Клиникалық сабақтың әдістемелік әзірлемесі


Профилактика және оның негізгі түрлері



бет7/11
Дата09.09.2022
өлшемі60.53 Kb.
#460483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1-клин.сабақ

Профилактика және оның негізгі түрлері.

Профилактика принципі гуманистік мазмұн мен алдан – ала медициналық жүйелерге толы.


Профилактика түсінігі. Оның негізгі принциптері мен түрлері.
«Профилактика » терминін аурулардың пайда болуы мен бұзылуларды тоқтату, азайту, еңбекке қабілеттілікті жоғарылатуға бағытталған деп түсінуге болады.
Профилактика – медицинаның негізгі салаларының бірі. Әлеуметтік профилактика халықтың денсаулығын қорғауда санитарлық – техникалық, гигиеналық және әлеуметтік – экономикалық шараларды өзіне қосып алады. Аурулардың алдын – алу жүйелерінің пайда болуы және факторлық рисктердің қалыптасуы мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық және медициналық нұсқауларында маңызды болып табылады. Индивидуальдық және қоғамдық профилактика деп екі топқа ажыратады. Денсаулық жағдайына және патологиялық жағдайына қарай отырып профилактиканың 3 түрін ажыратады.
Біріншілік профилактика – бұл аурудың пайда болуының және де дамуының алдын – алу жөніндегі факторлар жүйесі (вакцинация, рациональдық еңбек режимі және демалыс, рациональдық сапалы тамақтану, физикалық белсенділік, қоршаған ортаның жақсаруы және т.б.) сонымен қатар біріншілік профилактикаға мемлекеттің салауатты өмір салтының әлеуметтік – экономикалық шаралары, қоршаған орта, тәлім – тәрбие және т.б. жатады. Профилактикалық қабілеттілік барлық медицина қызметкерлерінеміндетті түрде қажет. Ал арнайы емес поликлиникалар, ауруханалар, диспансерлер, босану үйлері емдеу – профилактикалық деп аталады.
Екіншілік профилактика бұл – қауіп – қатер факторларды шақыратын жағдайларға байланысты іс - шаралар комплексін жүргізу болып табылады. Қауіп - қатер факторлары белгілі бір жағдайларда аурулардың пайда болуына, қабынуына немесе қайталануына (рецидив) алып келуі мүмкін. Екіншілік профилактиканың тиімді әдістері - диспансерлеу, динамикалық бақылау, бағытталған ем жүргізу болып табылады.
Мамандар қатары тағы да «үшіншілік профилактика» терминін ұсынды, ол өмірге қабілеттілігінен айырылған науқастарға арналған іс - шаралар комплексі (кешені). Үшіншілік профилактика әлеуметтік, еңбектік, психологиялық және медициналық реобилитациялық мақсатқа ие. Барлық профилактикалық шаралардың ішіндегі маңыздысы тұрғылықты жерлерде салауатты өмір салтын және медико – әлеуметтік белсенділіктерді жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет