамының сақталуын бақылап отырды. Кеңес мемлекетiнiң барлық тарихында червонец жалғыз ғана тұрақты валюта болып табылды.

    Сауда-саттықтың және банктiк несиелердiң ұлғаюына қарай червонецтерде айналыста қолданыла бастады. Олар айналыстағы барлық ақша массасының нақты құнының 1.04.1923 ж-15%, 1.07.1923-37% және барлық ақшалай есеп айырусылар, мемлекеттiң кiрiстерi мен шығыстары және басқа да төлемдер червонецтармен бейнеле бастады.

    Червонецтер iрi ақша болғандықтан да олар көбiне көтерме шаруашылық айналымына қызмет еттi. Кеңестiк ақша белгiлерi өздерiнiң ұсақ құндылығына қарамай, олар ұсақ бөлшек саудада және базар айналымында қызмет ете бердi. Шын мәнiсiнде, елде екi валюатның қосарлы айналысының жүйесi қалыптасты: мембанктiң несиелеу барысында шығарған червонецтерi және Халықаралық қаржы комитетiнiң бюджет тапшылығын жабы мақсатында шығарған кеңес ақшасының белгiлерi.

    Екi валютаның қосарлы айналысы-халық пен елдiң экономика жағадйына қатты әсер еттi. Жалақы червонец түрiнде есептелгенiмен кеңестiк ақшалық белгiлерiнде берiлдi. Шаруалар өздiрiнiң өнiмдерiн құнсыз кеңестiк ақша белгiлерiне сатқылары келмедi.

    1.05.24 жылы айналыстағы ақша массасы астрономиялық санға –762,3 квадрильон рубльге (квадрильон-бұл 15 нолi бар ақша бiрлiгi) жеттi. Бұл ақша массасының нақты құны (червонецтегi) 15,2 млн.рубльдi құрады.

    Кеңестiк ақша бiрлiктерiнiң құнсыздану қарқыны орташа және ұсақ купюрадағы ақшалардың жетiспеушiлiгiне әкелiп соқты. Сөйтiп, ұсақ ақшалар ретiнде әр тұрлi ақшалар, әсiресе тұрақты валюатларда бейнеленген сурогаттарды шығарды.

    Кеңестiк ақша бiрлiктерiнiң құнсыздануы шаруаларға үлкен зиян әкелдi. Червонецтер қаланың валютасы болды, iс жұзiнде олар ауылдарға жетпедi. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң тауарлығы төмендей бастады. Мұның бәрi ақша реформасын тезiрек аяқтауды талап еттi. Бұған деген өзiндiк экономикалық алғышарттары болды: бюджет тапшылығы 15%-ға дейiн қысқарды, өнiдiрiс пен тауар айналымының өсуi байқалды, алтын қоры ұлғайды (1.01.1923 ж. 10,9 млн. рубльден, 1.02.1924 ж. 153,6 млн.рубльге дейiн). Бiрақ алтын қорының сомасы Ресей патшылығы соғысының қарсаңындағы болған алтын қорына қатынасты алғанда 9%-ға жуығын құрады.

    5.02.24 ж. Орталық атқару комитетi (ОАК-ЦИК) және Халық Комиссарлар кеңесi (ХКК-СНК) декретiне байланысты ақша реформасы тоқтатылды. Айналысқа 1,3 және 5 рубльдегi қазыналық билеттер шығарылды, мұндағы 10 қазыналық рубльдiң құны 1 червонцке теңестi. Кеңес ақша белгiлерiн шығару тоқтатылды. Олардың қаржы Халық комиссариатының қорында болған қоры жойлды. 22.02.24ж. бастап 10,15,20 және 50 тиындық кұмiс монеталар және 1,2,3 және 5 тиындық күмiс монеталар шығарылды. 1924 ж. бастап айналыстағы ақаашның кеңестiк белгiлерiн нақты бағаммен сатып алу басталды, 1 рубльдiк қазыналық билет 50 мың рубльге теңестi. Қазыналық билеттердiң шығарылу шамасы айналыстағы червонецтер сомасының жартысынан аспауға тиiс болды.

    1888 ж. дүниеге келген Григорий Яковлевич Сокольников (Бриллиант) 1922-1924 жж. Ақша реформасын ұйымдастырушы және теоретигi, болды. 1921 ж. қараша айынан бастап, ол қаржы Халық Комиссариатын басқарған болатын. Оның жетекшiлiгiмен бөлiнген қаржы-несие жүйесi қалпына келтiрiлдi. Не бары 3 жыл iшiнде, 1924 жылың аяғында, мемлекеттiк бюджет тапшылықсыз болды. Бұл кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиясын қысқартып, тұрақты червонецтерге өтуге мүмкiндiк жасады. Ол 1922 ж. басынан бастап валютаның тұрақтылығы елдiң экономикалық өрелеуiнiң қажеттi шарты деп дәлелдедi. Осы уақыттарда көптеген шаруашылық иелерi, құнсыз кеңестiк ақша белгiлерiнiң эмиссиялануы-ұлттық табысты бiрiншi кезектегi мемлекеттiк қажеттiлiкке қайта бөлудiң мұмкiн болар тәсiлi деп санады. Бұл көзқарасқа қарсы болған Г.Я.Сокольников, барлық тауарлық шаруашылықта ақша тек қана айналыс және төлем құралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемi және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екi қызметтi құнсыз кеңестiк ақша бiрлiктерi атқара алмайды. Қорлану құралы ретiндегi ақшаға деген қажеттiлiк алтынның, тұрақты валютаның келуiн талап етедi. Ол бюджеттiк эмиссиялауға негiзделген гиперинфляцияның барлық ақша жұйесiнiң құлдырауына әкелiп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сырты сауданың дамуы iшкi айналымдағы ақшалар мен дүниежүзiлiк нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететiндiктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркiн ауыстырылуын жақтаушы ретiнде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерiн жинақтау қажет деп санады.

    Алтын қорының үш ролi болды:



    • халықаралық есеп айырысуларды резервтiк қор ретiнде;

    • iшкi нарықта червонец бағамын реттеушi (мембанк алтынды шетел валютасымен бiрге iшкi нарықтан сатып алып отырды);

    • көзге көрiнбейтiн жағдайларға арналған сақтандыру резервi.

    Червонец тарихқа “алтын” деген атпен кiрдi, бұл жерде боның мазмұны патшалық он рубльдiң алтын мазмұнына сәйкес келуiнiң қатысы болғандықтан емес. Мембанк валюталық бағамды өзгерiссiз (1 червонец тең 1фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында ”еркiн нарықта” алтынды және шетел валютасын сатып және сатып алып отырды. Мемлекеттiң нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегiнде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкiндiк бердi.

    Сонымен қатар, червонецтер кеден баждарын төлеуге де қабылданды. Червонецке тұрақты бағамды валюта алу мұмкiндiгi, сондай-ақ червонецтегi бағалардың тұрақтылығының қамтамасыз етiлуi, оған деген ”сенiмдi” арттырып қоймай, боның пайдалану аясын кеңейте тұстi. 1.07.1923 ж. червонецтер елдегi ақша массасының 45%-ын құрады. Ең басты червонецтер тұрақты қорлану құралы болып табылды. Валюталық нарыққа алтынның және шетел валюталарының қатты құйылымы басталды.

    1922-1924 жж. Ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуi таңғажайып нәрсе баға бердi. Ақша айналысын реттеудi, ақша белгiлерiн эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесiмен қадам басуға мүмкiндiк жасады.

    1947 жылғы ақша реформасы Ұлы Отан соғысы елге-679 млрд. рубльге шығын әкелдi, оның iшiнде әскери шығындар 551,1млрд.рубльдi құрады (соғысқа дейiнгi бағамен есептегенде). Өндiрiс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын азайтты. Осы уақыт iшiнде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шығын жанұялыларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгiзiлдi. Халық арасында мемлекеттiк займдарға ерiктi түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерiктi жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтан барлығы 270 млрд. рубль немесе мемлекеттiк табыстардың 25,4% шамасында қаражаттар түстi. Бюджет тапшылығы эмиссиялау есебiнен жабылды. өндiрiс көлемiнiң қысқаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған (колхоз) нарықта бағаның көтерiлуiне әкелдi. Мемлекеттiк сауданың тұтыну заттарына соғысқа дейiнгi бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы қол жеткiздi. Рубльдiң сатып алу қабiлеттiлiгi төмендей бердi. Соғыстың зардаптарын жою үшiн экономика облысында рубльдiң тұрақтылығын және оның сатып алу қабiлеттiлiгiн көтеру қажет болды. өнеркәсiпте және ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiнiң ұлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттiк кiрiстердiң көбеюi ақша реформасын жүргiзуге (КСРО Кеңес министрлiгiмен БКП(б) ОК қаулысына сәйкес 1947 ж. 14 желтоқсанда “Ақша реформасын жүргiзу туралы және азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы” ) мүмкiндiк бердi. Айналысқа жаңа ақша бiрлiктерi 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюрлар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескi ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталынды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды. Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Халықтың жинақ кассаларындағы 3000 рубльге 10000 рубльге дейiн 3:2 жеңiлдiк арақатысымен, 10000 жоғары 2:1 арақатынаспен қайта бағаланды. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтiк кәсiпорындардың және несиелiк мекемелердiң шоттарындағы ақша қаражаты жеңiлдiк қатынаспен 5:4 есебiнде айырбасталды. Ақшаның айырбастлуы қысқа мерзiмде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пункттерiнде жүрдi. Бұрынырақ кезде шығарылған металдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала бердi. Желтоқсаннның бiрiншi жартысы үшiн жалақы бұрынғы мөлшерде жаңа ақшамен төлендi. Реформаның басты элементтерiнiң бiрi бұрынғы шығарылған мемлекеттiк займдарды (1947 ж. займнан басқасын) 1948 ж. бiртұтас 2%-дық займға конверсиялануы болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды. Ақша реформасын жүгiзуiмен қатар, барлық азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендедi.

    Еркiн мемлекеттiк сауданың ықпалымен колхоз нарықтарындағы бағалар төмендедi. 1948 ж. Бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өстi. 1947 ж. Ақша реформасы ақша жүйесiнiң түбiрiмен қайта құрылуын бiлдiрген жоқ. Оны жүргiзгеннен кейiн де, реформаға дейiнгi болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұның сәл айырмашылығы сол, Мемлекеттiк банктiң билеттерi червонец емес рубль түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегiнде бiрнеше рет төлем қабiлеттi бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдiктi сақтап қала алды.Бiрақ бұл елуiншi жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудiң ойланбаған саясатының әсерiнен бұзылды. Рубль бағамының жоғарылауы және оны 1950 жылы алтын базасына өткiзу 1947 ж. Ақша реформасын кейiн алғашқы жылдары экономиканың дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер және карточка жүйесiнiң алынып тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуiне, дүкегндерде азық-түлiктердiң көюеюiне жол бердi. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуi басталды. Әдетте ол, 1948 ж. көктемiмен 1954 ж. дейiн жүргiзiлдi. Бұл уақыт iшiнде азық-түлiк тауарларының бағасы 2,6 есе өнеркәсiп тауарларының бағасы 1,9 есеге төмендедi. Әйтсе де бағаның төмендеуi халықтың төлем қабiлетiнiң сұранысы, өндiрiстiң, әсiресе ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң мүмкiндiктерiнен асып түсуiне әкелдi. Айналыстағы ақша массасының өсуiн тежеу мақсатында хылқтың жүмыс жасайтын барлық категорияларының жалақыларынан “халық шаруашылығын қалпына келтiруге және дамытуға” арналған облигациялық займдарды төлеуге 10% ұсталып отырды.

    Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және боны алтын базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады. Оған дейiн рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы алтын базасында емес, қандай да бiр алтындық құрамы бар және алтынға айырбасталатын шетел валютасының базасында белгiленiп келдi. Бастапқы кездерi рубльдiң бағамын анықтау үшiн база ретiнде француз франкi қабылданған болатын, себебi Франция валютасының тұрақты алтындық құрамы болды, ал девальвацияланған болатын. Бiрақ 1936 ж. француз франкi де девальвацияланды, сөйтiп боның бағамы бiршама түсiп кеттi. 1937 ж. рубльдiң бағамын АҚШ долларының базында есептеу енгiзiлiп, 1 доллар=5 рубль 30 тиын болды. 1950 ж. 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын (баға масштабы) 0,222168 г таза алтынмен белгiледi. Осы бекiтiлген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша бұрынғы 5 рубль 30 тиыннның орнына-1 доллар (доллардың алтындық құрамы ол кезде 0,888671 г алтынды құрады) үшiн 4 рубль болып жаңа бағам белгiлендi. Ағылшын фунт стерлингiне қатысты алғанда-бұрынғы 14 рубль 84 тиынның орнына 11 рубль 20 тиын бекiтiлдi. Соған сәйкес басқа да шетел валюталарына қатысты бағам өзгердi. Шетел валюталарыныңғ алтындық құрамы немесе олардың бағамдарының кейiнгi өзгерiстерi болған жағдайларды КСРО Мембанкi өзiнiң түзетуiн енгiзуге тиiс болды. Шетел валютасына қатысты рубль бағамының жоғарлануының зор маңызы бар. Рубльдiң қатаң белгiленген алтындық құрамы оның халықаралық есеп айырысуларды пайдалануын кеңейттi. 1961 жылғы деноминация Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде (1950-1960 жж.) елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс, ұлттық табыс көлемi және т.б. шамадан тыс өстi. Экономикалық қызметтердiң көптеген көрсеткiштерi жұздеген миллиардтармен және триллиондармен бейнелендi. Осындай ұлкен сомалардағы шоттармен жұмыс жасау iс жүзiнде қаржы-банктiк және шаруашылық органдардың жұмысын қиындатып жiбердi. Баға масштабы өте ұсақ болып қалды. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады.

    1961 ж. қаңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгiдегi мынадай ақша бiрлiктерi шығарылды: 1,3,5 қазыналық билеттер мен 10,25,50 және 100 рубльдегi мемлекеттiк банк (банкнот) билеттерi, сондай-ақ 1,2,3,5,10,15,20 және 50 тиындық монеталар. Ескi үлгiдегi ақша билеттерi және монеталар жаңа үлгiге 1:10 арақатынасымен ауыстырылды. 1,2,3,5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан айналыста номинал бойынша қала бердi. Айырбас 3 ай iшiнде 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап 1 сәуiр аралығында ешқандай шектеусiз жүргiлдi. Сондықтан да 1961 ж. I тоқсанында айналыста ескi және жаңа ақшалар қатар жұрдi. Барлық ақшалай операциялар 1:10 арақатынасымен жұргiзiлдi. Сонымен бiрге осындай арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтерi, зейнетақы мөлшерi степендия, барлық төлемдер мiндеттемелер, келiсiм-шарттар және т.б. жүргiзiлдi.

    Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. Ақша билеттерiнiң пiшiндерi шағын болып келуi, оларды айналыста қолайлы еттi. Баға масштабын iрiлендiрумен бiрге рубльдiң алтынды құрамын көтердi және боның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г орнына 0,987412 өзгертiлiп, қайта белгiлендi. Рубльдiң жаңа алтын құрамы рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзiлiк бағасын тауарлар бағасымен теңестiрiп, мемлекеттiк бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделi қайта есептеулердi қалыпқа келтiрдi.



    1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң құрылуымен байланысты, 19914ж. дейiн экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше елдердiң арасында көп жақты клинрингтiк есеп айырусылар үшiн қолданылатын ақша бiрлiгi-аудармалы рубль енгiзiлдi. 1993 ж. 23 шiлдесiнде Ресейдiң Орталық банкi 1961-1991 жж. Кеңес ақшаларының белгiлерiн, сондай-ақ 1992 ж. 5000 жән 10000 рубльдердi айналыстан бiр апта берiлдi. Айырбастауға 35 мың рульден аспайтын соалар жатты.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет