§1. Қол қойылатын бонус
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 312-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
312-бап. Жалпы ережелер
Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшін алған біржолғы тіркелген төлемі болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 313-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
313-бап. Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңiмпазы болған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын алған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн:
1) барлауға арналған келісімшартты;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3) бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты жасасқан жеке немесе заңды тұлға қол қойылатын бонус төлеуші болып табылады.
Осы баптың бірiншi бөлiгi 2) тармақшасының ережесi тиiстi келісімшарт аумағында барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiруге құқық алуға айрықша құқығының негiзiнде келісімшарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 314-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 314-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
314-бап. Қол қойылатын бонустың мөлшерiн белгiлеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақта геологиялық барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2800 еселенген мөлшерi;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзатты барлауға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) өндiруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшiн:
мұнай келісімшарттары үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен шикi мұнайдың, газ конденсатының немесе табиғи газдың жиынтық қорларының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
техногендiк минералды құралымдарды игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, минералды шикiзат өндiруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, - (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ - А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикiзаттың жиынтық қорының құны;
Қа - әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикiзаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшықтарға арналған келісімшарттар үшiн - (Қ х 0,01% ) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған, бірақ айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес.
Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы Кодекстiң 319 - 322-баптарына сәйкес есептеп шығарылған коммерциялық табу бонусының сомасынан аз болуына болмайды;
3) техногендiк минералды құралымдарды қайта өңдеу келісімшарттары үшiн - (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн - республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген табиғи газды жеткізудің ең төменгі көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша табиғи газ үшін мына формула бойынша:
Қ = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:
V1 - Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
V2 - V1 қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
Қа = V1* Б1 + V2 * Б2, мұнда:
V1 - әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
V2 - V1 қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатындағы болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы табиғи газ қорларының көлемі;
Б1 - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 - осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, табиғи газ бағасын белгілеудің орташа арифметикалық мәні;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - қол қойылатын бонусты төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда, пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төменгi мөлшерде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiнгi қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
4. Қол қойылатын бонустың бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналып өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссияның шешiмi немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе - осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында пайдалы қазбалар қорлары бекітілмесе - келісімшарт аумағының кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қойылатын бонустың бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентін құзыретті орган немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы орган келісімшарт аумағы кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы алаңының бастапқы мөлшеріне қатысы ретінде айқындайды.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қойылатын бонус мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 315-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 315-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
315-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қол қойылатын бонус бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
1) белгіленген соманың елу пайызы - салық төлеушіні Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес конкурс жеңімпазы деп жариялаған немесе жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;
2) белгіленген соманың елу пайызы - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт күшіне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешіктірілмей төленеді.
2. Келісімшарт аумағы кеңейтілген кезде қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұндай кеңейту туралы өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алынған кезде қол қойылатын бонус Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес осындай рұқсат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша төленеді.
316-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 317-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
317-бап. Жалпы ережелер
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.
2. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
318-бап. Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 319-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
319-бап. Салық салу объектісі
1. Осы келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен пайдалы қазбалар қорларының физикалық көлемі коммерциялық табу бонусын салу объектісі болып табылады.
2. Барлауға арналған келісімшарт негізінде коммерциялық табуға байланысты өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқық шеңберінде 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасалған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) осы жер қойнауын пайдаланушы барлауға арналған келісімшарт шеңберінде тиісті келісімшарт аумағында бұрын жариялаған;
2) кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу сәтінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
4. Келісімшарттар жасасу кезінде пайдалы қазба қорлары мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған, 2009 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде жасасқан пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі әрбір коммерциялық табу кезінде:
1) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптамалық қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында;
2) бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында айқындалады.
5. Бірлескен барлауға және өндіруге арналған келісімшарт бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы жариялаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен ол бойынша коммерциялық табу бонусы төленген алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
Осы баптың және осы Кодекстің 320 және 323-баптарының мақсаттары үшін көмірсутек шикізаты бойынша пайдалы қазба қорлары - алынатын пайдалы қазбалар қорларын білдіреді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 320-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 320-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
320-бап. Салық базасы
Осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган бекiткен пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
Коммерциялық табу бонусын есептеу мақсатында пайдалы қазбалар қорлары көлемiнiң құны коммерциялық табу бонусын төлеу күнiнiң алдындағы күнге мынадай тәртiппен айқындалады:
1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес коммерциялық табу бонусын төлеу күнi алдындағы күнге шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) осы Кодекстiң 338-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн - коммерциялық табу бонусын төлеу күнiне белгiленген теңгенiң тиiстi шетел валютасына нарықтық айырбас бағамын қолдана отырып, осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес коммерциялық бонусты төлеу күнi алдындағы күнге пайдалы қазбаның шетел валютасындағы бағасын бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Коммерциялық табу бонусын төлейтiн күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми бағамдауы жарияланбаған жағдайда, бұрын осындай бағалар бағамдауы жарияланған соңғы күн бағаларының ресми бағамдаулары пайдаланылады.
Шикi мұнайды, газ конденсатын, табиғи газды және Лондондағы металдар биржасында немесе Лондондағы қымбат бағалы металдар биржасында бағамдалатын пайдалы қазбаларды қоспағанда, қорлардың құны келісімшарттың осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен техникалық-экономикалық негiздемесiнде көрсетiлген, өндiруге арналған жоспарлы шығындардың 20 пайызға ұлғайтылған сомасы негiзiнде айқындалады.
321-бап. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібі
Коммерциялық табу бонусының сомасы салық салу объектісінің, салық базасы мен мөлшерлемелерінің негізінде айқындалады.
322-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі
Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 323-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
323-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмдерi
Коммерциялық табу бонусы бюджетке салық төлеушiнiң тұрғылықты орны бойынша мынадай мерзiмдерде:
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Кодекстiң 319-бабының 2-тармағында белгiленген жағдайларда, пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшарт жасалған күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазбалар қорларының қосымша көлемiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарт бойынша кен орнында пайдалы қазбалар қорларын осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
324-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы орналасқан жері бойынша салық органына төлеу мерзімі басталған айдан кейінгі екінші айдың 15-не дейін табыс етеді.
44-тарау. ТАРИХИ ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУ БОЙЫНША ТӨЛЕМ
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 325-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
325-бап. Жалпы ережелер
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 326-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
326-бап. Төлеушілер
Келісімшарттарды жасасқанға дейін келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шығын шеккен пайдалы қазбалардың кен орындары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді төлеушілер болып табылады.
327-бап. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді белгілеу тәртібі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган есептейді және ол осы баптың ережелеріне сәйкес бюджетке төленеді.
Тарихи шығындар сомасының бір бөлігі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдері түрінде бюджетке төленуге жатады.
Тарихи шығындар сомасының қалған бөлігі тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдер түрінде бюджетке төленуге жатады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөніндегі мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап, ал жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптары бойынша жасалуға тиiс болғанымен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құпиялылық туралы тиiстi келісімдер жасалмаған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, 2009 жылдың 1 қаңтарына дейiн жасалған, өнiмдi бөлу туралы келісімдi қоса алғанда, тарихи шығындар мөлшерiн айқындайтын уәкiлеттi мемлекеттік органмен құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 328-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 328-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
328-бап. Төлеу тәртібі мен мерзiмдерi
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет жұмсаған тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы бюджетке коммерциялық табудан кейінгі өндіру басталған кезден бастап орналасқан жері бойынша мынадай тәртіппен төлейді:
1) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiрудi бастаған жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiнен кешiктiрмей төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем 2010 жылғы 10 сәуiрден кешiктiрiлмей төленедi;
2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісімнiң жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.
Егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкiн соңғы үлестiң сомасын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемдi жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 25-i күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 500 еселенген мөлшерiнен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы он жылдан аспайтын кезең iшiнде тең үлеспен төлейдi.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындардың сомасын Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы шетел валютасында бекiткен болса, онда:
1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн теңгемен төлеудiң жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiне белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;
2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарына белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге арналған келісімшарттар бойынша тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем төленбейдi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 329-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi және 2009 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болады) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 329-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
329-бап. Салық декларациясы
1. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы республикалық бюджет туралы заңда 2009 жылғы 1 қаңтарға белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiне тең немесе одан кем соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына 2010 жылғы 31 наурыздан кешiктiрмей тапсырады.
2. Егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнiң жалпы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және құпиялылық туралы келісім жасалған күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша, егер 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген сомасы 2009 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 10000 еселенген мөлшерiнен асатын соманы құраса, онда жер қойнауын пайдаланушы декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей тоқсан сайын тапсырады.
45-тарау. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ САЛЫҒЫ
330-бап. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрі бойынша жеке төлейді.
2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы, осы баптың 3-тармағындағы көзделген жағдайды қоспағанда, ақшалай нысанда төленеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыру барысында пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жер қойнауын пайдаланушының арасында жасалатын қосымша келісімде белгіленген тәртіппен заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.
Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын, сондай-ақ осы Кодекстің 308-1-баптың 1-тармағында аталған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген роялтиді және Қазақстан Республикасның өнімді бөлу жөніндегі үлесін заттай нысанда төлеу тәртібі осы Кодекстің 346-бабында белгіленген.
4. Өндірілетін минералды шикізаттың, мұнайдың, жерасты сулары мен емдік балшықтың барлық түрлері бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы, жүргізілетін өндіру түріне қарамастан, мөлшерлемелер бойынша және осы тарауда белгіленген тәртіппен төленеді.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Салық кезеңінде өндірілген мұнайдың, жерасты суларының, емдік балшық пен пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының жалпы көлемінен пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында кен орындары бойынша есептен шығарылған (шығынды қайтару) қорлар құрамынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемі, сондай-ақ технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі алып тастауға жатады. Технологиялық сынап көру және зерттеулер жүргізу үшін берілетін мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың көлемі мұнайдың, минералды шикізаттың, жерасты сулары мен емдік балшықтың тиісті түрлері (сорттары) үшін ұлттық стандарттарда аталған технологиялық сынап көрудің ең төменгі массасымен шектеледі және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасында көзделуге тиіс.
2014.29.12. № 271-V ҚР Заңымен 331-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
331-бап Төлеушілер
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жекелеген келісімшарт шеңберінде мемлекеттік меншік болып табылатын техногендiк минералдық түзілімдерден пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |