Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



бет10/11
Дата09.09.2022
өлшемі60.53 Kb.
#460483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-клин.сабақ

Скрининг (от англ. screening – отбор, сортировка) — сырқаттанушылықтың ерте стадиясындағы және белгілі бір жастағы сау адамның қауіп факторын анықтауға арналған профилактикалық медициналық тексеру.Бұл тексеруді жүргізу асқынулардың дамуының алдын алуға, тиімді емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Скрининг мақсаты — сырқаттанушылықты ерте анықтауға,пациенттің тез сауығуы үшін ерте ем жүргізуге,өлім санын төмендетуге мүмкіндік береді.
Артықшылығы:
Скрининг сырқаттанушылықты ерте сатысында,яғни симптомсыз сатысында анықтауға мүмкіндік береді,сондықтан емдеу жүргізу кезінде тиімділік жоғары.
Кемшіліктері:
-Скрининг көбінесе сау адамдарға жүргізілетіндіктен,медициналық ресурстарды шығындауына алып келеді.
-Скринингтің жағымсыз әсерлердің болуы(үрей,дискомфорт,иондаушы сәулелер мен химиялық агенттердің әсері)

Скринингке келесі жастағы топтар жатады:


25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жастағы адамдардың қанындағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтау, көрсеткіш бойынша электрокардиография жасату, көрсеткіш бойынша кардиолог, эндокринолог мамандарына қаралу;
40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдердің көз ішіндегім қан қысымын өлшеу;
30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдердің жатыр мойнындағы сүртінділерге цитологиялық зерттеу, көрсеткіш бойынша кольпоскопия жасату;
50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы әйелдердің сүт бездеріне рентген жасау (маммография), көрсеткіш бойынша маммолог, онколог мамандарына қаралу;
50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 и 70 жастағы ерлер мен әйелдердің тоқ ішек ауруларын ерте анықтау үшін, қан арқылы нәжісті жасырын тексеруден өткізу, көрсеткіш бойынша тоқ ішекке эндоскопиялық зерттеу жүргізу (колоноскопия).

ІV Жаңа тақырыпты бекіту.
Тест сұрақтары:
1.Денсаулық түсінігіне анықтама беріңіз?
А. Бұл адам өмірінің мінездемесі мен жағдайларына баға беретін түсінік
В.Бұл әр түрлі бөгде заттардан қорғайтын организмнің қабілеттілігі
С.бұл тірі организмнің жағдайы
Д.Бұл арулардың болмауы және организм функциясының жақсы болуы
Е. Бұл физикалық кемшіліктер мен аурудың болмауы, биологиялық,
психологиялық, әлеуметтік жағдайлардың жақсы болуы

2.Денсаулықты нығайту бойынша индивидуальды іс-шаралар жүргізіледі?


А.әңгімелесу (беседа) арқылы
В.дәрістер арқылы
С. БАҚ жұмысымен
Д. денсаулық мектептерінде
Е.семинар-тренинг түрінде

3.Өмір сапасы неге байланысты:


А. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландыруына
В. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге
С. Емдеу әдістеріне
Д. Денсаулық жағдайы мен психологиялық және әлеуметтік статусқа
Е. Күнделікті өміріне

4.Тұрғындардың денсаулығын қалыптастыруда маңызды:


А. денсаулық мәдениеті
В. уақытша резервтер
С. жағдай (условия)
Д. Денсаулық сақтау жүйесі
Е. Экологиялық жағдайлар
5.СӨС насихаттаудың топталған түрлеріне арналған түрлері:
А.телехабарлар;
В.жеке әңгіме;
С.түсініктеме
Д.жекелей нұсқаулық
Е.топпен әңгімелесу;
6.Денсаулықты нығайту бойынша популяциялық іс-шаралар жүргізіледі?
А.Аталғандардың барлығы дұрыс
В.дәрістер арқылы
С.БАҚ жұмысымен
Д.денсаулық мектептерінде
Е.семинар-тренинг түрінде

7.СӨС қалыптастыруда тиімді қызмет құрылымы?


А. Денсаулықты нығайту орталығы
В. Ауылдық дәрігерлік амбулатория
С.Қалалық учаскелік аурухана
Д. Отбасылық орталық
Е. Амбулаторлы-емханалық мекеме
8.СӨС насихаттаудың топталған түрлеріне арналған түрлері:
А.телехабарлар;
В.дөңгелек стол бойындағы сұхбат;
С.түсініктеме
Д.жекелей нұсқаулық
Е.жеке әңгіме;

9.СӨС-ын қалыптастыруға қатысатындар:


А.Отбасы
В.Аталғандардың барлығы
С.Оптималды дене салмағын сақтау
Д.Психофизикалық жаттығулар
Е.Шынығу

10.СӨС насихаттаудың көпшілікке арналған түрлері:


А.телехабарлар;
В.жеке әңгіме;
С.түсініктеме
Д.жекелей нұсқаулық
Е.топпен әңгімелесу;


Жауабы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет