Алғы сөз.
«Достар-ай » атты домбыра үйрену үйірмесінің бағдарламасы оқушылардың қазақтың домбырасына деген сүіспеншілдігін және өз еліміздің тарихи аңыздарын білімдерін жетілдіруге негізделген. Бұл әдістемеде домбыра аспабында ойнауды үйрену методикасы қозғалған.
Бағдарламаның басты темірқазығы балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында халықтың музыка педагогикасына арқа сүйей отыра коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады.
Әрі отбасы балаларын жағдайға қарай музыка мектебіне бере алмайды бірақ баланың өнерге деген ыңтасы таусылмай біздің (тегін) үйірмемізде болашақ өнер жолының табалдырығын атауда. Домбыра үйренген баладан музыкант шығару мақсат емес, музыкант болатын бала арнайы музыка мектебіне, музыка академиясына барады. Бізден алған тәлім-тәрбие келешекте олардың өмірінде қандай да бір себін тигізеді деп ойлаймын.
нағыз қазақ- қазақ емес нағыз қазақ- домбыра - деп Қадыр Мырзаәлиев атамыз жырлағандай тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі- ұрпағымыздың рухани байлығы мен мәдеиетіне, қабілеті мен біліміне ұлттық дүниетанымына байланысты. Олай болса бұл бағдарламаның болашақ ұрпақтың ата дәстүрін, тарихын, өнерін дәріптейтін өз еліне деген сүйіспеншіігін тәрбиелеуде аса маңызы зор.
Түсінік хат
Басты мақсаты домбыра тартуы шеберлігін дұрыс меңгеруге оқушының өнерге деген ықыласын өсіріп, эстетикалық талғамын арттыруға музыканы дұрыс тыңдап,тереңдей түсуіне білуіне тәрбиелеу.Оқушыны көпшілік алдына шығарып өнер көрсетуге баулу.
Сонымен бірге өнер көрсету тек өзінің орындаушылық шеберінің деңгейін таныту, сонымен бірге композиторларды және олардың шығармаларын насихаттау.Оқытушы сабақ өткізу барысында шәкіртіне шығарма туралы ақыл-кеңес айтумен бірге оны өз жоғары көркемдік дәрежеде орындап жеткізе білу керек
Мақсаты мен міндеті:
Бағдарлама мақсаты-Домбыра тарту шеберлігін дұрыс меңгеруге, оқушының өнерге деген ықыласын өсіріп эстетикалық талғамын арттыруға музыканы дұрыс тыңдап, терең түсінуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |