Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі23.18 Kb.
#25525
түріКодекс


«2013-2015 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

аудандық мәслихаттың 2012

жылғы 21 желтоқсандағы №8/61

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының «2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №7/77 шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 11/164 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №0000 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 8/61 «2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда № 2185 болып тіркелген, «Ақкетік арайы» газетінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 16 (584) санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:

1- тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

2013 жылға арналған аудандық бюджет 1 –қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 6 073 538,9 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 294 835,5 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 25 056,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 34 758,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 1 718 889,0 мың теңге;

2) шығындар –  6 198 587,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –138 900,0мың теңге оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 146 583,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу -7 683,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0 теңге, оның ішінде;

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 263 948,5 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 263 948,5 мың теңге,

қарыздар түсімі – 51 930,0 мың тенге;

қарыздарды өтеу –7 683, 0 мың тенге;

бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары – 219 701,5 мың теңге.

2- тармақта :

1) тармақшада:

«18,8» сандары «29,5» сандарына ауыстырылсын;

5) тармақшада:

«17,6» сандары «26,4» сандарына ауыстырылсын.

4- тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«жергілікті атқарушы органдардың штат санын көбейту».

2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы: Аудандық мәслихат хатшысы:
А. Досанова

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түпқараған аудандық экономика

және қаржы бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы:

_____________ Ж. Төлеген



«___»__________2013 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет