Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын



Pdf көрінісі
бет606/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   602   603   604   605   606   607   608   609   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

411- 
6 а п. Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын 
адамға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу 
1. 
Істердің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяга неме- се 
алқабиге қатысты жала жабу - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мелшерде 
тузеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
2. 
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, сот сараптамасының 
жүргізілуіне не сот үкімінің, шешімінің немесе өзге де сот актісінің орындалуына байла- 
нысты прокурорга, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамга, сарапшыга, сот 
приставына, сот орындау-шысына қатысты жасалган дәл сол іс-әрекет - 
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не екі жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
3. 
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр 
қылмыс жасады деп айыптаумен уласқан іс-әрекеттер - 
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не төрт жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шекте- уге не сол 
мерзімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 
Қылмыстық құкык бұзушылықтың тікелей объектісі - сот, прокуратура, тергеу, алдын ала 
аныктау органдарының дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект заңда (4П-баптың 1,2-тармақтары) 


699
 
көрсетілген жәбірленушілердің ар-намысы, адамгершілігі. 
Жәбірленушілердің тізімі заңның өзінде көрсетілген, олар - судьялар, алқа билер (4П-баптың І-
тармагы), прокурор, сарапшы, тергеуші, алдын ала анықтауды жүргізуші адам, сот приставы, 
соттың аткарушысы (411-баптың 2-тармағы). 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы істің немесе материалдардың сотта 
қаралуымен байланысты судьяга немесе алқабиге қатысты жала жабу (411 -баптың I -тармагы). 
Сотка дейінгі тергеп-тексеру жүргізумен не үкімнің орындалуымен, соттың шешімі- мен немесе 
өзге сот актісімен байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеру- ді жүзеге асыратын адам 
адамга, сарапшыга, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалган дэл сол әрекет (4П-
баптың 2-тармагы). Басқа адамның ар-намысы 
мен кадір-касиетіне нұксан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мэлімеггер 
тарату жала жабу деп танылады (ҚК-тің 130-бабы). 
Судьяға, алқа биге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам 
сарапшыга, сот приставына, соттың атқарушысына жала жабу олардың сотта іс карауына. тергеу, 
алдын ала аныктама жүргізуін, үкімін орындауына байланысты орын алады, жала жабу мәліметтері 
көпшілік алдында таратылуы (мысалы сот залында) неме- се баска бір адамға айтылуы мүмкін. 
Жала жабу әр түрлі болады, мысалы судьяны, алқа биді. баска да сот талкылауына катысушыларды 
іс бойынша пара алды деп лақап тарату, жэбірленушілердің моральга жат мінез-құлыктары жөнінде 
өсек тарату т.с.с. 
Қылмыстык күқық бұзушылык формальдық кұрамга жатады. Қылмыстық кұкык бұзушылык 
жәбірленуші жөніндегі көрінеу жалған мәліметтерді тараткан уақыттан ба- стап аяқталган деп 
танылады. 
Қылмыстык кұкык бұзушылық субъективтік жагынан тек тікелей касақаналықпен жүзеге 
асырылады. Кінәлі адам занда көрсетілген жәбірленушілер жөнінде шындыққа сай келмейтін 
көрінеу жалган мэліметтер тарататынын сезеді жэне әділсоттылык жүйесіндегі кызметкерлерді 
масқаралау үшін соны істеуді тілейді. 
Қылмыстык кұкык бұзушылыктың субъектісі - 16-ға толған кез келген адам. 
Осы баптың бірінші немесе екінші боліктерінде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр 
қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер осы қылмыстың ауырлататын түрі болып 
табылады (411-баптың 3-тармагы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   602   603   604   605   606   607   608   609   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет