Кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2015. 03. 12. берілген



бет2/20
Дата01.07.2016
өлшемі2 Mb.
#169797
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) авторландырылған генерик - бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі шығаратын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;

 2) АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы;



3) анонимдік қарап-тексеру- адамды жеке басын сәйкестендірмей ерікті түрде медициналық қарап-тексеру;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) апаттар медицинасы - әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) медициналық-санитариялық салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған, халық ауруларының алдын алуды және оларды емдеуді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетуді қамтитын медицина және денсаулық сақтау саласы;

5) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы кезінде адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;

6) әскери медицина - ғылыми білімдердің жүйесін (ғылыми-практикалық пәндер кешені) және әскери-медициналық қызметтің әскерлерді бейбіт уақытта және соғыс уақытында жан-жақты медициналық қамтамасыз етуді өзіне мақсат тұтатын практикалық қызметінің жүйесін білдіретін медицина және денсаулық сақтау саласы;

7) әскери-медициналық көмек - әскери қызметшілерге және әскери қаруды қолдану салдарынан зардап шеккен адамдарға әскери-медицина қызметінің мамандары көрсететін медициналық көмек;

8) әскери-медициналық қызмет - Қазақстан Республикасының заңдарында осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери немесе арнаулы қызметтің болуы көзделген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің жиынтығы;

9) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер:

орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері;

әскери-медициналық (медициналық) мекемелер (ұйымдар) және орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың тиісті контингентке әскери-медициналық және медициналық көмек көрсетілуін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелері;

10) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз ету - материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік қабілеттілігі мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру мақсатында әскерлерде, бөлімшелерде және ведомстволық ұйымдарда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

11) бала - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

12) бас миының біржола семуі - бас миының бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жасушаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы;

13) бейінді маман - жоғары медициналық білімді, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;

14) биологиялық активті заттар - жануарлар мен адам организмінің патологиялық өзгерген функцияларын қалыпқа түсіретін, дәрілік заттар алудың ықтимал көздері болып табылатын, әртүрлі жолмен алынатын заттар;

15) биологиялық активті қоспалар - тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық активті заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге қоспалар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 15-1), 15-2), 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылды

15-1) биологиялық жолмен алынған дәрілік препараттар - биологиялық заттарды (гормондар, цитокиндер, қанның ұю факторлары, инсулиндер, моноклондық антиденелер, ферменттер, колония ынталандырушы факторлар, тіндер жасушаларының базасында жасалған препараттар және биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған басқалары) қамтитын препараттар;

15-2) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша алғаш өндірілген және бірегей дәрілік препарат патентінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеуге ұсынылған (бірегей) дәрілік препаратқа ұқсайтын биотехнологиялық дәрілік препарат;

15-3) биотехнологиялық дәрілік препарат - рекомбинанттық дезоксирибонуклеин қышқылы технологиясын, биологиялық активті ақуыздарды өндіруді кодтайтын гендердің бақыланатын экспрессиясы әдісін, гибридтің және моноклондық антиденелер әдісін қолдана отырып, биотехнологиялық процестер арқылы өндірілген биологиялық дәрілік препарат, сондай-ақ гендік-инженерлік түрлендірілген гендік-терапиялық және соматотерапиялық дәрілік заттар;

15-4) біліктілік санатын беру туралы куәлік - тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған және толық дерекнама негізінде тіркелген дәрілік зат;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-1) бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылды

16-2) гемопоэздік дің жасушалары - организмнің ішкі ортасы тінінің бір бөлігі, адамның өмір сүру процесінде сүйек кемігінде, перифериялық қанда (стимуляциядан кейін) және кіндік қанында болатын, полипотенттілігі бар сүйек кемігінің жасушалары;

16-3) гомеопатиялық препараттар - шағын мөлшерде табиғаттан алынатын заттарды қамтитын және арнайы технологиямен дайындалған дәрілік заттар;

17) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен өнімдер, оның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



18) дәрілік зат - фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне өтетін, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар: дәрілік субстанция, дәрілік шикізат, дәрілік заттардың балк-өнімдері, дәрілік препараттар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылды

18-1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты - дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өндірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың ішкі айналыс үшін шығарылуы туралы сертификаты бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен не дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

18-2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт - тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;

19) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, сатып алумен (әкелуден басқа), сақтаумен, бөлумен, түпкі тұтынушыға өткізумен (әкетуден басқа), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы келісімшарттық өндіру - дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға арналған халықаралық стандарт талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін өндірушінің өндірістік қуаттарында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тапсырыспен өндірілуі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізу - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, көлемін шектемей сатып алумен, сақтаумен, әкелумен, әкетумен, өткізумен (халыққа дәрілік заттарды өткізуді қоспағанда), жойып жіберумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 21-1) 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылды

21-1) дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар (бұдан әрі - тиісті фармацевтикалық практикалар) - дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар;

21-2) дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат - уәкілетті органның фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

21-3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат - дәрілік заттың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен сапасының бірдей параметрлерін қамтамасыз ететін оны анықтау әдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат;

22) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы - қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әзірлеушіден және (немесе) өндірушіден тұтынушының қолдануына дейін жеткізу процесінде жүзеге асырылатын қызмет;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;

24) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер - фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 24-1) және 24-2) тармақшалармен толықтырылды

24-1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингі - дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлері туралы хабарламаларды анықтауға, жинауға, бағалауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені;

24-2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі - адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығына байланысты жол беруге болмайтын тәуекелдің болмауы;

25) Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылды

25-1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі - профилактикалық, диагностикалық әсерге, емдеу және (немесе) оңалту әсеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін сипаттамалардың жиынтығы;

25-2) дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау - тіркелген дәрілік заттардың қауіпсіздігі туралы ақпаратты байқау, талдау және бағалау жүйесі;

26) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

27) дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - уақыты біткеннен кейін дәрілік затты қолдануға болмайтын күні;

28) дәрілік заттың қаптамасы - дәрілік заттарды бүлінуден және ысырап болудан қорғау жолымен олардың айналысы процесін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қоршаған ортаны ластанудан сақтайтын құрал немесе құралдар кешені;

29) дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасы - дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың белгіленуі бойынша әсер ету қабілетіне ықпал ететін қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды

29-1) дәрілік заттың немесе медициналық мақсаттағы бұйымның балк-өнімі - соңғы қаптамамен орауды қоспағанда, технологиялық процестің барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дәрілік препарат немесе медициналық мақсаттағы дайын бұйым;

30) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;

31) дәрілік препарат - белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;

32) дәрілік препараттарды дайындау - дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылды

32-1) дәрілік субстанция - шығарылу табиғатына қарамастан, белгілі бір фармакологиялық активтілігі бар, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған зат немесе заттар қоспасы;

32-2) дәрілік субстанциялардың және олардың қоспаларының стандартты үлгілері - сыналатын дәрілік заттардың сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылатын салыстыру заттары;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

33) дәрiлiк формуляр - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін жеткілікті мөлшерде болуға міндетті, денсаулық сақтау ұйымдарының бейіні ескеріле отырып қалыптастырған дәрілік заттар тізбесі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды

33-1) дәрілік шикізат - дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, минералдан, жануардан алынатын заттар немесе химия өнеркәсібі өнімдері;

34) дәстүрлі медицина - аурулардың алдын алу мен оларды емдеудің қоғамда жинақталған әдістері мен құралдарына негізделген, медициналық практиканың көпғасырлық дәстүрлерімен орныққан медицина саласы және медицина қызметкерлерінің қызметі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылды

34-1) дезинсекция - адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жәндіктер мен бунақ аяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;

34-2) дезинфекция - сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;

35) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік саламаттылық жағдайы;

36) денсаулық сақтау - аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәни және психикалық саулығын сақтап, нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек ұсынуға бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі;

37) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 37-1), 37-2), 37-3) және 37-4) тармақшалармен толықтырылды

37-1) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі - біліктілік санаты) - маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;

37-2) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт - денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі деңгейіне, еңбегінің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау -медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рәсім;

37-4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 38) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі салаларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, білім беру бағдарламаларының, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы;

39) денсаулық сақтау саласындағы стандарт (бұдан әрі - стандарт) - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

40) денсаулық сақтау саласындағы стандарттау (бұдан әрі - стандарттау) - стандарттарды, талаптарды, нормаларды, нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу, енгізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету арқылы процестердің, медициналық технологиялар мен көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларын ретке келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

41) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

42) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылған, денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде ядролық медицина саласындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

43) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 43-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 43-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

43-1) дератизация - кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шараларының кешені;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 43-2) тармақшамен толықтырылды

43-2) детоксикация - адам организмiнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;

44) диагностика - аурудың болу немесе болмау фактісін белгілеуге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 45) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

45) диагностикалық реагенттер - медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын, организмнен тыс зерттеуге арналған және диагноз қою немесе пациенттің физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында организмнің параметрлері туралы мәліметтер алуға қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;

46) динамикалық байқау - халық денсаулығының жай-күйін жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 47) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, ұрпақты болу ағзаларының тіндері, жыныс жасушалары, эмбриондар) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;

48) емдеу - ауыруды жоюға, оның бетін қайтаруға және (немесе) барысын жеңілдетуге, сондай-ақ оның асқынуының алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

49) ерікті емделу - науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылатын емдеу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 50) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50) жалған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника - құрамы немесе жинақталуы және (немесе) өндіруші туралы анық емес ақпаратпен және қолдан жасалған заттаңбамен құқыққа қайшы және әдейі жабдықталған, сондай-ақ жасырын шығарылған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 51) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

51) жеке медициналық кітапша - жұмысқа жіберілу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық қарап-тексерудің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;

52) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) - адамның иммун жүйесінің АИТВ-дан қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын АИТВ-инфекциясының соңғы сатысы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылды

52-1) иммундық-биологиялық препараттар - басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердің иммунологиялық әдістерінің көмегімен инфекциялық және иммундық (аллергиялық ауруларды қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге арналған препараттар, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары, сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттар;

52-2) иммуннологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан әрі - HLA жүйесі) - адам лейкоциттерінде орналасқан және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;

53) инвазиялық әдістер - адам организмнің ішкі ортасына ену жолымен жүзеге асырылатын диагностикалау мен емдеу әдістері;

54) инновациялық медициналық технологиялар - медицина (биомедицина) саласына, фармацияға және денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыруға енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді және (немесе) әлеуметтік мәні бар болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің әдістері мен құралдарының жиынтығы;

55) инфекциялық және паразиттік аурулар - мекендеу ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуі және аурудың науқас адамнан, жануардан сау адамға берілу мүмкіндігі әсерінен болатын және таралатын адам аурулары;

56) йод тапшылығы аурулары - организмге йодтың жеткіліксіз түсуіне және онда жеткіліксіз қорытылуына байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын организмнің патологиялық процесі;

57) кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 57-1) және 57-2) тармақшалармен толықтырылды

57-1) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;

57-2) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы - адам мен жануарлардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде алынған және зертханалық зерттеулерге арналған биологиялық сұйықтықтарының, тіндерінің, секреттері мен тіршілік әрекеті өнімдерінің үлгілері, биопсиялық материал, гистологиялық кесінділер, жағындылар, қырындылар, шайындылар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 58) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерделеу мақсатында оларды эксперименттік фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да ғылыми зерттеулер кешені;

59) клиникалық зерттеу - субъект ретінде адамды қатыстыра отырып, аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау мен емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін зерттеу;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 59-1) тармақшамен толықтырылды

59-1) клиникалық хаттама - белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;

60) консилиум - кемінде үш дәрігердің қатысуымен диагноз қою, емдеу тактикасын айқындау және ауруды болжау мақсатында адамды зерттеу;

61) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды

61-1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - шекті бағалары көрсетіле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік формулярларды әзірлеу мен бекіту үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жинағы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды

62-1) қайта өндірілген дәрілік зат (генерик) - түрлі өндірушілер шығаратын, активті субстанцияларының құрамы, дәрілік нысаны, сапа, қауіпсіздік, тиімділік көрсеткіштері бойынша бірегей дәрілік затпен бірдей дәрілік препарат;

63) қоғамдық денсаулық - азаматтардың дұрыс тамақтануын қоса алғанда, саламатты өмір сүруіне, аурулар мен жарақаттардың профилактикасына, сондай-ақ мекендеу ортасының қолайсыз факторларының әсерін болғызбауға қоғамның күш-жігер жұмсауын көрсететін, халықтың психикалық, тәни және әлеуметтік саламаттылығының кешенді сипаттамасы;

64) құпия медициналық зерттеп-қарау - дәрігерлік құпияның және тексерілетін адамның жеке басы туралы ақпараттың сақталуына негізделген зерттеп-қарау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 64-1) тармақшамен толықтырылды

64-1) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау - маманның біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білімі мен дағдыларын бағалау рәсімі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65) маман сертификаты - жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сәйкес келу және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;

66) мәжбүрлеп емдеу - сот шешімінің негізінде жүзеге асырылатын, науқасты емдеу;

67) медицина қызметкерлері - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

68) медициналық-әлеуметтік оңалту - жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын кешенді пайдалану арқылы науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 68-1) тармақшамен толықтырылды

68-1) медициналық білім беру - медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;

69) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

70) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсетудің дәрілік көмекті қамтитын кешені;

71) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технологияның қазіргі заманғы даму деңгейі негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік деңгейі;

72) медициналық куәландыру - жеке тұлғаны онда ауруының болу немесе болмау фактісін анықтау немесе растау, оның денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, кәсіптік және өзге де жарамдылығын айқындау мақсатында зерттеп-қарау;

73) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметі;

74) медициналық қызметтер көрсету - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;

75) медициналық мақсаттағы бұйымдар - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығындық, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;

76) медициналық оңалту - науқастар мен мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені;

77) медициналық оптика бұйымдары - көздің көру қабілетін түзеу және жарықпен емдеу үшін медицинада және фармацевтикалық қызметте пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар;

78) медициналық техника - аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 78-1) тармақшамен толықтырылды

78-1) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты - халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі айналыс үшін тауардың шығарылғаны туралы сертификаты бар медициналық техниканы беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;

79) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

80) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 80-1) тармақшамен толықтырылды

80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - өнімнің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі бөлігінде оның қауіпсіздігін растайтын құжат;

81) никотин - темекі жапырақтары мен темекі түтінінде болатын алкалоид;

82) нутрицевтиктер - құрамында эссенциалдық (ауыстырылмайтын) тағам компоненттерінің (кейбір амин-қышқылдар, витаминдер, минералдық заттар мен микроэлементтер, жартылай қанықтырылған май қышқылдары, дисахаридтер мен тағам талшықтары) ұсынылған тәуліктік тұтынудан аспайтын әртүрлі берілген үйлесімі бар биологиялық активті қоспалар;

83) орфандық препараттар - орфандық (сирек кездесетін) ауруларды емдеуге және диагностикалауға арналған препараттар;

84) орфандық (сирек кездесетін) аурулар - адамның өміріне қауіп төндіретін немесе мүгедектікке әкеп соғатын, болу жиілігі ресми айқындалған деңгейден аспайтын, сирек кездесетін ауыр аурулар;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 84-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 84-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

84-1) ошақтық дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсаттарында олардың ошақтарында жүргізілетін дезинфекция;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 84-2) және 84-3) тармақшалармен толықтырылды

84-2) өндірістік бақылау - өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;

84-3) өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингi - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi анықтауға, әкелiнуiнiң, өндiрiлуiнiң, қолданылуының және өткiзiлуiнiң алдын алуға және жолын кесуге бағытталған iс-шаралар жүйесi;

85) парафармацевтиктер - фармакологиялық әсері бар және аурулардың профилактикасына, көмекші терапияға, ағзалар мен жүйелердің функционалдық активтілігін реттеуге бағытталған табиғи жолмен алынатын, емдік мөлшерлемедегі биологиялық активті қоспалар немесе олардың синтетикалық баламалары;

86) патенттелген дәрілік заттар - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасына сәйкес құқықтық қорғалатын дәрілік заттар;

87) пациент - медициналық қызметтер көрсетудің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;

88) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;

89) психикаға белсенді әсер ететін заттар - бір рет қабылдағанда адамның психикалық және дене функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт қабылдаған кезде психикалық және тәни тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғаттан алынатын заттар;

90) психиканың бұзылуы (ауру) - адамның бас миы жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметінің бұзылуы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылды

90-1) психологиялық көмек - мыналарға:

адамның психологиялық проблемалардың алдын алуына, оларды шешуіне, өмірдегі қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруіне психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуын оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және оның сапасын арттыруға, оның ішінде адамның жеке мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін жәрдемдесуге;

адамдарды психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы хабардар етуге;

жеке басты дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;

90-2) психологиялық проблема - адамның өзіне, өзінің қызметіне, адамдармен арадағы қарым-қатынастарға, отбасындағы жағдайға және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемаларға қанағаттанбаушылығынан туындаған ішкі күйзеліс жағдайы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 91) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;

2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 91-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

91-1) санаторийлік-курорттық емдеу - адамдар санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болған жағдайларда жүргізілетін қалпына келтіру емінің және (немесе) медициналық оңалтудың түрі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 92) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92) санитариялық-карантиндік бақылау - адамдар мен жүктердің кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезінде ел аумағына инфекциялық және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына әлеуетті қауіпті заттар мен өнімді кіргізуге жол бермеу мақсатында өткізілетін, жүктердің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адам денсаулының жай-күйін бақылау;

93) санитариялық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы жайлар мен ғимараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 93-1) тармақшамен толықтырылды

93-1) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар - халық арасында инфекциялық, паразиттік, кәсіптік және басқа да аурулардың профилактикасы, сондай-ақ Қазақтан Республикасының аумағына халық арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуінің (енгізілуінің) алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар;

94) санитариялық-эпидемиологиялық жағдай - белгілі бір аумақтағы халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасының белгілі бір уақыттағы жай-күйі;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 94-1) тармақшамен толықтырылды

94-1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу тұрғысынан тексеру;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 94-2) тармақшамен толықтырылды

94-2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық нормативтерге және (немесе) техникалық регламенттерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 95) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсаттарында қолданылатын шаралар;

2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 95-1) тармақшамен толықтырылды

95-1) спорттық медицина - спортшыларды даярлауды медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге жауап беретін және спорттағы дәрігерлік және функционалдық бақылауды, спортшыларды функционалдық және медициналық оңалтуды, спорттық жұмыс қабілетін арттыруды, спортшылардың соматикалық ауруларының терапиясын, спорттық травматологияны, спорттағы жедел жәрдемді және спорт гигиенасын қамтитын медицина мен денсаулық сақтау саласы;

2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен 95-2) тармақшамен толықтырылды

95-2) сүйек кемігі - сүйектің кеуекті затында және сүйек-кемік қуыстарында орналасқан орталық қан өндіру органы;

96) тамақ өнімін байыту (фортификациялау) - тамақ өнімін өндіру немесе қайта өңдеу процесінде оған витаминдерді, минералдарды және басқа да заттарды тағамдық және биологиялық құндылығын арттыру, сондай-ақ адамда олардың тапшы болуына байланысты аурулардың профилактикасы мақсатында енгізу;

97) тәуекелді бағалау - инфекциялық және паразиттік ауруларды қоздырғыштардың немесе жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына кері әсеріне және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларға ғылыми негізделген баға беру;

98) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға;

99) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 99-1) және 99-2) тармақшалармен толықтырылды

99-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді және есепке алуды қоса алғанда, олармен халықты қамтамасыз етуге байланысты қызметі;

99-2) телемедицина - пациент немесе пациентті тікелей зерттеп-қарауды немесе емдеуді жүргізетін дәрігер ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан басқа дәрігердің консультациясын алатын, қашықтықтан медициналық консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, қаржылық және технологиялық іс-шаралар кешені;

100) темекі - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 101) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

101) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдалануға дайындалған шикізат материалы ретінде толық немесе ішінара темекі жапырағынан жасалған өнімдер;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 101-1) тармақшамен толықтырылды

101-1) темекі бұйымдарын тұтыну - адам организмінің никотинге тәуелділігін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынбайтын адамдардың денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;

102) темекі бұйымының ингредиенті - темекіден, судан немесе темекі жапырағынан басқа, өндіріс процесінде не темекіге, не темекі бұйымдарының темекі емес компоненттеріне қосылатын кез келген зат;

103) темекі бұйымының қаптамасы - темекі бұйымының белгілі бір қорап санын қамтитын топтап тұтыну ыдысының бірлігі;

104) темекі бұйымының қорабы - картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекі бұйымының белгілі бір санын қамтитын тұтыну ыдысының бірлігі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 104-1) тармақшамен толықтырылды

104-1) темекіге демеушілік ету - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлемдерді және жарналарды қоспағанда, темекі бұйымдарын сатуды немесе темекі тұтынуды тікелей немесе жанама ынталандырудың нәтижесін немесе ықтимал нәтижесін мақсат тұтып кез келген оқиғаға, іс-шараға немесе жеке адамға салынатын салымның кез келген түрі;

105) 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 105-1) тармақшамен толықтырылды

105-1) тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестікке фармацевтикалық инспекция (бұдан әрі - фармацевтикалық инспекция) - дәрілік заттар айналысы саласындағы объектінің және денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында оларды бағалау;

106) транспланттау - тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу, сіңістіру;

107) туберкулездің жұқпалы түрі - науқас адамның сыртқы ортаға туберкулез бактерияларын бөліп шығаруына байланысты айналадағы адамдарға қауіп төндіретін ауру;

2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен 107-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 107-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

107-1) тін - құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалардың және жасушааралық заттың жиынтығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 107-2), 107-3), 107-4) тармақшалармен толықтырылды

107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;

107-3) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;

107-4) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;

108) улану - мекендеу ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының адамға қатты (бірмезгілді) немесе созылмалы (ұзақ) әсер етуі кезінде туындайтын ауру (жай-күй);

109) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 109-1) тармақшамен толықтырылды

109-1) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары - қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау);

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 110) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

110) фармакологиялық зат - белгіленген фармакологиялық активтілігі мен уыттылығы бар, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер объектісі және әлеуетті дәрілік зат болып табылатын зат немесе заттардың қоспасы;

111) фармацевтика қызметкерлері - фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 111-1) тармақшамен толықтырылды

111-1) фармацевтикалық білім - фармацевтика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі;

112) фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 112-1) және 112-2) тармақшалармен толықтырылды

112-1) фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) - отандық дәрілік заттарды шетелде тіркеу және олардың экспорты үшін уәкілетті орган беретін құжат;

112-2) халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың анағұрлым ықтимал қаупін төндіретін адамдар;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 113) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

113) халықтың денсаулығына қауіп төндіретін өнім - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілеген, қолданылуы немесе тұтынылуы кезінде адамның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін өнім түрлері;

114) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсері болмайтын және оның тыныс-тіршілігіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетін кездегі халық денсаулығының жай-күйі;

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 115) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тамақ өнімін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигиеналық оқытуды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалауды қамтитын қызметі;

116) хирургиялық стерилизациялау - нәтижесінде әйел немесе еркек ұрпақты болу қабілетін жоғалтатын хирургиялық операция;

117) шарананың тірі тууы немесе өлі тууы - жаңа туған баланың (шарананың) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тірі туу мен өлі туудың тиісті халықаралық критерийлері бойынша айқындалатын жай-күйі;

118) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин - инфекциялық аурулардың таралуын болғызбауға бағытталған әрі кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шаралар;

119) эвтаназия - аурудың беті бері қарамайтын жағдайларда дауасыз науқастың өз өлімін жеделдету туралы өтінішін қандай да бір іс-әрекетпен немесе құралдармен, оның ішінде дәрілік немесе өзге де заттарды енгізу арқылы, сондай-ақ оның өміріне дем беріп тұрған жасанды шараларды тоқтату арқылы қанағаттандыру;

120) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін науқастану деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 121) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

121) эпидемиялық маңызы бар объектілер - Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылған кезде өндіретін өнімі және (немесе) қызметі халық арасында тамақтан уланудың және (немесе) инфекциялық, паразиттік аурулардың пайда болуына әкеп соғуы және (немесе) өнеркәсіптік және радиоактивті ластанудан халық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін объектілер;

2011.19.01. № 395-IV ҚР Заңымен 122) тармақшамен толықтырылды

122) ядролық медицина - онкологиялық ауруларды қоса алғанда, адам ағзасы мен жүйесiнiң әртүрлi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында радиоактивтi элементтер мен иондандырушы сәулелену қолданылатын медицина саласы.

2. Өзге терминдердің мазмұны осы Кодекстің жекелеген баптарында айқындалады.

 

2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы

1. Осы Кодекс азаматтардың денсаулық сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

2015.06.04. № 299-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:

1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу;

2) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;

3) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін медициналық техниканы сатып алу;

5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы



1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғандағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

 

2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет