Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні 5 сыныбы
Барлығы: 170 сағат, аптасына -5 сағат
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
Типтік оқу жоспарына сәйкес 5 сыныпта қазақ тілі аптасына 4 сағаттан оқытылады. Оқу жылы 36 аптаны құрайды. Жалпы сағат саны – 144 сағат.
"Қазақ тілі мен әдебиеті " оқу пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым:
тірек сөздер арқылы болжау, негізгі мазмұнын түсіну, нақты ақпаратты анықтау, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсіну, көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну, негізгі тақырыпты анықтау, сұрақтарға жауап беру;
2) айтылым:
жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу, амандасу мәнері мен ұлттық этикет формалары, қазақ тіліндегі төл дыбыстары мен үндестік заңы, мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, берілген сұраққа лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу, иллюстрацияларды сипаттау;
3) оқылым:
негізгі ақпаратты анықтау, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау, көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау, мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру;
4) жазылым:
ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
5) тілдік бағдар:
сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу;
сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.
Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған.Сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі,дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген.
|