Кіріспе Зерттеудің өзектілігі



бет1/2
Дата23.10.2019
өлшемі86.02 Kb.
#447263
  1   2
8 Шығару Инклюзивті б б шарттар

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев айтқандай : «Балалар - қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі, және олар құқысыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция. Бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деген болатын. Әсіресе, елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше жағдай жасау үшін жауапкершілікті ең алдымен мемлекетіміз алады. Елімізде әлеуметтік институттар құрылып, ерекше қажеттілікке ие адам мен әдеттегі адамды қоғамда тең әлеуметтік дәрежеде қабылдауы мақсатында жұмыстардың жүргізілуі, еліміздің әр аймағында құрылып,жұмыс жүргізіп жатқан балаларды оңалту орталықтарының құрылуы осының айғағы.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, қоғамдағы оқу-ағарту, білім беру салаларындағы гуманитарландыру, демократияландыру үрдістері ең алдымен білім мазмұнын жаңартуды қажет етіп отыр. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әрқилы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін қамтамасыз ету» көзделген. Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп,түзету қолдау технологиялары жетілдірілуде. Ол –балалардың жасына, жынысына, ұлтына және дініне қарамастан арасын бөлетін тосқауылдарды жоюға , барлық балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық қосуға бағытталған.

Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке қарай, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет.

«Инклюзивті   білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада  да, Америкада да, Латын  Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде  де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл-қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа  балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.

Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және балалардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің баланы  емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын  тиімді жолмен құру.

Зерттеу жұмысының мақсаты: инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптарын қарастыру.

Зерттеу обекьтісі: инклюзивті білім беруде жетілдіру талаптарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптары бойынша ғылыми-теориялық талдау;

- инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптарын зерттеу жұмысының негізін құратын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

- инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптарын зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.



Зepттeyдiң жeтeкшi идeяcы: инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптарын қарастыра отырып, балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізу.

Зepттeyдiң әдicтepi: педагог-пcихoлoгтapдың, дефектологтардың eңбeктepiн тaлдaу, зepттeу және нәтижeлepiн қарастырy.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Инклюзивті білім берудің негіздері
1.1 Инклюзивті білім берудің әдіснамалық мәселелері
Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз

етуде мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру

жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді. Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын педагогтарға көмектесу.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің

мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:

- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;

- мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;

- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.

Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:

- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;

- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);

- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;

- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;

- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;

- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері:

- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;

- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;

- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;

- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар

және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;

- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;

- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне

әлеуметтік ықпал;

- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау маңызды рөл атқарады.

Психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың жүйелі ұйымдасқан, біртұтас әрекеттерінің барысында әрбір баланың білім беру-тәрбие үдерісінде өз мүмкіндігі мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін қажетті әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қолдау балаға көмек (немесе қолдау) көрсетудің ерекше түрі ретінде қарастырылады.

Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады: өзекті – балада осыған дейін пайда

болған қиындықтарды шешуге бағытталған; перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған. Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін.

Олардың қызметінде өзара байланысты және оларды ескеру қажет міндетті үш

компонент бар:

• бала дамуының диагностикасы (психикалық, тұлғалық, әлеуметтік);

• түзету-дамыту бағыттылығының жеке және топтық сабақтарының бағдарламаларын іске асыру;

• білім беру ортасын баланы оқыту мен дамыту және бағалау жүйесі арқылы оның даму деңгейін бағалауға қоятын талаптары көзқарасы тұрғысынан

талдау.


Оқушылардың бұл санатын психологиялық-педагогикалық қолдаудың нысаны оқу жетістіктерін критериалды бағалау үдерісі болып табылады.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау түрлі мамандардың (пән мұғалімінің, психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың, әлеуметтік педагогтың), дәрігердің, басқа мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз әрекетін білдіреді.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды психологиялық-педагогикалық қолдау төмендегілерге бағытталуы тиіс:

- баланың денсаулығын және дене күшін қолдау: бала өмірінің денсаулық-сақтау түзімін ұйымдастыру, оларды жеке таңдалған қимылдық белсенділіктерге, денсаулықты нығайтатын сабақтарға қатыстыру;

- балалардың зерде дамуын қолдау: әрбір баланың танымдық ерекшелігін анықтау және дамыту, оқу әрекетінің табысты болуы үшін жағдай тудыру;

- баланы қарым-қатынас саласында қолдау: балаларға гуманистік өзара әрекеттенуіне жағдай тудыру, балалардың қолы бос кезіндегі әрекеттерде

жеке қабілеттерін байқатуларын қолдау, тәртіп түрін саналы түрде таңдауына

көмектесу;

- баланың жанұясын қолдау: жанұялық қатынасты зерттеу, олардың үйлесімді болуына көмек көрсету.
1.2 Инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын шарттар
Инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын шарттар:

- оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;

- мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- кадрлармен қамтамасыз ету:

- жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;

-арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);

-педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылар ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік- экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:

- жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;

- балалардың отбасындағы жағдайы;

- оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының  қатысуы;

-мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;

- жалпы білім беру  мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу

- нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;

-демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға  кепілдеу;

- мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру.

Ата –аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде  бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға  ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана балаға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын  ашуға  мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына  кірістіреді. Инклюзивті тәрбиенің ұтымдылығы қанша және кім пайдасын көреді?

«Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін  шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри  айтқандай,  қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білімт беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтуда.

Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір  формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің  Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар  арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу)  идеясы кең етек алып келеді.

Жалпы білім беретін   мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру  консилиум   арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектідне ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.

Инклюзивті білім беру  жағдайындағы жалпы білім беретін мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру типтік және қолданыстағы оқу жоспарларына сәйкес жүргізілуі, жылдық күнтізбелік оқу жоспары және сабақ кестесі арқылы регламенттелуі тиіс. Бұл ұсыныстар мүмкіндігі шектеулі бар балалар оқитын бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдеріне оқу бағдарламаларын әрбір жеке жағдайға байланысты оқушылардың білім жөніндегі талап-тілегіне бейімдеуді жүктейді. Білім беру бағдарламалары мектептің педагогикалық және әдістемелік кеңестерде бекітілу керек.

Инклюзивті білім беру жағдайында сынып жетекшілерінің рөлі де артып күрделене түседі. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнаулы қолдау көрсетілуін: шәкірттердің   оқу процесі аясында жұмысты ұйымдастыруына көмектесу; оңды қарым-қатынастар негізінде балалар ұжымын қалыптастырып, дамыту; ата- аналармен тығыз ынтымақтастық орнату мәселелерінің реттелуін нақ солар қамтамасыз етуі  тиіс.

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқып- үйренуіндегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау көрсету үшін, сондай- ақ   жалпы білім беретін мектептегі білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп отыру үшін тұрақты түрде психологиялық, педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруы тиіс. Бұл интеграциялық оқыту сыныбы мұғалімнің арнаулы (коррекциялык) сынып  мұғалімімен, пән мұғалімдерімен, психологпен, арнаулы және әлеуметтік педагогтармен тығыз ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады.   Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерге мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру, оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым- қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Денсаулығына байланысты  мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық осы ерекшеліктері бірлескен оқу мен тәрбиелеу төңірегінде шиеленіседі және педагогтың ерекше назары мен жағдайын талап етеді.

Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, қиындықтар болуы мүмкін. Жалпы білім беретін мектептердегі  мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде,   жеке тәсілдің  жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық,  әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.

Инклюзивті білім беруді дамытуды әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мыналарды көздейді:

- жалпы білім беру процесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар қосу аясында оларды әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, мүмкіндіктері шектеулі балаларды кіріктіре оқыту және инклюзивті білім беру негіздерін әдіснамалық және оқу-әдістемелік әзірлеу;


- ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың (оқу процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар, базалық пәндер және оқыту пәнінің нәтижелері бойынша дағдылар, білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар) оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын бейімдеу;

- инклюзивті білім беру жағдайында оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың критериалды жүйесін бейімдеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту нәтижелерін бағалау және мониторингілеу жүйесін әзірлеу,

- үйде оқыту сапасын бағалау жүйесін әзірлеу;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту жағдайларына жоғары және кәсіптік, техникалық білім беру бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын бейімдеу [3].

Инклюзивті білім беруді әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуде жоғарыда көрсетілген мәселелердің ішіндегі инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әрине, оқушылардың дайындық деңгейі туралы ақпараттар алу мүмкіншілігі оқыту мүмкіндігі және жеке оқу қорытындылары болу мүмкіндігін ұсыну бойынша сынып оқушылары құрамының біртексіздігін ескеретін критерилерді қолданумен іске асырылады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылардың білімділік жетістіктерін анықтауда бағалау жүйесі олардың оқудағы жетістіктерін ғана объективті көрсетіп қоймай, оларды білім беру процесінде қолдау бойынша келесі әрекеттердің жоспарын құру үшін негіз болуы тиіс. Бұл инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеудің қажеттілігін негіздейді.

Әдістемелік құралдың мақсаты – оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс атқаратын жалпы білім беретін және арнайы мектептердің педагогтарына көмектесу.

Инклюзивті білім беруді жетілдіру талаптарының негізі мен ерекшеліктері білім беру мазмұны білім алушылар өз әрекеттерімен меңгеретін, педагогикалық бейімделген әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Танымдық, репродуктивтік, шығармашылық әрекеттердің жүзеге асырылу тәжірибесі және көңіл-күй құндылықтарының қатынасы шынайы оқытылатын әрекеттердің қатынасы бойынша қызмет тәсілдеріне сәйкес: табиғатқа, мәдениетке, техникаға, әлеуметтік коммуникацияларға және білім саласының басқа да шынайы объектілеріне қолдану жолымен жүзеге асырылады. Осы объектілерге қатысты білім алушылардың тиісті білім әрекеті ұйымдастырылады, яғни кілтті құзырлылықтардың минималды тізімінде жүйелендірілген жалпы пәндік білімдер, ептіліктер, дағдылар мен тәсілдер әрекетінің қалыптасуына әкеледі.

Республикадағы инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстарын жетілдіру және барлық балалардың білім алу құқығы келесі құжаттармен реттеледі:

1.Қазақстан Республикасының Заңдары: «Білім туралы», «Балалар құқықтары туралы», «Мүгедектер құқықтары туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетудегі қолдау туралы»;

2.Нормативті құжаттар мен актілер: «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014 ж ылғы өзгертулерімен және толықтыруларымен) ҚР Кодексі, Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер», «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [4-12].

3.Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады.

4.Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: «Балалар құқықтары туралы конвенция», «Мүгедектер құқықтары туралы Конвенция», «Ерекше оқытуды қажет ететін адамдардың білімі бойынша Саламанк декларациясы мен Іс-қимылдар шеңбері» және т.б. [13-15].

5.Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне мен оқу қажеттіліктеріне білім беру ортасын бейімдеу және педагогикалық тәсіл негізінде олардың тұрғылықты жерiне қарай барлық оқушылар үшін тең оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету – Қазақстанда инклюзивті білім беру нoрмативті-құқықтық базасының негізгі постулаттарына негізделген.

6.Инклюзивті білім беруді дамыту инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді.

Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің негізгі ортасы болуы тиіс.

Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:

- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;

- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу-әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;

- мектепке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;

- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға, әлеуметтендіруге қажетті жағдай туғызу;

- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты – барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.

Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндеттері:

- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;

- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру);

- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;

- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;

- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;

- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;

-инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттарының негіздері:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;

- ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану;

- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;

- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;

- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;

- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;

- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «проблема тасымалдаушы» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал;

- денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзету-дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы болып табылады.

Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамытудың маңызды кезеңі қазіргі кезеңдегі инклюзивті білім беруге жататын адамдардың санатын кеңейтілуі, оларды сапалы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Әртүрлі санаттағы балаларды инклюзивті білім процесіне енгізу нормативті-құқықтық базаны жетілдіреді, білім беру мекемелерінде осы жұмыстарды жүйелеу талап етіледі және осы санаттағы балалардың білім беру қажеттіліктерін зерделейді.

Жалпы білім беретін ұйымдарға қосылған ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ арнайы білім беру бағдарламалары бойынша ҚР (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) ұсынымдарына сәйкес білім алады.

Арнайы және инклюзивті білім беру барлық оқушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұсынымдарын ескере отырып әзірленген арнайы және жалпы білім беретін оқу бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Баланың мүдделерін сақтау. Қағида баланың мәселесін барынша және оның қызығушылығымен табысты шешуге шақыртылған маманның ұстанымын айқындайды. Жүйелілік. Қағида диагностиканың, түзету мен дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді, яғни арнайы қажеттіліктері бар балалардың даму ерекшеліктері мен түзетулерге талдау жасауда жүйелілік тұрғыда келу, сондай-ақ түрлі сала мамандарының жан-жақты көпдеңгейлі ықылас-ықпалдары, баланың мәселесін шешуде олардың өзара әрекеттестігі мен келісімдері; аталған шараға білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының қатынасуы.

Үздіксіздік. Қағида балаға және оның ата-аналарына (заңды өкілдеріне) проблеманың толық шешілуіне немесе оны шешудің тәсілдерін айқындауға көрсетілетін үздіксіз көмекке кепілдік береді.Вариативтілік. Қағида психикалық және (немесе) дене дамуында түрлі кемшіліктері бар балалардың білім алуына арналған вариативтік жағдайлардың жасалуын ұйғарады.

Көмекті көрсетудің ұсынымдық сипаты. Қағида арнайы қажеттіліктері бар балалардың алатын білімін, білім беру ұйымын таңдауда, балалардың заңдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) арнайы қажеттіліктері бар балаларды арнайы білім беру ұйымдарына (сыныптарға, топтарға) жолдамамен бағыттау (ауыстыру) туралы мәселелерді шешу бойынша міндетті келісімдерін қосқанда, заңнамада кепілдендірілген ата-аналық (заңды өкілдерінің) құқықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Жаңартылған білім беру мазмұнында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде оқу жетістіктерін анықтауда да критериалдық бағалау жүйесі қолданылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларды бағалау кезінде ҚР-2015 көрсетілген білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлануы қажет. Алайда, кейбір білім алушыларда бағдарламаны меңгеру мерзімі ұзағырақ, оның нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіне сәйкес келетін деңгейге жетеді.

Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар түлектері, оның қатарында есту, көру қабілетінде, тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар және күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектер алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат алады.

Инклюзивті білім беру құқығын тану барлық педагогтар, оқушылар мен олардың ата-аналары ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың жалпы білім беретін мектептерде оқуға құқығы бар екенін түсінулеріне және ол үшін қосымша ресурстар қажет екеніне негізделген. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жеке бағытталған жүйе бола тұра, осы санаттағы оқушыларды дамытуға және олардың құқтарын жүзеге асыруға ықпал етеді.

Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін педагогикалық бағалаудың міндеттері мен функциялары. Жалпы орта білімді жетілдіру оқытуды қайта бағдарлауға, оқушының жеке басын дамытуға, оны өздігінен жаңа білімді меңгеруге үйретуге бағытталған. Заманауи жас адам тым ұтқыр, хабардар, шығармашылықпен және сыни тұрғыда ойлайтын, демек өздігінен дамуға және өз бетімен оқуға тым ынталы тұлға болуға шындығында мәжбүр.

Заманауи қоғам жаһандану жағдайында дами отырып көп дағдарыстарды өткеруде. Бұл мемлекеттерде жаңа әлеуметтік моделдер іздеуге, адам ресурсына қатты назар салуға алып келеді. Барлық әлемдегі заманауи білім беру жүйесі алдында, уақыт талабына лайықты төтеп беруі үшін XXI ғасыр адамы қандай болуы керек деген маңызды сұрақ тұр.

Бір жағынан заманауи адам – ол, еңбек нарығында табысты бәсекелесе алатын жоғары білікті кәсіпқой, екінші жағынан – ол, әлемнің әртүрлілігіне бейімделуге икемді, басқалармен араласа алатын, сабырлы, іскер, еңбекқор, өз бетімен ойлайтын және бірге күйзеле алатын адам. Дәстүрлі білім беру жүйесі осы сияқты міндеттерді орындай алмағандықтан жаңа өркениетті сын-қатерлерге жауап беретін едәуір түрлендірулерге мұқтаж. Осы сияқты өзгерістер алдымен, көпшілігі арнаулы білім беру жағдайы жасалуын қажет ететін, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға білім беру саласында болуы керек. Білім беру мекемесінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру моделін құру, барлық оқушыларға соның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға да білім беру мекемесі ұжымының өміріне толық көлемде араласуына көмектеседі.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс

Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді, құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету.

Құзыреттілік оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық, іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады, оның деңгейі бағалау процесінде көрсетіледі.

Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:


  • бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды;

  • оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

  • диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;

  • ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;

  • тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді 26. Қазіргі бағалау жүйесінің кемшіліктері де бар:

-оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті болатындай оқытудың жоспарланған нәтижелері жетістіктерін бағалаудың нақты критерийлері жоқ;

-педагог бірыңғай критерийлерге әрбір оқушының жетістігімен емес, тұтастай алғандағы сыныптың орташа білім деңгейіне сүйене отырып баға қояды;

-оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білім, білік, дағдыларының нақты элементтерін меңгергендігі туралы түсінік бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқыту траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді;

оқыту процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушыларды оқуға барынша ынталандыруға мүмкіндік бермейді;

-түзету-дамытушылық жұмысты және балаларды қоғамдағы дербес, тәуелсіз өмірге дайындау сапасын қоса алғандағы оқушыларды оқыту сапасы туралы пайымдай алмайды;

-жұмысшы мамандықтары түрлерінің бірі бойынша мамандық алу үшін арнайы мектептің түлегі өз білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы әділ пайымдай алмайды;

-бір бөлігінің мүгедектігі бар балалардың өмір сапасын, оқу үдерісі сапасын жетілдіруге мүмкіндік бермейді.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мақсаты:

-қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;

-оқу материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты орнату;

-оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу;

-жалпы білім беру мекемесі жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу және енгізу. Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:

-оқу бағдарламасын меңгерудегі бар кемшіліктерді жоюға оқушыларды ынталандыру;

-оқытудың жоспарланған нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқушының жеке ілгерілеушілігін бақылау және дамуының өзіне тән траекториясын түзету;

-оқу үдерісінің әрбір кезеңіндегі әрбір оқушының дайындық деңгейін анықтау;

-әртүрлі атқарған қызметтері үшін алған бағаларының маңыздылығын саралау;

-оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

-мұғалім, оқушы және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету;

-ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытуға кедергісіз орта жасау және оқушыларды теңгерме құралдармен қамтамасыз ету;

-бастау мүмкіндіктері әртүрлі балаларға бірыңғай білім беру ортасын құру;

-мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;

-іс-әрекеттің диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл бағыттары арқылы инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-педагогикалық бағыттау жүйесін ұйымдастыру;

-ата-аналармен және қауыммен өзара әрекеттесу, балалардың қауымда табысты әлеуметтену моделін әзірлеу;

-инклюзивті білім беру мәселесі бойынша педагогтардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз ету;

-сыни тұрғыда ойлау және өзін-өзі бағалау қабілеттерін дамыту 24.

Шағын міндеттер:

Ата-аналармен жұмыста:

-ата-аналардың педагогикалық және дефектологиялық білімдері мен түсініктері аясын кеңейту арқылы олардың тәрбиелеу біліктіліктерін қалыптастыруға ықпал ету;

-ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесу тәсілдеріне, іс жүзінде бірлесіп әрекеттер ұйымдастыруға үйрету арқылы оларды белсенді қатысушылар ретінде білім беру үдерісіне тарту;

-ата-аналарға көзқарастарын өзгертулеріне және оларды қатынастың оң тәсілдерімен қарулануларына көмектесу;

-дамуының проблемалары бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларының әлеуметтік кеңістігін кеңейту, ата-аналардың қоғамдастыққа бірігуіне жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет