Кодексі ішкі тәртіп ережес І м.Әуезов атындағы ОҚму ғылыми кеңесінің «31» тамыздағы 2011 ж



Дата13.06.2016
өлшемі125.91 Kb.
#133947
түріКодекс
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті



М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Корпоративтік этика кодексі-ішкі тәртіп

Е Р Е Ж Е С І

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми кеңесінің «31» тамыздағы 2011 ж.

№ 1 хаттамасының шешімімен бекітілді

Шымкент қ. 2011 ж.



КІРІСПЕ СӨЗ БАСЫ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің осы Корпоративтік этика кодексі-ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 43 бабы 3 тармағына сәйкес қабылданды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары:

- Корпоративтік этика кодексін сақтауға шешім қабылдағанын мәлімдейді, осы мақсатта педаогог пен жоғары оқу орны білім алушысының мәртебесіне лайық емес барлық мүмкін болған көріністерден бас тартады;

- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Жарғысы мен ұжымдық шарттарды, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының бұйрықтары мен өкімдерін құрметтейді және қатаң сақтайды;

- М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың биік мәртебесін қолдайды әрі оның іскерлік беделі мен имиджін нығайтуға ұмтылады;

- университет дәстүрін құрметтейді әрі ұлғайта түседі;

- басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиеттерінің тапталуына, оларға моральдық және материалдық зиян келтірілуіне, заңға қайшы әрекеттер жасалуына жол бермей, өзара қарым-қатынасымызды өзара құрмет негізінде құрамыз;

- діни, нәсілдік, ұлттық алауыздыққа қарсы тұрады және кез келген қатынаста төзімділік танытады;



- өздеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Корпоративтік этика кодексі ережелерін сақтауға міндеттеме қабылдайды.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Кодекс корпоративтік мәдениеттің негізгі ережелерін анықтайды және «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМҚК (ОҚМУ) оқытушылары, қызметкерлері және білім алушыларының тәртіп нормаларының жиынтығын белгілейді. ОҚМУ-дың академиялық қауымдастығында өзара қарым-қатынастардың бірыңғай стандарттарын анықтайды.

1.2. Осы кодекстің барлық нормаларын жүзеге асырудағы басты мақсат-ОҚМУ-дың университеттік қауымдастығының корпоративтік мәдениетін нығайту, Қазақстан Республикасы мен шетелдегі білім беру кеңістігінде оның беделін арттыру.

1.3. Осы Кодекстің міндеттері:

  • Университет академиялық қауымдастығының барлық мүшелерінің бойында құрмет, теңдік, әріптестік және өзарақолдау негізінде құрылған корпоративтік мәдениетті дамытуға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

  • ОҚМУ-ға қатынасы бойынша сыртқы құрылымдармен (жергілікті мемлекеттік органдар, іскер әріптестер, бәсекелестер, БАҚ және т.б) өзара қарым-қатынастың этикалық нормаларының орындалуын ескере отырып, педагогикалық ұжым мен студенттік ортадағы өзара қарым-қатынас қағидаларын анықтау;

  • білім алушылар мен қызметкерлерге университеттің миссиясын жүзеге асырудағы олардың атқаратын рөлі мен өз міндеттерін орындаудағы дербес жауапкершілігін түсіндіру.

1.4. Кодекс университете қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың қызмет тиімділгін арттыруға ықпал етуге арналған.

1.5. ОҚМУ-дың әрбір оқытушысы, қызметкері мен білім алушысы осы Кодекстің нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып, университеттің имиджі мен іскерлік беделін нығаута түсуге өз үлесін қосады.

1.6. Осы Кодекс разработан на основеҚР Конституциисы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамыту бағдарламасы, ОҚМУ Жарғысы, Ұжымдық шарт пен ОҚМУ ішкі тәртіп ережелері, сондай-ақ жалпыға танымал адамгершілік және этикалық нормалар мен тәртіп қағидалары негізінде әзірленген.

1.7. Кодекс университет ұжымының барлық мүшелері танысып, Ғылыми кеңесте бекітілген соң күшіне енеді, Ғылыми кеңестің шешімен өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. 

1.8. Осы Кодекстің нормалары мен ережелерін бұзу университет ұжымының қоғамдық пікірімен айыпталады. Айрықша маңызды жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шара қолданылуы мүмкін. 
2. КОРПОРАТИВТІК ҚАҒИДАЛАР МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАР
2.1. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметі келесі қағидаларға негізделеді:

2.1.1. ОҚМУ-өз қызметін Болон процесі қағидалары және білім беру, ғылым және тәрбие үдерістері негізінде жүзеге асыратын ғылым-білім беру қызметінің инновациялық орталығы;

2.1.2. ОҚМУ-болашаққа талпынған, озық білімдерді жинақтап тарататын және зерттеуші жоғары оқу орны тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын университет;

2.1.3. ОҚМУ-ғылыми зерттеулер мен жасалымдардың коммерциялануын көздейтін технологиялар трансфертін қамтамасыз етуші заманауи ғылыми-зерттеу орталығы;

2.1.4. ОҚМУ өз оқытушыларын, қызметкерлері мен білім алушыларын бағалайды әрі құрметтейді, әрқашан ең жоғары этикалық стандарттарға сәйкес әрекет етеді;

2.1.5. ОҚМУ сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың кез келген көріністеріне төзбейді;

2.1.6. ОҚМУ академиялық бостандық пен жауапкершілікті жариялайды, университеттің дәстүрлерін, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды ұстанады, сақтайды әрі дамытады;

2.1.7. ОҚМУ өскелең ұрпақты жоғары азаматтық жауапкершілікке, патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеуге ұмтылады.

2.1.8. ОҚМУ креативтілікке, инновациялылыққа және оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың әріптестігіне бағдарланған.

2.1.9. Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған жоғары оқу орындары халықаралық білім қауымдастығының мүшесі бола отырып, ОҚМУ бәсекеге қабілеттілікті, әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануды, өзгерістер мен инновацияларға ашықтықты, шығармашылық ізденіс пен зерттеулерге тұрақты бағдарлануды, университетке және оның жоғары академиялық стандарттарына адалдықты өзінің басты корпоративтік құндылықтары ретінде жариялайды.
3. УНИВЕРСИТЕТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТІ
3.1 Оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың корпоративтік тәртіп этикасы
3.1.1. ОҚМУ-дың оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары ар-намыс пен қадір-қасиеті арқылы университеттің биік мәртебесін ұстануға, өз еңбегімен ОҚМУ академиялық қауымдастығының мүшесі деген жоғары атақты ақтауға тиіс.

3.1.2. Өз міндетін орындай отырып, ауызбірлік, ізгі ниеттілік, жолдастық сезімді, өзара түсіністік пен өзара көмекті, бір-біріне деген сенімді көрсетуі және ұжымда жоғары адамгершілік қатынасын сақтауы қажет. Оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылардың ар-намысы мен қадір-қасиеті өнегелі салауатты өмір салтының ажыралмас бөлігі.

3.1.3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Заңының 28 бабы 3 тармағына сәйкес оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар дінге қатыстылығы мен айрықшалығын білдірмейтін зайырлы, іскер киім стилін ұстануға міндетті.

3.1.4. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының 5 бабына сәйкес университет білім беру мен тәрбиелеудің зайырлы сипатын жүзеге асырады. Осыған байланысты жұмыс және сабақ уақытында оқытушылардың, қызметкерлер мен білім алушылардың киімінде кез келген субмәдениетке қатыстылығын білдіретін белгілердің болмауы қатаң талап етіледі. Университетке спорт костюмін және спорттық аяқ киім киіп келуге тиым салынады. Жағасы кең ойылған киім киюге, иықты жалаңаштап, арқа мен ішін көрсетіп, шалбарды шамадан тыс төмен түсіріп жүруге, ішінен көрінетін киім киюге, шамадан тыс әшекей тағынуға болмайды.

3.1.5. Университетте «сіз» деген сыпайы қатынас жасалады. Балағат сөздерді пайдалануға болмайды. Жұртшылық алдында жанжалдасуға болмайды.

3.1.6. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, университетте жоғары оқу орнының қауіпсіздік қызметі ұйымдастырған рұқсат беру жүйесі қолданылады. Кірушілер қызметтік куәлігі мен студенттік билеттерін ашып көрсетуге тиіс.

3.1.7. Оқу сабақтары кезінде оқытушылардың, сонымен қатар білім алушылардың барлық ұялы байланыстары міндетті түрде өшірілуі тиіс. Ресми іс-шаралар кезінде (жиналыс, жиын, отырыс) ұялы телефонның дыбыстық сигналын өшіріп қою керек. 

3.1.8. Түрлі іс-шараларда (жиналыстарда, салтанатты отырыстарда, іскерлік кездесулерде, концерттерде, мерекелерде) сөз сөйлеушілерге құрмет көрсетуі, тыныштық пен тәртіп сақтауы қажет.
3.2. Білім алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас
3.2.1. Барлық білім алушылардың басшылыққа алатын негізгі қағидасы-студенттік қауым мүшелері арасында өзара құрмет, әділдік пен адалдық таныту.

3.2.2. Білім алушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрмет негізінде құрылады, ар-намыс пен қадір-қасиетті таптауға, моральдық немесе материалдық зиян келтіруге, заңға қайшы әрекеттер жасауға жол берілмейді.

3.2.3. Түрлі топтарда, факультеттерде алуан түрлі қарым-қатынас жасау түрлері көтермеленеді-жұмыс мәселелерін бірге талқылау мен шешу, жобаларды бірге орындау, жастардың көпшілік іс-шаралары мен конкурстарына қатысу, тынығу іс-шараларын бірге өткізу.

3.2.4. Оқу барысында туындайтын мәселелерді шешу кезінде, ОҚМУ-дың білім алушылары әділдік қағидаларын, Кодекс ережелерін және азаматтық құқықтарды қорғайтын басқа да құжаттарды басшылыққа алады.
3.3. Білім алушылар мен оқытушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас
3.3.1. ОҚМУ-дың оқытушылары мен қызметкерлері жоғары кәсібилікке қол жеткізуге ұмтылуға, өзінің теориялық білімі мен педагогикалық шеберлік деңгейін ұдайы арттыруға, әріптестеріне, білім алушыларға және өзіне деген қатынаста принципшілдік және шынайылық танытуға тиіс.

3.3.2. Өз қызметтік міндеттерін орындай отырып, оқытушылар жоғары жауапкершілік, ізгі ниеттілік және ұқыптылық танытуға, қызметті бағалау мен наразылық білдіруде әділ болуға, жоғары мәдениет, ұқыптылық және төзімділіктің жоғары үлгісін көрсетуге тиіс.

3.3.3. Оқытушылар оқу сабақтарын білім алушыларға деген тілектестік және ұқыпты қарым-қатынас таныту арқылы шынайылық пен талапшылдық жағдайында өткізуге міндетті.

3.3.4. Әрбір білім алушы білім алудың бүкіл кезеңі бойында анықтамалық-сілтемемен қамтамасыз етіледі.

3.3.5. Оқу семестрінің алғашқы аптасында білім алушы силлабуспен, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамту картасымен және пәндердің оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыз етіледі;

3.3.6. Білім алушы оқу сабағының мазмұнымен алдын ала танысуға және силлабуста көрсетілген талаптарға сәйкес дайындықпен келуге тиіс. Тапсырманы орындау кезінде білім алушы жұмысты орындау тәртібін айқын білуге, бағалау критерийін түсінуге тиіс. Білім алушының өтінішімен оқытушы қойылған бағаның себебін түсіндіруге міндетті.

3.3.6. Білім алушылар сабаққа оқытушыдан бұрын келіп отыруы тиіс. Сабаққа кешіккен жағдайда, рұқсат сұрап, дәрісханадағы жақын тұрған бос орынға жайғасуы керек.

3.3.7. Оқытушы тәртіп бұзғаны үшін білім алушыны сабақтан шығаруға, соңынан оны сабаққа қатыспаған адам ретінде қарастыруға құқылы. Оқытушы қалыптасқан жағдай туралы деканат пен оқу-әдістемелік басқармаға жазбаша хабар беріп, топтың жұмыс істеуіне жүйелі кедергі жасайтын студентті сабақтан шеттетуге құқылы.

3.3.8. Білім алушылармен қарым-қатынас жасауда оқытушы:

  • білім алушыларды балағаттауға, олардың жеке қадір-қасиетін таптауға, тәкаппарлық немесе дөрекілік көрсетуге;

  • ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау өткізу кезінде әділетсіздік көрсетуге, білім алушының оқудағы жетістіктерін бағалау деңгейіне субъективтік факторлардың әсер етуіне жол беруге;

  • оқу және ғылыми үдеріс нәтижелеріне әсер ету мақсатында, білім алушылардан немесе арадағы адамдардан сыйлық алуға;

  • университет стандарттарында белгіленген бағалау критерийлері мен ағымдағы, межелік және қорытынды бақылау өткізу шартарын өзгертуге;

  • Білім алушылармен бірге өз әріптестерінің кәсіби және жеке тұлғалық кемшіліктерін талқылауға;

  • университет қабырғасында коммерциялық жарнама, саяси немесе діни насихат жүргізуге құқылы емес.



3.3.9. Оқу барысында білім алушы:

  • әділетсіздікпен немесе оқытушыны жаңылыстырумен байланысты кез келген қызметке араласуға, оқытушыға қатысты құрметсіздік көрсетуге;

  • емтихан тапсыру, курс және диплом жобаларын (жұмыстарын), басқа тапсырмаларды тапсыру кезінде әлдебір адамның жұмысын (web-ресурстарға орналастырылған жұмыстарды қоса алғанда) толық немесе жекелей көлемде жеке өзінікі ретінде ұсынуға;

  • емтихан немесе бақылау іс-шараларының басқа түрлерін тапсыру кезінде, университет стандарттарында рұқсат етілмеген алдын ала дайындалмаған материалдарды пайдалануға;

  • басқа білім алушылардың орнына тапсырманы орындауға, зерттеу жүргізуге және емтихан жұмыстарын тапсыруға;

  • дәйекті себептерсіз сабаққа қатыспауға немесе кешігуге;

  • сабақ үстінде керісуге, өзін тұрпайы немесе дөрекі ұстауға;

  • өзінікінен басқа әлдебір адамның бағаларын оқытушымен талқылауға құқылы емес.

3.3.10. Айрықша жағдайларда білім алушы оқытушыны ауыстыру туралы өтініш білдіре алады. Бұл үшін өте маңызды себептер (дәлелденген дөрекілік фактілері, біліксіздік, оқытушының кінәсінен сабақтың жүйелі өтілмеуі және т.б.) және академиялық топтың бірауызды пікірі қажет.

3.3.11. Оқытушымен жеке қақтығысқа келген жағдайда, білім алушы басқа оқытушыға емтихан тапсыруға рұқсат беруді өтініп, кафедра меңгерушісіне жүгіне алады. Өтініш түсіндірілуі тиіс. Бұл мәселелерді кафедра меңгерушісінің ұсынысымен факультет деканы шешеді.
3.4 Оқытушылардың, қызметкерлердің өзара қарым-қатынасы
3.4.1. Барлық оқытушылар мен қызметкерлер басшылыққа алатын негізгі қағида-іскерлік этикаға негізделген өзара құрмет, ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынаста әділдік пен адалдық таныту.

3.4.2. Оқытушылардың, қызметкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрмет қағидаларына негізделеді, дөрекілікке, басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін таптауға, оларға моральдық немесе материалдық зиян келтіруге, заңға қайшы әрекеттер жасауға жол берілмейді.

3.4.3. Түрлі құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің алуан түрлі қарым-қатынас жасау түрлері көтермеленеді-жұмыс мәселелерін бірге талқылау мен шешу, жобаларды бірге орындау, тынығу іс-шараларын бірге өткізу.

3.4.4. Кәсіби дамуында, интеллектуалды деңгейлерін және моральдық қасиеттерін арттыруда әріптестеріне көмек беруі құпталады.

3.4.5. Жұмыс барысында туындайтын мәселелерді шешу кезінде, ОҚМУ қызметкерлері әділдік қағидаларын, Кодекс ережелерін және азаматтық құқықтарды қорғайтын басқа да құжаттарды басшылыққа алады.
3.5 Әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас
3.5.1. Университет әкімшілігіне ректор, проректорлар, басқарма, орталық және бөлім бастықтары жатады. Факультет әкімшілігіне декан, деканның орынбасарлары жатады.

3.5.2. Әкімшілік пен қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас ұзақ мерзімді өзара әрекеттестік, құрмет пен өзара міндеттерді нақты орындау қағидаларына негізделеді. Қызметкер мен жұмыс берушілер өз қызметінде еңбек және ұжымдық шарттың барлық талаптарын сақтауға міндетті.

3.5.3. Жұмыс мәселесі бойынша басшылық пен бағынышты қызметкерлердің өзара әрекеттесуі барысында кез келген тараптан қысым көрсету әрекеттеріне, сондай-ақ университеттің әлідеттілік қағидалары мен мүдделеріне сай келмейтін шешімдер шығаруға жол берілмейді. Лауазымдары бір деңгейдегі қызметкерлер арасында, егер бұл жұмыстың анағұрлым тиімді болуына ықпал ететін болса, мәселені жұмыс тәртібінде шешуіне рұқсат етіледі.

3.5.4. Кез келген деңгейдегі мәселені шешуде университет қызметін оңтайландыру, білім бағдарламаларын жақсарту жөнінде жұмыскердің бастама көтеруі, идеялар ұсынуы көтермеленеді.

3.5.5. Университет әкімшілігі ОҚМУ-дың барлық жұмыскерлері үшін қызметте өсуі бойынша тең мүмкіндіктерге, сонымен қатар өз қабілетін таныта білу мүмкіндігіне ие болуына кепілдік береді.

3.5.6. Әкімшілік адам капиталын табысты қызмет атқару көзі ретінде қарастырады. Қызметкерлердің жеке мүдделері мен олардың құнды басымдықтары ескеріледі, жұмыскердің әлеуетін дамытуға, оған әлеуметтік кепілдіктер беруге көңіл бөлінеді. 

3.5.7. Университет жұмыскерлері кәсіби қызметі бойынша сын-ескертпелер айтуы және оны шынайы қабылдауы, жіберілген қателіктерді мойындауы мен түзетуі қажет.

3.5.8. Университет басшылығы ұжымның әрбір мүшесінің жеке-дара ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Оқытушылар мен қызметкерлер-ОҚМУ кәсіподақ ұйымының мүшелері университет тарапынан демалу мен емделу үшін жеңілдікпен берілетін жолдамалар алуға, университеттің спорт базасында дене шынықтырумен шұғылдануға, басшылық тарапынан өз мәселелеріне тиісті назар аудару мүмкіндігіне ие болуға құқылы.

4. ҚАҚТЫҒЫС ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҚАҒИДАЛАРЫ
4.1. Университеттің тиімді жұмысы атқаруы қызметкерлердің міндеттерінің айқын бөлінуін және қызметкердің жауапкершілігі бойынша мүдделер қақтығысына жол берілмеуін қарастырады. Әлеуетті қақтығыстар ауқымы жедел анықталады, неғұрлым төмендетіледі және қатаң бақылауға алынады.

4.2. Қақтығыс жағдайының туындауы туралы хабар оны жедел әрі тиімді шешге мүмкіндігі бар барлық тараптарға жеткізіледі. 

4.3. Қақтығысты шешу кезінде әділлеттілік пен академиялық адалдық қағидалары сақталады.

4.4. Бөлімшелердің ешбірі қақтығыс жағдайын өз пайдасына шешу үшін айрықша құқықты пайдалана алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет