Заңымен 151-9-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-9-бап. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) мұнай-химия өнімдерін өндіру.
2. Қызметін «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:
жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-10-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
151-10-бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:
1) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
2) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
3) өзге де металл емес минералдық өнiмдерді өндiру;
4) химиялық өндіріс үшін машинадар мен жабдық жасау;
5) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі арнайы экономикалық аймақты құру мақсатына сәйкес келетіні туралы қорытындысы болған кезде осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжатамаға сәйкес салу және мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдау актісі негізінде қолданысқа беру.
2. Қызметiн «Тараз химиялық паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында 1) - 4) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:
жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;
мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Егер осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.
152-бап. Салық кезеңі және салық есептілігі
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салық кезеңі, салық есептілігін берудің тәртібі мен мерзімдері осы Кодекске сәйкес айқындалады.
2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен кодекс 17-1-тараумен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
17-1-тарау. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
152-1-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлға:
1) жаңадан құрылған заңды тұлға инвестициялық басым жобаны іске асыруды және салықтар бойынша преференциялар беруді көздейтін инвестициялық келісімшартты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасаса және инвестициялық басым жобаны іске асырса;
2) жүзеге асырылатын қызмет түрлері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін айқындалған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне толық көлемде сәйкес келсе;
3) инвестициялық басым жобаны іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер заңды тұлғаның жиынтық жылдық кірісінің кемінде 90 пайызын құраса, инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым болып табылады.
2. Егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасасқан ұйым осы инвестициялық келісімшартты жасасу күні қолданыста болған салықтар (қосылған құн салығы мен акциздерден басқа), алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін қолданады.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату жағдайлары Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
4. Инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарттың қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, салықтар бойынша преференциялар және салық заңнамасы тұрақтылығының кепілдігі оны жасасқан күннен бастап күшін жояды.
Инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде салық төлеуші инвестициялық келісімшарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осы инвестициялық келісімшарт жасалған күннен бастап оны бұзу күнін қоса алғанда, салық кезеңдері үшін бюджетке төленуге жататын салықтар мен төлемдер сомаларын ұлғайтуды көздейтін қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
152-2-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
1. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым:
1) осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады;
2) топтардың (кіші топтардың) құндық баланстары бойынша амортизациялық аударымдарды осы Кодекстің 120-бабының 2-тармағында белгіленген амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизация нормаларын салық кезеңінің соңында топтардың (кіші топтардың) осындай құндық баланстарына қолдану арқылы айқындайды.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдың 1 қаңтарынан басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
2. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын есептеген кезде жер салығының тиісті мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолданады.
Осы тармақтың ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған айдың 1 күнінен басталады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшарт жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін, қатарынан келетін он жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер учаскесін немесе оның бір бөлігін (ондағы үйлермен, құрылыстармен, ғимараттармен бірге не оларсыз) жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру жағдайларында қолданылмайды.
3. Инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілген объектілер бойынша мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептейді.
Осы тармақтың ережелері:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілетін және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген активтерге қатысты қолданылады;
2) инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық келісімшартта мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу көзделген жағдайда қолданылады.
Осы тармақтың қолданылуының шекті мерзімі:
1) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген айдың 1 күнінен басталады;
2) бірінші актив халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес негізгі құралдар құрамында ескерілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап есептелетін қатарынан келетін сегіз жылдан кешіктірмей аяқталады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері салық салу объектілерін пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға беру жағдайларында қолданылмайды.
6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
18-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
153-бап. Төлеушілер
1. Осы Кодекстің 155-бабына сәйкес айқындалатын салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.
2. Ойын бизнесіне салықты, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 411, 420-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
154-бап. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның табыстарына салық салу ерекшеліктері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент шетелдік тұлға) табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын есептеуді, ұстауды және аударуды, сондай-ақ салық есептілігін табыс етуді салық агенті осы Кодекстің 158-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша осы тарауда, осы Кодекстiң 19-тарауында және 202-бабында белгiленген тәртіппен жүргізеді.
Осы тарауға және осы Кодекстің 19-тарауына сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу кезінде осы Кодекстің 166-бабында көзделген салық шегерімдері қолданылады.
2. Резидент шетелдік тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алатын табыстарға осы Кодекстің 178-бабында және 27-тарауында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 154-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
154-1-бап. Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі
Бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару, сондай-ақ салық есептілігін табыс ету осы Кодекстің 25-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
155-бап. Салық салу объектілері
1. Жеке тұлғаның:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
2. Салық салу объектілері осы Кодекстің 156-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлімде көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
2014.30.06. № 214-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғаның табысы ретінде мыналар қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3) қызметкерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда - оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай төлемдердi есепке жазу күнi қолданыста болатын 0,35 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі өтемақы төлемдері;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтік, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі:
осы Кодекстің 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген;
Қазақстан Республикасы шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелердi қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнiң қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердi оқыту, оның біліктілігiн арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезіндегі өтемақылар;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.
Достарыңызбен бөлісу: |