Кіріспе Жұмыстың мақсаты



бет5/10
Дата09.03.2023
өлшемі193.5 Kb.
#470551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -tarihty-oqytu-adistemesi-pani-zhane-ondagy-oqytu-adisteri

Бейнелі әңгімелеу. Нақты фабулаға негізделген сюжетті әңгімелеуге қарағанда бейнелі әңгімелеудің мазмұнында теориялық мағлұматтар мол қамтылады және басты тарихи фактілер байыппен шиеленіссіз баяндалады. Бұл тәсіл көбінесе қоғамның экономикалық процестерімен құбылыстарын баяндауда қолданылады да оның барысында графикалық көрнекілік пайданылады.
Бейнелі әңгімелеуде педагогикалық суреттер, аппликациялар («Ортағасырлық қалалардың пайда болуы»), Оқу тұрпатты картиналары («Ортағасырлық қару жасаушының шеберханасында») қолданылғанда оқушылардың оқу материалын игеру оңайлана түседі.
Мазмұдық әңгімелеу және ақпараттық хабарламаны мұғалім сабақ барысында елеулісіз фактілерді баяндағанда қолданады. Мазмұндық әңгімелеуді фактілер тізбегі кеңестік, уақыт және сандық сипатынсыз баяндалады. Деректердің бұлайша қысқа баяндалуы оқиға туралы тұтас түсінік қалыптастыру үшін негізгі фактілер арасында байланыс орнатуға қызмет етеді. Карта, сұлба, кескіндеме арқылы саяси өмір, әскери тарих халықтық көтерілістердің оқиғалары мазмұндық әңгімеленеді. Төменгі сынып оқушыларына мазұндық әңгімелеу қызығушылық тудырмайтын болғандықтан олардың таным қызметін арттыру үшін мұғалім хронологиялық кесте құрастыру, оқиғаның күнтізбесін жасау сияқты тапсырыс береді.
Ақпараттық хабарлама сабақтағы басты фактімен тығыз байланысты фактілер, даталар, есімдер мен географиялық орындауларды түгелдеп шығуда қолданылады.Оны баяндау барысында оқушылар оқиғаның күнтізбесін жасайды.


1.3. Тарихты оқытуда бейнелеу тәсілдері


Картиналық бейнелеу. Бейнелу маңызды белгілер, бөлшектер мен оқиғаның жай -күйінің мәнін ашуға көмектеседі. Онда нысан бар, бірақ сюжет жоқ. Бейнелеу немесе суреттеу картиналық және талдамалық болып бөлінеді. Картиналық бейнелеу деп материалды ауызша баяндау тәсілін айтамыз, осы тәсіл арқыды сөздің көмегімен көркем-эмоциялы түрде деректің бейнесі қалыптасады, яғни тұтас картина түрінде деректің бейнесі жаңғыртылады. Бейнелеудің бұл түрі табиғаттың, адамдар тұрмысының, географиялық ортаның, сол сияқты мәдени, қоғамдық, шаруашылық өмірдің, (мысалы, құлдардың еңбегін бейнелеу) тіпті құбылыстарын жаңғыртуда қолданылады. Бейнелеу тәсілі сабақта құжаттарды, тарихи –көркем шығармаларды қолдануға мүмкіндік береді9.
Талдамалық бейнелеу картиналық бейнелеуден біршама ерекше болады. Әңгімелеудің бұл тәсілі тұтас деректің құрамды бөліктері, олардың қолданылу мақсатын баяндайды. Бұл тәсіл еңбек құралын, құру-жарақ архитектуралық ескерткіш немесе мемлекет құрылысын сипаттағанда қолданылады. Әңгімелеу бормен салынған сурет, сұлба, сызба, макеттер мен үлгілерді көрсетумен ұштастырылады. Талдамалық бейнелеуге мынадай мысал келтіруге болады.
«Компастың пайда болуы, оның авторы туралы нақты дерек жоқ. Теңізшілер ХІІІ ғасырдың басында-ақ магниттерлген иненің көмегіне сүйенген. Инені қамысқа орналастырып, оны ыдыстағы суға жібергенде ол қажетті бағытты көрсетіп тұрды. Осы ғасырдың екінші жартысында теңізші Флавио Джойа магниттелген инені арнай құрылғыға орнатты, бұл компастың алғашқы түрі еді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет