Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.
1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
1.2. Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.
ІІ Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі фразеологиялық анафора мен эпифора.
2.1. Поэтикалық мәтінде антонимдік анафора мен эпифораның
қолданылуы.
2.2. Фразеологиялық анафора мен эпифораның қайталама түрде жасалуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
М.Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды.
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы — оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.
З.Ахметов сөзімен айтқанда: "Поэзия — сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана." [1,5-9]
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
М.Мақатаевтың көркемдегіш құралдардың ішінде жиі қолданғаны — айшықтаудың бірі - қайталама. Бұл жайында академик Р.Сыздық: "Шығарма тілін көріктеуде қайталама құбылысы өте ұтымды, әсерлі тәсіл қатарынан табылады. Ол стильдік категорияға жатады. Қайталама дегеніміз - бір сөздің (не текстің, сөйлемнің) бір сәйлемде, не абзац, шумақ сияқты микромәтінде қайталанып келтіру тәсілі", - деген еді. [2,87]
Мұқағали поэзиясының тілі қандай? Оның көркемдік
сипаты, жүректі тебірентер әсерлілігі неде деген мәселені сөз
қолдануындағы көркем тәсілдерінің қайталамаларына байланыстырып айтқан болар едік.
Ендеше, осы қайталама көркем шығармада қолданылуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жай қайталама, еспе қайталама, әдепкі қайталама /анафора/, кезекті қайталама /эпифора/. Мұқағали лирикасында осы қайталамалардың барлық түрі де кездеседі. Оны ақын қолданарында талғампаздық көрсете отырып, орынды жерінде жақсы пайдаланғанын көреміз. Біз жұмыста М.Мақатаевтың поэзиясындағы анафора мен эпифора деген қайталаманың түрлеріне тоқталамыз. Ең алдымен ескертуге тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: |