«2013-2015 жылдарға арналған
аудандық бюджет туралы»
аудандық мәслихаттың 2012
жылғы 21 желтоқсандағы №8/61
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №0000 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/61 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 2185 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 16 (584) санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:
1- тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 –қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 6 073 538,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 4 294 835,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 25 056,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 758,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 1 718 889,0 мың теңге;
2) шығындар – 6 198 587,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу –138 900,0мың теңге оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 146 583,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу -7 683,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0 теңге, оның ішінде;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 263 948,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 263 948,5 мың теңге,
қарыздар түсімі – 51 930,0 мың тенге;
қарыздарды өтеу –7 683, 0 мың тенге;
бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 219 701,5 мың теңге.
2- тармақта :
1) тармақшада:
«18,8» сандары «29,5» сандарына ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«17,6» сандары «26,4» сандарына ауыстырылсын.
4- тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жергілікті атқарушы органдардың штат санын көбейту».
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
А. Досанова
«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы:
_____________ Ж. Төлеген
«___»__________2013 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |