24
120-БӨЛІМ
ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ
НЕГІЗ
Кіріспе
120.1
Кәсіби бухгалтер жұмыс істеп жатқан жағдайлар негізгі қағидаларды
сақтауға қауіп төндіруі мүмкін. 120 бөлім
тұжырымдамалық негізді
қоса алғанда қолданбалы материалдарды және талаптарды түсіндіре
отырып, бухгалтерге қоғамдық мүддеге әрекет ету міндетін
орындауға және негізгі қағидаларды сақтауға көмектеседі. Мұндай
қолданбалы материалдар мен талаптар негізгі
қағидаларды сақтауға
қауіп төндіретін мүдделер мен қатынастарды, әр түрлі кәсіби
қызметтерді қоса алғандағы кең ауқымды фактілер мен жағдайларды
ескереді.
Сонымен қатар, бухгалтерлерді жағдай тек кодекспен
тыйым салынбағандықтан ғана шешіледі деген тұжырымнан
сақтайды.
120.2
Тұжырымдамалық негіз кәсіби бухгалтердің
мынандай ұстанымын
анықтайды:
(а)
негізгі қағидаларды сақтау үшін төнетін қауіптерді анықтау;
(b)
анықталған қауіптерді бағалау;
(c)
қауіпті жою, қауіпті жоя отырып, мүмкін деңгейге дейін
азайту.
Достарыңызбен бөлісу: