Кіріспе. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет4/10
Дата13.10.2023
өлшемі6.12 Mb.
#480653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ОФД 1 лекция (1)

Табиғи тәжірибе - байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
  • Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалған жағдайда жүргізеді. Жағдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да, сан мен сапалық өзгерістерін анықтайды.
  • Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен таралған. Бұл әдіс бойынша бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген функциялық жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау үшін эргометрия, яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау әдісін пайдаланады. Ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады.
  • Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі – телеметрия - радиотехникалық беріліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық, радиотехникалық және электрондық аспаптарды кеңінен қолданады.
    • Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі.
    • Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет.
    • Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді.
    • Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды.
    • Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыныстық жетілуі тезірек басталады және аяқталады.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет