Кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы»


«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты



бет2/5
Дата25.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
#18356
түріКодекс
1   2   3   4   5

«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 26 және 27-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-45 телефоны бойынша алуға болады.

5. Заңды тұлғаны кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы хабарлама не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Кодекстің 26-бабында көзделген шарттарға сәйкес болуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) кеден өкiлдерiнiң тiзiлiмiне енгiзу туралы өтiнiш еркiн нысанда толтырылады және онда:

кеден өкiлдерiнiң тізіліміне енгізу туралы Комитетке қолдаухат;

мемлекеттік қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банктік шоттары туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген күні кеден өкілі ретінде өз қызметін солар арқылы жүзеге асыру жоспарланған оның оқшауланған құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері;

өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушының штатындағы кедендік декларациялау жөніндегі мамандар туралы мәлімет;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

мемлекеттік қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәліметті қамтуы қажет;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқаны мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

4) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) өтініш берушінің қызметкерлері болып табылатын кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының көшірмелері;

6) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары;

7) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

8) банктерден оларда ашылған шоттар туралы растау;

9) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты.

13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.

14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі, күні) қояды. Комитет кеңсесінің кіріс хат-хабарларын қабылдау режимі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

Құжаттарды пошта арқылы жолдаған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде басшылығының бұрыштамасына сәйкес өтінішті Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.

15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушының Кодекстің 26-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет күнтізбелік он бес күннің ішінде жазбаша дәлелді жауабын береді.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) әдептілік;

4) мемлекеттік қызмет рәсімі туралы түпкілікті ақпарат ұсыну;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жұмыс бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Комитеттің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесудің тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 79-45-57, 79-46-60 телефондары бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 101-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 71-73-48.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, мекенжайы бойынша беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-45-79.

Азаматтарды қабылдау Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау кестесі Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында жарияланған.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым және дұрыс қызмет көрсетілмегендігіне шағымдану жазылған өзге де құжаттар не мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу жазбаша түрде еркін нысанда беріледі.



25. Қабылданған шағым Комитеттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, күнін және уақытын көрсете отырып, шағымның екінші данасына мөр қойылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта бойынша хабарланады.

26. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, e.customs.kz веб-сайты, «СЭҚ-қа қатысушыға» бөлімі.

«Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша

 Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні




 Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %- ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Лауазымды тұлғалардың сыпайылылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 34 және 35-баптарына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-45-45 телефоны бойынша алуға болады.

5. Заңды тұлғаны Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу туралы хабарлама және кедендік тасымалдаушының куәлігін беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет өтініш және осы стандарттың 12-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Комитеттің жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша Комитеттің ғимаратында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Кодекстің 34-бабында көзделген шарттарға сәйкес болуға тиіс.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) еркін нысанда толтырылатын және:

кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы Комитетке қолдаухаты;

мемлекеттік қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банк шоттары туралы мәліметтер;

жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру мерзімі туралы мәлімет;

кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет;

егер жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, аталған құжаттың болуы туралы мәлімет;

кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін иелігіндегі халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары, оның ішінде кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдау үшін жарамды көлік құралдары туралы мәлімет (жалпы саны, техникалық сипаттамалары);

әрбір көлік құралында кеден органына сигнал беру арқылы аталған көлік құралының тұрған жерін анықтауға мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың бар екендігі туралы мәлімет қамтылуға тиіс кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқа мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

3) тұлғаның салық төлеуші ретінде тіркелгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы (өтінішті қарау аяқталғаннан кейін түпнұсқа мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады) не нотариат куәландырған көшірмесі;

4) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері;

5) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар;

6) кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету карточкасын қоса алғанда, Кодекстің 16-тарауына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар;

7) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы көзделетін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына иелік ету құқығын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

8) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын кедендік пломбалары және мөрлері бар тауарларды тасымалдауға жіберу туралы куәліктердің көшірмелері;

9) егер, қызметтің мұндай түрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған рұқсат ету құжатының болуын талап етсе, көрсетілген құжаттың көшірмесі;

10) қызмет аймағына тұлға тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аумақтық бөлімшесінің Кодекспен айқындалған шарттарға сәйкестігіне қорытындысы.

13. Қажетті құжаттардың толық тізбесі: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 201-кабинет мекенжайы бойынша Комитет кеңсесіне кіріс хат-хабарларын қабылдау тәртібіне сәйкес тапсырылады.

14. Комитеттің кеңсесіне құжаттарды қолма-қол тапсырған жағдайда лауазымды тұлға өтініштің көшірмесіне Комитет кеңсесінің тіркеу мөртабанын (кіріс нөмірі күні) қояды. Комитет кеңсесінің кіріс хат-хабарларын қабылдау режимі сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін.

Құжаттарды пошта арқылы тапсырған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы оның өтінішін қарау сатысына қатысты, оның ішінде Комитет басшылығының бұрыштамасына сәйкес өтінішті Комитеттің белгілі бір құрылымдық бөлімшесіне жолдау туралы ақпаратты Комитеттің кеңсесінен 8 (7172) 79-45-79 телефоны бойынша біле алады.

15. Мемлекеттік қызметті ұсыну туралы нәтижелер мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша және электронды нысанда пошта арқылы не мемлекеттік қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алушының Кодекстің 34-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушының толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынуы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда Комитет күнтізбелік он бес күннің ішінде жазбаша дәлелді жауабын береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Комитеттің қызметі мына қағидаттарға негізделеді:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) әдептілік;

4) мемлекеттік қызмет рәсімі туралы түпкілікті ақпарат ұсыну;

5) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы;

6) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Жұмыс бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Комитет басшылығының бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесудің тәртібі туралы ақпаратты 8 (7172) 79-45-57, 79-46-60 телефондары бойынша алуға болады.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің не оны алмастыратын тұлғаның атына беріледі және 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 101-кабинет мекенжайы бойынша жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 71-73-48.

22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Комитетке жазбаша түрде немесе қолма-қол 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, мекенжайы бойынша беріледі, байланыс телефоны: 8 (7172) 79-45-79.

Азаматтарды қабылдау Комитет басшылығының азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау кестесі Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында жарияланған.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24. Шағым және дұрыс қызмет көрсетілмегендігіне шағымдану жазылған өзге де құжаттар не мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеу жазбаша түрде еркін нысанда беріледі.



25. Қабылданған шағым Комитеттің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті/шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, күнін және уақытын көрсете отырып, шағымның екінші данасына мөр қойылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта бойынша хабарланады.

26. Комитеттің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, e.customs.kz веб-сайты, «СЭҚ-қа қатысушыға» бөлімі.

«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні


 Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %- ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Электрондық форматта ақпарат алуға болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Лауазымды тұлғалардың сыпайылылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі №1169 қаулысымен бекітілген


«Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық бөлімшелері (бұдан әрi – кеден органдары) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 271, 277-баптарына, «Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі және оны алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат Комитеттің e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылады және 8 (7172) 79-46-67, 79-46-66, 79-45-11 телефоны бойынша алуға болады.

5. Тауарларға арналған декларацияға (декларацияда) (бұдан әрі – ТД), тауарларға арналған декларация ретінде пайдаланылатын коммерциялық, көліктік (тасымалдау) құжаттарға (құжаттарда), сондай-ақ кеден органының ақпараттық жүйелеріне тиісті мәліметтерде тиісті белгілерді енгізу (қою) жолымен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес тауарларды шығару туралы шешім не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет декларанттар немесе кеден өкілдері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:

1) тауарларды шығаруды кеден органы, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ТД-ны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

тізбесін Кеден одағының комиссиясы анықтайтын кедендік әкету баждары қолданылмайтын, экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды және уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларды шығаруды кеден органы ТД тіркеген кезден бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей, ал ТД тіркелген жағдайда кеден органының жұмыс уақыты аяқталғанға дейін 4 (төрт) сағаттан аспайтын уақыт қалғанда – осы кеден органының жұмыс уақыты басталған кезден бастап 4 (төрт) сағаттан кешіктірмей аяқтауы тиіс;

2) тауарларды алдын ала декларациялауды қолдану кезінде кеден органы тауарларды шығаруды ТД тіркеген кеден органына тауарларды көрсеткен күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аяқтауы тиіс;

3) тауарларды шығару мерзімдері кеден органы басшысының (бастықтың), ол уәкілеттік берген кеден органы басшысы (бастық), орынбасарының не оларды алмастыратын адамдардың жазбаша рұқсатымен кедендік бақылаудың нысандарын жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін және, егер Кодексте өзгеше белгіленбесе, ТД тіркелген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен асыруға болмайды;

4) кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастырылған тауарларды және уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін және оларға қатысты арнайы оңайлатуларды қолдану көзделген тауарларды шығаруды кеден органы ТД бергенге дейін тәртіппен жүзеге асырады.

8. Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін тауарларды кедендік декларациялау үшін ТД-ның негізгі парағы үшін 60 еуро және ТД-ның әрбір қосымша парағы үшін 25 еуро көлемінде кедендік алымдар алынады.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар ТД-ны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.

Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеуші бюджетке ұлттық валютамен қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз әдіспен:

1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы (банкінің төлем тапсырмасы төленудің растамасы болып табылады);

2) кеден органдарының ғимараттарында орнатылған екінші деңгейдегі банктердің электрондық терминалдары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып (аталған электрондық терминал беретін чек төлеудің растамасы болып табылады);

3) тікелей кеден органының ғимараттарында (үй-жайларында) орналасқан екінші деңгейдегі банктердің кассалары арқылы (аталған кассалардың түбіртектері төлеудің растамасы болып табылады) төлейді.

9. Кеден органдарының жұмыс кестесі: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орнында қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стенділер, мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет