Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет17/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

Күн ауысып барады түнге қарай,

Шығыста — кеш, Батысқа кірген арай.



Күн шыққан жерден әркез түн келеді,

Маған солай, білмеймін, кімге қалай.

Неге мен үрейленем түнге қарай,

Маған солай, білмеймін, кімге қалай.



Күнде - өмір, түнде - дамыл, түсінбеймін, Мойнымды бұрсам екен кімге қарай?!

Автор күн мен түн деген антонимдік қайталама арқылы түнге ауысып баратын күннің бейнесінде уақыттың зымырап өтуін суреттеп, белгісіз, үмітсіз саңылаусыз болашақтың суретін бейнелеген. "Маған солай, білмеймін, кімге қалай" өлең жолы арқылы лирикалык кейіпкердің жүріс-тұрысында абыржушылықты, әрекетсіздікті, болашақ жайында мазасыздық байқалады.


Менің ойымша, дарынды әрбір шығарманың ритмі болады. Ритм деп - сөздің сазын, ақынның тіл мәнерін, мәтіндегі сөздің айтылуын айқындайтын ырғақты айтамыз.

"Көрдің бе" өлеңінде Мұқағали таң мен түннің арасындағы соғыс, тартыстың суретін көрсетіп, антонимдерді бірнеше рет қайталау арқылы, өлеңнің ырғағын көтереді. Ырғақ бұл жерде экспрессивті-эмоционалдық қызмет атқарады.

Көрдің бе таң мен түннің соғысқанын,

Жарық пен қараңғының тоғысқанын?

Мен көрдім, көрдім дағы тек отырдым,


Дем беріп біріңе де болыспадым.


Түн деген шашын жайған албасты екен,
(Апыр-ай, таң кешігіп қалмас па екен?)

.... Жарық жеңді-ау, әйтеуір, алаулатып,



Түнді асырды батысқа талауратып.

Қолына алып шашақты сан мың-найза,

Жауынгер күн келеді жалаулатып.

"Таң мен түн", "жарық пен қараңғы", "күн мен түн" - ақындағы табиғат құбылыстарын, ондағы болып жатқан түрлі суреттерді бейнелейтін лексикалық антонимдер. Әсіресе, "таң мен түннің" стильдік қызметі айқынырақ. Бұл жерде күн — жақсылықтың, ізгіліктің, биіктіктің бейнесі болса, түн — керісінше, жамандықтың, зұлымдықтың бейнесі екенін аңғарып отырамыз. Мәтін ішінде автор күн мен түнді бір-бірімен жарыстыра жұмсап, күн жеңісін, яғни "жақсылық жеңеді" деген ойды айтады.

М.Мақатаев поэзиясында антонимдердің үйлесу және қайталану қалпын контраст ұстанымы анықтайды. Антоним сөзі бар кез келген өлеңнің негізі контраст ұстанымында қойылған. Контрастар поэтикалық мәтінге эмоционалдық-экспрессивтік күшті береді, суреттеу өңін жасайды.
Ақын адам көңіліндегі ойды, мінездегі байсалдылықты, күйгелектікті, ақыл мен ақылсыздықты адам бойынан тез сезіп, тез байқап, дәл көре алады. Бұл — Мұқағали психологиясына тән болған ақындық ерекшелік. Адам мінезінің, көңіл-күйінің, ішкі жан дүниесін терең түсініп, оны жырға қосады, лирикалық кейіпкердің жүрегіне қуаныш пен қайғыны, сәтсіздік пен табысты, өкініш пен бақытты контраст түрінде енгізеді. Мысалы:


Көңілде дауыл.

Көңілде оттар жанады.

Қуаныш-қайғы бірісін бірі жабады.
Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады,

Дауыл мен оттан рақат, дамыл табады.



Қуаныш, бақыт, өкініш, қайғы — бәрі де ой,

Көтере берем:



Көңілім — жердің шары ғой.

Қуаныш - қайғы, бақыт - өкініш дерексіз ұғымдағы зат есімді анафоралық антонимдер адамның басындағы көңілсіз сәттерді береді, шытырман оқиғалы адам өмірінде бірінсіз-бірі болмайтынын дәлелдей түседі. "Қайғы", "өкініш" деген сөздердің мағынасынан "қасірет", "уайым", "күйініш" сияқты мағыналар аңғарылса, "қуаныш", "бақыт" деп қолданылғаңда, "шаттық", "күлкі" тәрізді мағыналар аңғарылады. Сондықтан олардың әр біреуі аз да болса мағыналық реңкке ие болып келеді. Өкініш, қайғы адам өміріндегі болып жатқан ауыр кезенді, көңілсіздікті, жабығуды, мұңды 54

суреттесе, қуаныш ерекше бір көңіл-күйді, бақытты сәтті анықтауда жұмсалған.

Сонымен қатар автор қуаныш мен қайғы арасында пайдаланған контраст түрі лирикалық кейіпкердің көңіл-күйін күшейтеді, шумақтағы айтқан ойын ерекшелеп отырады.

"Мұң мен шаттық мүлде бөлек. Бөлектігі — оның сезім дүниесінің ерекшелігі. Басқалар мән бермеген нәрсеге мән беріп, өңсіз нәрсені әрлендіріп, жансыз нәрсеге жан бітіру. Бұл қасиеттер бойында жоқ ақынның барар жері белгілі. Осыған қарағанда, ақынның я шаттықтың желқайығына отырып, я уайымның тұңғиығына түсуіне шамасы келе қояр ма екен?! Ақын жүрегі сыр жасыра алмайтындығы рас болса, онда ол екеуіне де соқпай кете алмайды. Дүниенің батысы мен шығысы әлпеттес шаттық пен мұң деп аталатын осынау екі көк жиекте оның ақындығы да, азаматтығы да тоғыспақ..." — деген еді білікті де білімді, терең түсінікті арқалы ақын М.Мақатаев.[|24,204]

Ақын лирикасының тақырыбы әр алуан десек, соған сәйкес көркемдік-идеялық мазмұны да тереңде, жан-жақты әсерлі, құнды да құнарлы болып келеді. Бұл ірі талант Мұқағалидың талмай, жалықпай ізденетінін әрі ақындық тылсым түйсігінің құдіретін танытады.

Осындай өрелі, сәтті де жемісті ізденудің нәтижесінде жазылған адам көңіл-күйінің кейбір қуанышты, мұңды сәттерінің жалт еткен сезімімен дүниеге келген лирикаларын көптеп оқып, одан жанға рухани азық алып, эстетикалық терең әсерде боламыз. Мысалы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет