227
ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән- жайлардың салдарынан оның
отбасы үшін аса ауыр зардапқа әкеп соққан мән-жайлар туындаса, сот жазадан босатуы мүмкін.
2. Террористік немесе экстремистік қылмыс не қылмыстық топ қүрамында жасалган немесе жас
балаларға жыныстықтиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталган
адамдар- ды қоспағанда, ауыр
немесе аса ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жазасын өтеуін сот
осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген
негіздер болған кезде, үш айға дейінгі мерзімге кейінге
қалдыра алады (76-бап, 1,2-бөліктер).
Жазадан босатудың бүл түрі тек кана жаңа Қылмыстық кодексте көрсетілген. Бүрынғы
қылмыстық заңда жазадан босатудың бұл түрі болмаған еді.
Заңга сәйкес, төтенше мэн- жайларга
өрт
немесе кездейсоқ апат, отбасылык еңбекке кабілетті жалғыз мүшесінің ауыр науқасқа душар
болуы немесе еңбекке қабілетті отбасының жалғыз мүшесінің қайтыс болуы, басқа да төтенше мэн-
жайлардың орын алуы негіз болады. Басқадай төтенше мән-жайларды
накты жағдайларга
байланысты сот аныктайды. Көрсетілген негіздерден блсқа, сот сотталған
адам мен оның отбасы
үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болатын жэйттарды анықтаған
кезде де жазадан босату мен жа- заны өтеуді кейінге калдыру мәселесін шешеді.
Жазадан босатудың бүл түрі террористік немесе экстремистік қылмыс не қылмыстык топ
қүрамында немесе жас балаларга жыныстық тиіспеушілікке қарсы кылмыс үшін сотталган адамдарга
колданылмайды (76-баптың, 2-бөлігі).
Ауыр мэн-жайлардың тогысуы салдарынан жазадан босату негізінен ауыр немесе аса ауыр емес
кылмыс істегендерге қолданылады. Ауыр мән-жайлардың тыгысуы салдары-
нан ауыр немесе аса
ауыр қылмыс істегендер үшін бас бостандығынан айыруга сотталған адамның жазасын өтеуін сот
ҚК-тің 76-бабының 1-бөлігінде көрсетілген негіздер болган ретте үш
айга дейін кейінге қалдыра
алады.
Достарыңызбен бөлісу: